Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpor_ekonomteorya_3.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.11 Кб
Скачать

3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері, қызметтері, оларды қолдану ерекшеліктері.

Талдау – біртұтас бүтіннің бөлшектерін жекелеп қарау.

Синтез – қаралатын біртұтас бүтін құбылыстың жеке бөлшектерден құралуы.

Индукция – фактілерден бастап жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Дедукция – жалпыдан нақтылы экономикалық фактіге жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы- ғылыми абстракция әдісі болып табылады. «Абстракция» терминін нақты түсіндірер болсақ, жекеше тыс ойлау деген ұғымды  Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды. Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техникалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның таңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары, т. б. белгілейді. Анализ және синтез әдістері әлеуметтік – экономикалық құбылыстарды жеке бөліктер бойынша немесе біртұтас зерттейді. Мысалы, өндірістің бір күндегі табыс мөлшерін анықтайтын бұл – анализ, ал ай сайынғы табыс мөлшерінің жиынтығын анықтайтын бұл – синтез

Экономиканың микро- және макроэкономикаға бөлінуі анализ және синтез әдісінің бөлінуімен байланысты, яғни шаруашылық жүйесіндегі екі әр түрлі деңгейді қарастырады.

Қызметтері

Біріншіден – экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін, тауар айырбастау және қызмет жағдайында шектелген ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес игілікті өндіру оларды бөлу және тұтынуды реттейді.

Экономтеория бірнеше қвзметтер атқарады:

Танып-білу қызметі- қоғамдық экономикалық процесстер мен құбылыстарды терең,әрі жан жақты зерттеп бөлуі және түсіндірілуі тиіс.

Дүниетанымдылық көзқарас қызметі – экономикалық құбылыстардың сипаттамасына тіршілік позиция құруына жағдай жасайды

Ғылыми болжам қызметі - ғылыми болжам жасап және қоғамдық дамудың болашағын айқындайды.

Практикалық қызметі – нақты принциптерді және шаруашылықтың тиімді әдістерін жасаумен, сондай-ақ мемлекеттің саясатын ғылыми дәлелдеумен түсіндіреді.

Методологиялық қызметі – экономикалық теория барлық экономиканың ғылыми жүйесі үшін методологиялық негіз болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]