Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
immod.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.1 Mб
Скачать

1

  1. Компьютермен модельдеудің негізгі түсініктері. Күрделі жүйелер.

  2. Күрделі жүйелердің сипаттамалары. Күрделі жүйелерді компьютермен модельдеу мақсаттары. Аналитикаклық және имитациялык модельдер.

  3. Компьютерлік моделдеуде пайдаланылатын өнімдерге шолу. Олардың ерекшеліктері. MatLab программалық пакеттерін пайдалану, жұмыс істеу

  4. Компьютермен модельдеудің кезеңдері.    Модельдеуші алгоритмдерді құру принциптері. Модельдеуші алгоритмдердің жалпы құрылымы.

  5. Жалған кездейсоқ сандарды моделдеу. Жалған кездейсоқ сандар және оларды моделдеу принциптері, қию, конгруэнттік әдістері

  6. Кездейсоқ сандар тізбегін талдау. Кездейсоқ сандар тізбегі сапасының критерийлері. Ырғыту әдісі.

  7. Шегерімдер әдісінде параметрлерге қойылатын негізгі талаптар және теорема тұжырымы. Параметрді таңдауда ондағы шарттар сақталмаса, тізбек ұзындығы қалай өзгереді.

  8. Қосындылау әдісінің негізгі алгоритмі.

  9. Қалыптан ауытқу әдісінің алгоритмі. Периодттылық кесіндісі қалай есептеледі?

  10. Simulink пакеті не үшін қолданылады, қолдану салалары. Simulink ішкі жүйесінің негізгі қасиеттері

  11. Имитациялық моделдеудің кемшіліктері. Имит-лық моделдердің түрлері

  12. Оқиға, процесс, транзакт түсініктерінің анықтамалары.Мысал келтіріңіз.

  13. Жалған кездейсоқ сандардың анықтамасы. Моделдеу әдістері. Мысал.

  14. Имитациялық моделдеудің кемшіліктері. Басқа моделдеу әдістерінен ерекшелігі, қолданатын әдістері.

  15. StateFlow басқару блогын құру және имитациялық моделдеудегі ролі. практикада қолдану ерекшеліктері, мысал келтіру.

  16. Кездейсоқ оқиғаларды моделдеу. Модельдеу алгоритміндегі n параметрінің мәні неден тәуелді.

  17. Күрделі оқиғалар тобын моделдеу алгоритмі (тәуелсіз оқиғалар), алгоритмдегі S параметрінің мәні немен анықталады, тәуелсіз оқиғаларға мысал келтіру.

  18. Күрделі оқиғалар тобын моделдеу алгоритмі (тәуелді оқиғалар), алгоритмдегі санағыштардың атқаратын қызметі, шартты ықтималыдқтың формуласы. тәуелді оқиғаларға мысал келтіру.

  19. Үздіксіз кездейсоқ шаманың анықтамасы, мысал. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу әдістерінің жіктелуі немен ерекшеленеді.

  20. Аналитикалық бағыттың негізгі ерекшелігі, әдістері. Мысал келтіру, басқа бағыттармен қысқаша салыстыру.

  21. Таңдамалы бағыттың негізгі ерекшелігі, әдістері. Мысал келтіру, басқа бағыттармен қысқаша салыстыру.

  22. Ықтималдылық бағытының ерекшелігі, әдістері. Басқа бағыттармен салыстыру.

  23. Құрама бағыттың негізгі ерекшелігі, әдістері. Басқа бағыттармен салыстыру.

  24. Кері функция әдісі, оның алгоритмі. Қолданылу мысалы.

  25. Нейманның шығарып тастау әдісі, оның алгоритмі.

  26. Шектік  теоремалар әдісі, оның алгоритмі. Басқа бағыттармен салыстыру.

  27. Композиция әдісі, оның алгоритмі.

  28. Арнайы үздіксіз үлестірімдерді модельдеу (қалыпты, бірқалыпты, экспоненциальдық, гамма үлестірімдер).

  29. Дискретті кездейсоқ шамаларды модельдеу. Дискретті кездейсоқ шамаларды модельдеудің негізгі әдісі. Геометриялық үлестірім заңын модельдеу. Пуассон үлестірім заңын модельдеу.

  30. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу. Үздіксіз кездейсоқ шамаларды модельдеу әдістерін жіктеу.

  31. Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу. Тізбектеп модельдеу әдісі. Мысал келтіріңіз, бұл әдістің ерекшелігі атап көрсетіңіз.

  32. Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу. Дж. Нейманның жалпылама "шығарып тастау" әдісі.

  33. Көпөлшемді кездейсоқ шамаларды модельдеу. Моменттер әдісі. Мысал.

  34. Кездейсоқ процестерді модельдеу. Стационарлы емес кездейсоқ процестерді модельдеу.

  35. Стационарлы кездейсоқ процестерді модельдеу.Нақты параметрлерді ала отырып мысал келтіріңіз.

  36. Марков процестерін модельдеу. Мысал келтіру.

  37. Оқиғалар ағынын модельдеу. Оқиғалар ағындарынын қасиеттері. Қарапайым ағынды модельдеу.

  38. Эрланг ағынын модельдеу және оның алгоритмі. Практикалық қолданылуы. Қарапайым ағыннан қандай айырмашылығы бар.

  39. Пальм ағынын модельдеу, алгоритмі, практикалық қолданылуы.

  40. Кездейсоқ заңдылықтарды ұқсастандыру. Таңдаманың сандық сипаттамасын ұқсастандыру.

  41. Үздіксіз кездексоқ шамалардың үлестірім функциясын ұқсастандыру. Мысал келтіріңіз.

  42. Дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңын ұқсастандыру. Ұқсастандыру нәтижесін бағалау.

