- •Компьютермен модельдеудің негізгі түсініктері. Күрделі жүйелер.
- •Күрделі жүйелердің сипаттамалары. Күрделі жүйелерді компьютермен модельдеу мақсаттары. Аналитикаклық және имитациялык модельдер.
- •Компьютерлік моделдеуде пайдаланылатын өнімдерге шолу. Олардың ерекшеліктері. MatLab программалық пакеттерін пайдалану, жұмыс істеу
- •Компьютермен модельдеудің кезеңдері. Модельдеуші алгоритмдерді құру принциптері. Модельдеуші алгоритмдердің жалпы құрылымы.
- •Жалған кездейсоқ сандарды моделдеу. Жалған кездейсоқ сандар және оларды моделдеу принциптері, қию, конгруэнттік әдістері
- •Кездейсоқ сандар тізбегін талдау. Кездейсоқ сандар тізбегі сапасының критерийлері. Ырғыту әдісі.
- •Шегерімдер әдісінде параметрлерге қойылатын негізгі талаптар және теорема тұжырымы. Параметрді таңдауда ондағы шарттар сақталмаса, тізбек ұзындығы қалай өзгереді.
- •Қосындылау әдісінің негізгі алгоритмі.
- •Қалыптан ауытқу әдісінің алгоритмі. Периодттылық кесіндісі қалай есептеледі?
- •Simulink пакеті не үшін қолданылады, қолдану салалары. Simulink ішкі жүйесінің негізгі қасиеттері
- •Имитациялық моделдеудің кемшіліктері. Имит-лық моделдердің түрлері
- •Оқиға, процесс, транзакт түсініктерінің анықтамалары.Мысал келтіріңіз.
- •Жалған кездейсоқ сандардың анықтамасы. Моделдеу әдістері. Мысал.
- •Имитациялық моделдеудің кемшіліктері. Басқа моделдеу әдістерінен ерекшелігі, қолданатын әдістері.
- •StateFlow басқару блогын құру және имитациялық моделдеудегі ролі. Практикада қолдану ерекшеліктері, мысал келтіру.
- •Кездейсоқ оқиғаларды моделдеу. Модельдеу алгоритміндегі n параметрінің мәні неден тәуелді.
- •Күрделі оқиғалар тобын моделдеу алгоритмі (тәуелсіз оқиғалар), алгоритмдегі s параметрінің мәні немен анықталады, тәуелсіз оқиғаларға мысал келтіру.
- •Күрделі оқиғалар тобын моделдеу алгоритмі (тәуелді оқиғалар), алгоритмдегі санағыштардың атқаратын қызметі, шартты ықтималыдқтың формуласы. Тәуелді оқиғаларға мысал келтіру.
- •Үздіксіз кездейсоқ шаманың анықтамасы, мысал. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу әдістерінің жіктелуі немен ерекшеленеді.
- •Аналитикалық бағыттың негізгі ерекшелігі, әдістері. Мысал келтіру, басқа бағыттармен қысқаша салыстыру.
- •Таңдамалы бағыттың негізгі ерекшелігі, әдістері. Мысал келтіру, басқа бағыттармен қысқаша салыстыру.
- •Ықтималдылық бағытының ерекшелігі, әдістері. Басқа бағыттармен салыстыру.
- •Құрама бағыттың негізгі ерекшелігі, әдістері. Басқа бағыттармен салыстыру.
- •Кері функция әдісі, оның алгоритмі. Қолданылу мысалы.
- •Нейманның шығарып тастау әдісі, оның алгоритмі.
- •Шектік теоремалар әдісі, оның алгоритмі. Басқа бағыттармен салыстыру.
- •Композиция әдісі, оның алгоритмі.
- •Арнайы үздіксіз үлестірімдерді модельдеу (қалыпты, бірқалыпты, экспоненциальдық, гамма үлестірімдер).
- •Дискретті кездейсоқ шамаларды модельдеу. Дискретті кездейсоқ шамаларды модельдеудің негізгі әдісі. Геометриялық үлестірім заңын модельдеу. Пуассон үлестірім заңын модельдеу.
- •Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу әдістерін жіктеу.
- •Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу. Тізбектеп модельдеу әдісі. Мысал келтіріңіз, бұл әдістің ерекшелігі атап көрсетіңіз.
- •Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу. Дж. Нейманның жалпылама "шығарып тастау" әдісі.
- •Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу. Моменттер әдісі. Мысал.
- •Кездейсоқ процестерді модельдеу. Стационарлы емес кездейсоқ процестерді модельдеу.
- •Стационарлы кездейсоқ процестерді модельдеу.Нақты параметрлерді ала отырып мысал келтіріңіз.
- •Марков процестерін модельдеу. Мысал келтіру.
- •Оқиғалар ағынын модельдеу. Оқиғалар ағындарынын қасиеттері. Қарапайым ағынды модельдеу.
- •Эрланг ағынын модельдеу және оның алгоритмі. Практикалық қолданылуы. Қарапайым ағыннан қандай айырмашылығы бар.
- •Пальм ағынын модельдеу, алгоритмі, практикалық қолданылуы.
- •Кездейсоқ заңдылықтарды ұқсастандыру. Таңдаманың сандық сипаттамасын ұқсастандыру.
