- •2.Жартылайхордалылар мен Личинкалардың систематикасы ұйымдасу ерекшеліктері,тіршілік циклдері:
- •4.Дөңгелек ауыздылар, олардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, систематикасы және шығу тегі.
- •5) Шеміршекті балықтардың шығу тегі ж/е эволюциясы. Шеміршекті балықтардың ұйымдасуының негізгі сипаттары.
- •6. Шеміршекті балықтардың систематикасы, тақтажелбезектілер мен бүтінбастыларға сипаттамаТақта жельезектілер кластармағы – Elasmobranchii
- •7. Сүйекті балықтардың шығу-тегі және эволюциясы.Ұйымдасуының
- •8.Ескекқанаттылардың сипаттамасы: ұйымдасу ерекшеліктері, олардың шығу- тегі және эвалюциясы.
- •10) Анамния мен амниотаның арасындағы айырмашылықтары. Амниотаның эмбрионалдық дамуы.
- •11 Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
- •12. Бауырымен жорғалаушылардың ұйымдасуының негізігі ерекшелігі, кластармағына дейінгі систематикасы.
- •13.Құстардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, олардың шығу -тегі және эвалюциясы.
- •14.Сүтқоректілердің ұйымдасуының негізгі сипаттары,олардың шығу-тегі және эволюциясы.
- •15) Алғашқы аңдар немесе клоакалылар класс тармағы, қалталы сүтқоректілер инфракласы, сипаттамасы, систематикасы, таралуы.
- •16.Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы.
- •17.Саусаққанаттылар және қостынысты балықтар ұйымдасу ерекшеліктері систематикасы,қазіргі кездегі қостынысты балықтардың таралуы
- •20) Тұқытәрізділер, саргантәрізділер, жайынтәрізділер ж/е трескатәрізділер отрядынын сипаттамасы олардын таралуы практикалык манызы бар негізгі өкілдері.
- •21 Алабұғатәрізділер, кефальтәрізділер, камбалатәрізділер отрядына сипаттама, таралуы, практикалық маңызы.
- •22. Қосмекенділердің систематикасы, аяқсыздар, құйрықтылар және
- •23. Lepidosauria класс тармағы, қабыршақты рептилиялардың сипаттамасы, олардың таралуы, биологиясы мен экологиясы, практикалық маңызы.
- •26) Гагартәрізділер, погонкатәрізділер, ескекаяктылар, дегелектәрізділер ж/е қазтәрізділер отрядынын сипаттамалары.
- •27.Сұңқарлар, жапалақтар, тауықтәрізділер отрядтарының сипаттамалары, олардың систематикасы, биологиясы және экологиясы.
- •28. Ұзынқанаттылар, торғайтәрізділер және тоқылдақтәрізділер отрядының сипаттамасы.
- •29.Насекомқоректілер қолқанаттылар қоянтәрізділер және отрядының сипаттамалары систематикасы таралуы,экологиясы,практикалық маңызы:
- •30.Жыртқыштар, киттәрізділер, ескекаяқты сүтқоректілер отрядының сипаттамасы, тұқымдасқа дейінгі систематикасы, өкілдері, экологиясы, биологиясы және практикалық маңызы.
- •31.Ланцетниктің ұрықтық дамуының бөлшектену ерекшелігін, бластуланың қалыптасуын және гаструляция процесін көрсетіңіз.
- •33.Эктодерма, энтодерма және мезодерма туындыларын ата
- •35) Омыртқалылардын тері жабындысы ( эпидермис ж/е дерма) қурылысынын ерекшеліктерін корсетініз.
- •37. Жорғалаушылар, құстар және сүтқоектілер тері жабындысы құрылысының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •38. Балықтар мен қосмекенділердің дене қаңқасының бөлімдерін көрсетіңіз.
- •39.Жорғалаушылар мен құстардың дене қаңқасының бөлімдерін көрсет.
- •41.Сүйекті балықтардың бассүйегінің шүйде, төбе, астыңғы және бүйір бөлімдеріндегі сүйектерді атап беріңіз. Хондральды және жабынды сүйектердің туындыларын белгілеп беріңіз.
- •42.Сүйекті балықтардың бас қаңқасының висцеральды бөліміндегі сүйектерді атап беріңіз.
