Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kukyk_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
740.86 Кб
Скачать

70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы.

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтiк, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтiк даму процестерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста өзгерiп, жаңарып отырды. Малшылық пен егiншiлiк қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмiрге келiп, адамның тәжрибесi өсiп молайды. қоғамдық еңбек 4күрделi тарауға бөлiндi: малшылық, жер игеру, өндiрiстiк және саудагерлер тобы. Бұның бәрi еңбектiң өнiмдiлiгiн арттырды, қоғамның шығысынан кiрiсiн асырды. Сөйтiп қоғамдық байлық қалыптаса бастады,оны иемденетiн топтар,таптар пайда б-ы. Экономикалық өзгерiстер әлеуметтiк қайшылықтарды өмiрге әкелдi.Олар төмендегi негiзгi обьективтiк заңдардың - қосымша өнiмнiң пайда болуы; жеке меншiктiң қалыптасуы;топтар мен таптардың арасындағы күрестiң басталуы - әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп,қоғамды басқару үшiн өмiрге мемлекет пен құқық келдi. Мемлекеттiң дамуы-мемлекет қоғамдық еңбек бөлiнiсiнiң, жеке меншiктiң пайда болуы нәтижесiнде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлiнуiнiң туындысы.Мемлекет жария үкiметтiң пайда болуы мен iс-әрекетiнiң нәтижесi ретiнде қалыптасатын, қоғам өмiрiн ұйымдастырудың нысаны мен оның негiзгi салаларына басшылық ететiн, қажеттi жағдайларда мемлекеттiң күш-қуатына үйренетiн басқару жүйесi.Құқықтың дамуы-адам қоғамының дұрыс өмiр сүруiнiң негiзгi обьективтiк заңдылықтарының бiрi.Ол-әлеуметтiк нормалардың қалыптасып,қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп,басқаруы ж/е әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, дiни нормалары) қоғамның даму процесiнде бiрте-бiрте құқықтық нормаларға айналуы.Сонымен, қоғамда мемлекеттiң өзi қабылдаған, бекiткен құқықтың жаңа түрлерi пайда б-ы:заң,заңға тәуелдi кесiмдер,шарттық нормалар,заң күшi бар соттың шешiмдерi.Құқық 2жолмен дамыды.1-ден,мемлекеттiк қоғамдық меншiктi реттеу моралдық - дiни нормаларға сүйендi.Мысалы, Индияда Ману заңы, мұсылман елдерiнде Құран заңы.2-ден,жеке меншiк бағытындағы қатынастарды мемлекеттiк органның өзi бекiткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы мыңдаған жыл өмiр сүрiп келедi.Жеке адамдар тиiстi мемлекеттiң азаматы болып, сол мемлекеттiң билiгiне, құқықтық тәртiбiне бағынып, өзiнiң iс-әрекетiн, мiнезiн, тәртiбiн қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келедi.Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда б-ы,қалай дамып келедi?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келедi.

71.Еңбек құқығының түсінігі, пəні ж/е əдістері.Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы.Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы.Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу.Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады.Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды ж/е рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.Еңбек құқығы әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылады.Еңбек құқығының әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар сонымен қатар тығыз байланысты басқа қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшіліктерінің барынша жалпылама көрнісі.Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен:1)еңбектік құқықтық қатынастар ж/е солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік ж/е диспозивтік нормалардың қосындысымен;2)еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті ж/е шартты әдістердің қосындысымен; 3)әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеу әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;4)жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі;5)еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады. Еңбек құқық жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрлымы.Еңбек құқығы негіздері д/з заңнамалармен беліленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбек құқығының қайнар көздері-күрделі, көп деңгейлі құрлым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрлымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды.Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007ж 15 мамырда қабылданған «ҚРның Еңбек кодексі». Кодекс жалпы ж/е ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен,40 тараудан,341 баптан тұрады.

72. Меншік құқығы.Меншік құқығы д/з субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын ж/е қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану ж/е оған билік ету құқығы.Меншік иесінің өз мүлкін иелену, пайдалану ж/е оған билік ету құқығы болады.Иелену құқығы д/з мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету.Пайдалану құқығы мүліктен оны пайдалы табиғи қасиеттерін алудың,сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі.Пайда кіріс,өсім,жеміс,төл алу ж/е өзге нысандарында болуы мүмкін.Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.ҚРның Конституциясы (6-бап) мемлекеттік меншік пен жеке меншікті таниды ж/е бірдей қорғайды.Жеке меншік-азаматтардың ж/е мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді.Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.Мемлекеттік меншік республикалық ж/е коммуналдық меншік болып бөлінеді.Жер,оның қойнауы, су,өсімдіктер мен жануарлар дүниесі,басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады.Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтарына:жерді пайдалану құқығы; шаруашылық жүргізу құқығы;оралымды басқару құқығы;заңдарда көзделген басқа да заттық құқықтар жатады.Жерді пайдалану құқығы арнайы жер туралы заңнамалық кесімдермен реттеледі.Шаруашылық жүргізу құқығы мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған ж/е бұл мүлікті иелену, пайдалану ж/е оған билік ету құқықтарын заңмен белгіленген текте жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқықтары болып табылады. Оралымды басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекеменің,меншік иесінен мүлік алған ж/е өз қызметінің мақсатына,меншік иесінің тапсырмаларына ж/е оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады.2 н/е бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі б-ы.Ортақ меншік 2н/е бірнеше адамдардың меншігіне мүлік түскенде пайда б-ы.Ортақ бірлескен меншік: ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;шаруа қожалығының ортақ меншігі;жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде б-ы.

