Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kukyk_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
740.86 Кб
Скачать

9. Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары.

Қылмыспен күресу барысында мемлекет әртүрлі әдістер мен шаралар қолданады. Сондай әдістердің бірі жаза. Жаза - соттың үкімі б-ша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады ж-е ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекспен көзделген айыру н-е оларды шектеу болып табылады. Жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу ж-е сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді н/е адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттың үкімімен тағайындалады. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты мынадай жазаның негізгі түрлері қолданылады: 1) айыппұл салу; 2) белгілі бір лауазымды атқару н/е белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; 3) қоғамдық жұмыстарға тарту; 4) түзеу жұмыстары; 5) әскери қызмет бойынша шектеу; 6) бас бостандығын шектеу; 7) қамау; 8) тәртіптік әскери бөлімде ұстау; 9) бас бостандығынан айыру; 10) өлім жазасы қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар: 1) арнаулы, әскери н/е құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан ж/е мемлекеттік наградаларынан айыру; 2) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.Айыппұл салу ж/е белгілі бір лауазымды атқару н/е белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру ж/е қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін. Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында көп пікірталас тудырып отырған мәселелердің бірі жазаның негізгі ж/е ерекше түріне жататын, адамды өмірінен айыратын өлім жазасы. ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабына сәйкес өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде н/е ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке ж/е адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ж/е ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қоланылуы мүмкін.Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ 18ге толмай қылмыс жасаған адамдарға және сот үкім шығарған сәтте 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.ҚР Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезден, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады.Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап 1жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде 1жыл өткеннен кейін орындалады.Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колонниясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға н/е 25жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне н/е бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар.

10. Салық ұғымы жүйесі, түрлері. Салықтар д/з - жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында, мемлекеттің жоғары өкілді органы қабылдаған нормативтік кесімнің негізінде, сондай-ақ заңда белгіленген мөлшерде ж/е уақытта, заңды ж/е жеке тұлғалардан міндетті түрде қайтарылмайтын ж/е ақысыз негізде бюджетке алынатын ақшалай төлемдер. Ал алымдар, төлемақылар мен баждар заңды ж/е жеке тұлғаларға көрсеткен белгілі бір қызметтері үшін мемлекеттік өкілетті органдардың алатын төлемдері.Салықтардың қалыптасқан түрдегі 3 ф-ясы бар: 1)Фискалдық - салықтардың ж/е басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толығымен ж/е уақытылы мерзімде түсіп отыруын қамтамасыз етеді.2)Қайта бөлу - әртүрлі шаруашылық субъектілерінің табыстарының белгілі бөлігін мемлекет пайдасына қайта бөлу қызметі.3)Салықтық реттеу - салық нарықтарының мөлшерін өзгерту, салық түрлерін азайту ж/е негізделген салық жеңілдіктерін енгізу арқылы н/е ынталандыру ф-ясы.Салық қызметі деп мемлекет қазынасын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметті айтады. Бұл қызмет салықтарды ж/е бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, оларды мемлекет кірісіне алу, салықтық реттеу ж/е бақылау арқылы атқарылады.Салықтық құқықтың дерек көздері болып 2001 жылдың 12-маусымында қабылданған ҚРның Салық кодексі, салық мәселері жөнінде қабылданған Қ Үкіметінің қаулылары ж/е т. б. есептеледі. Төменде салықтардың әрқайсысына қысқаша жеке тоқталып, қарастыра отырып жалпы сипаттамасын береміз.1)Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықтың төлеушілері ҚРның резидент заңды тұлғалары (ұлттық Банк пен мемлекеттік мекемелерден басқа), сондай-ақ елімізде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын н/е ҚРндағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар болып табылады.Объектілері салық салынатын, төлем көзінен салық салынатын табыс пен резидент емес заңды тұлғаның таза табысы. Жылдық жиынтық табыс пен шегеріс жасау арасындағы айырма ретінде есептелген табыс осы салықтың салық салынатын табысы болып табылады.Жылдық жиынтық табысқа салық төлеушінің табыстарының барлық түрлері, соның ішінде: тауарларды өткізуден түсетін табыс пен мүлікті жалға беруден түскен табыстар, үлеспайдадан (дивиденттер), ұтыстар, сыйақылар ж/е т. б. жатады.