- •43.Балықтар амфибиялар,рептилиялар,құстар және сүтқоректілердің омыртқа типтерін атап беріңіз,олардың ерекше өзгешеліктерін көрсетіңіз:
- •44. Шеміршекті балықтар мен сүйекті балықтардың кеуде және құрсақ қанаттарының қаңқасын,иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз:
- •45. Қосмекенділер мен жорғалаушылардың аяқ-қолдарының қаңқасын, иық және жамбас белдеулерінің құрылыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •46.Висцеральды қаңқаның қай сүйектері үзеңгі, төс және балға сүйегінің гомологы болатынын көрсетіңіз. Бұлар қай омыртқалылардың топтарына тән.
- •49) Тынысалу жуйесінін курделенуін корсетініз: қосмекенділер, рептилиялар, қустар, суткоректілер.
- •50) Бақанын артериальды ж/е венозды қанайналу сызбанускасын корсетіп берініз.
- •53. Шеміршекті және сүйекті балықтардың зәр шығару және көбею жүйесінің құрылысы.
- •54. Теңіз және тұщы су балықтарының су-тұз алмасу ерекшеліктері.
- •55.Анамиялар мен амниоталардың зәр шығару және жыныс жүйесінің байланысын көрсетіңіз.
- •56.Шеміршекті және сүйекті балықтардың миының құрылысы ерекшелігін көрсетіңіз, олардың айырмашылықтарын көрсетіңіз.
23. Lepidosauria класс тармағы, қабыршақты рептилиялардың сипаттамасы, олардың таралуы, биологиясы мен экологиясы, практикалық маңызы.
Лепидозавлар жоғарғы пермьнен белгілі. Олар шарықтаудың екі кезеңін триаста және соңғы борда басынан кешірді, ал юрада құлдырауға ұшырады, десе де кайнозойда барлық бауырымен жорғалаушылардың басым көпшілігін құрады. Ежелгі лепидозаврлар котилозаврларға жақын болады. Лепидозаврлардың басқаңқасында екі самай доғасы (диапсидті) болады, бирақ бас қаңқа сүйектерінің қозғалмалы байланысының дамуына орай астыңғы самай доғасының (жыландар) жойылуына алып келеді. Жұп аяқтары құрлықтық типті (кесірткелер), немесе қалақтәрізді (мозазаврлар), не екінші қайтара жойылған. Тістері плевродонтты не акродонтты. Омыртқалы амфицельді не процельді. Лепидозаврлвар экологилық жағынан әртүрлі: құрлықтық, сумаңылық және теңіздік болып бөлінеді. Қабыршақтылар Squamata. Қабыршақтылар қазіргі кездегі бауырымен жолғалаушылардың ішіндегі ең көбі. Оның бес мыңға жуық түрі белгілі, олар барлық материкте, алуан түрлі тіршілік жағдайларында өмір сүреді. Қабыршақтыларға кесірткелер, хамелеондар және жыландар жатады. Бұлардың ортақ белгілері: денесі көлемі мен формасы әр түрлі болатын мүйізді қабыршақтармен қапталған. Біраз түрлерінде мүйізді жабындының астында сүйекті қабыршақтары болады. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі шаршы сүйегі бас сүйегімен қозғалмалы болып бекінген. Омыртқасы әдетте процельді болады, ал төменгі сатыдағы формаларында керісінше амфицельді болып келеді. Сүйекті таңдайы болмайды. Тістері жақ сүйектеріне бекіген. Клоакаксы көлденең саңылау сияқты, копулятивтік органы қалта тәрізді болады. Негізгі өкілдерінің бірі Құбылғылар, олардың көпшілігі Мадагаскар мен Африкада тіршілік етеді, тек аздаған түрлері оңтүстік Азияда мекендейді.
