
- •1.Мәслихат депутаты Сейдахметов тергеушімен куә ретінде жауап беруге шақырылды. Тергеушінің әрекеті заңға сай ма?
- •10. Жергілікті әкімшілік аппаратының екі лауазымды тұлғалары басқа үш азаматпен жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрды.Мемлекеттік қызметкерлердің әрекеті заңға сай ма?
- •17. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын орган екендігін дәлелдеп беріңіз
- •18. Мемлекеттің қаржылық қызметін атқаратын органдарға заң шығарушы және сот органдарын жатқызуға бола ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз…
- •19. Республикалық және жергілікті бюджет кірістерінің көздерін атаңыз.
- •22.Дауылбаев қызық көріп а-ны жағадан суға итеріп жіберді.А. Жүзу білмеген еді (бұл туралы Дауылбаев білмеді) және сол себепті суға батып кетті.Дауылбаевтың кінәсі бар ма?
1.Мәслихат депутаты Сейдахметов тергеушімен куә ретінде жауап беруге шақырылды. Тергеушінің әрекеті заңға сай ма?
Куә — бұл іс үшін маңызы бар, өзіне белгілі мән-жайлар жөнінде жауап бере алатын кез келген тұлға.Іс бойынша мыналар куә бола алмайды:
а) айыпталушының қорғаушысы;
ә) өзінің жасының толмауына, психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар;
б) адвокат;
в) судья;
г) сонымен қатар заңда адам өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алғаны, туған ағалары (іні) және әскелері (қарындасы), атасы, апасы және немересі) қарсы айғақ, беруге діни қызметшілер өздеріне сеніп сырым ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес деп бекітілген. Сондықтан да депутат Сейдахметов куә ретінде жауапқа шақырыла алады және төменндегі жайттарды тергеуші ескерген болса, онда оның әрекеті заңға сай. Айтып кететін жайт ҚР ҚІЖ кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламенттiң тиiстi Палатасының келісімiнсiз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келісім алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламенттiң Сенатына немесе Мәжілісiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс депутатқа айып тағу, қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық iзге түсу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi.
2.Ғылыми зерттеу институтының ұжымы кезінде өздері ұсынған депутат Қаптағановтың есебін тыңдау туралы шешім қабылдады.Бірақ Қаптағанов өзінің басқа елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық өкілеттігін тоқтатқанын айтып ,есеп бермейтінін хабарлады.Қаптағановтың әрекеті заңға сай ма?
ҚР Конституциясының V тарауының бабында мынадай норма бар: Парламент депутаты
1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;
2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.
Осы нормаға сәйкес Қаптағановтың есеп бермейтінін хабарлаған әрекеті дұрыс, себебі Қаптағановтың өзге елдің азаматтығын алуына байланысты депутаттық мандаты жойылды. Сондықтан Қаптағановтың әрекері заңға сай.
3.Қазақстан Республикасының институтында оқитын студент Ли Чан өз курстасы Томақбаеваға өзімен некеге тұруға және Қытай азаматтығын алуға ұсыныс жасады.Томақбаева өз келісімін беріп, алдымен Қазақстан азаматтығынан шығу керектігін айтты. Қазақстан Республикасының азаматтығы қандай жағдайда тоқтатылуы мүмкін.
ҚР азаматтығының тоқтатылуына
азаматтықтан шығу мен ҚР азаматтығынан айрылу негіз болып табылады. Азаматтықтан шығу – бұл ҚР Президентінің атына өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату. ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін. Сондықтан Томақбаева орындалмаған республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелері болмаса ҚР азаматтығынан шыға алады.
4. АҚШ азаматтары ерлі – зайыпты Гопинстер және олардың 12,15,19 жасар балалары Қазақстанға көшіп ,Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға шешім қабылдады.Оларға қай органға өтініш беруге қажет?Қазақстан азаматтығын қандай тәртіппен алуы мүмкін?Олардың балаларының азаматтығы туралы мәселе қалай шешілуі тиіс?
Қазақстан Республикасының 1991 жылы 20-желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында заңды түрде бес жыл тұрақты тұрып жатқан немесе кемiнде үш жыл Қазақстан Республикасының азаматымен заңды некеде тұрған тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқылы. Ағайынды Гопинстер ҚР азаматтығын алу үшін азаматтықпен айналысатын ҚР ІІОна жүгінеді.Сондықтан ағайынды Гопинстер Қазақстан аумағында тұрақты бес жыл тұрғаннан соң Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алады. Ал балалары да осы заңдағы нормаларға сәйкес өз азаматтығын алады.
5.Журналист Наурызбаева шетел азаматына тұрмысқа шығып Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетті.Бірақ жүктілік және туу кезіне Қазақстанға келіп, осында бала туды.Наурызбаеваның баласының азаматтығы қалай анықталады?
