- •2.Жартылайхордалылар мен Личинкалардың систематикасы ұйымдасу ерекшеліктері,тіршілік циклдері:
- •4.Дөңгелек ауыздылар, олардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, систематикасы және шығу тегі.
- •5) Шеміршекті балықтардың шығу тегі ж/е эволюциясы. Шеміршекті балықтардың ұйымдасуының негізгі сипаттары.
- •6. Шеміршекті балықтардың систематикасы, тақтажелбезектілер мен бүтінбастыларға сипаттамаТақта жельезектілер кластармағы – Elasmobranchii
- •7. Сүйекті балықтардың шығу-тегі және эволюциясы.Ұйымдасуының
- •8.Ескекқанаттылардың сипаттамасы: ұйымдасу ерекшеліктері, олардың шығу- тегі және эвалюциясы.
- •10) Анамния мен амниотаның арасындағы айырмашылықтары. Амниотаның эмбрионалдық дамуы.
- •11 Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
- •12. Бауырымен жорғалаушылардың ұйымдасуының негізігі ерекшелігі, кластармағына дейінгі систематикасы.
- •13.Құстардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, олардың шығу -тегі және эвалюциясы.
- •14.Сүтқоректілердің ұйымдасуының негізгі сипаттары,олардың шығу-тегі және эволюциясы.
- •15) Алғашқы аңдар немесе клоакалылар класс тармағы, қалталы сүтқоректілер инфракласы, сипаттамасы, систематикасы, таралуы.
- •16.Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы.
- •17.Саусаққанаттылар және қостынысты балықтар ұйымдасу ерекшеліктері систематикасы,қазіргі кездегі қостынысты балықтардың таралуы
- •20) Тұқытәрізділер, саргантәрізділер, жайынтәрізділер ж/е трескатәрізділер отрядынын сипаттамасы олардын таралуы практикалык манызы бар негізгі өкілдері.
- •21 Алабұғатәрізділер, кефальтәрізділер, камбалатәрізділер отрядына сипаттама, таралуы, практикалық маңызы.
- •22. Қосмекенділердің систематикасы, аяқсыздар, құйрықтылар және
- •23. Lepidosauria класс тармағы, қабыршақты рептилиялардың сипаттамасы, олардың таралуы, биологиясы мен экологиясы, практикалық маңызы.
- •26) Гагартәрізділер, погонкатәрізділер, ескекаяктылар, дегелектәрізділер ж/е қазтәрізділер отрядынын сипаттамалары.
- •27.Сұңқарлар, жапалақтар, тауықтәрізділер отрядтарының сипаттамалары, олардың систематикасы, биологиясы және экологиясы.
- •28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.
- •29.Насекомқоректілер қолқанаттылар қоянтәрізділер және отрядының сипаттамалары систематикасы таралуы,экологиясы,практикалық маңызы:
- •30.Жыртқыштар, киттәрізділер, ескекаяқты сүтқоректілер отрядының сипаттамасы, тұқымдасқа дейінгі систематикасы, өкілдері, экологиясы, биологиясы және практикалық маңызы.
- •31.Ланцетниктің ұрықтық дамуының бөлшектену ерекшелігін, бластуланың қалыптасуын және гаструляция процесін көрсетіңіз.
- •33.Эктодерма, энтодерма және мезодерма туындыларын ата
- •35) Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз.
- •37. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоектілер тері жабындысы құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •38. Балықтар мен қосмекенділердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіңіз.
- •39.Жорғалаушылар мен құстардың дене қаңқасының бөлімдерін көрсет.
- •41.Сүйекті балықтардың бассүйегінің шүйде, төбе, астыңғы және бүйір бөлімдеріндегі сүйектерді атап беріңіз. Хондральды және жабынды сүйектердің туындыларын белгілеп беріңіз.
- •42.Сүйекті балықтардың бас қаңқасының висцеральды бөліміндегі сүйектерді атап беріңіз.
- •43.Балықтар амфибиялар,рептилиялар,құстар және сүтқоректілердің омыртқа типтерін атап беріңіз,олардың ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз:
- •44. Шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтардың кеуде және құрсақ қанаттарының қаңқасын,иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз:
- •45. Қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ-қолдарының қаңқасын, иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •46.Висцеральды қаңқаның қай сүйектері үзеңгі, төс және балға сүйегінің гомологы болатынын көрсетіңіз. Бұлар қай омыртқалылардың топтарына тән.
- •49) Тынысалу жуйесінін курделенуін корсетініз: қосмекенділер, рептилиялар, қустар, суткоректілер.
- •50) Бақанын артериальды ж/е венозды қанайналу сызбанускасын корсетіп берініз.