24.Anapsida,Archosouria класс тармағы,систематикасы,тасбақалар отряды,таралуы биологиясы және экологиясы,практикалық маңызы. Тип:Chordata-Хордалылар Тип тармағы:Vertebrata-Омыртқалылар Класс:Бауырмен жорғалаушылар-Reptilia К/тармағы:Анапсидтер-Anapsida Отряд:Тасбақалар отряды-Chelonia,seu Testudines К/тармағы:Архозаврлар-Archosauria Отряд:Қолтырауындар-Crocodilia Ежелгі бауырмен жорғалаушылардың қосмекенді тектерінен бөлінуі орта карбонда жүрген болуы керек.Бұл кезде қарапайым эмболомерлі стегоцефалдар-антракозаврлардан (Anthracosauria),Diplovertebron сияқтылардан,аліде болса тіршілігі суқоймалары және жағалаумаңы биотоптарымен байланысты болған,майда су және құрлық омыртқасыздарымен қоректенетін формалар бөлініп шықты.Бұлар өте қозғалмалы және олардың миы ата тектерімен салыстырғанда біршама үлкен болды.Олардың терісі мүйіздене басталуы мүмкін. Архозазаврлар, қолтырауындардан басқалары,жойылып кеткен топ,бірақ мезозойда ол көп болған және тек рептилиялардың арасында ғана емес,бүкіл құрлық омыртқалыларының ішінде жер жүзінде кең тараған.Олар құрлықта,тұщы және теңіз суларында және ауада мекендеген. Архозаврлар экологиялық жағынан құстар мен сүтқоректілерді алмастырған.Құстармен сүтқоректілер өздерінің аздығынан мезозойда архозаврлармен бәсекеге түсе алмады және тек архозаврлар жаппай қырылған соң кайназойда жылдам дами бастады.Архозаврлардың әдетте мойны мен құйрығы ұзын.Аяқтарындағы сыртқы саусақтары жартылай немесе толық редукцияға ұшраған.Көптеген формаларында тері сауыт болған.Жыртқыш архозаврлар үшінбипедальды қозғалыс тән.Бас сүйегі қос самай шұңқұрлы,шүйде ілмешегі біреу,омыртқалы амфицельді,процельді және опистоцельді.Төсі,птерозаврлар мен кейбір динозаврлардан басқаларында,сүйектенбеген.Көбею тәсілі бойынша жұмыртқа салушылар.Кейбір суда тіршілік ететін формалары тірі туу мүмкін.Тасбақалар отряды;Тасбақалар бауырмен жорғалаушылардың арасындағы ең тұрақты топ.Денесі сауытпен қапталған.Басын,монын,аяқтарын,құйрығын қауіп төнгенде осы сауытының ішіне жиырып алады.Сауыт арқа қалқаннан-карапакстан және құрсақ қалқанынан –пластроннан тұрады.Сауыттың пішіні тіршілік ерекшелігіне байланысты;құрлық түрлерінде ол биік күмбез тәрізді,жиі кедір бұдырлы,ал тұщы суларда тіршілік ететіндерінде аласа,жалпақ және тегіс,теңізде тіршілік ететін түрлеріндесауыт сусымалы,тамшы тәрізді.Омыртқа жотасының мойын және құйрық бөлімдері қозғалмалы.Иық белдеуі тек жауырынмен коракоиттан,бұлар бос жатады,түзілген.Жамбас белдеуінің сүйектері буындар арқылы карапакске бекінген,немесе онымен бірігіп кеткен.Бассүйегінде шыұшыт доғасы,шаршы шықшыт және қабыршақты сүйектер дамыған.Жақтарында тіс болмайды,не нашар жетілген,олардың шеттері өткір,мүйізді қапшықпен қапталған.Аяқтары мен мойнының бұлшық еттері жақсы жетілген,ал тұлға бұлшық еттері керісінше әлсіз.Ауыз қуысында қалың, етті тілі орналасқан.Өңеш қалың қабырғалы қарынға барады,соңғысы ішекпен сақиналы белдемшемен анық бөлінген.Тасбақалардың бас бөлімі нашар жетілген.Көзі жақсы дамыған,қарашығы дөңгелек.Есту нашар құрлықта тіршілік ететін түрлерінде дабыл жарғағы қалың,ал теңіз тасбақаларының есту өзегі қалың терімен жабылған.Дәм сезу,иіс сезу,сезінуі жақсы дамыған.Аталықтарда тақ жағылысу мүшесі болады,ол клоака ішінде орналасқан,сыртынан көрінбейді.Тасбақалар жұмыртқа туу жолымен көбейеді,оны қатты известі қабық,сиректе болса пергаментәрізді қабық қаптайды.Жұмыртқаларының саны бірнешеуден 100-ге жетеді.Тасбақалардың өсуі өмір бойы жүреді.Таралуы негізінен жылы аймақтармен байланысты(дымқыл тропикалық,ыстық шөлді).Қоңыржай белдеуде олар аз.Қазіргі кезде 230-ға жуық түрі кездеседі.Олар 12 тұқымдас4 отряд тармағына бірігеді. 25) Жүгіргіш (қырсыз төстілер) және жүзгіш (пингвинтәрізділер) құстардың сипаттамасы; систематикасы, өкілдері, биологиясы және экологиясы, таралуы.