Корпоративтік салықты есептегенде төлеушілердің жылдық жиынтық табысынан пайыздар, күмәнді борыштар, резервтік қорларға аударымдар мен амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығыстар ж/е т. б. (СК 92 - 114 баптары) шегерімге жатады.2)Жеке табыс салығы. Салық Кодексінің 141-бабына сәйкес жеке тұлғалар жеке табыс салығының субъектілері болып табылады, ал объектілеріне төлем көзінен салық салынатын ж/е төлем көзінен салық салынбайтын табыстар жатады.3)Қосылған құн салығы-тауар өндіру, жұмыс орындау н/е қызмет көрсету мен олардың айналым процесінде қосылған құн өсімінің бір бөлігін бюджетке аударымы, сондай-ақ ҚР аумағына тауар импорттау кезінде жасалатын аударым.4)Акциздер. Акциздер дүние жүзіне кеңінен тараған салықтардың 1түрі болып табылады. Акциздер көбінесе, халық тұтынатын 1-кезектегі тауарлардың бағасына н/е көрсетілетін қызметтердің тарифіне енгізіледі.Акциздер - тауар бағасына, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін тарифіне енгізілетін, нақты ставкаларын ҚРның Үкіметі белгілеп бекітетін, міндетті төлемдер.5)Жер салығы. Жеке меншік, тұрақты жер пайдалану ж/е бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке ж/е заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.6)Көлiк құралдарына салынатын салық.

11. Бюджеттік құқық негіздері.Қаржылық ж/е бюджеттік қатынастар

Қаржының басты мақсаты - мемлекетті ақша қаражатымен қамтамасыз ету. Мемлекеттің қаржылық қызметіне елдің ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекеттік ақша қорларын бөлу ж/е пайдалану жатады.Ақша қорларын жинау тәсілдері:1)Иелерінен ақшаны міндетті түрде, қайтарымсыз алу (салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер). 2)Міндетті-қайтарымды төлемдер (мемлекеттік заем).3)Ерікті-қайтарымсыз төлемдер және т. б. Ақша қорларын бөлу, негізінен қаржыландыру, дотациялау (субвенция, субсидия), несие беру арқылы негізінен жүзеге асырылады.

Қаржы құқығы д/з - мемлекеттің қаржылық қызметін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қаржы құқығының жүйесіне: ақша жүйесінің құқықтық негіздері, қаржыны басқару, жоспарлау, бақылау, бюджеттік, салықтық құқықтар кіреді.Бюджеттік құқық, мемлекеттік бюджетті құру ж/е бөлу процесінде пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейді.ҚРның инвестициялар туралы заңдары Конституцияға негiзделедi, ҚР 2003 жылғы 8-қаңтарда қабылданған “Инвестициялар туралы” Заңымен, өзге де нормативтiк-құқықтық кесiмдермен реттеледi.Аталған кесiмдер елдегi инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейдi, инвестицияларды ынталандырудың, құқықтық ж/е экономикалық негiздерiн айқындайды, инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепiлдiк бередi, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi.

12. Міндеттеме ұғымы ж/е тараптары.Шартпен ресімделген азаматтық-құқықтық қатынас.Міндеттеме б-ша бір тұлға (борышқор) 2-тұлғаның (несиегердің) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасауға не оны жасаудан тартынуға міндетті, ал несиегер борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Міндеттеменің пайда болу негіздемесі – заңи фактілер, бір жақты мәмілелер, әкімш. актілер, заңсыз әрекеттер, оқиғалар. Міндеттемеде әрқашан да белгілі бір субъективтік құрам (міндеттеме тараптары) б-ы. Тараптардың бірі – борышқор, яки тауарларды жеткізуге, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, мүлікті табыстауға, ақшалай қаражат аударуға, өзге де әрекеттерді жасауға міндетті тұлға. 2-тарап – несиегер, яки борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы тұлға. Жалпы мағынада алғанда міндеттеме бір тұлғаның (борышқордың) 2-тұлғаға (несиегерге) борышы деген ұғымды білдіреді, яки міндеттеме д/з тұлғалардың міндеттемелік құқық нормаларымен реттелген өзара қарым-қатынасы. Міндеттеме мүліктік қатынастар тобына жатады, өйткені қоғамдағы айырбас үдерісін ресімдейді.2 тарапты; көп тұлғалар қатысатын; 3-тұлға қатысатын; тараптары ауыстырылатын міндеттеме түрлері б-ы. Басқа да жіктелімдері бар. Міндеттемелер заңның, өзге де құқықтық актілердің шарттары мен талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға, ал мұндай талаптар болмаған жағдайда іс қағаз айналымының ғұрыптарына ж/е ғұрып б-ша қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс. Міндеттеменің орындалуы несиегер мен борышқордың өз құқықтары мен міндеттерінен құралатын әрекеттерді жасауы. Міндеттемені тиісінше орындау қағидатынан басқа міндеттемені нақты орындау қағидаты да қолданылады, мұндағы міндеттемеде көзделген әрекеттердің орнына залалды өтеу ж/е тұрақсыздық айыбын төлеу түрінде ақшалай қолданбай заттай орындау міндеттілігі өкім етіледі.Бухгалтерлік есепте Міндеттеме термині дебиторлық ж/е кредиторлық берешек, яки алашақ пен берешек ұғымын біріктіреді. Дебиторлық берешек д/з ұйымға басқа ұйымдардың, жеке тұлғалардың берешегі, яки алашақ. Кредиторлық берешек деп ұйымның басқа ұйымдарға, қызметкерлерге, жеке тұлғаларға (несиегерлерге) берешегін айтады. Бухгалтерлік баланста кредиторлық берешек ұйым қаражаты көздерінің құрамында, яки пассивте көрсетіледі.

