Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kukyk_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
740.86 Кб
Скачать

53. Еңбек құқығының қағидалары, еңбек құқығының қайнар көздері.

Еңбек құқығы негіздері д/з-заңнамалармен беліленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері.Еңбек құқығының қайнар көздері-күрделі, көп деңгейлі құрылым, ол құқық нормалары жүйесі мен еңбек қатынастары құрлымының ішкі бірлігін көрсететін, өзара байланыстығы, әртүрлі заңдық күші бар еңбек жайындағы нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын қамтиды.Еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орын алатын 2007ж 15 мамырда қабылданған «ҚРның Еңбек кодексі». Кодекс жалпы ж/е ерекше бөлімнен, 6 бөлімнен,40 тараудан,341 баптан тұрады.ҚР еңбек заңнамасының принциптері:1)адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;2)еңбек бостандығы; 3)кемсітушілікке,мəжбүрлі еңбекке ж/е балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне

тыйым салу;4)қауіпсіздік ж/е гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;5)өндірістік қызмет нəтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы; 6)еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес,əділетті сыйақыға

құқығын қамтамасыз ету;7)тынығу құқығын қамтамасыз ету; 8)қызметкерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;9)қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;10)əлеуметтік əріптестік;11)еңбек қауіпсіздігі ж/е еңбекті қорғау мəселелерін мемлекеттік реттеу;12)қызметкерлер өкілдерінің ҚР еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.Еңбек құқығыңың қайнар көздері - бұл қай органның қаңдай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері. В.Н.Уваров атап өткеңдей, еңбек құқығы қайнар көзінің түсінігі тура мағынада еңбек құқығының нормаларына бастама беретін, еңбек туралы нормаларды туыңдататын ж/е олардың мазмұны анықталатын қасиеттен тұрады,сондықтан еңбек құқығының қайнар көздерін 2 құрамдас бөліктің: еңбек туралы құқықтық нормалардың материалдық мазмұнының ж/е нысанының біртұтастығы ретінде сипаттауға б-ы.Еңбек құқығы қайнар көздерінің материалдық мазмұны еңбек қатынастарымен байланысты.

Еңбек қатынастары барысында бірлескен еңбек жүзеге асырылған кезде қызметкер мен жұмыс берушінің экономикалық,саяси ж/е әлеуметтік қажеттіліктері,олардың мүдделері қарама- қайшы болуы мүмкін.Мұндай жағдайда оларды реттеудің,еңбек қатынастары жүйесіндегі белгілі бір құқықтық нормаларды, жүріс- тұрыс ережелерін аңықтаудың қажеттігі туады.Еңбек қатынастары жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яки,еңбек құқығы қайнар көздерінің түсінігі мемлекеттік органдардың құқықты қалыптастыру, оған заңдар,жарлықтар,қаулылар ж/е өзге нормативтік құқықтық актілер нысанын беру жөніндегі тікелей қызметімен байланысты.Бұл жерде біз еңбек құқығының қайнар көздері түсінігінің формальды н/е заңды мағынасын байқаймыз.Сонымен,еңбек құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек ж/е өзге де қоғамдық қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығарушы қызметінің нәтижелерін тануға б-ы.Басқаша айтар болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері - бұл жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану ж/е ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын реттейтін нормативтік құқықтық актілер.

Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, ҚР Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің ж/е Жоғарғы Соттың қаулылары, миңистрліктердің ж/е өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары,еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің ж/е өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары,мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.Еңбек заңнамасы саласындағы туыңды нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар ж/е т.б.жатады.Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізіңде қабылданады ж/е олармен бірге біртұтас жүйені құрайды.Қдық құқықтың,соның ішіңде, еңбек құқығының қайнар көздерінің арасыңда ерекше орынды ҚРның Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар ж/е Рның бүкіл аумағыңда ол тікелей қолданылады.ҚРнда қабылданатын заңдар мен өзге де құқықтық актілер ҚР Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.Еңбек құқығының маңызды қайнар көздері болып ҚРның заңдары табылады.ҚР Конституциясына ж/е ҚР 1998 жылғы 24-наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес зандардын келесі түрлерін атап өтуге б-ы:1)ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар.Олар ҚР Конституциясыңда (62-б. 3-т.) белгіленген тәртіппен қабылданады.Мысалы: мемлекеттік қызметшілердің жасына қойылатын талапты жойған ҚР 1998 жылғы 7 казаңдағы «ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы (33-б. 4-т.);2)ҚР конституциялық заңдары.Конституциялық заң ретінде ҚР Конституциясында осылай танылған ж/е Конституцияда белгіленген тәртіпте қабылданған заң танылады.Мысалы, ҚР 1991 жылғы 16 қазаңдағы «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңы;3)жай заңдар.Мысалы, ҚР 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «ҚР еңбек туралы» заңы, ҚР 1998 жылғы 30 желтоқсаңдағы «ҚР халқын жұмыспен қамту туралы» заңы ж/е т.б.Сонымен қатар, еңбек құқығының қайнар көздері ретіңде еңбек қатынастары саласыңдағы заңға сәйкес актілер де танылады.Заңға сәйкес актілерге заң шығарушы болып табылмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады. Бұл - ҚР Президентіңщ нормативтік жарлықтары,ҚР Парламентінің ж/е Үкіметінің нормативтік қаулылары, министрлердің нормативтік бұйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.Еңбек құқығы қайнар көздерінің арасында ҚРның «ҚР еңбек туралы» заңының орны ерекше.Бұл акт еңбек құқығының жүйесіне кіретін қоғамдық қатынастардың бүкіл кешенін реттейді

54. Құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет.Құқықтық нақтылықты, құқықтың ж/е құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар. Құқықтық сана д/з, адамдардың қолданылып жүрген ж/е тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы.Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау н/е жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау ж/е т.б. түріндегі әсері.Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында.Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен ж/е әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып,құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды.Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға н/е бұзуға деген белгілі 1көзқарасын қалыптастырады.Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді.Мәселен,меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде,адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан,құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады.Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен,мәдени-тарихи мазмұнымен күшті.Құқық туралы көзқарастар,түсініктер,идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады.Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен,бір өркениеттің басқалармен қабылдануы,кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы.Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауапкершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы.Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып,құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді,дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға,бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім.Адам мен азамат құқықтарының,заң үстемдігінің,билікті бөлісудің,тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты,олар осыдан 200 жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын ж/е олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ.Ж/е басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса “қарсылық көрсетті”. Құқықтық сана- санқырлы феномен.Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар.Құқықтық сананы негізгі 2 элемент: құқықтық психология ж/е құқықтық идеология құрайды.

55. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкіне (ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне) ерлі-зайыптылардың əрқайсысының еңбек қызметінен,кəсіпкерлік қызметтен ж/е санаткерлік қызмет нəтижелерінен тапқан табыстары,ерлі- зайыптылардың ортақ мүлкінен ж/е ерлі-зайыптылардың əрқайсысының бөлек мүлкінен кірістер, олар алған зейнетақылар, жəрдемақылар, сондай- ақ арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер жатады.Сондай-ақ ерлі-зайыптылар ортақ кірістерінің есебінен сатып алынған жылжымалы ж/е жылжымайтын мүліктер,бағалы қағаздар,жарналар,салымдар,несие мекемелеріне н/е коммерциялық ұйымдарға салынған капиталды үлестер ж/е ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлік ол ерлі-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлі-зайыптылардың қайсысы салынғанына қарамастан, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып табылады.Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған н/е басқа да дəлелді себептермен жеке кірісі болмаған жұбайға да тиесілі.Мыналар ерлі-зайыптылардың əрқайсысының меншігі болып табылады:1)некеге тұрғанға дейін ерлі-зайыптылардың əрқайсысына тиесілі болған мүлік; 2)ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезеңінде сыйлыққа,мұрагерлік тəртібімен н/е өзге де мəміле жасау б-ша тегін алған мүлкі;3)қымбат заттар мен басқа да сəн-салтанат заттарын қоспағанда, некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киім-кешек, аяқкиім жəне басқалар).Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлі-зайыптылардың əрқайсысы тапқан мүлікті сот олардың əрқайсысының меншігі деп тануы мүмкін. Егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптыладың ортақ мүлкі н/е басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едəуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу,қайта жабдықтау ж/е т.с.с.) анықталса,ерлі-зайыптылардың əрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ж/е осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі -зайыптылардың əрқайсысының үлесі тең деп танылады.

