- •2.Жартылайхордалылар мен Личинкалардың систематикасы ұйымдасу ерекшеліктері,тіршілік циклдері:
- •4.Дөңгелек ауыздылар, олардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, систематикасы және шығу тегі.
- •5) Шеміршекті балықтардың шығу тегі ж/е эволюциясы. Шеміршекті балықтардың ұйымдасуының негізгі сипаттары.
- •6. Шеміршекті балықтардың систематикасы, тақтажелбезектілер мен бүтінбастыларға сипаттамаТақта жельезектілер кластармағы – Elasmobranchii
- •7. Сүйекті балықтардың шығу-тегі және эволюциясы.Ұйымдасуының
- •8.Ескекқанаттылардың сипаттамасы: ұйымдасу ерекшеліктері, олардың шығу- тегі және эвалюциясы.
- •10) Анамния мен амниотаның арасындағы айырмашылықтары. Амниотаның эмбрионалдық дамуы.
- •11 Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
- •12. Бауырымен жорғалаушылардың ұйымдасуының негізігі ерекшелігі, кластармағына дейінгі систематикасы.
- •13.Құстардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, олардың шығу -тегі және эвалюциясы.
- •14.Сүтқоректілердің ұйымдасуының негізгі сипаттары,олардың шығу-тегі және эволюциясы.
- •15) Алғашқы аңдар немесе клоакалылар класс тармағы, қалталы сүтқоректілер инфракласы, сипаттамасы, систематикасы, таралуы.
- •16.Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы.
- •17.Саусаққанаттылар және қостынысты балықтар ұйымдасу ерекшеліктері систематикасы,қазіргі кездегі қостынысты балықтардың таралуы
- •20) Тұқытәрізділер, саргантәрізділер, жайынтәрізділер ж/е трескатәрізділер отрядынын сипаттамасы олардын таралуы практикалык манызы бар негізгі өкілдері.
- •21 Алабұғатәрізділер, кефальтәрізділер, камбалатәрізділер отрядына сипаттама, таралуы, практикалық маңызы.
- •22. Қосмекенділердің систематикасы, аяқсыздар, құйрықтылар және
- •23. Lepidosauria класс тармағы, қабыршақты рептилиялардың сипаттамасы, олардың таралуы, биологиясы мен экологиясы, практикалық маңызы.
- •26) Гагартәрізділер, погонкатәрізділер, ескекаяктылар, дегелектәрізділер ж/е қазтәрізділер отрядынын сипаттамалары.
- •27.Сұңқарлар, жапалақтар, тауықтәрізділер отрядтарының сипаттамалары, олардың систематикасы, биологиясы және экологиясы.
- •28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.
- •29.Насекомқоректілер қолқанаттылар қоянтәрізділер және отрядының сипаттамалары систематикасы таралуы,экологиясы,практикалық маңызы:
- •30.Жыртқыштар, киттәрізділер, ескекаяқты сүтқоректілер отрядының сипаттамасы, тұқымдасқа дейінгі систематикасы, өкілдері, экологиясы, биологиясы және практикалық маңызы.
- •31.Ланцетниктің ұрықтық дамуының бөлшектену ерекшелігін, бластуланың қалыптасуын және гаструляция процесін көрсетіңіз.
- •33.Эктодерма, энтодерма және мезодерма туындыларын ата
- •35) Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз.
- •37. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоектілер тері жабындысы құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •38. Балықтар мен қосмекенділердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіңіз.
- •39.Жорғалаушылар мен құстардың дене қаңқасының бөлімдерін көрсет.
- •41.Сүйекті балықтардың бассүйегінің шүйде, төбе, астыңғы және бүйір бөлімдеріндегі сүйектерді атап беріңіз. Хондральды және жабынды сүйектердің туындыларын белгілеп беріңіз.
- •42.Сүйекті балықтардың бас қаңқасының висцеральды бөліміндегі сүйектерді атап беріңіз.
- •43.Балықтар амфибиялар,рептилиялар,құстар және сүтқоректілердің омыртқа типтерін атап беріңіз,олардың ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз:
- •44. Шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтардың кеуде және құрсақ қанаттарының қаңқасын,иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз:
- •45. Қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ-қолдарының қаңқасын, иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •46.Висцеральды қаңқаның қай сүйектері үзеңгі, төс және балға сүйегінің гомологы болатынын көрсетіңіз. Бұлар қай омыртқалылардың топтарына тән.