13. Адвокатура, нотариат органдары: түсінігі мен қызметтері. Адвокатура адамның өз құқықтарын , бостандықтарын сотта қорғауға ж/е біліктілікті заң көмегін алуға мемлекет кепілдік берген ж/е азаматтардың құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған қызмет болып табылады.Адвокаттардың құқықтық статусы ҚР 1997 жылғы 5-желтоқсандағы «Адвокаттық қызмет туралы» Заңымен реттеледі. Жоғары Заң білімі бар, заңгер мамандығы б-ша жұмыс стажы 2 жылдан кем емес ж/е адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алған адам адвокат бола алады. Адвокат міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болуы тиіс.Қазіргі кезде елімізде барлық облыстарда , қалаларда адвокаттар алқасы ж/е жеке меншік адвокаттық кеңселер халыққа қызмет етеді. Адвокаттар төмендегідей қызмет көсетеді:-шешілуі кәсіби заң білімдерін қажет ететін мәселелер б-ша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар береді;-талап қою арыздарын, шағымдар құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;-анықтау, алдын – ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттік ж/е өзге де органдарда, ұйымдарда ж/е азаматтармен қарым –қатынастарда жеке ж/е заңды тұлғалардың өкілдігі мен оларды қорғауды жүзеге асырады.Адвокаттар заңдарда тиым салынбаған өзге де заң көмегін көрсетеді ж/е т.б. Нотариат. ҚРдағы нотариат – құқықтар мен фактілерді куәландыруға, 1997 жылғы 14-шілдедегі қабылданған « Нотариат туралы » заңында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариалдық іс - әрекеттерді жасау арқылы жеке ж/е заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйе.

14. ҚРның Ұлттық қауіпсіздік органдары. Қауіпсіздік органдары жеке адамды, қоғам мен мемлекетті ішкі ж/е сыртқы қауіп – қатерден заңға сәйкес қорғауды жүзеге асыратын арнаулы органдар. Бұл органдардың қызметін ҚР Президентінің 1995 жылғы 12-желтоқсандағы «ҚРның ұлттық қауіпсіздік органдары туралы » заң күші бар Жарлық реттейді. Ұлттық қауіпсіздік органдары негізінен ҚРның Ұлттық қауіпсіздік комитетінен, оның жергілікті органдарынан ж/е басқа да тиісті мекемелерінен құралады. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi: 1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу; 2) ҚРның мүддесi үшiн барлау ақпаратын iздеп табу; 3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың ҚРның қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау ж/е өзге де қызметiн анықтау, алдын алу ж/е тыю;  4)ҚРның Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға ж/е қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм ж/е өзге де қызметтi анықтау, алдын алу ж/е тыю;5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу; 6) ҚРның Президентiн, ҚРның мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде ж/е соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету; 7) ҚРның мемлекеттiк органдарында, ұйымдарында, Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында шифрлау жұмысын ұйымдастыру; 8) ҚРның мемлекеттiк шекарасын күзетудi ж/е қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметiнiң негiзгi принциптерi.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметi заңдылық, дара басшылық, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның ж/е азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу ж/е сақтау, саяси партиялар мен өзге де бiрлестiктер қызметiнен тәуелсiздiк принциптерiнде құрылады.

15. Қылмыстық іс жүргізу сатылары. Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі ететеін кезеңдерді айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқталу ж/е қылмысты аяқтау. Қылмыс -1адам арқылы н/е бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке адам істеген қылмысқа қарағанда едәуір өзгереді ж/е мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын анықтау қажеттілігі туындайды.

Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына ж/е қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр ж/е ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді. Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында н/е баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде – біреуі үшін сотталмаған н/е заңмен белгіленген негіздер б-ша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған 2 н/е одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.Қылмыс 1ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де жасалуы мүмкін. 2 н/е одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы н/е көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.