  43. Компьютермен модельдеуді ұйымдастыру. Компьютермен модельдеуді жоспарлау

  44. Компьютермен модельдеуді жүзеге асыру. Модельдеу нәтижесін талдаудың регенеративтік әдісі

  45. Көпшілікке қызмет көрсету жүйелерін модельдеу. Бір каналды көпшілікке қызмет көрсету жүйелерін модельдеу.

  1. Компьютермен модельдеудің негізгі түсініктері. Күрделі жүйелер.

Модель (Model, simulator) – қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі. Ол материалдық объект түрінде, математикалық байланыстар жүйесі ретінде немесе құрылымды имитациялайтын программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін зерттеу үшін қолданылады.

Моделдеу – кез келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру және талдау; бар немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау үшін олардың аналогтарында объектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі. Компьютерлік моделдеу –

  • Таңдалынған программалық ортаға бейімделген ақпараттық модельді ұсыну формасы;

  • Программалық ортаның құралдарымен жасалынатын модель

Компьютерлік моделдеудің мақсаты – экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, техникалық сипатта шешім дайындап, қабылдауға пайдаланылуы мүмкін мәліметтер алу. Қазіргі кезде ғылыми-практикалық зерттеулерде компьютерлік модельдеу танымның негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Күрделі жүйе дегеніміз бөліктерін жеке жүйелер ретінде қарастыруға болатын және бөліктері қандай да принциптер бойынша біріктірілген немесе бір-бірімен қандай да бір қатынастар арқылы байланысқан құрама объект. Күрделі жүйелердің қасиеттері оның құрамдас элементтерінің қасиеттері ретінде анықталады. Күрделі жүйелерді зерттеудің негізгі әдісі – күрделі жүйені ЭЕМ-де имитациялау. Күрделі жүйені имитациялау үшін оның қызмет ету процесстерін қалыптастырып, яғни сол процесстерді реттелген оқиғалар тізбегі ретінде бейнелеп, математикалық сипаттамаларын анықтау.

Күрделі жүйелердің келесідей елеулі ерекшеліктері бар:

  • Жүйелердің құрайтын объектілердің қарым-қатынастары өте шиеленісті болуы;

  • Қойылған мәселелердің дұрыс шешімін табу үшін әртүрлі кездейсоқ ауытқулардың әсерлерін ескеру керектігі;

  • Осы жүйелерде өтетін процестердің динамикалық маңыздылығы.

  • Осы аталған себептер математикалық моделдеудің жаңа бір бағытының пайда болуына әкелді. Бұл бағыт имитациялық моделдеу.

Имитациялық моделдеу деп әртүрлі объектілер мен жүйелердегі процестерді, олардың ықтималдылық қасиеттерін ескере отырып, компьютердің көмегімен бейнелейтін және керекті көрсеткіштерін анықтайтын әдістерді атайды.

  1. Күрделі жүйелердің сипаттамалары. Күрделі жүйелерді компьютермен модельдеу мақсаттары. Аналитикаклық және имитациялык модельдер.

Күрделі жүйе дегеніміз бөліктерін жеке жүйелер ретінде қарастыруға болатын және бөліктері қандай да принциптер бойынша біріктірілген немесе бір-бірімен қандай да бір қатынастар арқылы байланысқан құрама объект. Күрделі жүйелердің қасиеттері оның құрамдас элементтерінің қасиеттері ретінде анықталады. Күрделі жүйелерді зерттеудің негізгі әдісі – күрделі жүйені ЭЕМ-де имитациялау. Күрделі жүйені имитациялау үшін оның қызмет ету процесстерін қалыптастырып, яғни сол процесстерді реттелген оқиғалар тізбегі ретінде бейнелеп, математикалық сипаттамаларын анықтау.

Күрделі жүйелердің келесідей елеулі ерекшеліктері бар:

  • Жүйелердің құрайтын объектілердің қарым-қатынастары өте шиеленісті болуы;

  • Қойылған мәселелердің дұрыс шешімін табу үшін әртүрлі кездейсоқ ауытқулардың әсерлерін ескеру керектігі;

  • Осы жүйелерде өтетін процестердің динамикалық маңыздылығы.

  • Осы аталған себептер математикалық моделдеудің жаңа бір бағытының пайда болуына әкелді. Бұл бағыт имитациялық моделдеу.

Имитациялық моделдеу деп әртүрлі объектілер мен жүйелердегі процестерді, олардың ықтималдылық қасиеттерін ескере отырып, компьютердің көмегімен бейнелейтін және керекті көрсеткіштерін анықтайтын әдістерді атайды.

Күрделі жүйелерді компьютерлік моделдеудің мақсаты – экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, техникалық сипатта шешім дайындап, қабылдауға пайдаланылуы мүмкін мәліметтер алу. Қазіргі кезде ғылыми-практикалық зерттеулерде компьютерлік модельдеу танымның негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Имитациялық моделдеуге тағы бір анықтама келтірейік – бұл әртүрлі күрделі жүйелердің математикалық моделдерімен компьютерді пайдалану арқылы тәжірибе жүргізуге арналған сандық әдіс. Бұл әдісті қолдану негізі ретінде компьютер арқылы іске асырылатын арнайы моделдеуші алгоритм пайдаланылады. Осы алгоритм, қарастырылып отырған күрделі жүйенің элементтерінің күйін және оларды бір бірімен байланыстыратын, әртүрлі кездейсоқ ауытқулардың әсерін ескере отырып, моделдеуге тиіс. Ал осы әртүрлі ауытқу факторларын бейнелеу үшін кездейсоқ сандар қолданылады.

Аналитикалық модельдеу деп, берілген процестерді зерттеу үшін физикалық тәні әр түрлі болса да, ұқсас математикалық өрнектермен бейнеленетін құбылыстары қарастыру әдісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]