Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Esepter.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
144.9 Кб
Скачать

10. Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?

Біріншіден,жауапкертшілігі шектеулі серіктесстік дегеніміз не? Бір немесе бірнеше адамға құрған,жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектулі серіктестік деп танылады.

ҚР мемлекеттік қызметі туралы заңда былай делінген:

Педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметті қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға;

Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу ҚР заңдарына сәйкес оның қызметтік міндетіне кірмейтін болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға шек қойылады.Яғни осыдан шығатын қорытынды,жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары жауапкершілігі шектеулі серіктестікті құра алмайды және оған мүше бола алмайды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай емес.Тағы да ескеріліп кететін бір жайт,егер де мемлекеттік қызметке орналаспас бұрын олар кәсіпкерлікпен айналысатын болса,келесідей іс әрекеттер жасауы керек.Мемлекеттік қызметкер белгіленген тәртіпке және заңдарға сәйкес, қызметке кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызметті өткеру уақытына өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесті және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүлікті жалға берген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірілген басқаруға беруге міндетті.

11. Институт ректоры азаматтардан лаборант ,оқытушы және проректор қызметтеріне алу туралы өтініштерді қабылдады.Аталған қызметтерді алу үшін қандай әрекеттер жасалуы тиіс?Қызметкерге алынушылардың қызметтік қатынастары қай уақытта пайда болады?Мемлекеттік қызметке алынушыларға қойылатын талаптар.

Мем-к акiмшiлiк кызметке орналасуы конкурстык негiзде жургiзiледiКонкурстың бірқатар тізбекті кезеңдері бар:конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау; конкурстық комиссияны құру; белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және талдайды; үміткерлерді тестілеу; конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісіКонкурсқа қатусуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады. Олар КР-нын азамат болуы керек жане жасы 18 төмен емес ҚР азаматтары аталмыш бос орынға үміткер ретінде конкурсқа қатыса алады. Конкурсқа қатысушының тапсырған құжаттары толық және өзінің біліктілік талаптарға сай болған жағдайда ол тест тапсыруға қатысады. Тестке қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы №328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережесін білуі тиіс. Тапсырған тесттің ұпайы түпкілікті мәннен төмен болмаса ол үміткер конкурс өткізуші органда әңгімелесуге қатысады. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар.

12. Сот шешімімен әрекет қабілеттігі жоқ деп танылған Асқаров өз меншігіндегі автокөлікті Бақтыбаевқа 250 000 теңгеге сатты.Асқаровтың шешесі шартты жарамсыз деп танылу туралы және Бақтыбаевтың автокөлікті Саматовқа сатып жібергені анықталды.Бұл іс бойынша сот қандай шешім қабылдауы керек?

Біріншіден әрекет қабілеттілік дегеніміз не? Әрекет қабілеттілік дегеніміз – азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін әрекеттері арқылы жүзеге асыру толық көлемде кәмелет жасқа толған кезден бастап пайда болады.

Бұл дауды шешу барысында ҚР ның АК н басшылыққа ала отырып шешеміз.Яғни,Осы істе Асқаровтың шешеісінің шартты жарамсыз деп танылуы дұрыс болып табылады,себебі Асқаровтың әрекет қабілеттілігі жоқ,ал әрекет қабілттілігі жоқ адамдар сатып алу сату шартының субъектісі бола алмайды,тек өзінің қомқоршысының келісімімен ғана шарт жасай алады.

Яғни осыдан шығатын қорытынды,сот келесідей шешім қбылдауы тиіс.Асқаровтың әрекет қабілеттілігі жоқ болғандықтан,ол сатып алу сату шартының субъектісі бола алмайды,яғни,сатып алу сату шартқа қайшы келіп келіп тұр.Бақтыбаевт автокөлікті немесе оның сатып жіберген толық құнын Асқаровқа қайтаруы тиіс.

13. Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады.Бұл учаскіде Сапарғалиев салған үй кепілге кіре ме?

Жалпы кепіл дегеніміз не?Осыған тоқталып кетсек.Міндеттемеге с»йкес несие берушінің борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда салынған мүлкін құнынан ҚР АК те белгіленген алып тасталатындарды қоспай,осы артықшылықпен қанағаттандыруға құқығы міндеттемені атқаруының осындай әдіс кепіл деп танылады.

Азаматтық кодексінің 309-бабы. Кепiл ұстаушының құқығы қолданылатын мүлiк

1. Кепiл мәнi болып табылатын затқа кепiл ұстаушының құқығы (кепiл құқығы), егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның керек-жарақтары мен бөлiнбейтiн жемiстерiне де қолданылады. Кепiлге салынған мүлiктi пайдалану нәтижесiнде алынған бөлiнетiн жемiске, өнiмге және табысқа кепiл құқығы шартта немесе заң құжаттарында көзделген реттерде қолданылады.

2. Кәсiпорынның немесе өзге мүлiк кешенiнiң ипотекасы жағдайында жалпы кепiл құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, талап ету, соның iшiнде ипотека кезiнде сатып алынған құқықтары мен ерекше құқықтарды қоса алғанда, оның барлық қозғалмалы және қозғалмайтын мүлкiне қолданылады.