- •53. Шеміршекті және сүйекті балықтардың зәр шығару және көбею жүйесінің құрылысы.
- •54. Теңіз және тұщы су балықтарының су-тұз алмасу ерекшеліктері.
- •55.Анамиялар мен амниоталардың зәр шығару және жыныс жүйесінің байланысын көрсетіңіз.
- •56.Шеміршекті және сүйекті балықтардың миының құрылысы ерекшелігін көрсетіңіз, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.
28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.
Систематика:
Тип Chordata - Хордалылар
Тип тармаєы Vertebrata - Омыртќалылар
Класс Aves – ќўстар
Отряд – Piciformes – тоқылдақтәрізділер
Отряд – Apodiformes - Ұзынқанаттылар
Отряд – Passeriformes - торғайтәрізділер
Ұзынқанаттылар отряды 3 тұқымдас пен 378 түрді біріктіретін 2 отрядтармағына жіктеледі. Тұмсықтары алуан түрлі, ұзынды-қысқалы. Аяғы кішкентай, әлсіздеу. Жерде жүрмейді. Құймышақ безі жалаңаш. Ұшуы шапшаң қарқынды. Күндіз белсенді. Моногамдар. Өте күрделі құрылысты ұя жасайды. Ұяда 1-6 жұмыртқа болады. Балапандары әлсіз мамықтанған немесе қызылшақа көзі ашылмаған. Нағыз ұзынқанаттар тұқымдасы (Apodidae) тропикада көп, қоңыржайда да кездеседі. Тауда, жазықта, орманда тіршілік етеді. Салмағы: 20-110 гр. Қауырсындануы тығыз. Басы үлкен, жалпақ. Тұмсығы қысқа, езуі үлкен. Кіші аяғында 4 саусағы да алға қараған. Тырнақтары өткір, иілген. Құйрықтары қысқа айыр. Тілі қысқа, жемсауы жоқ. Насекомдармен қоректенеді. Сілекей безі күшті дамыған.
Торғайтәрізділер отряды қазіргі құстардың 63%-ын құрайды. Ол 4 отр.тармна, 52-72 тұқымдасқа жататын 5100 түрді қамтиды. Тропикада түрлік құрамы саналуан. Жоғарғы эоценнен белгілі. Көпшілігі ағаш, бұталы жерде өмір сүреді. Салмағы: 3гр-1,6кг. Тұмсығы алуантүрлі: насекомқоректі, дәнқоректі, т.б Қанаттары ұзын әрі үшкір немесе қысқа әрі доғал. Жіліншігі, төрт саусағы ұзындау, өткір имек тырнақты. Үш саусағы алға, біреуі артқа қараған. Құйрығы да алуан түрлі. Жемсауы жоқ. Етті қарынның бұлшықеті күшті. Қорегі алуан түрлі, бірақ балапандарын насекомдармен асырайды. Аталықтары ірілеу. Әдетте моногамдар. Жұмыртқаны екі дарақ та шайқайды. Ұясын ағашқа, бұтаға, інге салады. Жұмырт саны: 1-16 дейін. Балапандары қызылшақа және көзі ашылмаған немесе шамалы мамық басқан.
Тоқылдақтәрізділер отряды 2 отр.тармғна, 6 тұқымдасқа жататын 379 құстың түрін біріктіреді. Олар Австралия, Жаңа Гвинея, Мадагаскардан басқа жерлерде кездеседі. Отряд қарапайым көкқарғатәрізділерден бөлінген. Отаны Оңт.Амер болуы мүмкін. Тұмсығы тік, қашаутәрізді. Тілінің ұзындығы әр түрлі. Жемсауы жоқ. Қанаттары доғал. Аяқтары төртсаусақты, қысқа, күшті, ағашқа өрмелеуге жақсы бейімделген. Саусақтары үшкір тырнақпен жабдықталған. Жыныстық диморфизм байқалмайды. Күндіз белсенді. Қорегі: насекомдар, сирек өсімдіктер. Қорегін әдетте ағаштан жинайды. Моногамдар. Ағаш қуысында ұялайды. Жұмырт.саны: 2-5, 2-10 дейін ауытқып тұрады. Жұмыртқаны екі дарақ та шайқайды. Балапандары шала, көзі ашылмаған және көп түрлерінде қызылшақа.