16. ҚРның Конституциясына жалпы сипаттама.1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қның 1-конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Рда бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Рлық референдум нәтижесі жарияланған күні, яки 1995 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді.ҚРның 1998 жылғы 7 қазандағы Заңымен, ҚРның 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен, ҚРның 2011 жылғы 2 ақпандағы Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.ҚР Президентінің 1995 жылғы № 2454 «ҚРның Конституциясы туралы» Жарлығына сәйкес Конституция мәтінінің түпнұсқасы Президентте сақталады. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол б-ша ҚРның Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.Бұрынғы конституциялар социалистiк мемлекеттiң негiзгi заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттiң Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөзiнен-ақ байқалады: “Бiз, ортақ тағдыр бiрiктiрген Қ халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк ж/е татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастыққа лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi ж/е болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”, - делiнген. Оның жоғары заңдық күшi бар ж/е елiмiздегi барлық iс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердiң нормативтi базасы болып табылады. Рның бүкiл аумағына тiкелей қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенiмi ж/е халықтың берген төлқұжаты деуге болады. ҚРның Конституциясы Рлық құрылыстың негiзiн, мемлекеттiк билiк жүйесiн ж/е Қ мемлекетi мен азаматының қатынасын белгiлейдi. Адам ж/е оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын Конституция мемлекеттiң ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттiң сол үшiн қызмет етуi тиiстiгiн атап көрсетедi. ҚР конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады.1 бөлімі, Жалпы ережелер;2 бөлімі, Адам ж/е азамат;3 бөлімі, Президент;4 бөлімі, Парламент;5 бөлімі, Үкімет;6 бөлімі, Конституциялық кеңес;7 бөлімі, Соттар ж|е сот төрелігі;8 бөлімі, Жергілікті мемлекеттік басқару ж|е өзін-өзі басқару;9 бөлімі, Қорытынды ж|е өтпелі ережелер

17. Қылмыстық жауаптылықтан ж/е жазадан босатудың негіздері. Қылмыстық жауаптылықтан босату-қылмыстық заңдарға ж/е қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сəйкес қылмыс жасаған адамға мемлекет органының қылмыстық-құқықтық шараларды қолданудан бас тартуы болып табылады.

Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық ж/е қылмыстық-iс жүргiзу заңдарына сəйкес жүргiзiлетiн мемлекеттiң өкiлеттi органдарының қылмыстық-құқықтық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қолданудан бас тартуы. Қылмыстық жауаптылықтан босату анықтау, алдын ала тергеу сатысында н/е айыптау үкiмi шыққанға дейiн сот талқылауы кезiнде орындалуы мүмкiн. Қылмыстық заң б-ша қылмыстық жауаптылықтан босатудың негiздерiне мына жағдайлар жатқызылады:

– шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 65 бабы);– қажеттi қорғану шегiнен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 66 бабы);– жəбiрленушiмен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 67 бабы);– жағдайдың өзгеруiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 68-бабы);– ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 69-бабы);– рақымшылық жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жауаптылықтан босату (ҚР ҚК-тiң 76-бабы);Жоғарыда көрсетiлген қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлерi мiндеттi ж/е факультативтiк болып бөлiнедi. Қылмыстық жауаптылықтан мiндеттi босатылу болып ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты босатылу танылады.

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың басқа түрлерi факультативтiк белгiлердi қамтиды, яки заңмен қарастырылған жағдайларда формальдi негiздi қолдану мiндеттiлiктi тудырмайды. Қандай да болмасын қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрi қылмыс құрамының белгiлерi, қылмыстық жауаптылықтың негiзi бар болғанда ғана қолданылады.Сот, прокурор, тергеу, анықтау органдары қылмыстық ж/е қылмыстық iс жүргiзу заңдарын негiзге ала отырып қылмыстық жауаптылықтан босату туралы шешiмге келедi. Қылмыстық жауаптылықтан босату тек қана адамның қылмыстық жазалануға жататын əрекеттерi болған жағдайда ғана қарастырылады. Қылмыстық жазадан босату – соттың үкiмi б-ша сотталған адамды тағайындалған жазадан толық н/е iшiнара босату. Босатудың мəнi қоғамға аса қауiптi емес қылмыс жасаған адамға н/е қылмыстық қудалауды үнемдеуге негiз беретiн өзге де жағдайларға сəйкес қылмыс жасаған адамға əсер етуден тұрады. Негiзiнен қылмыстық жазадан босату қылмыс жасағаны үшiн кiнəлi адамға соттың үкiмi шығарылғанға дейiн, яки жазаның орындалуы басталғанға дейiн, сонымен бiрге сотталған адам жазаның бiр бөлiгiн өтегеннен кейiн, егер сот жазаның мақсатта орындалды ж/е сотталушыны түзеу үшiн тағайындалған жазаның орындалуы қажет емес деп тапқан жағдайларда тағайындалады.- қылмыстық жауаптылықтан əдетте ауырлығы онша емес н/е орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам босатылады. Ал жазадан босату адам ауыр ж/е аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда да мүмкiн;