1991 жылғы 20 желтоқсандағы ҚР азаматтығы туралы заңы бойынша ата анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
Қазақстан Республикасының территориясында туса ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Міне осыған сәйкес БАӘ азаматтығына күйеуге шыққан ҚР азаматшасы Наурызбаеваның перзенті Қазақстан Республикасының азаматтығын алады, өйткені сәби ҚР территориясында дүние есігін ашты.
6.С. Азаматы өз автокөлігінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетті және сол үшін жол полиция қызметкерімен тоқтатылды. С. құқықтың қай саласының нормаларын бұзды: азаматтық құқық, еңбек құқығы,әкімшілік құқығы, транспорт заңдарын.
Бұл жағдайда әкімшілік құқық саласының нормасы бұзылып тұр. Дәлірек айтсам ҚР әкімшілік құқы бұзушылықтары заңында мынадай норма бар:
Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау
1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамау -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Міне, сондықтан да С.есімді азамат әкімшілік құқық нормасын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылады.
7.Келесі актілердің қайсысын әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне жатқызуға болады:заң ; кодекс ; жарлық ; қаулы ; бұйрық ; инструкция ;ереже ; телефонограмма ;әдістемелік нұсқау.Өз актілерін шығару құқығына қандай мемлекеттік органдар ие болады?
Әкімшілік құқықтың мынадай қайнар көздері бар: ҚР конституциясы, халықаралық, мемлекетаралық шарттар, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары, ҚР президентінің, үкіметінің, парламентінің, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін өзі басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер, әкімшілік шарт және, құқықтық ғылыми доктриналар. Сондықтан көрсетілген тізімнің ішінен мыналар әкімшілік құқықтың қайнар көздері бола алады: заң, кодекс,жарлық, қаулы.
ҚР Үкіметінің, ҚР парламенті мен оның палаталарының, ҚР Конституциялық кеңесінің, Жоғарға Сотының,ҚР Орталық сайлау комиссиясының, мемлекеттік комитеттердің өз актілерін шығаруға құқылары бар. Орталық атқарушы органдар мен ҚРның Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының сондай ақ жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
8. Үшінші сынып оқушысы, ата анасыз автобуста жол ақысын төлемей отырды.Контролер одан билетті көрсетуді талап етіп ,ол көрсетпегеннен кейін айыппұл төлеуді талап етті.Бұл жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық болды ма, егер болса әкімшілік жауапкершілікке кім тартылады?
Жалпы осы есепті шешпес бұрын,алдымен әкімшілік құқықы бұзушылық дегеніміз не?Осыған жауап берейік.Жеке адамның,әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауптылық көзделген құқыққа қарсы іс әрекет не әрекетсіздігі әкішілік құқық бұзушылық деп танылады.
Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болады.Бұл жерде әкімшілік құқықтың субъектісі үшінші сынып оқушысы болып табылады.Ал объектісі заңдармен қорғалатын,белгілі бір іс қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар,яғни,қоғамдық көлікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Әкімшілік кодекстің Ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады.Бірақ,әкімшілік жауаптылыққа ақыл есі дұрыс,он алты асқа толған жеке адам және заңды тұлғалар тартылады.Ал үшінші сынып оқушысының мүмкін ақыл есі дұрыс болса да,бірақ ол он алты жасқа толған жеке адам нмемесе заңды тұлға емес. Айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді. Кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға салынады
9. Зауыт директоры зауыт аумағын тазалау үшін сенбілікті өткізу және оны ұйымдастыру тобы туралы бұйрық шығарды.Бұл бұйрыққа сүйеніп ұйымдастыру тобы сенбілік өткізу уақытын, оған қатысушыларды тағайындап, оларды құрал сайманмен және көлікпен қамтамасыз етті.Лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады ма?
Жалпы еңбек шарты дегеніміз не?Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім,бұған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты жеке өзі оырндауға,еңбек тәртіптемесінің ережелерін сақтауға міндеттенеді,ал жұмыс беруші келісілген еңбек функциясы бойынша қызметкерге толық,уақытылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді.Яғни, еңбек шартында келісілмеген,дәлірек айтқанда еңбек шартында көзделмеген жұмыстар туралы ештеңе жазылмаған.
Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда,жұмыс беруші қызметкерден еңбек шартында келісілмеген жұмысты орындауды талап етуге құқылы емес. Бірақ, Бұл жағдайда Еңбек кодексінің көрсетілгендей лауазымды тұлғаның шешімі еңбек шартында көзделмеген бірак өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға. Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты актілерді қабылдау қызметкерлер өкілдерінің келісімімен ғана жүзеге асырылады және қоғамдық жұмыстарды орындауға негіз бола алады