73. Қаржы полициясы ж/е оның атқару қызметі.ҚРның қаржы полициясының органдары: -заңмен белгіленген өкілеттері шегінде жедел іздестіру қызметін; -алдын–ала тергеу ж/е анықтау; -әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржы қызметі саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылымыстық ж/е құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға,оны анықтауға,жолын кесуге, ашуға ж/е тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар болып табылады.2002 жылғы 4 шілдедегі «ҚРның Қаржы полициясы органдары туралы» Заңның 5-бабына сәйкес Қаржы полициясына өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъктілерінің, қоғам ман мемлекеттің заңды құқықтарын қамтамасыз ету, салықтарды төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге қылмыстар мен құқық бұзушылықтырдың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу ж/е тергеу, экономика саласындағы жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемелекеттік саясатты әзірлеуге ж/е іске асыруға қатысу, қаржы полициясы органдарының қарауына жатқызылатын мәселелер б-ша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру міндеттері жүктелген.Қаржы полициясы органдарындағы қызметтің тоқтатылуы.Қаржы полициясы органдарындағы қызметтiң тоқтатылуы ж/е қаржы полициясы органдары қызметкерлерiн қызметтен шығару ҚРның заңнамасында көзделген негiздер б-ша жүзеге асырылады.Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi ҚРның заңнамасында белгіленген әскери қызметте болуының шектi жасына дейiн қызметте бола алады.Оң мiнездемелi,қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызмет мерзiмiн олар қызметке жарамды болған жағдайда ж/е олардың келiсiмiмен қатардағы ж/е басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген басшылар 5жылға дейiн ұзартуы мүмкiн. Ерекше жағдайларда ғылыми дәрежесi н/е ғылыми атағы бар ж/е бiлiм мекемесiнде штаттық қызметте тұрған жоғары ж/е аға басшы құрамның адамдарына қызмет мерзiмi осындай тәртiппен 5жылға дейiн қайта ұзартылуы мүмкiн. Қызмет мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi шешу кезiнде қызметкерлер олардың қызметке жарамдылығын анықтау үшiн міндеттi түрде медициналық комиссияға жiберiледi.Қызмет мерзiмiн ұзарту осы Ережеде көзделген негiздер б-ша қаржы полициясы органдары қызметкерiн қызметтен шығару мүмкiндiгiн жоққа шығармайды.Қатардағы ж/е басшы құрамдағы қаржы полициясы органдары қызметкерлерiн қызметтен шығару оларды тағайындау құқығына ие басшылардың бұйрықтарымен жүргiзiледi.  Егер қызметтен шығару күнi бұйрықта көрсетілмеген болса,бұйрыққа қол қойылған күн қызметкердiң қызметтен шығу күнi болып саналады.

74. Азаматтық қоғамның түсінігі мен қалыптасуы. Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады. Азаматтық қоғам д/з-имандылық,өнегелік,діни, ұлттық, əлеуметтік-экономикалық,отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды."Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс жəне т.б. тұжырымдаған болатын.Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз əрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып,ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы.Сонымен бірге,азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс,ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін.Aзаматтық коғамның күрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

1)Мемлекеттік емес, əлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кəсіпкерлік).2)Мемлекетке тəуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.). 3)Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.4)Саяси партиялар мен қозғалыстар.5)Тəрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.

6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары. 7)Отбасы.8)Шіркеу, мешіт, ж/е т.с.с.Азаматтық қоғамның белгілері:- адам ж/е азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;-өзін-өзі басқаруы; -оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бəсекелестік;-қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы ж/е көппікірлілік (плюрализм);-бүкіл жалпылык хабардар болу ж/е ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы.

75. Экологиялық мəселелер: түрлері, шешу жолдары.Бүгінгі таңда адамзат табиғатты игеруде,ғылым мен техниканың дамуында ғаламат табыстарға жетті.2-жағынан өркениеттің дамуымен қатар биосфераның тұрақсыздануы ж/е қоршаған ортаның,табиғи жүйелердің тозу қаупі туындап отыр.Соның салдарынан барынша шиеленіскен жаһандық,ұлттық ж/е жергілікті экомәселелер қалыптасты.Оларды шешуге тек қана Қдықтардың ғана емес, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.

Экологиялық мәселелер.Жаһандық экологиялық мәселелер:1)Климаттың өзгеруі; 2)Озон қабатының бұзылуы; 3)Биоәртүрлілікті сақтау (өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің әртүрлілігін); 4)Жердің шөлейттенуі ж/е тозуы.

Ұлттық эклогиялық мәселелер: 1)Семей, Арал; 2)Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты мәселелер; 3)Су ресурстарының сарқылуы ж/е ластануы; 4)Байырғы ластанулар; 5)Трансшекаралық сипаттағы мәселелер; 6)Әскери-ғарыш ж/е сынақ кешендері полигондарының әсері. Жергілікті экологиялық мәселелер: 1)Әуе бассейнінің ластануы; 2)Радиоактивті ластану; 4)Химиялық ластану; 5)Өнеркәсіптік ж/е тұрмыстық қалдықтар; 6) Табиғи ж/е техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар. Ұлттық экологиялық мәселелер: 1)Экологиялық апат аймақтары (Семей, Арал). Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған ж/е қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал ж/е Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды.Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады.Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың ж/е адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің ж/е ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда. Арал өңірі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқы бар 178 елді мекен) әсіресе әйелдер ж/е балалар арасында асқазан-ішек аурулары мен қан аздығы,балалардың шетінеуі мен туа біткен патологияның жоғары деңгейі байқалуда.1960 жылдан бастап Арал теңізі деңгейі 17 метрге, көлемі 75 пайызға кеміген.Теңіз өзінің бұрынғы жағасынан 100-150 шақырым кетіп, 33 мың шаршы шақырым жағалау жалаңаштанған.Кейбір мәліметтерге қарағанда жыл сайын Аралдан желдің күшімен 100 тоннаға дейін тұз ұшып, Еуропаға, Солтүстік мұзды мұхитқа дейін жеткен.Елдің ішкі қауіпсіздігіне қатерді жою мақсатында экологиялық апат аймақтарында халықтың тұруының әлеуметтік-экономикалық ж/е экологиялық жағдайын кешенді талдау жөнінде іс-шаралар жүргізу,оның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуіне баға беру,экологиялық талаптарды әзірлеу ж/е аумақтарды эклогиялық бағалау мен ядролық сынақтар ж/е өзге де факторлардың халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерінің салдарын ескере отырып, сауықтыру-оңалту іс-шараларын жүзеге асыру қажет. 2007 жылға дейін халықтың ішкі көші-қоны ж/е экологиялық апат аймақтарының аумақтарын шаруашылыққа пайдалану бағдарламасы әзірленуі қажет.

