Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esepter.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
144.9 Кб
Скачать

19. Республикалық және жергілікті бюджет кірістерінің көздерін атаңыз.

Республикалық Бюджеттің кірістерін салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер,негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер және трансферттер түсімдері, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан; мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан түсетін түсімдер құрайды. Салықтық түсімдер Салықтық кодексте белгіленген салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер болып табылады. Салықтық емес түсімдер - бюджетке төленетін міндетті, қайтарусыз төлемдер, байлаулы гранттар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке тегін негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды түрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, не Қазақстан Республикасы заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге тәсілмен өткізуден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан бюджетке түсетін ақшалар болып табылады. Трансферттердің түсімдері - бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары - бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сонымен бірге заңи тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қарыздар - мемлекеттік эмисссиялық бағалы кағаздар шығаруға және (немесе) қарыздар келісімшарттарын жасасуға байланысты бюджетке түсетін ақшалай түсімдер. Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер — заңи тұлғалардың, соның ішінде мемлекеттік меншіктегі халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер.

Ал Жергілікті бюджет деп ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Жергілікті бюджет кірістерінің көздеріне де меншікті салықтар (жер салығы, жеке адам мүлкіне салынатын салық) немесе төлемдер, салыққа жатпайтын түсімдер, капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер және алынған ресми трансферттер (гранттар) жатады.

20.Қазақстан Республикасының азаматы Қасқыров, Түркияда іссапары кезінде жергілікті тұрғынмен төбелес шығарып оған орташа ауыр дене жарақаттады. Қасқыров қай мемлекеттің заңы бойынша жауапкершілікке тартылуы керек?

ҚР Қылмыстық Кодексінің 7-бабының 1тармағында көрсетілген: «Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады.» Яғни, осы бапты басшылыққа ала отырып, берілген есептің шешеміз: ҚР азаматы Қасқыров Түркияда іссапары кезінде жергілікті тұрғынмен төбелесіп, оған орташа ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ҚР Қылмыстық кодексімен жазаланады.

21. Түзеу мекемесіндегі отырған Құрбанов мас күйінде сотталған Болатовтың ішіне екі пышақ жарақатын келтірді және соның салдарынан Болатов ауруханада қайтыс болып кетті. Бұл әрекет құрамындағы қылмыс белгілерін атап көрсетіңіз?

ҚР Қылмыстық Кодексінің 9-бабында қылмыстың анықтамасы көрсетілген: «Осы Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс деп танылады». Осы анықтамадан қылмыстың келесідек белгілерін көруге болады:

Құқыққа қайшылық – Құрбанов ҚР ҚК-ң 96-бабының диспозициясында қылмыс құрамы көрсетілген. Осы бапта қарастырылған кісі өлтіру құрамы іс-әрекет жасау арқылы, яғни Болатовтың ішіне екі пышақ жарақатын келтіру арқылы жасалды.Және де түзеу мекемесінде спирттік ішімдік ішіп, суық қару қолданды.

Қоғамға қауіптілік – бұл белгі Құрбановтың әрекетінің қоғамдық қатынастарға зиян келтіру немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын көрсетеді.

Кінәлілік – Құрбанов әрекетінің қоғамға қауіпті екендігін ойлап, оның қоғамға қауіпті зардаптары, яғни Болатовтың өлімі болуы мүмкін екенін алдын ала біліп және осы зардаптың болуын тілеп, қылмысты тікелей қасақаналықпен жасады.

Жазаланушылық – Құрбановтың жасаған әрекеті үшін 96-баптың санкциясымен жазаланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]