– қылмыстық жауаптылықтан босатуды соттың айыптау үкiмi шығарылғанға дейiн сот қана емес, сондай-ақ тергеушi де, прокурор да, алдын-ала анықтау органы да жүзеге асырады. Ал жазадан босату айыптау үкiмi шығарылғаннан кейiн ж/е осыған орай тек сотпен ғана жүзеге асырылады. ҚРның Қылмыстық кодексте жазадан босатудың мынандай 8 негіздері көрсетілген:-жазаны өтеуден мерзімінен бұрын – шартты түрде босату (70-бап);-жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап);-жүкті әйелдердің ж/е жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (72-бап);-ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап);-төтенше мән – жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (74-бап);-айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75-бап);-рақымшылық н/е кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап);-Соттылық (77-бап).

18. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасын қатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе ж/е ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады:-Бақылау субъектісі;-Бақылау объектісі;-Бақылау заты (тақырыбы);-Бақылаудың мақсаты;-Бақылауды іске асырудың әдістері. Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыыруға құзіреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар, лауазымды адамдар табылады. Сондықтан тікелей тексеруші Қаржылық бақылаудың субъектісі, ал тексеруліші объектісі б-ы. Мемлекеттік Қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар, нақты айтсақ:-Мемлекеттік органдар;-Мемлекеттік заңды тұлғалар;-Мемлекеттік емес заңды тұлғалар;-Азаматтар жатады.Қаржылық бақылаудың заты (тақырыбы) қаржылық қатынастардың субъектісі ретінде өзінің міндеттерін атқару тұрғысынан қарағандағы, бақылау объектісінің іс қимылы (әрекет не әрекетсіздік)Қаржылық бақылаудың мақсаты : 1-ден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын ж|е олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау. 2-ден, кінәлілер мен айыптыларды тауып, оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп б-ша жауапқа тарту. 3-ден, қаржылық тәртіп бұзушылықты ж|е оның салдарын жою.

19. Заңды тұлғалардың түсінігі, белгілері ж|е түрлері.Заңды тұлға – мүлкі бар ж|е осы мүлкімен өз міндеттемелері б-ша келісімдер жасауға құқы бар ұйым. Заңды тұлғаның жеке балансы ж|е өз аты жазылған мөрі болуы тиіс. Меншік, шаруашылық жүргізу н\е жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар ж\е сол мүлікпен өз міндеттемелері б-ша жауап беретін, өз атынан мүліктік ж\е мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер ж\е жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері б-ша айқындайды:-Ұйымдасқан бірлігі;-Мүліктік оқшаулығы;-Дербес мүліктік жауапкершілігі;-Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы

Түрлері: өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын ж|е алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады. Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор ж|е діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі ж\е олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

20.Сот төрелігі ж\е оның қағидалары. Біздің елдегі сот төрелігін Конституцияның 75-бабына, ҚРның 2000 жылғы 25-желтоқсандағы « ҚРның сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы » конституциялық заңына сәйкес тек сот қана жүзеге асырады. Сот жүйесін ҚРның Жоғарғы соты ж\е жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық ж\е оларға теңестірілген соттар ж\е аудандық, сол сияқты оларға теңестірілген соттар жатады. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулерінің еркіне қарамастан тек Конституция мен Р заңдарына сәйкес, өздеріне Р атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысандарында белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады ж\е ол б-ша заңды әрі негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық ж\е шаруашылық істер жөніндегі шешімдер талапкер мен жауапкерді тиісті тәртіпке шақырады. Кінәліге қылмыстық жазаны тек сот тағайындай алады. Істі сот орындарында қарау мен шешу Конституцияның 77-бабында аталған төменгі принциптерге негізделеді. -адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;-1құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;-өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;-сотта әркім өз сөзін тыңдауға құқылы; жауапкершілікті белгілейтін н\е күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін н\е олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тастаса н\е жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;-айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес;-ешкім өзіне - өзі, жұбайына ж\е заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес;-адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез-келген күдік айыпталушының пайдасына қарстырылады;-заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды.Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;-қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді. Конституциямен белгіленген сот төрелігінің аталған принциптері Рның барлық соттары мен судьяларына ортақ ж\е бірыңғай болып табылады.ҚР ның барлық соттарының судьяларының мәртебесі бірдей, ал бір – бірінен тек өкілеттерімен ғана ерекшеленеді. Оларға сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды ж\е сот билігін жүргізуші болып табылады.