76. Құқықтық қатынастардың ұғымы ж/е ерекшеліктері.Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста б-ы.Бұл объективтік процесс.Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді.Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың ж/е қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.Құқық ұғымы Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі.Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда б-ы,қамқорлық жасау ж/е көмек беру жүзеге асады.Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар меннормативті құқықтық актілерде көрініс табады.Жалпы адамзаттық құндылықтар ж/е әділеттілік,ізгілік,теңдік,бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық д/з-мемлекет арқылы камтамасыз етілетін,  әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.Құқық жүйесі Құқық нормалары өзара үйлесімді жұмыс істеуі кажет.Осы мақсатта олар салаларға, салашықтарға ж/е құқық институттарына бөлінеді.Мұндай құрылым құқық жүйесі д.а. Құқық жүйесі құқық нормаларынан тұрады, аталған нормалар құқық саласын құрайды, салалар ішінде құқық нормалары құқық институттарына топтастырылады. Бірқатар іргелі құқық салалары құқық салашықтарына бөлінеді.Кез келген құқық саласы өзінің пәні мен құқықтық реттеу әдістеріне ие. Құқық нормалары арқылы реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастар құқықтық реттеу пәні болып табылады.Құқықтық реттеу әдісі д/з-біртектес қоғамдық қатынастарды сапалы құқықтың реттеуді жузеге асыруға көмектесетін заңдық тәсілдер. Құқықтық реттеудің негізгі әдістері:-имперактивті (тегеуірінді түрде) -тыйым салу, міндеттеу ж/е жазалауға негізделген жазбаша өкім әдісі;-диспозитивті -рұқсат етілуге, үйлестіруге, бостандық пен теңдікке негізделген тараптардың тең құқықты әдісі.Сондай-ақ қосымша әдістер де б-ы:-көтермелейтін-құрметтеуге лайықты іс-әрекет үшін марапаттау әдісі;-ұсынылатын- мемлекет пен қоғам үшін лайықты мінез-құлықты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі.

77.Азаматтық құқықтың түсінігі,пəні ж/е реттеу əдістері.Азаматтық құқық д/з-азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік ж/е мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы.Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Нарықтық қатынастар,негізінен,азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс  2-Конституцияға теңестірілген Азаматттық құқытың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол-мүліктік ж/е мүліктік емес жеке қатынастар.Мүліктік қатынастар д/з-мүлікті иелену, пайдалану ж/е билік етуге (басқа біреуге беру) байланысты қатынастар.Басқаша айтқанда,мүліктік қатынастар-материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету ж/е т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар.Мысалы, сату-сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар 2топқа бөлінеді-мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар ж/е мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар.1-топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдықменшікпен байланысы бар қатынастар құрайды.Ғылыми еңбектің авторы н/е өнертапқыш өзінің авторлық  құқығын  қорғауға байланысты сотқа талап арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми еңбектің авторының н/е өнертапқыштың қаламақы н/е басқалай сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат алады.Жеке мүліктік емес қатынастардың 2-тобын-мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар құрайды. Адам денсаулығына көлік арқылы зиян келтірілді.Денсаулыққа  келтірілген зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды.Дегенмен де, азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды реттейді. Жеке өмірге, тұрғын үйге,ар-намысқа,іскерлік беделге қолсұқпаушылық 2-топтағы жеке мүліктік емес қатынастарға жатады.Реттеудің азаматтық-құқықтық әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі жауапкершіліктің мүліктік ж/е өтемақылық сипатын,сотқа жүгіну арқылы жүзеге асатынқұқық  қорғаудың айрықша әдісін білдіреді.Бұл әдіс диспозитивті д.а.Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін білдіреді.Дүкен иесі тауар жеткізіп берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар туралы келіседі ж/е бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде рәсімдейді.Аталған келісімшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың күшін жояды, ал бір-біріне қоятын талаптары болса, онда ол мәселелер сот арқылы шешіледі.Азаматтық құқықтың қағидаларына: 1)тараптардың теңдігі;2)шарт еркіндігі ж/е таңдау құқығы;3)еркіндік; 4)тәуелсіздік;5) меншікке қолсұқпаушылық;6) біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы;7) азаматтық құқықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы;

8) бұзылған құқытарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету;9) азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау жатады.Аталған қағидаларды азаматтық құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы ж/е ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады.Олар:келісімшарт, меншік құқығы ж/е міндеттемелік құқығы.Ерекше бөлімді,негізінен,нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды.Олар-айырбас,жалға алу,сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық ж/е өсиетнама.

78. Алименттік қатынастар.Алименттер (лат. alimentum -"тағам, асырап-бағу" )-заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты-отбасының еңбекке қабілетсіз ж/е көмек қажет ететін мүшелерін асырау.Алименттер сотшешімімен (алименттер төлеудің  соттық  тәртібі) н/е тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері б-ы:• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінің өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұның мәнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. 2-жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы ж/е алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яки бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз б-ды:• субъектілер арасында туыстық н/е өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);• заңда н/е талаптардың келісімінде көрсетілген  шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы ж/е баскалары);• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі н/е соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.Алименттік міндеттемелердің н/е алименттік қатынастардың мынадай түрлері б-ы:• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;• ерлі-зайыптылардың ж/е бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; кәмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

79. Еңбек дауларын қарау ж/е шешу жолдары.Қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек туралы заңды қолдану,бұрын қызметкер (қызметкердің өкілі) мен жұмыс беруші (жұмыс берушінің өкілі) арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың орындалуы туралы алауыздықтар-еңбек даулары деп танылады.Еңбек дауларын туғызатын жағдайлар әр түрлі.Бұл объективтік сипаттағы факторлар болуы мүмкін:  нарықтық экономикаға көшуге,мемлекеттік меншікті жекешелендіруге, жекелегенкәсіпорындардағы өндірістің жағдайына ж/е соған байланысты қызметкерлердің жұмыстан босатылуына орай,Рда қалыптаскан әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан; меншік иесінің(жұмыс беруші) кәсіпорындарда (ұйымда) ауысуы ж/е т.б.Бұл субъективтік сипаттағы себептер:өндірістің ұйымдастырылуын, қызметкерлердің бірлесе еңбек ету мүддесін камтамасыз ететін әкімшілік-басқару аппаратындағы адамдардың қателіктері, біліксіздігі; кәсіпорындардың басшы құрамының еңбек заңы саласындағы құқықтық даярлығының жеткіліксіздігі; жалдамалы қызметкерлердің де құқықтық санасы онша жоғары бола бермей, өздерінің еңбек құқықтары мен міндеттерін жетік білмейтін қызметкерлердің жұмыс берушіге негізсіз талаптар қоятындығы.Еңбек дауларының жеке ж/е ұжымдық,талап қоятын ж/е талап қоймайтын түрлері б-ы.Жеке еңбек даулары өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану н/е қалпына келтіру туралы жұмыс берушіге талап қоятын жекелеген қызметкерлердің бастамасы б-ша туындайды.Ұжымдық еңбек даулары (жанжалдары) еңбек ұжымдарының (бөлімшелер ұжымдарының), өкілетті қызметкерлердің, өкілді орган мен жұмыс берушінін; н/е басқарудың салалық (салааралық) органдарының арасында еңбек туралы қолданылып жүрген заңдарды колдану, қызметшілер үшін жаңа еңбек және тұрмыстық әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туғызу н/е қазіргілерін өзгерту жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу ж/е оларда көзделген шарттарды орындау мәселелері жөнінде туындайды.Еңбек дауларын шешуге жауапты ұйымдар Еңбек даулары тараптардың келісімі б-ша н/е сот тәртібімен қаралады.Тараптардың келісімі б-ша еңбек даулары жоғары органдарда қаралуы мүмкін.Талап коюшылық сипаты бар жеке еңбек дауларын шешудің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге б-ы:а)еңбек дауының келістіру комиссиясында н/е сотта қаралуы мүмкін-бұл жалпы тәртіп. Бұл тәртіп дауды шешудің рәсімін бір жақтың қалауын қарайды.2жақтың келісіміне қол жеткен жағдайда еңбек дауын келістіру комиссиясының қарауы мүмкін. Еңбек дауының сот тәртібімен шешілуі бұған балама болып табылады.ә)қызметкерлердің белгілі 1топтарының еңбек даулары белгіленген арнаулы іс жүргізу ережелері арқылы қаралатын айрықша тәртіп.2жақтың келісімі б-ша еңбек даулары келістіру комиссиясында қаралуы мүмкін. Келістіру комиссиясы 2жақтың бірлескен шешіміне орай, жұмыс беруші мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен теңдік жағдайында құрылады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйымның басшысы тағайындайды ж/е ол тиісті бұйрықпен бекітіледі. Қызметкерлердің өкілдері келістіру комиссиясына  ұйымның жалпы жиналысында (конференцияда) сайланады. Келістіру комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.

