
- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның пән ретіндегі ерекшеліктері және басқа ғылым салаларымен байланысы.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері, қызметтері, оларды қолдану ерекшеліктері.
- •4.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •5.Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері.
- •6.Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі, түрлері және негізгі белгілері.
- •7. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •8.Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер және оның ерекшеліктері
- •9.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
- •10. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. Меншіктің тарихи түрлері, мемлекеттік және жеке меншікке салыстырмалы талдау.
- •11.Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен даму мәселелері
- •12.Қазіргі Қазақстан экономикасына жекешелендіру процесінің әсері, артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •13.Қоғамдық шаруашылық және оның нысандары. Тауар және ақша.
- •14.Натуралды және тауарлы шаруашылық жүйелеріне салаыстырмалы талдау жaсау.
- •15.Тауардың пайдалылығын өндірушілер мен салып алушылардың бағалау ерекшеліктері. Тауар және оның қасиеттері.
- •16.Ақша нарығы. Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері.
- •17.Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •18. Нарықтық жүйенің қызмет етуіндегі негізгі принциптері
- •19.Сатып алушылардың қажеттіліктері туралы нарықтың ақпаратты жинақтау ерекшеліктері және өндірушілерді ынталандыру мәселелері.
- •20. Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңдері, қайшылықтары және нәтижелері.
- •21.Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •22.Сұраныс және ұсыныс моделі. Сұраныс пен ұсыныстың бағаға және табысқа байланысты икемділігін қарастырып, оның тәжірибелік маңызын көрсету.
- •23.Жетілмеген бәсеке нарығының әр түрін жеке қарастырып, олардың айырмашылықтарын көрсету.
- •24.Қазақстандағы монополияға қарсы мемлекет әрекетінің заңдық актілерін анықтап, оларды қолдану тәжірибесін талдау.
- •25.Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен бағыттары. Кәсіпорын капиталының айналымы және ауыспалы айналымы.
- •26.Кәсіпкерліктің негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің тартымдылығын анықтау ерекшеліктеріне талдау.
- •27.Кәсіпкерлікті өндіріс факторы ретінде қарауға Сіздің көзқарасыңыз және ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •28.Капитал құрылымын талдау ерекшеліктері. Айналмалы капитал айналымын тездету жолдары.
- •29.Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары. Кәсіпорынның шығындары мен табысы.
- •30.Ұдайы өндірістің экономикалық мазмұны.
- •31.Өндіріс шығындарының түсінігін әртүрлі теорияларда қарастыру ерекшеліктері. Коуздің трансакциондық шығындар теориясы.
- •32.Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында пайданы неғұрлым көбейту жолдары.
- •33,34.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. 34.Өндіріс факторлары және олардың жасайтын табыс түрлері. Факторлық табыстардың тиімділігін анықтау.
- •35.Қазақстандағы өндіріс нарықтарының қалыптасуы мен дамуы. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы және кәсіподақтың міндеттері.
- •36.Дамыған елдердегі еңбекақы төлеудің ерекшеліктері.
- •37.Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •38.Ұлттық экономиканың негізгі секторлары және ұлттық байлық. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі.
- •39.Экономикадағы макроэкономикалық және микроэкономикалық деңгейдегі мәселелердің өзара байланысы.
- •41. Макроэкономикалық тепе-теңдік
- •42. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік және ресурстардың толық қамтылуы.
- •43. Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •44. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы және оған әсер ететін факторлар.
- •45. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •46. Жұмыссыздық және өзін-өзін жұмыспен қамтитындар
- •47. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдарлары
- •48. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері және еңбек биржасының қызметі
- •49. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
- •50. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды талдау.
- •51. Экономикалық циклдың ауытқу себептері және дағдарыстың ерекшеліктер
- •52. Мемлекеттің экономикалық дамуы және дағдарыстан шығу жолдары
- •53.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты және құралдары.
- •54. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі. Қазіргі экономикалық теориядағы әртүрлі көзқарастар.
- •55. Ақша-несие саясаты және негізгі әдістері.
- •56. Мемлекеттік бюджет, табыстардың қайта бөлінуі
- •57. Әлемдік экономика және оның даму мәселелері.
- •58. Әлемдік шаруашылық, оның қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері.
- •59. Дүниежүзілік шаруашылықтағы трансұлттық корпорациялар және банктердің атқаратын рөлі.
- •60. Дүниежүзілік сауданың мәні және құрылымы. Қазақстанның дсұ-на кіру мәселелері.
21.Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.
Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда, бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады. Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған.
P1 бағада сұраныс көлемі Q1-ге тең. Бағаның Р2-ге дейін төмендеуі сұраныс көлемін Q2-ге дейін арттырады.
Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі:
Qd=a-b*Р
Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.
Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.
Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.
График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған.
Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:
Qs=a+b*Р
Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.
1) Тұтынушылардың саны.
2) Табыс деңгейі.
3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.
4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.
Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:
1) Өндіріс шығындары.
2) Салық мөлшері.
3) Технология.
4) Субсидия.
22.Сұраныс және ұсыныс моделі. Сұраныс пен ұсыныстың бағаға және табысқа байланысты икемділігін қарастырып, оның тәжірибелік маңызын көрсету.
Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі
сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.
Сұраныс
Ұсыныс
қисығы
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.
Бәсекеге негізделген рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты.
Рыноктық тепе-теңдік баға - әрбір тауар бойынша артықшылық та, жетіспеушілік те болмайтын баға. Ол сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің теңесуі нәтижесінде қалыптасады.
Сұраныс пен ұсыныстың көлемі рыноктағы бәсекелік ортаның әсерінен теңеседі, нәтижеде тепе-теңдік баға мен тауар мөлшері анықталады.
Сұраныс
пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.
в- тауарлардың артықшылығы.
Е - сұраныс пен ұсыныстың теңесу нүктесі.
а – тауарлардың жетіспеушілігі.
РЕ – тепе-теңдік баға.
QЕ – тепе-теңдік тауар көлемі.
Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады.
Ed=% ∆Q / %∆P
Икемділік коэффициенті бағаның бір пайызға өзгерісінің нәтижесінде сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.
Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді (Еd=1).
Егер бағаның өсуіне қарғанда сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді (Еd>1).
Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз (Еd<1).
Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар:
1.Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар.
2. Тұтынушының табысы.
3. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі.
4. Тауардың қажеттілігінің деңгейі.
5. Тұтынушының күтуі.
Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші.
Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі.
Ed=∆Q/∆P
Бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты.
Қорыта айтқанда, уақыт мерзімі өскен сайын ұсыныстың икемділігі жоғарылайды, ал бұл тиімді бағалардың қалыптасауына мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне байланысты ұсыныстың бейімделу жылдамдығы экономикалық ресурстардың мобилділігіне тәуелді.