Жүзгіш құстар (Impennes) саны аз және өте маманданған құстар тобы, олигоценнен белгілі. Бұған бір ғана отряд – Пингвиндер (Sphenisciformes) отряды жатады, олардың қазіргі кезде 16 түрі бар. Пингвиндер – ұшпайды, бірақ жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Денесін қалың әрі тығыз майда қауырсындар жапқан, бұлар жалпақ әрі жайдақ өзектен және әлсіз жетілген желпуіштерден (пәр) тұрады. Аптерия жоқ. Теріасты май қабаты (шел) жақсы жетілген, жылу сақтағыш қызмет атқарады. Сүйектерінде ауа қуыстары болмайды, сүйегі майлы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған, қанат сүйектері жалпақ. Төстің қыры жақсы жетілген, ал төс бұлшықеті құс массасының ¼ бөлігін құрайды, ол көптеген ұшатын құстардан әлде қайда үлкен. Аяқтарында 4-тен саусақтары болады, олар бір-бірімен жүзу жарғағымен байланысқан. Аяқтары біршама артқа қарай орналасқан. Құрлықта жай және епетейсіз қозғалады. Жылына бір рет түлейді. Ересек құстардың қорегі – балықтар, моллюскалар, шаянтәрізділер. Барлық пингвиндер – моногамдар. Олар әдетте үйір құрайды және үлкен шоғыр құрып ұялайды. Ұясын жерге салады, ұяда әдетте 1-2 жұмыртқа болады. Пингвиндер оңтүстік жарты шарда: Антарктида жағалауынан Австралия, Африка мен Оңтүстік Американың тропикалық ендіктерінде суық ағыстар енетін жерлерінде тараған. Олар теңіз жағалауларында топтанып жүреді. Негізгі өкілдерінің бірі Император пингвині (Aptenodytes forsteri) – ең ірі түр, бойы 100-120см, ал салмағы 45кг-ға жетеді.Антарктида жағалауы бойында қыстың ортасында ұялайды. Галапогосс пингвині (Spheniscus mendiculus) – тропикада ұялайтын бірден-бір түрі. Әсем пингвин (Megadyptes antipodes) шоғыр құрмайды және әдетте жеке жұп құрып ұялайды. Пингвиндердің айта қарарлықтай кәсіптік маңызы жоқ.
Жүгіргіш құстар отрядында қазіргі кезде тіршілік ететін бір түр - Африка түйеқұсы (Struthio camelus) жатады.Ол Африканың далалары мен шөлейтті жерлерінде мекендейді. Бұл қазіргі құстардың ішіндегі ең ірісі, массасы 75-90кг және бойы 270см-ге дейін жетеді. Ұшпайды, бірақ жақсы жүгіретін құстар. Мойны мамықпен жабылған,аяқтары қауырсынданбаған. Төс сүйелері болады. Қаңқасында ауа қуыстары жоқ, тек ортан жілікте ғана болады.Бұлар үшін төстің кішкентай болуы тән, қыр сүйегі болмайды және төс бұлшықеті де нашар дамыған. Қатқыл өсімдіктермен қоректенеді,кейде майда кеміргіштер, рептилия мен насекомдарды ұстап жейді. Жұмыртқасының салмағы 1,5-2кг. Балапандары ширақ. Ұрпақтарына қамқорлықты балапандары жасайды, Қазақстанда қолда өсіріледі.
Тип: Сhordata - Хордалылар
Типтармағы: Vertebrata - Омыртқалылар
Класс: Aves – Құстар
Класс тармағы: Neornithes – Нағыз құстар
Отрядүсті: Impennes - Жүзгіш құстар
Отряд: Sphenisciformes – Пингвиндер
Түр: Aptenodytes – Император пингвині
Отрядүсті: Neognathae – Жаңатаңдайлы құстар
Отряд: Struthioniformes - Африка түйеқұстары
Түр: Struthio camelus – Африка түйеқұсы