Келістіру комиссиясы еңбек дауын қызметкердің арызы келіп түскен күннен бастап 3күн мерзім ішінде қарайды.Белгіленген мерзім арыз түскен күннің ертеңінен бастап есептеледі.Қызметкердің арызын қарау нәтижесі б-ша келістіру комиссиясы шешім қабылдайды ж/е ол шағымданушыға беріледі. Шағымданушының талаптарын қанағаттандырған келістіру комиссиясыньщ шешімін қарсы жақ 3күн мерзім ішінде орындайды.Егер комиссияның шешімі қызметкердің талаптарын қанағаттандырмаса,онда еңбек дауы coт тәртібімен қаралады.Аудандық (калалық) соттар қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін шағымдана алатын еңбек дауларын қарау жөніндегі дербес органдар болып табылады.Еңбек дауы жөніндегі келістіру комиссиясының шешімін қайта қарау өкілеттігі сотқа берілмеген.Сотта тікелей кәсіпорындар (ұйымдар) қызметкерлерінін; арызы б-ша келістіру комиссиясында алауыздықтар қаралмаған еңбек даулары, сондай-ақ шаруа қожалықтарында жеке еңбек шарттары б-ша жұмыс істейтін адамдардың арыздары б-ша еңбек даулары қаралады.Соттар жұмыс берушінің қызметкерлердің кәсіпорынға (ұйымға) келтірген зияндарының орнын толтыру жөніндегі арызы бойынша дауларды қарауды тікелей өз іс жүргізуіне қабылдайды.Соттар сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік ұйымдардың (заңды тұлғалар), шетелдер қатысатын ұйымдардың еңбектік құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар б-ша талаптарды да қарайды.Жеке еңбек даулары жұмыс берушіге өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану н/е қалпына келтіру жөнінде талап коюшы жекелеген қызметкерлердің бастамасы б-ша туындайды. Ұжымдық еңбек даулары өкілді орган қызметкерлері өкілеттік берген еңбек ұжымдары мен жұмыс беруші н/е басқарудың салалық (сала-аралық) органдары арасында еңбек туралы пайдаланылып жүрген заңды қолдану, қызметкерлердің қазіргі әлеуметтік-экономикалық еңбек ж/е түрмыс жағдайларын өзгерту н/е жаңа жағдайлар жасау жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу ж/е олардың шарттарын орындау жөніндегі мәселелер б-ша туындайды.Еңбек дауларын тараптардың келісімі б-ша н/е сот тәртібімен қарайтын белгіленген тәртібі б-ы.Еңбек дауларын қарайтын органдар-келістіру комиссиясы ж/е сот.

80.Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі ж/е түрлері.Азаматтар мен заңды тұлғалар әр түрлі қызметтер жасау кезінде өзара әр түрлі қоғамдық қатынасқа,яки құқықтық қатынасқа түседі.Құқықтық қатынас-құқық нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі.Қоғамдық-қатынасты азаматтық-құқық нормаларымен

реттеудің нәтижесінде,олар заңды сипат алып,азаматтық-құқықтық қатынасқа айналады.Азаматтық-құқықтық қатынас-бұл азаматтық-құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.Осы азаматтық-құқықтық қатынасқа түсінік бермес бұрын, алдымен құқықтық қатынастың мағынасын ашайық.Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың пайда болу тәсілі

н/е өмір сүру жағдайы болып табылады:1)Егер қоғамдық-қатынастар

бастапқыда өзімен-өзі өмір сүрсе,кейінірек құқықтық-қатынасқа айналады да, соңында заңды сипатын жоғалтып,қоғамдық ретінде сақталады,сонда бұндай жағдайда құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастың қайта пайда болу тәсілі ретінде көрініп тұр.Қоғамдық қатынастар оқтын-оқтын белгілі сыртқы жағдайлар жиынтығының әсерінен пайда б-ы ж/е жойылады, бірақ бұнда әрдайым құқықтық қатынасретінде пайда б-ы, құқықтық қатынас заңды сипатын жоғалтқан жағдайда, онымен бір уақытта ол да жоғалады, бұл кезде құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың өмір сүру жағдайы ретінле көрініп тұр.Құқықтық қатынас қоғамдық қатынастың қозғалыс жағдайы ж/е

нақтылау әдісі болып табылады.Қоғамдық қатынас,өзі өмір сүруінің әр түрлі сатысында заңды дайындықты қажет ететін, құқықтық қатынастың қозғалысын амалдандыру арқылы, құқықтық қатынастар 1мезгілде субъективтік құрамды да ж/е осы қатынастың қатысушыларының бір-бірінің алдындағы міндеттерін де нақтылау тәсілі ретінде көрінеді.Сонымен қоғамдық қатынастың ерекше түрі ретінде онымен байланысын қарап, біз құқықты қатынасты қоғамдық қатынастардың өмір сүру және өзгеру жағдайы,қозғалыс ж/е нақтылау тәсілі,бекіт амалы ретінде болатынын байқадық .2)Сонымен қатар,құқықтық қатынастардың өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар, соларға байланысты ол жоғарыда айтылған қызметтерді орындауға қабілетті б-ы.1.Барлық құқықтық қатынастар әрдайым нақты тұлғалар арасында қатынас ретінде б-ы.Барлық құқықтық қатынастың қатысушылары әрдайым нақты белгілі б-ы,себебі олар әрдайым нақты тұлғалар және олардың арасындағы қатынас заңды сипатта б-ы. Керісінше басқа қоғамдық қатынастардың қатысушылары әрдайым нақты анықталмайды, себебі олар анықталған тұлғалар ғана болмай, анықталмаған адамдар тобы болуы мүмкін ж/е олардың арасындағы қатынастың заңды сипаты жоқ.Мысалы: еңбектік-құқықтық қатынаста жұмыс берген мекеме сол жұмысты жасауға міндетті тұлғалардан жұмысты орындауды талап етеді. Керісінше,ерікті қоғамдық жұмыстар (сенбілік) жүргізу үшін, оған анықталмаған тұлғалар тобы қатысуы мүмкін.2. Барлық құқықтық қатынастар оның қатысушыларының өзара жүріс-тұрысын заңды түрде бекітеді. Қандай да болмасын құқықтық қатынастың қатысушыларының біреуі белгілі бір уақытқа дейін белгісіз болса да,осы қатынастың субъектілері өзара байланысты қатынасқа түседі ж/е бұл қатынас заңды түрде бекітіледі.Керісінше,басқа қоғамдық қатынастың қатысушылары бір-біріне деген міндетті қызметтерін өнегелі түрде орындаулары мүмкін,бірақ бұл қатынастың заңды сипаты жоқ,сондықтан олар заңды түрде бекітілмейді.

Сондықтан да заңды қатынастардың субъектілерінің міндетті қызметтері нақты анықталған,ал басқа қоғамдық қатынастың қатысушыларының міндетті қызметі бұндай дәрежеде нақты анықталмауы мүмкін.Мысалы: балаларының ата-аналарына төлейтін алимент заңда көрсетілген белгілі бір жағдайларда туындайды ж/е балалары өзінің ата-анасына төлейтін нақты

ақша сомасымен белгіленген.Керісінше,заңды көрсетілген белгілі бір жағдайлар болмаған кезде, балалары өз ата-анасына көрсеткен материалдық көмегі нақты түрде анықталуы мүмкін емес.3.Барлық құқықтық қатынастар мемлекетпен белгіленген ж/е бекітілген құқық нормаларымен реттеледі. Сондықтан да қоғамдық қатынастар,мемлекет белгіленген ж/е бекіткен құқық нормаларымен реттелгендіктен құқықтық қатынас б-ы ж/е бұл құқықтық қатынастар қатысушылардың әрқайсысына белгіленген міндеттерін нақты түрде анықтайды.Керісінше, жалпы ж/е нақты заң нормаларымен реттелмейтін қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар болмайды. Ал олардың қатысушыларының міндеттері толық ж/е нақты сипат алмайды. Сондықтан да балаларының ата-анасына алимент төлеу қатынасында, 1 жағдайда заң нормаларымен реттеледі, ал 2-жағдайда бұл реттерден тыс қалып тұр, 1-жағдайда қатынастардың міндеттері толық ж/е анықталған сипат алып тұр, ал 2-жағдайда қатысушылардың міндеттері субъектілердің әрқайсысының өз еркімен анықталады.4.Барлық құқықтық қатынас өзінің өмір сүру барысында мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етіледі. Қоғамдық қатынас құқықтық қатынас болып қалыптасқан уақыттан бастап, оның іске асуы мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзеге асырылуына кепілдік береді. Керісінше, құқықтық қатынас ретінде қалыптаспаған қоғамдық қатынас, егер де ол мемлекеттің институттарына сәйкес болған жағдайда ғана артынан мемлекеттің күштеу шарасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін,бірақ оның пайда болу кезеңінде оған бұндай кепілдік берілмейді,себебі ол мемлекеттің қатысынсыз жүзеге асады. Мысалы: жұмысқа тұру ж/е жұмыс орнын таңдау азаматтардың өз еркімен, мемлекеттің күштеу шарасынсыз іске асады.Бірақ соғыс жағдайы кезінде жұмыс істеу н/е басқа жұмысқа ауысу мемлекеттің күштеу шарасымен жүзеге асады.Керісінше,жұмысқа тұрып,белгілі бір қызметті атқарып жатқан тұлғаларға әр уақытта мемлекеттің күштеу шарасы қолданылуы мүмкін

Осы 4белгіні бірге алып қараған кезде, біз заңды қатынастардың қоғамдық қатынастың ерекше түрі екенін байқадық.Қорытындылай келе, біз құқықтық қатынастардың өзіне тән белгілеріне қарап,оны басқа қоғамдық қатынастардан айыра аламыз,яки құқықтық қатынас д/з-құқықпен

реттелген нақты тұлғалар арасындағы, субъектілердің өзара жүріс-тұрысы заңмен бекітілген ж/е олардың жүзеге асуы мемлекеттің күштеу шарасымен қамтамасыз етілетін қатынас.Барлық қоғамдық қатынастар құқықтық қатынас болып қалыптасқаннан кейін, соңғысына тән барлық белгілерді өзіне

алады.

81. Некеге тұрудың шарттары.Неке-отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік ж/е мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен,заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті ж/е толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты-неке деп түсінуіміз қажет. 

Нарықтық эканомиканың отбасылық құқықтық қатынастарға енгізген жаңалықтарының бірі некелесушілер,отбасын құрушы ерлі-зайыптылар некеге отырумен қатар өзара неке шартын жасасуға құқықтары бар. Некеге тұрушы адамдардың келісімі н/е ерлі-зайыптылардың некедегі ж/е ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім неке шарты деп танылады.Неке шарты некеге тұруды мемелекеттік тіркеуге дейін де,неке кезеңіндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкін. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді.Неке шарты жазбаша түрде ж/е оны нотариат куəландыруға тиіс.Неке шарты б-ша ерлі-зайыптылар неке шартымен заңда белгіленген бірлескен ортақ меншік режимін өзгертуге, ерлі-зайыптылардың барлық мүлкіне, оның жекелеген түрлеріне н/е ерлі - зайыптылардың əрқайсысының мүлкіне бірлескен, үлестік н/е бөлекетелген меншік режимін белгілеуге құқылы.Неке шарты ерлі-зайыптылардың қолда бар мүлкі жөнінде де,болашақтағы мүлкі жөнінде де жасалуы мүмкін.Неке шартында ерлі-зайыптылар өзара күтіп-бағу жөніндегі өз құқықтары мен міндеттерін,бір-бірінің кірістеріне қатысу əдістерін, олардың əрқайсысының отбасылық шығындар жасау тəртібін айқындауға; неке бұзылған жағдайда ерлі-зайыптылардың əрқайсысына берілетін мүлікті белгілеуге, сондай-ақ неке шартына ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастарына қатысты өзге де кез келген ережелерді енгізуге құқылы.Неке шартында көзделген құқықтар мен міндеттер белгілі бір мерзімдермен шектелуі не белгілі бір жағдайлардың туындауына н/е туындамауына қарай қойылуы мүмкін. Неке шарты ерлі-зайыптылардың құқық қабілетін н/е əрекет қабілеттілігін, олардың өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын шектей алмайды; ерлі зайыптылар арасындағы мүліктік емес жеке қатынастарды,ерлі-зайыптылардың балаларға қатысты құқықтары мен міндеттерін реттей алмайды; ерлі-зайыптылардың біреуін өте қолайсыз жағдайға қалдыратын н/е неке-отбасы заңдарының негізгі бастауларына қайшы келетін басқа да жағдайларды қамти алмайды.Неке шарты ерлі-зайыптылардың келісімі б-ша кез келген уақытта өзгертілуі н/е бұзылуы мүмкін. Неке шартын өзгерту туралы н/е бұзу туралы келісім неке шартының өзі сияқты нысанда жасалады.Неке шартын орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

82. Қылмыстық құқықтың ұғымы мен қағидалары.Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды ж/е мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.Мұндай реттеу 3түрлі жолмен жүзеге асырылады.1.Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу ф-ясы-ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда б-ы.2.Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі.3.Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.Бірақ қылмыстық құқық өзге құқық салаларынан ф-ясы б-ша оқшау сала.Себебі,ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймайды,сонымен қоса,пәрменді кушпен қорғайды.Ал оның қорғау аясына, ең алдымен басқа құқық салаларымен бұған дейін реттеліп қойған қоғамдық қатынастар енеді.Мысалы,мүлікті қалай пайдалану,иелену,билік ету мәселесіне қылмыстық құқық араласпайды,оны азаматтық құқық реттейді.Ал алдын-ала біреу осы құқықтарды бұзатын болса (ұрлық, тонау, қарақшылық т.б.) онда оны қылмыстық құқық қорғайды.Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз.Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:1.Заңдылық принципі – бұл принциптің мәні қылмыс пен күресуді заң шеңберіндегі, оның талаптарын мүлтіксіз орындай отырып жүргізуді білдіреді. Ешкімде соттың үкімінсіз, заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды.2. Адамдардың заң алдындағы теңдігі принципі –бұл принцип адамның тегіне, ұлтына, нәсіліне, әлеуметтік, мүліктік жағдайына, тіліне, дінге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді.3.Жауаптылық принципі – бұл принцип б-ша кез келген адам лауазымдық ж/е басқа да жағдайларға қарамастан өзінің істеген қылмысы үшін нақты жауаптылықты мойындауы қажет.4.Әділеттілік принципі-бұл принциптің мәні қылмыстық жазаға іс-әрекетінде қылмыс құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы к/к. Негізсіз, дәлелсіз қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.5.Демократизм принципі-бұл принциптің мәні сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу, егер қажет етсе аудармашының көмегімен қамтамасыз етуді білдіреді.6.Гуманзим принципі-бұл принциптің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындап,керісінше ауыр қылмыс жасағандарға неғұрлым ауыр жаза тағайындаудан тұрады. 7.Интернационализм принципі-бұл принцип ұлттық теңдікті бұзғаны үшін, басқа мемлекеттің мүддесіне,халықаралық қауіпсіздікке,ұлттар арасындағы бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауакершілік белгілейтін нормалардан көрініс табады.

83. Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары. Адамның жеке басының бостандығы-өзiнiң болмысынан туындайтын оның бөлiнбейтiн ж/е абсолюттi құқығы.Осылармен қатар ұсталған,тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған əрбiр адам сол ұсталған,тұтқындалған н/е айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.Адамның қадiр-қасиетi мемлекетпен қорғалатын құндылықтарды құрайды,өйткенi ол өзiн ж/е өзiнiң жеке тұлғалық жағдайын нақ құқықтық мемлекеттегiдей сезiнетiн кез-келген жеке адамға тəн.Қадiр-қасиет-саналы түрде сезiнген,айналып келгенде,оның жеке iшкi ж/е сыртқы қасиеттерiне айналған “қанына сiңген” жеке тұлға ретiнде сипаттайтын, адамның дамушы iзгi мiнез-əрекеттерiнiң сырттай бейнеленген көрiнiсi ретiнде түсiнiледi.Адамның қадiр-қасиетi оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына,кəсiпқойлығына ж/е басқа жағдайларға байланысты.Əрбiр адам сый-құрмет пен мойындауға ж/е дербес ой мен əрекет құқығына лайық. Заң əрекеттерiн қолдану кезiнде (мысалы: куəландыру, сұрыптау, тiнту, сұраққа жауап алу, тұтқындау секiлдi басқа түрлi тергеу жұмыстарын жүргiзу барысында) адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмауы жөнiндегi мiндет Конституцияда қатаң көрсетiлген.Қинауға,күш қолдануға,басқа да қатал не адамның қадiр-қасиетiн қорлайтын қатынас пен жазаға тиым салынады.Заң адамның қадiр-қасиетiн, ар-ожданын қорғау мүмкiндiктерiн белгiлейдi. Мысалы, ҚРның Қылмыстық кодексiнiң 347-1 бабына сəйкес тергеушiнiң, анықтауды жүргiзушi адамның н/е өзге лауазымды адамның мəлiметтер алу н/е мойындату, не оны жасаған н/е жасады деп күдiк келтiрiлген iс-əрекет үшiн жазалау,сондай-ақ оны н/е 3-адамды кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп б-ша қорқыту н/е мəжбүр ету мақсатымен əдейi тəн н/е психикалық зардап шектiруiне жол берiлмейдi.Егер сол əрекет жəбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зиян келтiрсе н/е абайсызда адам өлiмiне апарып соқса,онда оны 3жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi 1лауазымдарды атқару н/е белгiлi бiр қызметтердi атқару құқығынан айыра отырып, 5жылдан он жылғы мерзiмге бас бостандығыынан айыруға жазаланады.

85. ҚРнда жер қорының түсінігі, түрлері.ҚРның жер қоры д/з-мемлекет меншігіндегі, оның аумағын түгел қамтитын жер шарының құрылықтағы бір бөлігін айтамыз. Жер қоры-мемлекеттің аумағындағы бүкіл жер құрамы.ҚР  “Жер туралы” (2001) заңына сәйкес жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді:1)ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға жарамды жерлер;2)елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;3)өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері ж/е өзге де ауыл шарушылығы мақсатына арналмаған жер;4)ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық ж/е тарихи-мәдени мақсаттағы жер;5)орман қорының жері;6)су қорының жері;7)босалқы жер.Жерді осы аталған санаттарға жатқызуды, сондай-ақ жерді оның нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты 1санаттан басқасына ауыстыруды мемлекеттік органдар Жер кодексінде ж/е ҚРның өзге де заң актілерінде белгіленген, жер учаскелерін алып қою ж/е беру жөніндегі өз құзіреті шегінде жүргізеді.ҚРндағы жер қатынастарын Жер кодексі ж/е соған сәйкес қабылданған басқа да ҚРның заң актілері реттеп отырады.Жердің құқықтық қатынастары д/з – жер заңдары ережелерімен реттелетін жерді иемдену, пайдалану ж/е қорғауға, яки жер заңының ережелеріне сәйкес пайда болатын, жүзеге асырылатын, өзгеретін ж/е жойылатын н/е тоқтатылатын нақты қоғамдық қатынастарды құрайтын адамдардың ерікті қызметінің нәтижесі.Жердің құқықтық қатынастарының субъектілеріне ҚРның жерге меншік құқығын жүзеге асырып отыратын өкілді ж/е атқарушы органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар жатады. Оларға ҚРның азаматтары, шетелдік заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар жатады.Жердің құқықтық қатынастарының объектілеріне жоғарыда көрсетілген жер қорының барлық санаттарындағы жерлер жатады.Қның “Жер туралы” заңы б-ша (1-бөлім, 1-бап) табиғи жағдайларға байланысты Р аумағындағы жер қоры орманды дала, дала, қуаң дала, шөлейт,шөл, тау етегіндегі шөлді дала,  субтропикалық  шөлді дала, субтропикалық тау етегіндегі шөлді дала, ортаазиялық таулы, оңтүстік-сібірлік таулы жер болып жіктеледі

86. Атқару билігі органдары жүйесінің ұйымдастырылуы.Атқарушы билiк мемлекеттiк басқару органдары жүйесiнен тұрады, ал бұл жүйеге Үкiмет, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен мекемелер, жергiлiктi атқарушы органдар, мемлекеттiк кəсiпорындар ж/е мемлекеттiк мекемелердiң əкiмшiлiктерi жатады.Үкiмет мемлекеттiң жоғары атқарушы өкiмет органы болып табылады. ҚРнда атқарушы билiктiң үлгiсi президенттiк басқару нысанына үйлестiрiле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен

жоғарыға дейiнгi атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешушi рөлiн бiлдiредi. Үкiметтi Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер ж/е мемлекеттiк комитеттердiң құрамында Р Президентi құрайды. Р Премьер-министрi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмінде Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қ халқы мен Президентiне ант бередi. Атқарушы биліктің орталық органдарын олардың қызметінің сипатына қарай салалық құзыретті органдарға, бақылау ж/е қадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы н/е ерекше ф-яларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.Қазіргі кезде төмендегі салалар б-ша Рның мынадай орталық атқарушы органдары бар:А. Экономика салалары б-ша;

Б. Əлеуметтік мəдениет салалары б-ша;В. Əкімшілік саяси қызмет салалары б-ша.Сонымен ҚР əртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдардың түрлері бар:А. ҚРның министрліктері;Б. ҚР агенттіктері;В. ҚР орталық атқарушы органдарының ведомстволары.Үкiмет ұйымдық жағынан алқалы орган болып табылады, яки оның шешiмдерi Үкiметтiң отырысында алқалы түрде қабылданады. Министрлiк Рның мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейiнде салалық үйлестiруге басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Мемлекеттiк комитет - Рда мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн ж/е заңдарға сəйкес осы мақсаттарда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.Үкiметтiң құрылымынан Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, бiрақ оның иелiгiнде болатын орталық атқарушы органдарды (Республика комитетi, бас басқармасы, комиссиясы, агенттiгi ж/е өзге де республикалық

мемлекеттiк басқару органдарын) ж/е Рның ведомстволарын (министрлiктегi, мемлекеттiк комитеттегi комитеттер, департаменттер, агенттiктер) бөлiп айтқан жөн. Үкiметтiң билiк жүйесiндегi жоғары орган ретiндегi рөлi оны елдiң бүкiл аумағында iске асырылатын барлық орталық ж/е жергiлiктi атқарушы органдарда қолданылатын өкiлеттiгiнен көрiнедi.Сонымен қатар оның билiгiне жатқызылған мəселелердi дербес шешедi (Конституцияның 66 - бабы). Жергiлiктi атқарушы органдар елiмiздiң атқарушы билiгiнiң бiрегей жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады ж/е олар жергiлiктi жерлерде

жалпы мемлекеттiк саясатты тиiстi аумақтарды дамыту мүддесiмен үйлестiре жүргiзудi көздейдi.

87. Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.1)Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік билікке жалпы сипаттама. Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің ерекшеліктері мыналар:- ол тек бір ру көлемінде  ғана  таралды, оның еркін білдірді ж/е қандық  туыстыққа негізделді;- тікелей  қоғамдық болып табылды, алғашқы  қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;-бұл биліктің  биліктік  органдары ретінде рулық  жиналыстар, ақсақалдар,əскербасылары  ж/е т.б.  қызмет етті,олар  алғашқы қауымдық қоғамның өмір  сүруінің маңызды  мəселелерін шешіп отырды.2) Мемлекеттің пайда болу себептері. Мемлекеттің пайда болуы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі,  этнография ж/е тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде.Мемлекеттің пайда болу себептері  туралы бірқатар

теориялар бар,олардың негізгілері мыналар:1. Діни теория –мемлекеттің,  мемлекеттік  биліктің пайда болуының құдайлық  бастамасын негізге алады,  «барлық  билік құдайдан»  деген тұжырымдаманы  бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан,бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын–абыздар билігін,  шіркеудің ролін,  діни ж/е əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі – Фома Аквинский.2.Патриархалды  теория – мемлекеттің  пайда болуын отбасымен байланыстырады,ал мемлекет басшысының билігін  отбасы мүшелерінің алдындағы  əке билігінен туындатады. Бұл  теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің,патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің  еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын  ғалымы Филмердің еңбектерінен тапты. 3.Шартты теория –ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза,Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды.Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі,алайда ол мемлекет басшысына берілген ж/е оны халық бақылауы тиіс.Шарттық теорияға сəйкес,мемлекет шарт нəтижесі ретінде пайда б-ы,оның қатысушылары болып адамдар табылады,олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді.4. Күштеу  теориясы – мемлекеттің пайда  болу негізі ретінде күштеу  əрекетін, бір халықтың екінші  халықты жаулауын таниды. Жауланған  халықтың үстінен билікті бекіту  үшін,  оған күштеу жүргізу үшін  мемлекет  құрылады.Күштеу  теориясы ХІХ ғасырда пайда болды, оның өкілдері – Л.Гумплович, К.Каутский, Е.Дюринг. 5.Психологиялық  теория-мемлекеттің пайда  болуын адам психикасының көріністерімен:  бағыну  қажеттігімен, еліктеумен,алғашқы қауымдық қоғамның жоғарғы  топтарына  тəуелділікті сезінумен,белгілі бір əрекет түрлерінің əділдігін түсінумен ж/е т.б. байланыстырады. Психологиялық теорияның өкілдерінің қатарынан Л.Петражицкий мен Г.Тардты атауға болады. 6.Органикалық  теория.Бұл  теорияның өкілдері  Г.Спенсер, Вормс,  Х.Прейс мемлекетті ағза ретінде түсіндіреді.Оның бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яки, мемлекет – биологиялық дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын əлеуметтік даму өнімі.Биологиялық ағзаның бір түрі ретінде мемлекеттің өз миы (басшы) мен оның шешімдерін жүзеге асыру құралдары (халық) болады. 7.Ирригациялық  теорияға  сəйкес  мемлекеттердің  алғашқы қанаушы нысандарының  пайда болуы  шығыстық  аграрлық  аймақтардағы ірі ирригациялық  құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты.  Бұл теория қазіргі кездегі неміс ғалымы К.А.Виттфогельдің еңбектерінен айрықша көрініс тапқан.  8.Материалистік  теория – мемлекеттің пайда  болуын əлеуметтік-экономикалық  факторлармен,  яки, жеке меншіктің  пайда болуымен ж/е қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады.Бұл теорияның өкілдері-К.Маркс, Ф.Энгельс,  В.И.Ленин-мемлекет 1 таптың 2-таптың үстінен үстемдігін сақтау ж/е бекіту, қоғамның біртұтас ағза ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсаттарында пайда болған деп санайды.

89. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, қайнар көздері.Азаматтық іс жүргізу бұл сот ж/е басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар ж/е процессуалдық әрекеттер жиынтығы.Іс жүргізудің басты мақсаты-бұзылған құқықты қалпына келтіру н/е заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор,өкілдер,сот хатшысы ж/е т.б.) процессуалдық әрекеттерін,олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі.Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі  барысында жүзеге асырылады.Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері:а)сот істерін қарау мен шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтық нормаларымен белгіленген;б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалардың сот мәжілісінде іс қарауына қатысуға құқығы бар ж/е өз құқықтары мен мүдделерін қорғай алады;в) сот шешімі іс б-ша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және ол заңға сәйкес болуы к/к.ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді 4түрге бөледі:1)бұйрық б-ша іс жүргізу істері;

2) талап қоюмен іс жүргізу істері;3)ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері;

4) ерекше іс жүргізу істері.Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы талап арызды(арызды, шағымды) қабылдау,сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару ж/е т.б.Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көзі деп азаматтық процессуалдық нормалар бекітілген нормативтік құқықтық актілерді айтамыз. Бұл актілер ҚР азаматтық іс жүргізу заңдарын құрайды.

90. Мемлекеттік қызметтің қағидалары, түсінігі.Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктің  міндеттерін ж/е ф-яларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктерді  атқару б-ша ресми қызметі.ҚР мемлекеттік қызмет  2деңгейде жүзеге  асырылады: Рлық ж/е жергілікті;ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет"  - бұл  мемлекеттік қызметкерлердің  мемлекеттік органдардағы  мемлекеттік биліктің  міндеттері мен ф-ларын  іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін  атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде  мемлекеттік қызмет ұғымын тар ж/е кең мағынада  қарастырылады.Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы  түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың  жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде ж/е ұйымдарда жүзеге асырылатын  жұмыс, ал тар мағынасында - бұл  мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі.Сонымен,мемлекеттік қызмет-құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік  органдардың қызметкерлерінің  мемлекет міндеттері мен ф-яларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес  түрі.Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді.Мемлекеттік лауазым-бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.Мемлекеттік лауазымды жүзеге  асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік -заңда белгіленген құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге  асыратын мемлекеттік органдардың алдында қойған мақсат-міндеттерге  жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік  лауазымды тұлғаларға жүктеледі.Лауазымды  тұлға-үнемі,уақытша н/е арнайы өкілеттілік б-ша мемлекет өкілінің  міндеттерін жүзеге асыратын н/е мемлекеттік органдарда  ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам. Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері:1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі;2) әкімшілік,еңбек, азаматтық,қаржы ж/е басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі;3)ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яки арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады;4) олардың қызметінің мәні-мемлекеттің міндеттері мен ф-ларын практикада жүзеге асыру.Мемлекеттің қызметтің  қағидалары-мемлекеттік қызметтің негізіне қаланатын ж/е оның мәнін білдіретін негізгі идеялар,басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ).Оларға мыналар жатады:1)заңдылық;2)Қдық патриотизм;3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық ж/е сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының ж/е заңды мүдделерінің  мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;5) жалпының қол жетушілігі, яки ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге ж/е өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет б-ша жоғарылатылуына тең құқылығы;6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі; 7) мемлекеттік қызметшілердің  кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі; 8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды  тұлғалардың  өз өкілеттіліктері шегінде  қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда  болуы ж/е есеп берушілігі;10)мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;11)мемлекеттік құпиялар н/е заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;12)мемлекеттік қызметшінің құқықтық ж/е әлеуметтік қорғалуы;13)қызметтік міндеттін адал,ынтал атқарғаны, ерекше маңызды ж/е күрделі тапсырмаларды  орындағаны үшін көтермелеу;14)қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін н/е тиісінше  орындамағаны үшін ж/е өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;15)мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.Кез келген мемлекеттік н/е қоғамдық орган қандайда болмасын  қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған  адамдардың  ұжымынан тұрады.Мемлекеттік н/е қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді,онда белгілі бір орын алады,оның қызметінде қандайда болмасын  нақты қызмет рөл атқарады.Кез келген мемлекеттік органның  қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе онда істеп жүрген адамдарға-мемлекеттік қызметкерлерге байланысты б-ы.Мемлекеттің әрбір органының  құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның  жетекшілерінің, орынбасаларының ж/е оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің)  әрекеттерінде іске асады.Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында  жұмыс істейтін  адамдар мемлекеттік  қызметкерлер болып табылады, ал олармен атқаратын қызметі мемлекеттік қызмет д.а.Мемлекеттік қызметкердің  күнделікті қызметі адамның еңбек етуінің ерекше түрі болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]