21. Азаматтық құқықтың қайнар көздері жəне жүйесі. Азаматтық құқық д\з-азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік ж\е мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың жүйесі. Азаматтық құқықты қолдануды жеңілдету үшін оны жалпы ж\е ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтың құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады. Олар: келісімшарт, меншік құқығы ж\е міндеттемелік құқығы. Ерекше бөлімді, негізінен, нақты қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар-айырбас, жалға алу, сатып алу- сату, интеллектуалдық меншік, авторлың құқық ж\е өсиетнама.Азаматтық құқықтың қайнар көздері Aзаматтың құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: ҚРның Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру үшін меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастарды реттеу негізінде енгізілген.ҚРнда мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады ж\е бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктеиді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс, 2)Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау келілдіктері заңмен белгіленеді. 3)Жep мен оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады.Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде ж\е жеке меншікте де болуы мүмкін» деп жария етілген. 4)ҚРның Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше орынға ие. Бұл заңда азаматтың-құқықтық қатынастардың негіздері, азаматтық құқықтың негізгі институттары т.б. жағдайлар нақты баяндалған. 5)ҚРның Азаматтық кодексі Жалпы ж\е Ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлім 1994 жылы 27 желтоқсан күні қабылданып, 1995 жылы 1 наурызда заңдық күшіне енген, ал Ерекше бөлімі 1999 жылы 1 шілдеде заңдық күшіне енді. Азаматтық кодекстің құрылымы бөлім, бөлімше, тарау, баптар мен тармақтарға бөлінген. Жалпы азаматтық кодекс 1142 баптан тұрады.Басқа да заң актілері. Бұған азаматтық қатынастарды реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар, ҚР Президентінің конституциялық заң күші бар ж\е жай заң күші бар жарлықтары, парламенттің ж\е оның палаталарының қаулылары, т.б. жатады.

22. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері ж\е объектілері.

Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке ж\е заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады. Жеке тұлға – ҚРның азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар Заңды түлға құрмайтын жеке адамдар ж\е де қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын, ал активтерінің жалпы құны орта есеппен 1жыл ішінде 60000 еселеген есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып табылады. Кәсіпкерлік д\з - меншік түрлеріне карамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда н/е жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері: Мүліктік ж/е жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады. Мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке): заттар,ақша оның ішінде шетел валютасы,құнды қағаздар,жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер ж\е басқа да мүлік жатады. Заттар өз кезегінде жылжымайтын ж\е қозғалатын мүліктер болып бөлінеді. Жылжымайтын мүлікке: жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер ж\е жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яки орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе ж\е теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, ғарыштық объектілер қозғалмайтын заттарға теңестіріледі.Жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік, оның ішінде ақша мен бағалы қағаздар қозғалатын мүлік деп танылады. Заң құжаттарында көрсетілгеннен басқа реттерде қозғалатын мүлікке құқықтарды тіркеу талап етілмейді, ал қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа құқықтар, бұл құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы,ауысуы ж\е тоқтатылуы мемлекеттік тіркелуге тиіс. Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар: жеке адамның өмірі, денсаулығы,қадір-қасиеті,абырой,игі атақ,іскерлік,бедел,жеке өмірге қол сұқпаушылық,жеке құпия мен отбасының құпиясы,есім алу құқығы,автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы, басқа да мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.

23. Ішкі істер органдарының түсінігі мен атқаратын қызметтері.Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, Рлық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары ж/е қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым б-ша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Р Премьер-министрінің ұсынуы б-ша Президенттік қызметке тағайындайды ж\е қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын ҚРның орталық атқарушы органы болып табылады. Ішкі істер органдары. Ішкі істер органдарының құқықтық статусы ҚР Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы « ҚРның ішкі істер органдары туралы » заң күші бар Жарлығымен реттеледі.Заң б-ша ішкі істер органдарының міндеттері мыналар:-жеке адамның, азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау;-қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;-қылмысқа қарсы күресу ;-өз құзыреті шегінде қылмыстық жазалауды ж/е әкімшілік шараларды қолдануды орындау ;-жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ж/е оған жүргізушілер мен автотехника құралдарын пайдалануға мемлекеттік рұқсат беру, жол жүрісі саласындағы ережелердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және т.с.с. Қның ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесі – ІІМнен, оған бағынышты облыстардағы, қалалардағы,транспорттағы,ішкі істер басқармаларынан,қалалық, аудандық, поселкелік ішкі істер органдарынан, ішкі істер әскерлері ж/е басқа мекемелерден құралады. Ішкі істер органдарының негізгі қызметі:-облыс аумағындағы қылмыстың, қоғамдық тәртіптік қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ақпараттар жинау, есепке алу ж\е оларды жүйелеу, мемлекеттік санақ (статистика) жүргізу, өзге мемлекеттермен ақпарат алмасуды жүзеге асыру;-Ішкі істер органдарының бөлімшелері қызметінің ішкі қызметкерлерінің оңды тәжірибелерін жинақтау ж\е тарату, оларға тәжірибелік, әдістемелік ж\е консультативтік көмектер көрсету;-ІІМ облыстың әкімі мен мәслихатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың өзге де органдарын, мүдделі ведомстваларды қылмыстың, қоғамдық тәртіптің ж\е қоғамдық қауіпсіздіктің жағдайы туралы ж\е құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайту жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар етіп отыру. Қалалық, аудандық, қалалардағы аудандық, поселкелік, жол бойының іі бөлімдері өздері қызмет көрсететін аумақта қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауды тікелей қамтамасыз етеді.