56. Заңдылық түсінігі ж/е оның негізгі белгілері мен кепілдігі.Құқықтық тəртіп.Мемлекеттік басқарудағы заңдылық-басқару  қатынастарының барлық субъектілерінің ҚР Конституциясын ж/е мемлекеттің аумағында қолданылып жүрген басқа нормативті-құқықтық актілерін дәл, қатаң ж/е мүлтіксіз сақтауы мен орындауы.Оның мәні мемлекеттік басқару сферасында  адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекіту ж/е нақты іске асыруды қамтамасыз ету.Мемлекеттік басқаруда заңдылықты ж/е тәртіпті қамтамасыз ету-заңдылық-биліктік өкілеттілікке иеленген мемлекеттік құрылымдардың қызметі.Олар  мыналарға бағытталған:1)мемлекеттік билік органдарының қызметінде, олардың лауазымды  тұлғаларының заңдарға ж/е одан туындайтын актілерінің талаптарының бұзылуына жол бермеу;2)оларға себеп болатын жағдайларды іздестіру;3)оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің пайда болуы;4)табылған құқық бұзушылықтарды уақытында ж/е оперативтік тұрғыда жолын кесу ж/е жою;5)заңдылық пен тәртіпті бұзған кінәлілерді белгіленген жауапкершілкке тарту;6)заңдылық пен тәртіптің бұзылуына себеп болатын жағдайларды жоюға шаралар қолдану.Заңдылық қағидалары – негіз болатын идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар:1)Заңның басымдылығы;2)Заң алдындағы теңдік; 3)Жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;4)Заңдылықты бұзғаны үшін жазалаудың болмай қоймайтындығы;5)Заңдылықтың кепілдіктері;6)Заңдылықты  қамтамасыз етудің жалпы шарттары; 7)Заңдылықты қамтамасыз етудің арнайы құралдары;Мемлекеттік тәртіп-мемлекеттің ж/е оның өкілетті органдарының тәртібі,ол б-ша барлық мемлекеттік органдар,кәсіпорындар,мекемелер,ұйымдар,лауазымды тұлғалар мен азаматтар өздеріне  жүктелген мақсаттар мен міндеттерді дер кезінде ж/е дәл орындауға тиіс.Заңдылық пен тәртіпті  қолдау ж/е нығайту міндеті жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше  жүйесі  әрекет етеді.Олардың жүзеге асыратын әртүрлі құқықтық ж/е ұйымдық қызметтерінің түрлері мен әдістері,қолданатын практикалық амал-тәсілдері,операциялары,жұмыс түрлері заңдылықты  қамтамасыз ету тәсілдері  д.а.Бақылау – объектілердің белгіленген көрсеткіштерден (параметрлардан)  ауытқуларын  жою мақсатында  оның қызмет ету процесін байқау ж/е тексеру жүйесі.Атқарушы билік сферасындағы бақылаудың мәні осыған өкілетті  органның  ұйымдық-құқықтық  тәсілдерді ж/е құралдарды пайдалана отырып атқарушы билік органның н/е лауазымды тұлғаның  қызметінде  заңдылықтан қандай – да бір  ауытқулар  бар ма, жоқ па соны айқындайды, ал егерде осындай  ауытқулар болса, онда оларды өз уақытында  жояды, бұл кезде  бұзылған құқықтарды қалпына келтіреді, жауапкершілікке тартады,  заңдылықты  ж/е тәртіпті бұзудың алдын алуға шаралар қабылдайды.Мемлекеттік басқару заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету амал-тәсілдерінің жүйесі.Заңдылықты  қамтамасыз ету тәсілдері:1)басқару субъектілері б-ша бақылау –президенттік, парламенттік,  үкіметтік, жергілікті атқарушы билік органдарының, сала аралық, ж/е салалық, әкімшілік қадағалау;2)Прокуратураның қадағалауы:

-  Конституцияның, заң күшіндегі актілердің ж/е Президент  актілерін бұзуды  анықтау ж\е жою шараларын қабылдау;-жедел-іздестіру қызметінің, алдын -ала анықтау ж/е тергеудің, әкімшілік ж/е атқарушы  өндірістің  заңдылығын қадағалау;-кәсіпорындардың,мекемелердің ж/е ұйымдардың актілерін қадағалау;3)Заңдылықты қамтамасыз ету б-ша соттың қызметі:

а) әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істерді қарау;б)лауазымды тұлғалардың актілерін ж/е әрекеттерінің  заңсыздығын анықтау; в)азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  қалпына келтіру б-ша шешім қабылдау ж/е оларды жауапкершілікке тарту.

57. Заңды жауапкершіліктің түсінігі мен белгілері, заңды жауапкершіліктен босатудың негіздері.Заңды Жауапкершілік-заңды тұлғаны н/е жеке тұлғаны кейбір әрекеттерді орындауға н/е оларды орындаудан қалыс қалуға заңмен мәжбүрлеу шарасы.Заңды жауапкершілік бірнеше түрге бөлінеді:1)Тәртіптік жауапкершілік -еңбек тәртібін бұзушыларға ықпал жасау нысаны‚ол б-ша қызметкер жұмыс істейтін фирма әкімшілігі оған еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза (ескерту‚сөгіс‚ қызметтен төмендету‚жұмыстан босату‚т.б.) қолдануға құқылы;2)Әкімшілік жаза – азаматтар мен лауазымды адамдардың қызмет бабында әкімшілік құқық бұзғаны үшін оларға ықпал жасау нысаны‚ол б-ша ескерту жасау‚ айыппұл төлету‚тәркілеу,кейбір құқықтарынан (басқару‚аң аулау‚т.б.) айыру‚ еңбекпен түзеу жұмысына жіберу‚әкімшілік қамауға алу‚шетелдік азаматты әкімшілік жолмен елден қуу, тағы басқалар шаралар қолданылады; 3)Азаматтық құқықтық жаза – эконимикалық шарттарды‚ мәмілелерді‚т.б. бұзғаны‚экономика жағынан тиімсіз мүліктік сипаттағы зардаптарға апарып соқтыратын басқа да жолсыздықтар жасағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға ықпал ету нысаны,ол б-ша залалдардың‚алынбаған табыстың орнын толтыру‚айыппұл төлету‚тұрақсыздық айыбын төлету‚т.б. шаралар қолданылады;4)Қылмыстық жаза-қылмыс жасағаны үшін‚кәмелетке толмағандарды қылмысқа баулығаны үшін‚басқа жеке тұлғаларға‚заңды тұлғаларға‚ конституциялық құқықтар мен бостандықтарға‚мемлекетке қастандық жасағаны ж/е қастандық жасауға ортақтасқаны‚т.б. үшін азаматтарға ықпал жасау нысаны‚ол б-ша айыппұл төлету‚лауазымды атқару н/е қызметпен айналысу құқығынан айыру‚қоғамдық жұмыстарға тарту‚ еңбекпен түзеу жұмыстарына жіберу‚бас бостандығын шектеу‚қамауға алу‚ бас бостандығынан айыру‚өлім жазасы,т.б. қолданылады.

58. Жұмыс уақыты ж/е демалыс уақыты. Еңбекті қорғау.Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы не қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға ж/е еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында 1тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі.Жұмыс күнінің ұзақтығы ғасырлар бойы әлеуметтік жанжалдардың нысаны болып келді.20-ғасыр басында көптеген дамыған елдерде жұмыс күнінің ұзақтығы 10-12 сағат болып белгіленді. 1917 жылы Ресейде 8 сағаттық жұмыс күнін белгілеген декрет шығарылды. 1919 жылы Вашингтонда 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу туралы халықаралық келісім жасалды. Қда да 8 сағаттық жұмыс күні қабылданған. Жұмыс аптасы – күнтізбелік апта ішіндегі еңбек ету мерзімінің өлшемі, 1аптадағы жұмыс ж/е демалыс күндерінің санын белгілейтін Жұмыс уақыты режимі.Көптеген дамыған елдерде жұмыс аптасының нормативтік ұзақтығы заңмен ғана емес,ұжымдық шарттармен де реттеледі, кейде ұжымдық шарт б-ша белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығы заңмен белгіленген жұмыс аптасының ұзақтығынан аз болып келеді.Заңмен реттеу жұмыс аптасының тұрақты ұзақтығын белгілемей, тек кәдуілгі мөлшерлемелер б-ша төленетін жұмыс сағатының ең жоғарғы мөлшерін ғана шектейтіндіктен,жұмыс аптасының заңмен белгіленген ж/е нақты ұзақтығы арасында айырмашылық бар. Қ заңдарында 2демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасы, яки жұмыс жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы (аптасына 41 сағат)‚ қысқартылған ұзақтығы (қызметкерлердің кейбір санаттары үшін)‚ толық емес Жұмыс уақытының‚ Жұмыс уақытынан тыс мерзімдегі жұмыс‚ түнгі уақыттағы жұмыс тәртіптемелері белгіленген. Мысалы‚16жастан 18жасқа дейінгі қызметкерлер үшін ұзақтығы 36сағаттан аспайтын‚14жастан -16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспайтын‚зиянды еңбек жағдайындағы жұмыстарда 36 сағаттан аспайтын қысқартылған жұмыс аптасы белгіленген. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде әр апталық жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы кәсіпорын (фирма) әкімшілігі кәсіподақпен келісе отырып, жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтап, бекіткен ішкі еңбек тәртібімен н/е ауысымдылық кестесімен айқындалады. Өндірістің сипаты мен еңбек жағдайларына қарай 5 күндік жұмыс аптасын енгізу тиімсіз кәсіпорындарда (фирмаларда) бір демалыс күні бар 6 күндік жұмыс аптасы белгіленеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]