29.Насекомқоректілер қолқанаттылар қоянтәрізділер және отрядының сипаттамалары систематикасы таралуы,экологиясы,практикалық маңызы:
Тип: Chordata- Хордалылар
Тип тармағы: Vertebratа-Омыртқалылар
Класс:Mammalia-Сүтқоректілер
Класстармағы-Theria-Аңдар
Отряд:Carmivora-Жыртқыш
Insectivora- Насекомқоректілер
Lagamorpha- Қоянтәрізділер
Chiroptera-Қолқанаттылар
Насекомқоректілер(Insectivora)- Австралия ,Гренландия мен Антарктикадан басқа жерлерге кең тараған 7 тұқымдастың 370-ге жуық түрі бар. Бұлар планценталы сүтқоректілердің ішіндегі ең ежелгі және қарапайым тобы. Насекомқоректілердің Pantotheria-дан бөлінуі бордың басында болуы мүмкін. Қазба қалдықтары Солтүстік Американың бор қабатынан белгілі Қазіргі насекомқоректілердің тегі басқа барлық плаценталы сүтқоректілердің бастамасы болып табылады.
Дене тұрқы 3.5 см-ден(ергежейлі ақтісті жертесер) 44см-ге(гимнура) жетеді. Денесін қалың масатыдай жұмсақ жүн басқан,кейбіреулерінде қатты қылтық тәрізді түктері немесе қысқа инелері болады. Тұмсығы әдетте кішірек етті мұрынмен аяқталады. Құлақ қалқандары кішірек,немесе мүлдем болмайды. Көздері кішкентай,кейде әртүрлі дәрежеде редукцияға ұшыраған. Аяқтары 4 немесе 5 саусақты,барлығы тырнақпен қаруланған. Табан басып жүретіндер. Қарны қарапайым. Жатыры қо мүйізді. Емшегінің саны 2-12. Тұқым бездері құрсақ қуысында ,тері астында немесе ағашта тіршілік етеді. Көпшілігі түнде,кейбіреулер-тәулік бойы белсенді. Қорегі –насекомдар. Полигамдар 6-дан 14-ке дейін ұрпақ береді , олар қызылшақа әрі соқыр болып туады.
Қолқанаттылар ұшуға бейімделген сүт қоректілердің бір ғана тобы. Алдыңғы аяқтарының ұзын саусақтарының арасындағы ,денесінің бүйір бөліміне, артқы аяқтарының және құйрығының маңында болатын жарғақтарының көмегімен ұша алады. Түн жануарлары. Сезу органдары алуан түрлі, кәдімгі сезу денешігі мен вибрисстен басқа бүкіл қанатының үстінде, құлақ қалқанында көптеген жіңішке түктері болады. Көзі нашар жетілген, бағдарлауға қатысы шамалы. Есіту органы өте жақсы жетілген. 12 ден 98000- ға дейінгі герц дыбысты сезеді. Системаикалық жағынан қол қанаттылар насеком жемділерге жақын. Арктика, Антарктикадан басқа жерлердің барлығында дерлік кездеседі. 1000-ға тарта түрі белгілі.
Қоянтәрізділер (Lagomorpha)-бұлардың жоғарғы жағындағы негізгі жұп күрек тісінің арт жағына орналасқан,нашар жетілген тағы да екі күрек тісі болады. Пишухалар және қояндар болып екі тұқымдасқа бөлінеді.Шиқылдақтар немесе шөп жинағыштар тұқымдасы. Бұларға бойы аласа ұсақ аңдар жатады. Шиқылдақтардың құлақтары және табандары қысқа болады. Олар Азияның таулы обылыстарында көбірек кездеседі.Бұлар қысқа азықтық қор жинайды. Мысалы дауыр шиұылдақтары (Ochotona daurica) шөптерді бір жерге жинап кептіреді, ал таулы жерде тіршілік ететін түрлері- мысалы Солтүстік шиқылдақтары жинаған шөптерін тас арасындағы қуыстарға тығып қысқа сақтайды.
Қояндар тұқымдасы( Leporidae) . Қояндардың артқы аяқтары және құлақтары ұзын болады. Бізде жабайы қояндардың төрт түрі және кроликтер бар. Көбірек тараған түрлері аққоян(Lepustimidus) бүкіл тундраға, Еуропаның және Сибирдің ормандарына және далаларына тараған. Қыста түсі ақ болады.Қояндар өсімдіктердің вегетативтік органдарымен қоректенеді жазда шөппен , қыста ағаштың қабығымен, жінішке бұтағымен қоректенеді. Үнемі осындай қатты заттармен қоректенетін болғандықтан олардың азу тістері үздіксіз өседі және бүйені де өте ұзын болады.Қыстық қор жинамайды, арнаулы ін қазып, ұя жасамайды. Олар бұтаның тасасына немесе қалың шөптің арасына жатып дем алады, көбейеді.Осыған байланысты көжектерін ұзақ уақыт көтереді. Көжектерінің түгі жетілген, ширақ, туысымен анасына ілесіп журіп кетеді. Қояндар жылына екі үш рет балалайды.