- •Үздіксіз кездексоқ шамалардың үлестірім функциясын ұқсастандыру. Мысал келтіріңіз.
- •Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңын ұқсастандыру. Ұқсастандыру нәтижесін бағалау.
- •Компьютермен модельдеуді ұйымдастыру. Компьютермен модельдеуді жоспарлау
- •Компьютермен модельдеуді жүзеге асыру. Модельдеу нәтижесін талдаудың регенеративтік әдісі
- •Көпшілікке қызмет көрсету жүйелерін модельдеу. Бір каналды көпшілікке қызмет көрсету жүйелерін модельдеу.
Көпшілікке қызмет көрсету жүйелерін модельдеу. Бір каналды көпшілікке қызмет көрсету жүйелерін модельдеу.
Соңғы онжылдықта, көпшілікке қызмет көрсету жұмысымен байланысты, әр түрлі халық шаруашылық түрлерінде ықтималдық есептерді шешуде қажеттілік туындады. Осындай жүйелердің мысалына мыналар жатады: телефон станциялары, жөндеу шеберханалары, сауда кәсіпорындары, билет кассалары және т.б. Кез-келген көпшілікке қызмет көрсету жүйесінің жұмысы түскен талаптар ағымына қызмет көрсетуден тұрады (абоненттерді шақыру, дүкенге сатып алушылардың келуі, шеберханадағы жұмыстың орындалу талаптары ). Күрделі КҚКЖ-лар құрылымы жағынан да, кіріс ағымдары мен параметрлері бойынша да реалды экономикалық объектілерді ұсынады. Көп жағдайда реалды экономикалық объектілер мен процестерді үлгілейтін КҚКЖ-лардың сапасын бағалау үшін аналитикалық түсініктеме табу мүмкін бола бермейді. Егер КҚКЖ-ның əрбір бөлімінің имитациясына алгоритмдер құру мүмкін болса, көпшілік қызмет көрсету есептеулеріне имитациялық əдісті қолдану кез келген қиындықтағы экономикалық жүйе үшін сапаның қажетті көрсеткіштерін табуға көмектеседі. КҚКЖ-ны имитациялық үлгілеудің негізі берілген оқиғалар мен ағымдардың кездейсоқ жүзеге асуын жасап шығаратын алгоритмдер құру қажеттігінде жатыр. Бұл барлық кіріс ағымдарын имитациялап, əрбір канал мен кезектер дисциплинасы үшін өтінімдерге қызмет көрсетудің кездейсоқ мəндерін беріп отыру керектігін білдіреді. Алгоритм жұмысы өтінімдер келіп түсуі процесінің жəне есептеулердің белгіленген жағдайларында қызмет көрсету процесінің кездейсоқ орындалуының көпретті жүзеге асуын қамтамасыз етуге құрылған. Имитациялық үлгілеу əдісі КҚКЖ-ға өтінімдер түскен сəттерді
бөлудегі айтарлықтай өзгерістер болған жағдайда, КҚКЖ-ның құрылымы мен параметрлерінің құбылуынан туындайтын КҚКЖ-дағы ауыспалы процестерді оқып үйренуге мүмкіндік береді. Имитациялық үлгілеу жүзеге асқан жағдайда КҚКЖ қызметінің стационарлық жəне орнатылған режимі имитациялық орындалулардың айтарлықтаң санынан кейін күшіне енеді, ал алғашқы орындалулар орнатылған режимнен айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Көпшілікке қызмет көрсету жүйелеріне қатысты имитациялық моделдеу әдісінің негізі келесідей: алдымен, берілген бірегей оқиғалар ағынын кездейсоқ жүзеге асыру үшін және қызмет көрсету жүйелерінің қызмет көрсету процестерін моделдеу үшін қолданылатын алгоритмдер құралады.Мұндай алгоритмдер есептің қойылымы белгіленген жағдайда кездейсоқ процестің орындалуын бірнеше рет қайталау үшін қолданылады. Сол кезде алынған процестің күйі жайындағы ақпарат қызмет көрсету сапасы болып табылатын шамаларды бағалау үшін қолданылатын статистикалық өңдеуе қатысады. Күрделі жүйелерді имитациялық моделдеу әдісімен зерттеу кезінде кездейсоқ факторларға маңызды көңіл бөлінеді.Осы факторлардың қызметін қалыптастыруға арналған математикалық схемаларда кездейсоқ оқиғалар, кездейсоқ шамалар және кездейсоқ процесстер қолданылады.
Бір каналды көпшілікке қызмет көрсету жүйелері-КҚКЖ-нің ең қарапайым мысалы болып табылады. Бұл жүйе пуассон заңына бағынатын ағымға қызмет көрсетеді деп есептейік. Онда ағымның тапсырыс интенсивтілігі λ болады және ол тек қана уақытқа тәуелді болады: λ=λ(t).Ал каналдың қызмет көрсетілген ағымды жіберу интенсивтілігі μ. Қызмет көрсетілетін жүйені S деп белгілесек, оның екі күйі бола алады:S0-бос және S1-бос емес.
μ
λ
S1
S0
Осы күйлер үшін ықтималдық сәйкесінше p0(t) және p1(t) болады. Сонда кез келген t моменті үшін p0(t) + p1(t)=1 орындалады.