24. ҚРның əділет органдары. ҚР – ның әділет органдары, өз құзыреті шегінде, мемлекеттің қызметінің атқарылуын құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың , ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтары мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Бұлардың қызметін ҚРның 2002 жылғы 18 наурыздағы «Әділет органдары туралы » заңы реттейді.Заңға сәйкес әділет органдарының міндеттеріне:-заң жобасын дайындау жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, құқықтық кесімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу;-заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлікке құқықтарды ж\е олармен жасaлатын мәмілелерді, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;-құқықтық көмекті ж\е заң қызметін көрсетуді ұйымдаcтыру ж\е құқықтық насихатты қамтамасыз ету;-сот сарaптамасы қызметін ұйымдастыру ж|е жүзеге асыру;-қылмыстық жазаларды атқару, қылмыстық жаза атқару органдары мен мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз ету ж\е басқалар жатады. Әділет органдарының біртұтас жүйесі Әділет министрлігінен, аумақтық әділет органдарынан, қылмыстық атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдарынан ж\е өзге бағынысты ұйымдардан құралады.

25. Құқық бұзушылықтың ұғымы ж\е құрамы. Құқық бұзушылық–қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтіруші, тұлғаның кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті әрекеті. Құқық бұзушылықтың белгілері:әрекет немесе әрекетсіздік; кінә;құқыққа қайшылығы; зиянды нәтиже; әрекет пен зиянды нәтиженің арасындағы себепті байланыс; заңды жауапкершілік.Құқық бұзушылықтың құрамы:1. Құқықбұзушылықтың субъектісі–бұл осы әрекетті н\е әрекетсіздікті жасаған құқықты әрекетқабілетті жеке тұлға н\е әлеуметтік ұйым.2. Құқықбұзушылықтың объектісі–бұл осы құқықбұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Объектінің түрлік ж\е тектік түрлерін бөліп қарастырады. Тектік объект ретінде қоғамдық қатынастар орын алса, түрлік объектіге өмір, денсаулық, абырой, мүлік ж\е т.б. жатады. 3. Құқықбұзушылықтың субъективтік жағы–бұл тұлғаның өз әрекетіне ж\е оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Бұл жерде басты категория болып кінә табылады. Кінә д\з тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекетіне психологиялық қатынасы. Кінәнің 2түрі б-ы: қасақаналық ж\е абайсыздық. Қасақаналық тікелей ж\е жанама болып бөлінеді. Тікелей қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді ж\е осы салдардың тууын қалайды. Жанама қасақаналықта тұлға өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатын сезінеді, зиянды салдардың туу мүмкіндігін түсінеді ж\е осы салдардың тууын қаламаса да, олардың туындауына саналы түрде жол береді. Абайсыздықтың да 2нысаны б-ы: менмендік ж\е немқұрайдылық. 4. Құқықбұзушылықтың объективтік жағы–бұл осы құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы, оларға мыналар жатады: а)әрекет н\е әрекетсіздік; ә)құқыққа қайшылық; б)зиянды нәтиже; в)әрекет (әрекетсіздік) пен зиянды салдың арасындағы себепті байланыс.