- •49) Тынысалу жуйесінін курделенуін корсетініз: қосмекенділер, рептилиялар, қустар, суткоректілер.
- •50) Бақанын артериальды ж/е венозды қанайналу сызбанускасын корсетіп берініз.
- •53. Шеміршекті және сүйекті балықтардың зәр шығару және көбею жүйесінің құрылысы.
- •54. Теңіз және тұщы су балықтарының су-тұз алмасу ерекшеліктері.
- •55.Анамиялар мен амниоталардың зәр шығару және жыныс жүйесінің байланысын көрсетіңіз.
- •56.Шеміршекті және сүйекті балықтардың миының құрылысы ерекшелігін көрсетіңіз, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.
35) Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз.
Нейруляциядан сон урыктын бетінде калатын эктодерманын улкен болімі терінін эпидермисінде дамиды. Омырткалылардын эпидермисі аруакытта копкабатты шырынды немесе белокты курылым жагына карай жіктелуге онтайлы болады. Эпидермис пен дерманын шекарасында барьерлі-трофикалык кызмет аткаратын базальды жаргакша мембрана жатады. Эпидермистін томенгі кабаты осу кабаты – куб немесе цилиндр тарізді тірі клеткалардан турады. Бул кабат организмнін тіршілік кезенінде камбийдін кызметін аткарады, онда клеткалардын болінуі журеді жане жанадан пайда болган клеткалар эпидермистін сырткы кабатына карай алмастырып сол жерде жіктеледі.Омырткалылардын копкабатты эпидермисінде жуйке уштары мен кантасымалдау тамырлары болмайды, сол себепті онын коректенуі диффузды жолмен жузеге асады. Эпидермис клеткаларынын секреторлы кызметке кабілеттілігі байкалган олардын протоплазмасы артурлі суйык заттарды шырыш не сілемей боледі. Терінін ішкі кабаты дерма немесе кориум сомиттердін дерматонынын материалы есебінде дамиды. Дерма анык жіктелмеген 2 кабатка базальды жаргакшага таяу орналаскан емізікшелі терен орналаскан торлы кабаттарга болінеді. Жогары сатыдагы омырткалылардын дермасынын талшыкты курылысы курделі 3 жакты тор курайды. Дерманын томенгі кабаты онда майлы клеткалар шогырланатын борпылдак данекер улпадан куралган.Талшыктар мен дерма клеткаларынын арасындагы кеністікті курамында талшыкты массасы жок жартылай суйыкты аморфты дерманын негізгі заты алып жатыр. Омырткалылар дермасысынын мезенхимасынан балыктардын кабыршактары мен дермальды суйектер дамиды.
36 Плакойдты қабыршақтың құрылысын көрсетіңіз, балықтардың қабыршақтарының типтері. Балықтардың денесі түрлі құрылысты қабыршақтармен қапталған.Олар: плакойдты космойдты, ганоидты, сүйекті қабыршақтар. Шеміршекті балықтарда дерма қабатының туындысы плакойдты қабыршақ. Ол сыртқы эмаль, оның астында жатқан дентиннен тұрады. Дентиннің асты қуыс, оны пульпа деп атайды. Шеміршекті балықтардың жақтарындағы майда тістері-плакоидты қабыршақтың түрі өзгерген формасы болып табылады. Ал сүйекті балықтарда дерманың туындысы космоидты, ганоидты жәек сүйекті қабыршақтар. Сүйекті балықтарда плакоидты қабыршақ болмайды. Олардың плакоидты қабыршақтан ерекшелігі жануардың барлық тіршілігінде өседі және ешуақытта алмаспайды.
Балық қабыршақтарының түрлері: А-циклоидты, Б-ктеноидты
37. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоектілер тері жабындысы құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
Сүтқоректілердің тері жабыны басқа омыртқалыларға ұқсас екі қабаттан тұрады. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады. Түк, мүйізді тырнақ, мүйіз және тұяқтар - терінің қосалқы бөлімдеріне жатады.
