
- •1.Экономикалық теорияның пәні және зерттеу әдістері.
- •2.Экономикалық теорияның пән ретіндегі ерекшеліктері және басқа ғылым салаларымен байланысы.
- •3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері, қызметтері, оларды қолдану ерекшеліктері.
- •4.Экономикалық теорияның даму кезеңдеріне сипаттама.
- •5.Экономикалық жүйенің негізгі үлгілері.
- •6.Экономикалық жүйелерді жіктеу өлшемі, түрлері және негізгі белгілері.
- •7. Нарықтық жүйенің қазіргі кезеңдегі модельдері.
- •8.Нарықтық экономиканың қазақстандық моделінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер және оның ерекшеліктері
- •9.Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
- •10. Меншік экономикалық және құқықтық категория ретінде. Меншіктің тарихи түрлері, мемлекеттік және жеке меншікке салыстырмалы талдау.
- •11.Қазақстанда жеке меншік институтының қалыптасуы мен даму мәселелері
- •12.Қазіргі Қазақстан экономикасына жекешелендіру процесінің әсері, артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •13.Қоғамдық шаруашылық және оның нысандары. Тауар және ақша.
- •14.Натуралды және тауарлы шаруашылық жүйелеріне салаыстырмалы талдау жaсау.
- •15.Тауардың пайдалылығын өндірушілер мен салып алушылардың бағалау ерекшеліктері. Тауар және оның қасиеттері.
- •16.Ақша нарығы. Ақшаға деген сұраныс пен ұсыныс. Қазіргі ақшаның ерекшеліктері.
- •17.Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.
- •18. Нарықтық жүйенің қызмет етуіндегі негізгі принциптері
- •19.Сатып алушылардың қажеттіліктері туралы нарықтың ақпаратты жинақтау ерекшеліктері және өндірушілерді ынталандыру мәселелері.
- •20. Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңдері, қайшылықтары және нәтижелері.
- •21.Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері
- •22.Сұраныс және ұсыныс моделі. Сұраныс пен ұсыныстың бағаға және табысқа байланысты икемділігін қарастырып, оның тәжірибелік маңызын көрсету.
- •23.Жетілмеген бәсеке нарығының әр түрін жеке қарастырып, олардың айырмашылықтарын көрсету.
- •24.Қазақстандағы монополияға қарсы мемлекет әрекетінің заңдық актілерін анықтап, оларды қолдану тәжірибесін талдау.
- •25.Кәсіпкерлік қызмет, оның негізгі түрлері мен бағыттары. Кәсіпорын капиталының айналымы және ауыспалы айналымы.
- •26.Кәсіпкерліктің негізгі белгілері және кәсіпкерлік қызметтің тартымдылығын анықтау ерекшеліктеріне талдау.
- •27.Кәсіпкерлікті өндіріс факторы ретінде қарауға Сіздің көзқарасыңыз және ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
- •28.Капитал құрылымын талдау ерекшеліктері. Айналмалы капитал айналымын тездету жолдары.
- •29.Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары. Кәсіпорынның шығындары мен табысы.
- •30.Ұдайы өндірістің экономикалық мазмұны.
- •31.Өндіріс шығындарының түсінігін әртүрлі теорияларда қарастыру ерекшеліктері. Коуздің трансакциондық шығындар теориясы.
- •32.Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында пайданы неғұрлым көбейту жолдары.
- •33,34.Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар. 34.Өндіріс факторлары және олардың жасайтын табыс түрлері. Факторлық табыстардың тиімділігін анықтау.
- •35.Қазақстандағы өндіріс нарықтарының қалыптасуы мен дамуы. Қазақстандағы еңбек нарығының жағдайы және кәсіподақтың міндеттері.
- •36.Дамыған елдердегі еңбекақы төлеудің ерекшеліктері.
- •37.Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.
- •38.Ұлттық экономиканың негізгі секторлары және ұлттық байлық. Ұлттық экономика деңгейіндегі экономикалық айналым моделі.
- •39.Экономикадағы макроэкономикалық және микроэкономикалық деңгейдегі мәселелердің өзара байланысы.
- •41. Макроэкономикалық тепе-теңдік
- •42. Жалпы макроэкономикалық тепе-теңдік және ресурстардың толық қамтылуы.
- •43. Жиынтық сұранысты ынталандыруда инвестициялардың атқаратын рөлі
- •44. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы және оған әсер ететін факторлар.
- •45. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде
- •46. Жұмыссыздық және өзін-өзін жұмыспен қамтитындар
- •47. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдарлары
- •48. Қазақстандағы жұмыссыздықтың себептері және еңбек биржасының қызметі
- •49. Экономикалық өсу және экономикалық цикл
- •50. Экономикалық өсуге әсер ететін факторларды талдау.
- •51. Экономикалық циклдың ауытқу себептері және дағдарыстың ерекшеліктер
- •52. Мемлекеттің экономикалық дамуы және дағдарыстан шығу жолдары
- •53.Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты және құралдары.
- •54. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының қажеттілігі. Қазіргі экономикалық теориядағы әртүрлі көзқарастар.
- •55. Ақша-несие саясаты және негізгі әдістері.
- •56. Мемлекеттік бюджет, табыстардың қайта бөлінуі
- •57. Әлемдік экономика және оның даму мәселелері.
- •58. Әлемдік шаруашылық, оның қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері.
- •59. Дүниежүзілік шаруашылықтағы трансұлттық корпорациялар және банктердің атқаратын рөлі.
- •60. Дүниежүзілік сауданың мәні және құрылымы. Қазақстанның дсұ-на кіру мәселелері.
13.Қоғамдық шаруашылық және оның нысандары. Тауар және ақша.
Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші түрі- натуралды шаруашылық.
Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, нарыққа жеткізбей, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол әмбебап қолөнердің анағұрылым таза түрі қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған, алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштермен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдылығымен сипатталды; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндірілді (жай ұдайы өндіріс). Микро деңгейдегі натуралды шаруашылыққа бау-бақша жеріндегі жұмыс, саяжай мысал бола алады. Ал, макро деңгейдің мақсаты- бір елдің шеңберінде өздерін қамтамасыз ету болып табылатын, шетелдер мен жабық жағдайдағы шаруашылықты құруға бағытталған автаркия саясаты мысал бола алады.Мұндай саясат елді әлемдік, нарықтан шектетіп, экономиканы мешеулік күйге түсіреді; шаруашылықты кіріптарлыққа апарады, сол себепті ол керітартпа сипатта болады.
Тауар өндірісі деп — өнімдерді сатуға арналып өндірілетін, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар нарық арқылы жүзеге асырылатын шаруашылықты айтады.
Тауар өндірісінің пайда болуының қажетті шарты қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады, бұл кезде өндірушілер нақты өнімдерді жасауға маманданады.
Қоғамдық еңбек бөлінісінің тарихи үш кезеңі болды.
Бірінші кезеңінде мал шаруашылығы егін шаруашылығынан бөлініп шықты, мұның өзі тайпалар арасында тұрақты айырбастың болуына жағдайлар туғызды.
Екінші кезеңінде қол өнеркәсібі егіншіліктен бөлініп шықты, бұл тауар өндірісінің өмірге келуінің бастауы болды.
Үшінші кезеңінде сауда өндірістен оқшауланды және көпес, саудагерлер өмірге келді. Осы кезден бастап тұрақты, нарықты байланыстар орнады.
Тауар өндірісінің пайда болуының тағы бір себептеріне меншік қатынастары арқылы өндірушілердің бір бірінен экономикалық жағынан өзара оқшаулануы болып табылады.
Ол алғашқы қауымдық қоғам ыдырау кезінде, яғни жеке меншік орнағаннан соң пайда болды. Тауар өндірісінің даму кезеңдері — айырбастың, нарықтың дамуы мен тығыз байланысты. Нарықтың төмендегідей типтері бар, олар дамымаған, еркін,реттелетін, бұзылған.
Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ
Әр уақыттарда және дүниенің түрлі бөліктерінде адамдар ақша ретінде әр түрлі тауарларды [2] – астық, мал, қымбат тастар және металдарды пайдаланды. Ұзақ уақыттар бойы ақша есебінде алтын және күміс жүрді. Қымбат металдардың физикалық қасиеттері (біртектілігі, мықтылығы, құндылығы) ақша атқаруға тиісті талаптарды толық ақтады. Сондай-ақ металлақшалардың маңызды қасиеттерінің бірі – оларды бөлуге болытын еді. Қымбат металдар, көлемі қандай болса да, өзінің пайдалы қасиеттері мен құндылығын жоғалтпайды. Құнды металдың белгілі бір көлемінің сақталуына мемлекеттік кепілдік ететін алтын және күміс теңгелер пайда болды.[3]
Соңғы ғасырларда алтын және күміс теңгелердің орнына қағаз ақшалар жүре бастады. Қағаз ақшаның құны алтынмен кепілденді және олар алтынға еркін айырбасталды.
Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі – ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т.б.) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда – аң терісі, Қытайда – шай, Абиссинияда – тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.
Адамзат қоғамы өндіріс-еңбек әрекеттерін, еңбек бөлінісі, мамандану, кооперация және айырбас арқылы ұйымдастырудың негізінде, өзінің материалдық, рухани жағдайының жақсартуында жақсы жетістіктерге ие болды.
Экономиканы ұйымдастырудың элементарлық формасында — шаруашылықта — байлықтың табиғи формасының көрінісі натуралдық өнім тұрінде болады. Бұл өнімге, біріншіден, тұтыну бағалылығы, екіншіден, еңбек нәтижесі деген қасиеттер тән болады. Заттың пайдалылығы, оның өзіне тән белгілі физикалық, немесе, басқа да қасиетерінің арқасында адамдардың белгілі бір қажеттерін қамтамасыз ететін қабілеті, өнімнің тұтыну бағалылығын құрайды.
Тауар өндірісі жағдайында еңбек өнімі оны тауарға айналдыратын жаңа ерекше қасиеттерге ие болады. Бұл өнімнің бағалылығы өндіріс үшін емес, басқа адамдар үшін болады — басқаша айтсақ, бұл өнім қоғамдық қасиетке ие болады.
Тауар дегеніміз еңбекпен жасалған қоғамдық бағалылықты иемденген және айырбасқа арналған заттар, немесе қызметтер. Заттар өзінен өзі тауар бола алмайды. Тауар болу үшін олар адамдар арасындағы айырбастың объектіне айналуға тиіс. Сондықтан тауар адамдар арасындағы еңбек өнімінің айырбасы арқылы білінетін қатынастарды көрсетеді. Тауармен алмасудың формалары сан алуан болуы мүмкін, бірак барлық жағдайда осы айырбастың әрекетінің нәтижесінде бір зат өтіп орнына екінші зат келуі қажет. Осыдан шығатын тұжырым: айырбас процесінде әр тауар нарықта айырбас құнына ие болады. Яғни белгілі сәйкестікте басқа пайдалы затқа айырбастала алатындық қабілетке ие болады. Тауар саясаты дегеніміз – тауар ассортиментiн қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерiн жасау, сапа және бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылату, өмiрлiк циклiн талдау, тауарлық белгiлердi пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервистiк қызмет көрсету бойынша шешiм қабылдауды қажет ететiн фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы