- •2. Жер құқық қатынастары: түсінігі, объектілері мен субъектілері.
- •9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.
- •30. Табиғи ресурстарға меншік құқығы, объектілері мен субъектілері.
- •53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.
- •59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі.
- •70. Құқық ж/е мемлекет ұғымдарының анықтамасы ж/е арақатынасы.
59. Жеке еңбек шартының түсінігі мен жасалу тəртібі.
Жеке еңбек шарты д/з-қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім.Ол шарт б-ша қызметкер белгілі 1мамандық б-ша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне ж/е дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне ж/е өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:1)белгісіз мерзімге-жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;2)белгілі бір мерзімге -жылдан аспайтын;
3)істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына н/е орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты 1жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.2жақ оның барлық елеулі шарттары б-ша келісімге келгенде-жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді.Жеке еңбек шарты кем дегенде 2дана болып толтырылады ж/е тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал 2-сі —жұмыс берушіге беріледі.Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу ж/е материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі б-ша белгіленеді.Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады. Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі 3айдан артпауы керек.Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе ж/е 2 жактың бірде біреуі жазбаша түрде 2-жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді ж/е оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына б-ы.Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді.Жұмыс берушінің 1жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады. Қызметкердің сынақ кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы к/к. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ.Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де ж/е жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы 2-жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі к/к.Жалпы ереже б-ша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) 2-жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен 1айдан кем болмауы қажет
60. Құқықтық қатынастардың құрамы.Қоғамдық қатынастар-белгілі 1 өндіріс тәсілі негізінде өндірісте ж/е өмірде адамдар арасында қалыптасатын күрделі де сан қилы қатынастар.Философия тарихты материалистік тұрғыдан қоғамдық қатынастарды материалдық ж/е идеологиялық деп жіктеді. Материалдық қоғамдық қатынас объективті, адамдардың санасы мен еркіне байланысты емес.Материалдық қоғамдық қатынас ішіндегі ең бастысы әрі айқындаушысы адамдардың өндірістік қатынастары болып табылады. Өндірістік қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы материалдық экономикалық қатынастардың жиынтығы.Өндірістік қатынас – қоғамдық өндірістің қажетті жағы.Жеке адам материалдық игіліктерді өндіре алмайды.Өндіру үшін адамдар белгілі байланыстар мен қатынастар жасайды, сөйтіп осы қоғамдық байланыстар мен қатынастар арқылы ғана олардың табиғатқа қатынасы б-ы,өндіріс орын алады.Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты б-ы.Оның ең маңыздылары-саяси,құқықтық, моральдық,ұлттық,діни т.б. қатынастар.Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығы-өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйе. Қоғамдық қатынастардың жиынтығынан белгілі бір ізділікті табу,оның ең бастысын,негізін анықтау.Қоғамдық қатынастардың өзара байланысын сипаттайтын заңдылықтарды ашу-ғылымның зор еңбегі.Қоғамдық өмірде қарым-қатынастар әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар ретінде ж/е сол ұжым ішіндегі қатынастар ретінде де өмір сүреді.Қоғамдық қатынастардың жиынтығы адамдар ұжымдары үшін олардың өмір сүретін белгілі бір әлеуметтік ортасы болып табылады.Қоғамдық қатынас антагонистік ж/е антагонистік емес болып бөлінеді.Антагонистік қоғамдық қатынастар жеке меншікке ж/е адамды қанауға негізделген қоғамдық-экономикалық формацияда б-ы.Антагонистік емес қоғамдық қатынастар қанаушылық жоқ қоғамда болады.Мәселен,алғашқы қауымдық қоғам, марксизм болашақ коммунизм қоғамында да болуға тиіс деп түсіндіреді. Қоғамдық қатынастардағы кез келген түбірлі өзгеріс тек өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты.Қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі әлеуметтік нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Қоғамның мүдде-мақсаттары, саясат, мемлекеттік билік т.б. күрделі мәселелер құқықтық нормалар арқылы реттеліп,басқарылады.Өйткені бұл бағытта қоғамдық қатынастардың ең маңыздысы, ең күрделі түрлері топтасып, мемлекет пен құқықтың ең жауапты қызметіне айналады.
Құқықтық қатынастар – адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы.Адамдар өмір сүру үшін,ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста б-ы.Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп,жаңарып жатады.Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты.Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты,табиғи ресурстарды,байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың ж/е қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
61.Ата-ана ж/е балалардың құқықтары мен міндеттерінің пайда болу негіздері. Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар ж/е оған міндетті. Ата-аналардың басқа да барлық адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар. Бала тәрбиелеуші ата-аналар өздерінің қабілеттері мен қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде, оның дене, психикалық, адамгершілік ж/е рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте б-ы.Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.Ата-аналардың балалардың пікірін ескере отырып, орта білім алғанға дейін білім беру мекемесі мен балаларды оқыту нысанын таңдауға құқығы бар.Балалардың тәрбиесімен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып ж/е балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісімі б-ша ата-аналар шешеді.Ата-аналардың арасында келіспеушілік болған жағдайда олар (олардың біреуі) бұл келіспеушіліктерді шешу үшін қорғаншы ж/е қамқоршы органға н/е сотқа жүгінуге құқылы.Ата-ана құқықтарын балалардың мүдделеріне қарама-қайшы жүзеге асыруға болмайды.Балалардың мүдделерін қамтамасыз ету олардың ата-аналары қамқорлығының негізгі мәні болуға тиіс.Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балалардың дене ж/е психикалық денсаулығына,олардың адамгершілік жағынан дамуына зиян келтіруге құқығы жоқ.Балаларды тәрбиелеу әдістерінде адамның қадір-қасиетін кемсітетін немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, балаларды қорлау н/е қанау болмауға тиіс.Ата-ана құқықтарын балалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіре отырып жүзеге асыратын ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауап береді.Баланың отбасында өмір сүруі ж/е тәрбиелену құқығы.18жасқа (кәмлетке) толмаған адам бала деп танылады. әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасыда өмір сүруге ж/е тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп-жетілуне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. Ата-анасы некесінің бұзылуы,оның жарамсыз деп танылуы н/е ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына әсер етпеуі тиіс.Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.Ата-анасы әр түрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.Бала отбасында өз мүддесін қозғайтын кез келген мәселені шешу кезінде өзінің пікірін білдіруге, сондай-ақ кез келген сот н/е әкімшілік іс қарау барысында тыңдалуға құқылы. Баланың ат алуға, әкесінің атын ж/е тегін алуға құқығы бар.Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негіздерде өздерінің әке ж/е ана болуын мойындауға ж/е оған дау айтуға құқығы бар,сондай-ақ олардың 14жасқа толғаннан кейін сот тәртібімен өз балаларына қатысты әке болуын анықтауды талап етуге құқығы бар.
62. ҚРның Президенті.Конституциямызда жазылғандай, Қ бiртұтас, Президенттiк басқару жүйесiне негiзделген мемлекет. Бұл жүйе б-ша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент б-ы.Қдағы президенттiк басқару нысанының ерекшелiгi сол билiк бөлiсу жүйесiнде Президент “билiк буындарының үстiнен қарау” құқығына ие әрi олардың келiсiп жұмыс iстеуiн ж/е өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.Ол Конституциялық тәртiпке сәйкес Үкiметтiң өкiлеттiгiн ғана тоқтатып қоймай,Парламенттi де тарата алады, соттарды тағайындап ж/е қажет болған жағдайда заңдық күшi бар жарлықтар мен заңдар шығарады.Қ Президентi,Мәжiлiс ж/е Мәслихат депутаттары төте сайлау жүйесi арқылы сайланады. Президенттi конституциялнқ заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең ж/е төте сайлау құқығы негiзiнде Рның кәмелетке толған азаматтары дауыс беру арқылы 7жыл мерзiмге сайлайды.ҚРның Президентi - мемлекеттiң басшысы, елдiң жоғары лауазымды тұлғасы.Қның Президентi Конституция б-ша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қ халқының бiрлiгiн қамтамасыз етедi, былайша айтқанда, түрлi ұлттар арасында, әлеуметтiк топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды. Мемлекеттiк билiктiң түрлi буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды.Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе қайта қарау үшiн керi қайтарады.Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өз Жарлығымен қабылдай алады. Сонымен қатар, Р Президентiнiң заңдар жобасын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл - Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап, 1ай iшiнде қарауға міндетті екендiгін бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Р Президентi заң күшi бар жарлық қабылдай алады.Президент өз тарапынан Парламенттi таратып,Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтатуға, Парламент қабылдаған заңдарға тыйым салуға ж/е Үкiметтiң актiлерiн өзгертуге не тоқтатуға құзыры бар.
63. Мемлекеттік қызмет.Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мəртебесі.Мемлекеттiк қызмет - мемлекет қызметiнiң бiр саласы ж/е мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы билiктiң мiндеттерi мен ф-яларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiлiгiн атқару жөнiндегi қызметi болып табылады.Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық жағдайларын ҚРның 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы реттейдi.ҚРнда мемлекеттiк қызметтiң ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесi принциптерден негiз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтар құқықтарының, бостандықтарының ж/е заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдылығы; мемлекеттік қызметтің жалпыға ашықтығы, Р азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуі ж/е өз қабiлеттерi мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет б-ша жоғарылатуға тең құқығы; Жоғарыда тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдердің бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдар қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы ж/е есептілігі; Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық ж/е әлеуметтік қорғалуы; мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды ж/е күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу; мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны ж/е өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы.Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси ж/е әкiмшiлiк лауазымдары кiредi. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау, не сайлау негiзiнде, ал мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуы конкурстық негiзде жүргiзiледi. Мемлекеттiк қызметке кiретiн адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар ҚРның азаматтары болуы, жасы 18-ден кем болмауы,қажеттi бiлiмі,кәсiби даярлық деңгейi болуы к/к ж/е т. б.
64. Қылмыстың санаттарының түсінігі мен түрлері.Қылмыстық іс – қимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады.Жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет н/е әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар: қоғамдық қауіптілігі,құқыққа қарама-қайшылығы,кінәлілігі,қылмыстық жауаптылығы.Қылмыс секілді қоғамдық қауіпті әрекеттің объективті ж/е субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыстың құрамы дейді.Қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегін көрсетеді:1)Қылмыстың объектісі - қылмыскердің қиянат жасайтын ж/е де қылмыстық заңдармен қорғалатын коғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси ж/е экономикалық құрылымдар,меншік, адам ж/е оның құқықтары мен бостандықтары,құқықтық тәртіп,сот төрелігі, әскери қызмет.2)Қылмыстың объективтік жағы - ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі:-қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті н/е әрекетсіздігі; -әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже; -әрекет пен әрекетсіздік ж/е қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті байланыс.3)Қылмыстың субъектісі - ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс ж/е 16 жасқа толған адам.Кейбір ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылады.4)Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет н/е әрекетсіздігіне ж/е солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы.Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мөнін, мазмүнын білдіреді.Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды.Кінә - бұл адамның өзінің қасақаналықпен н/е абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне ж/е оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші.Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы - объективті ақиқат.Қылмыс субъектісінің кінәлілігі туралы тұжырымды сот іс б-ша жинақтаған дәлелдемелер арқылы анықтайды. Кiнә 2түрлі б-ы: қасақаналық ж/е абайсыздық.Тікелей н/е жанама ниетпен жасалған әрекет-қасақана,менмендікпен н/е немқұрайлылықпен жасалған әрекет абайсыздықта жасалған қылмыс деп танылады.Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын, ал қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нәтижеге жетуін айтамыз.
65. ҚРндағы жергілікті мемлекеттік басқару ж/е өзін-өзі басқару. Жергілікті мемлекеттік басқару-ҚРның “Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңында (23.1.2001) ж/е басқа да заң актілерінде белгіленген құзірет шегінде жергілікті өкілді ж/е атқарушы органдардың тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатын жүзеге асыратын ж/е сол аймақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі. Жергілікті атқарушы органның құрамына (әкімият) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган кіреді. Жергілікті өкілді органға (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғындары сайлайтын, халық еркін білдіретін ж/е ҚР заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін ж/е олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган жатады Әкім - ҚРның Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын ж/е тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, ҚР орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, ҚРның заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімдіктің Басшысын ҚРның Президенті тағайындайды. Облыстық әкiмдік ҚР атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен ж/е қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдікті облыстың әкiмi басқарады.Әкiм облыстық әкiмдіктің әкiм орынбасарларын, әкiм аппаратының басшысын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың 1-басшыларын тағайындайды.
66. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары. Конституцияның 12-бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады ж/е оларға кепiлдiк берiледi.Р азаматтарының құқықтары мен бостандықтары Қ мемлекетi мойындайтын әрi кепiлдiк беретiн өз азаматтарының белгiлi мiнез-құлқының заңдық мүмкiндiктерiн бiлдiредi. Осының нәтижесiнде өркениеттi мемлекеттердегi адам мен азаматтардың негiзгi құқықтары мен бостандықтары толық көлемде Р Конституциясында бекiтiлген. Конституция б-ша оларды жеке,саяси,экономикалық, ж/е әлеуметтiк топтарға бөлуге болады.Мемлекет iсiн басқаруға қатысу құқығы - ҚР азаматтарының тiкелей ж/е өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы ж/е сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi. Конституцияның 33 - бабы мұндай қатысудың төмендегiдей түрлерiн белгiлейдi: “Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына тiкелей жүгiну, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен өзiн-өзi басқару органдарына жеке ж/е ұжымдық өтiнiштер жолдау; мемлекеттiк органдар мен өзiн-өзi басқару органдарын сайлау ж/е оларға сайлану;референдумға қатысу;мемлекеттiк қызметке кiру”.
Мемлекеттiк қызметке кiру – бұл орайда республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке кiруге тең құқығы бар.Мемлекеттiк қызметшi лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық мiндеттердiң сипатына ғана байланысты б-ды, ал мемлекеттiк қнзметшiлердiң құқықтық жағдайларын ҚРның 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы реттейдi.Жиналыстарға, бейбiт әрi қарусыз жиналуға, митингiлерге, демонстрацияларға, шерулерге қатнсуға ж/е тосқауылдарға тұру құқығы - азаматтардың көңiлiн, талаптарын, мүдделерiн, тiлектерiн бiлдiру түрi. Азаматтар Конституцияға сәйкес, бейбiт әрi қарусыз жоғарыда аталған тәсiлдердiң кез келгенi б-ша бұқаралық жария шаралар өткiзуге құқылы. Бұл құқықты пайдалану мемлекеттiк қауiпсiздiк, қоғамдық тәртiп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделерi үшiн заңмен шектелуi мүмкiн
67. Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.Қ-демократиялық, зайырлы, құқықтық ж/е әлеуметтiк мемлекет.Конституция ҚРын демократиялық, зайырлы, құқықтық ж/е әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады. Демократиялық мемлекет-Қ, ең алдымен, Конституция қабылдап, тiкелей мемлекет басшысын ж/е Парламент сайлауға, өкiлеттi мерзiмi бiткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билiгi бар ел. Сонымен қатар, демократиялық мемлекет ретiнде Қ әлеуметтiк ж/е ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшелiктерiне қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесiн бiлдiруiне, оның есепке алынуына да мүмкiндiктер бередi.Зайырлы мемлекет - ҚРнда дiни мекемелер мен дiн ұстаудың мемлекеттен бөлектiгiн бiлдiредi ж/е бұл жағдай Қдағы ислам мен православиелiк, т.б. нанымдық ағымдарға бiрдей қатысты.Сонымен бipгe, әркiмнiң ар-ождан бостандығына құқығы бар.Наным н/е атеизм мәселесi адамның жеке басының шаруасы болуы тиiс.Құқықтық мемлекет - жеке адам мен қоғам мүддесiн қорғайтыны, заң үстемдiгi мен құқық принциптерiне негiзделiп құрылған мемлекет.Ол принциптер:заңның үстемдiк eтyi; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы,атқарушы ж/е сот билiктерiне бөлiнуi; адам мен азамат құқығы мен бостандығына халықаралық өлшем деңгейiнде кепiлдiк берiлуi; тұлға мен мемлекеттiң өзара жауаптылығының болуы, т.б. Әлеуметтiк мемлекет - жекелеген топтарға н/е ұлыстарға емес қоғам мен адамға тұтас қызмет ететiн мемлекет.Ол мемлекеттiк қаржы көздерi есебiнен барлық азаматтарға мүмкiндiгiнше бiрдей мөлшерде игiлiктер көрсетiп, қоғамдағы ауыртпалықтарды да теңдей бөлу жолымен әлеуметтiк теңсiздiктi жеңiлдетуге әрекет етедi.Қ өз мемлекетiнiң әлеуметтiк сипатын Конституциясында кепiлдiк берiлген бiлiм беру, денсаулнқ сақтау, ғылым, мәдениет, әлеуметтiк жұмысбастылық, еңбектi қорғау, әлеуметтiк қамсыздандыру ж/е табыстары төмен тұратындар тобын қолдау сияқты әлеуметтiк игiлiк iстер арқылы анықтаған.
68. Еңбек құқығының түсінігі, пəні жəне əдістері.Еңбек д/з- адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани ж/е басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын ж/е онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың саласы.Еңбек құқығы-еңбек қатынасын реттейтін құқық нормаларын жиынтығы.Еңбек құқығының негізгі мақсаты-жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу ж/е заңсыздыққа жол бермеу.Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады.Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды ж/е рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.Еңбек құқығы әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылады.Еңбек құқығының әдісі-еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар сонымен қатар тығыз байланысты басқа қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшіліктерінің барынша жалпылама көрнісі.Еңбек құқығы әдістерін мынадай белгілермен:1)еңбектік құқықтық қатынастар ж/е солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік ж/е диспозивтік нормалардың қосындысымен;2)еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті ж/е шартты әдістердің қосындысымен; 3)әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеу әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;4)жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралп жіктелінуі;5)еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітумен сипатталады.Еңбек құқық жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрлымы. Еңбек құқығы негіздері д/з-заңнамалармен беліленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбек құқығының қайнар көздері-күрделі,көп деңгейлі құрлым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрлымының ішкі бірлігін көрсететін,өзара байланыстығы,әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды.Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007ж 15 мамырда қабылданған «ҚРның Еңбек кодексі». Кодекс жалпы ж/е ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен,40 тараудан,341 баптан тұрады.
69. Қажетті қорғану ж/е аса қажеттілік.Қажетті қорғану - әр адамның өміріне, денсаулығына, мүлкіне, тұрғын үйіне, меншігіне ж/е басқа да заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғануға ажырамас конституциялық құқығы болып табылады. Осыған байланысты қаза келтіру не денсаулығына зиян келтіру бойынша істерді жүргізу кезінде ҚР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 32-бабының қажетті қорғаныс ж/е оның шектері туралы ережелеріне сүйене отырып,мақсат,себеп,кінә нысанын,қылмыстың жасалу тәсілін ж/е әрекетті дұрыс саралауға қажетті басқа да мән-жайларды мұқият анықтау к/к.2)Барлық адамдардың кәсіби н/е өзге де арнаулы даярлығына ж/е қызмет жағдайына, жынысына,жасына ж/е басқа да жағдайларға қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар.Бұл құқық адамға заңмен қорғалатын қандай объектіге қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанына, ол объект қорғанушының өзіне н/е басқа адамдарға тиесілі екендігіне, сондай-ақ қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу не басқа адамдардың н/е мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.3)Адамды қажетті қорғаныс жағдайында болды деп тану үшін қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасалғанын ж/е бұл қол сұғушылық оның осы қол сұғушылықты болдырмау н/е тойтарыс беру үшін шабуыл жасаушыға қаза келтіру н/е денсаулығына зиян келтірумен ұштасқан әрекеттер жасауына себеп болғанын анықтау қажет.Қорғанушы адамның н/е басқа да тұлғалардың әлеуметтік маңызы бар құндылықтарына, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған қол сұғушылық қоғамға қауіпті деп танылады.Тиісінше қажетті қорғану кезінде адамның құқығы, яки оның өмірі, денсаулығы, жыныстық тиіспеушілігі,ар-ожданы мен намысы,меншігі,тұрғын үйі,жер учаскесі ж/е қорғанушының өзіне ж/е басқа тұлғаларға тиесілі өзге де құқықтары, сондай-ақ қоғам ж/е мемлекеттің мүдделері қорғау объектілері бола алады.
4)Адам одан қорғануға құқылы қол сұғушылық қасақана ж/е абайсызда жасалуы мүмкін, онда қылмыс құрамы болуы н/е қылмыс болмауы мүмкін, алайда, бұл мән-жайлар қорғанушының қорғану құқығына әсер етпейді, өйткені қорғанушы қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жататын адамнан, ж/е есі дұрыс емес н/е қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жасы жетпеген адамнан тікелей келген қасақана н/е абайсыз қол сұғушылықтан бірдей мөлшерде қорғануға құқылы.Зиян қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасаған адамның өзіне тікелей келтірілсе ғана ол қажетті қорғану жағдайында жасалған деп танылуы мүмкін.5)Шабуыл жасаушының қасақана н/е абайсыз әрекеттерімен зиян келтіріліп болғанда ғана емес,зиян келтіру әлі басталмаған, бірақ нақтылы келтірілу қаупі төнге, не қол сұғушы құқыққа қарсы әрекеттерін әлі аяқтамаған кезде,сондай-ақ негізінен аяқталған,бірақ істің мән-жайларына қарай қорғанушы үшін оның қай сәтте аяқталғаны айқын болмаған қол сұғушылықтан кейін іле-шала жалғасқан қорғану кезінде қажетті қорғануға жол беріледі.Аталған жағдайларды қол сұғушылықтың басталу ж/е аяқталу сәттерінің айыпталушыға қаншалықты көрінеу болғанына, оның нақтылы қалыптасқан жағдайда ахуалды дұрыс бағалауға мүмкіндігі болған-болмағанына қарап бағалау қажет.