26. ҚРның Үкіметі-ҚРнда жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет ҚРның атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады ж\е олардың қызметіне басшылық жасайды.Үкімет алқалы орган болып табылады ж\е өзінің бүкіл қызметінде Р Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің ж\е Парламенттің алдында жауапты. ҚРның Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері ҚР Конституциясының V тарауы б-ша ж\е ҚРның Үкімет туралы заңы б-ша реттеледі. Үкіметтің құқықтық мәртебесі ҚРның Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық ж\е қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады ж\е олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%82%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B"HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%82%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B"РныңHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%82%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B" HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B8%D1%82%D1%83%D1%86%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B"Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “ҚРның Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде ж\е оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:

-ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық ж\е тактикалық шараларды талдап жасау;-мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;-әлеуметтік-экономикалық ж\е ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;

-Р Президентi белгiлеген тәртiппен P бюджеттi ж\е оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу,парламентке Pлық бюджет ж\е оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;-ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;-мемлекеттік валюталық, қаржы ж\е материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;-құрылымдық ж\е инвестициялық саясатты жүзеге асыру;-баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;-мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;

-мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;-еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру ж\е әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;-мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;-аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;-ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;-табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану ж\е қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;-құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ж\е заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚРның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау ж\е қорғау, ҚРның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;-келiссөздер жүргiзу ж\е үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;-ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық ж\е аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;-сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;-сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;-халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;-Конституциямен, заңдармен ж\е президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

27. Халықаралық құқықтың түсінігі мен қағидалары.Халықаралық  құқық -халықаралық  құқықтың субъектілері туындататын ж\е халықаралық  құқықтың субъектілері арасындағы қатынастарды реттейтін халықаралық-  құқықтық  қағидалар мен нормалардың жиынтығы.  Халықаралық қарым-қатынас қатысушыларының маңызды ж\е жалпы ережелері болғандықтан халықаралық құқыққа негізгі қағидалардың ерекше жүйесі тән. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары халықаралық қатынастардың ж\е халықаралық құқықтың осы заманғы жүйесінің маңызды заңдылықтарын көрсетеді. Қағидалар жүйесіне мынадай сипаттар тән:1. Әмбебаптық;2. көпшілік мойындағандық;3. жалпыға міндеттілік;4. Тұрақтылық;Бұл жағдай халықаралық құқық жүйесінде олардың орыны мен құрылымының ерекшеліктерін айқындап көрсетеді. Егер «жалпы халықаралық құқықтың императивтік нормасы, норма болып есептелсе мемлекеттің халықаралық бірлестігі оны толықтай қабылдайды ж\е мойындайды. Сөйтіп негізгі қағидалар құқықтық нысан ретінде ресімделеді…» БҰҰ жарғысының, 2-бабында негізгі қағидалар мен оларды қамтамасыз ету шаралары айқындалған. Мұнан басқа, негізгі қағидалар мазмұны 1970 жылғы халықаралық құқықтардың қағидалары туралы Декларацияда ашылып қөрсетілген. Ал, 1975 жылғы Хельсинкидегі жиналыс негізгі қағидалар мәні Европамен ынтымақтастық ж\е қауіпсіздік жоніндегі жиналысының қорытынды актісінде әрі қарай дамытылған. Негізгі қағиданың нақтылығы мемлекеттің шарттық тәжірибесінде бар.

28.Отбасы құқығы ұғымы, қағидалары.Неке д|з ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік ж\е мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті ж\е толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ал отбасы деп некеден, туыстықтан, бала асырап алудан н\е балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік ж\е мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты ж\е отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобын айтамыз. ҚРның «Неке ж\е отбасы туралы» 1998 жылғы 17 желтоқсандағы №321-І Заңының 10-бабына сәйкес неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жас болып белгіленеді.Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу ж\е баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын яки отбасы қатынастарын, өзіндік ж/е соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүлітік емес) н/е мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік ж/е өзіндік құқықтың басқа да саларының 1-кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруды мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, 2-жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, н\е қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты б-ы.Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иофоде атап көрсеткенде, жеке отбасы қатынастырына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьектік мүмкіндіктері белгісі бір дәрәжеде шектеулі б-ы да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді. Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипатында неке отбасы қатынастарнының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу, бала асырап алушы мен асырап алунышының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді. Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың ж/е қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда н/е оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке ж/е отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз н/е тиімділігі шамалы болады.  Отбасы құқығын зертттеуші кеңес ғалымы Е.Н.Вороженкин, өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу к/к.Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқталуы тиіс н/е ол басқа жолымен реттелді деп жазды.

29. Қылмыстық-құқықтық жауапкершілік. Қылмыстың жауапкершілік туралы түсінік Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді. Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзуының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді. Қылмыстық жауапкершілік адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы н/е қылмыстық-құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті. Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады:-жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті,-соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;-кінәлі адамға қылмыстық - құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;-жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда б-ы ж/е адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады. Қылмыстық жауапкершілік негіздері Қылмыс жасау қылмыстық жауапкершіліктің негізі, яки қылмыстық заңда қарастырылған, қылмыстық жауапкершілікке тартуға қажетті ж/е жеткілікті объективті ж/е субъективті белгілері бар әрекет. Қылмыстық жауапкершілік заңда қылмыс ретінде белгіленген әрекет н/е әрекетсіздік үшін туындайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]