3. Үй немесе ғимарат ипотекасына осы үй немесе ғимарат тұрған жер учаскесiне не осы учаскенiң кепiлге салынатын объектiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiгiне құқық нақ сол шарт бойынша бiр мезгiлде жасалатын ипотека арқылы жол берiледi.Осыған орай, Сапарғалиев тұрғын үй салу үшін банктен несие алып, кепілге жер учаскесін қалдырады. Бұл учаскеде салынған үй кепілге кірмейді.

14. Қанатов Сейітовке автокөлікті сатып алуға сенімхат берді,бірақ Сейітов ауыр халде ауруханаға түсіп өз міндетін атқара алмады да, қайта сенім тәртібінде сенімхатты Маратовқа берді.Бұл сенімхат Сейітов жатқан аурухананың бас дәрігерімен куәләнді.Маратов Қанатовтан автокөлік сатып алды,бірақ автокөлік бағасы Қанатов берген сенімхатта көрсетілген соманың шегінен шығып кетті.Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты.Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралыталаппен сотқа шағымданады.Бұл дауды шешіп беріңіз.

Сенімхат дегеніміз не?Осыған тоқталып кетсек.Бір адамның өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға берген жазбаша уәкілдігі сенімхат деп танылады.Жалпы осы дауды шешу кезінде ҚР ның АК ін басшылыққа отырып шешеміз.Келесідей шешім шығарамыз.АК тің белгілі бір бабына сәйкес,сенімхаттың тоқтатылу болады.Келесідей әрекеттер жүзеге асқан кезде болады,соның бірі: Сенімхатты беруші адамның одан бас тартуы,ал дауда Маратов сенімхатта бас тартты себебі Қанатов сенімхатта белгіленген соммадан шегінен шықты.Сот мынандай шешім шығаруы тиіс.Дауда белгілі бір тараптың әрекеті дұрыс деп санамаймыз,себебі АК те сенімхатты берген адам сенімхаттың немесе сенім ауысуының күшін кез келген уақытта жоя алады,ал сенімхат берілген адам одан бас тарта алады.Бұл құқықтан бас тарту туралы келісім жарамсыз болады. Маратов сенімхаттан бас тартқан бастап сенімхат жарамсыз деп танылуы мүмкін. Сенім беруші автокөлікті алудан бас тартты. Маратов Қанатовтың автокөлікті алуы және оны жеткізіп беруге кеткен шығындарды өтеуі туралы талаппен сотқа шағымданды. Сот талапты қанағаттандыруы қажет!

15. Азаматша Сүлейменова және оның бұрынғы күйеуі нотариусқа өздері жасаған шартты куәландыруға өтініш берді. Бұл шарт бойынша ажыратылған ерлі зайыптылар бір біріне балаларды асырау туралы талап қоюдан бас тартады, күйеуі ортақ меншікке құқықтан бас тартады, ал әйелі зейнеткерлік жасқа жеткенше жаңа некеге тұрмауға міндет алады.Бұл шарт заңды ма?

Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету 1. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану және оған билік ету ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады.   2. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде ерлі- зайыптылардың бірі мәмілелер жасасқан кезде екінші жұбайының келісімі керек болады.        Ерлі зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөнінде жасасқан мәмілесін сот басқа жұбайдың келісімі болмауын дәлел етіп, тек оның талап етуімен ғана және басқа тараптың мәміле жөнінде білгендігі немесе осы мәмілені жасасуға басқа жұбайдың күні бұрын білуі тиіс екендігі дәлелденген жағдайларда ғана жарамсыз деп тануы мүмкін.3. Ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөнінде мәміле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртіппен тіркеуді талап ететін мәміле жасауы үшін басқа жұбайдың нотариат куәландырған келісімін алуы қажет.       Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келісімі алынбаған жұбай осы мәміленің жасалғандығы туралы өзі білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап бір жыл ішінде мәмілені сот тәртібімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.

Сулейменова жане онын бурынгы куйеуi жасаскан шарты неке жане отбасы туралы кодексте сайкес занды болып табылады.

16. Келесі субьектілердің арасында қаржылық құқықтық қатынастар туындай ала ма:

- жеке тұлғалар (азаматтар);

- мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар;

- мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар және азаматтар

Қаржылық құқықтық қатынастар деп құқықтық нормалармен реттелген қаржылық экономикалық қатынастарды айтамыз. Бұл қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттің қызметінің нәтижесінде пайда болады және әрқашанда тек қаржылық құқықтың пәні ретінде есептелінеді.

Қаржылық құқықтық қатынастарының субъектілері жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да бола алады. Қаржылық құқықтық қатынастарының бір ерекшелігі оның субъектілердің бірі міндетті түрде мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар болуы керек. Бұл қатынастар жеке тұлғалар арасында; жеке меншікке негізделетін ұйымдық құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасында туындай алмайды.

Яғни, 1) жеке тұлғалар(азаматтар) арасында;

2) мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар арасында қаржылық құқықтық қатынастар туындай алмайды. Ал мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдар мен жеке тұлғалар (азаматтар) арасында бұл қатынастар туындай алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]