Құстардың тері жабыны сүтқоректілер терісі сияқты үш қабаттан, яғни эпидермистен, негізгі тері қабаты-дермадан және теріасты қабаты шелден тұрады.Сүтқоректі жануарлардан құстардың негізгі айырмашылығы құстар терісінде тері және май бездерінің болмауы.Бірақ ең соңғы құйымшақ омыртқасының жоғарғы жағында май бөлетін құйымшақ безі болады.Олтері қауырсындарын майлап тұрады. Бұл без, әсіресе суда жүзетін құстарда жақсы жетілген.
Қауырсын. Құстың сыртынан қауырсын жауып жатады.Құс қауырсыны сояудан және мамықтан тұрады. Сояу –scapus өз кезегінде қалам мен сабақтан құралған.Қалам–calamus қауырсын сояуының теріге еніп тұратын бөлігі. Ал, сабақ-rachis-мамықты ұстап тұратын қалған бөлігі.Мамық–vexillum-сабақтан қарама-қарсы бағыттарда тарамдалған күрделі тарамнан құралады. Сабақтан ең әуелі қарама-қарсы жаққа бұтақтар- rami - бұтақтардан сәулелер - ralii- сәулелерден қармақшалы ілгектер-hamulus radioli-тарамдалады. Қармақшалы ілгектер бір-бірімен ілінебайланысып,мамық түзеді.Қауырсындар терінің сыртқы жамылғысын түзеді.Денедегі орналасу орны мен атқаратын қызметіне байланысты қауырсындар бірнеше түрге бөлінеді.Оларға жамылғы немесе жабынды мамық,қағу және бағыттау қауырсндар жатады.Жамылғы қауырсындар–pennae-теріні сыртынан қаптап, құс денесіне белгілі пішін береді.Айта кету керек,жамылғы қауырсындары терінің барлық бетінде болмайды.Олар терінің белгілі аймақтарынан ғана,өздерінің өсіп шығу бағыттарына сәйкес денені сыртынан жауып жатады.Сондықтан,олар құстар денесінің арнаулы бөліктерінде ғана дамиды.Мамық қауырсындар plumae*ұсақ,жұмсақ болып келеді.Олар жамылғы қауырсындардың астында орын тебеді.Бұл қауырсындардың сәулелерінде қармақшалы ілгектер болмайды.Бұл құстардың дене қызуын бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады.Ауа ағымына төзімді ұзын да,жалпақ қағу қауырсындары–remige құс қанатының негізгі бөлігін құрайды.Олар ұшу кезінде бірбірінен ажырап жайылып,көлемін кеңейтеді де құстардың ұшуын қамтамасыз етеді.Құстың ұшып-қонуына оның құйрығында орналасқанбағыттаушы қауырсындардың маңызы зор.Құс денесінде оның тұлғасымен қанаттың тоқпан жілігі аумағы аралығында ұшуға үлкен көмек көрсететін ерекше терілі қатпар ұшужарғағы болады.Жарғақтың негізін ұшу кезінде созылыпжиырылуды қамтамасыз ететін серпімді жарғақ пен бұлшықеттер түзеді.Құстың артқы аяқтарының жіліншік және саусақ аумақтары қабыршықтармен қапталған,саусақтарының ұштарына тырнақтары болады.Суда жүзетін құстар саусақтарының аралығында,ескек қызметін атқаратын тері жарғақтары болады.Сонымен қатар,құстардың тек өздеріне тән тері туындылары да балады.Оларға:мүйізді тұмсық(тұмсықүсті және тұмсықасты),айдар,сырғалық,сақалдық тағы басқа тері туындыларын жатқызуға болады.Бұлар құстардың жынысына байланысты әр түрлі дәрежеде жетіледі.
Жорғалаушылардың тері жабындысы. Амфибиялардан ерекше.Қазіргібауырымен жорғалаушылардың жамылғыларында тері бездері өте аз.Әдеттегідей екі бөлімнен – эпидермис және дерма қабатынан тұрады. Эпидермисі көпқабатты, тығыз әрі мүйізденген. Эпидермисінің мүйізді қабатының пішіні алуан түрлі болып келетін қабыршақтар, тікенекті, тұяқтар тәрізді болып келеді. Кейде мүйізді туындыларының астында терілі сүйектену түзіледі. Терінің дәнекер ұлпасы бірнеше қабаттан тұрады. Сыртқы борпылдақ қабат мүйізді қабыршақтың емізікшесінен, ішкісі тығыз коллаген талшығынан қалыптасады.
