Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны.

1. Адам құны туралы. Ол былайша ережеленіп түзілген.

«Соғыста өлгендерге /әр екі жаққа да/ құн төленбейді. Майданда өлген

ерлерге 100 бесті төлеу күшінен қалдырылады. Құн төлеу жеңілдетіледі.

Қанға қан алу күшін жояды, басқа жолдармен құн немесе айып салынады.

Ежелгі төре, бай, бектер үшін қос құн /жай адамның екі есе құны/ төлеу де

күшін жояды. Кім қаншалық зақым алса, қарсы жақ соншалық төлем немесе

айып төлейді», - деп адам құқына, оның азаматтық тұлғасына жете мән

беріліп, бұрыннан келе жатқан қатал да тұрпайы заңдылықтарды реформалау

нышаны әбден аңғарылады.

2. Жесірлер мен неке туралы. Бұл жөнінде Майқы би жарғысында

демократиялық принципке негізделген адамгершілік пен әлеуметтік ауаны

кең ережелер қалыптасқаны аңғарылады. Атап айтқанда:

«Неке бұзғандарға /ерлерге/ қырық дүре соғылады. Сондай-ақ, некесі

бұзылғандарға олармен өштігі жоқ, есі дұрыс, он екі мүшесі сау үш адам /ең

кемінде/ көріп, куәлі етуі шарт. Ал неке бұзды деп әлде біреуді қорлаушылар

болса /жала жапса/, оларға да қырық дүре соғылады. Ерінің көзіне шөп

салған әйел талақ етіледі. Ер-әйел арасында май мажыра болса,

мүмкіндігінше татуласуға шақыру керек. Ер болсын, әйел болсын

бей-берекет неке бұзуға әуестенбеу керек» деген құқықтық заң ережелерін

қалдырған.

3. Жер иелігі мен жер бөлісі туралы. Мұндағы жарғылық заңдардың

бастысы деп мына мазмұндағы ережелерді атап өтуге болады. «Кім бұрын

иеленіп еңбек етсе, жер сонікі болады. Жердің шөбі, суы, қыс пен жаздағы

қолайлы-қолайсыздығына қарай жер бағасын белгілеп, жер ақысын тұрақты

төлеу керек. Ал жер шекаралары ұлы таулар қыраты, үлкен өзендер арқылы,

немесе жердің өзге көрнекті бедерлері тәрізді жұртқа анық жерлермен

белгіленуі шарт», - деген көшпелі қоғамның өзіне тән жарғы баптарын

кездестіреміз.

4. Ұрлық туралы. Майқы би шығарған заң жарғыда ұрлық істер бұдан

бұрынғы көшпелі қоғамдағы қолданылып келген қатал заңдарды жұмсарта

түскен. Мәселен: «бұрынғы ережелердегі секілді ұрлық істегендердің қол-

аяғын сындырып кесіп, жантүршігерлік азапқа салатын түзім күшін жояды.

Ұрының ісіне қарай айып тағылып, төлем қайтару күшейтілді. Егер тартып-

тонап алушы болса, еселеп төлем қайтарумен қоса, қырық мәрте дүре соғу

керек», - делінген.

5. Барымта туралы. Бұл жөнінде де оп-оңды заң-жарғылар қалған.

«Барымтаның өтеген ісі жөн болса, соның өзінде келісімге келіп /екі жақты/

реттеу керек, жөнге салу ләзім. Егер әлдекім өтірік айтып барымта алса, оны

ұрлық-тонау ретінде билік айтып шешіп ету керек», - деп барымтаның

себеп-салдарын билік тұрғысынан терең талдауды меңзейді.

48

6. Дау-шарлар туралы. Майқы би өз заманындағы билік істеріне куәлік

етушілер мен талапкер, даугерлерге де әділдіктен айнымаудың сара жолын

көрсетіп берген. Жоғарыдағы: «Әртүрлі дау-шарларды анықтағанда, оған

билік айтқанда, кесім жасағанда, талапкер мен даугерді, қуғыншыларды

беттестіріп куәлік айттыру керек. Бұрынғыдай өтірік айтқанның тілін кесетін,

өтірік көрдім десе көзін ойып алатын жолсыз үкімдерді күшінен қалдыру

шарт. Куәші өтірік айтса, жазаланатын болсын», - деген түзілімдер билік

ісіндегі жауап берушілердің мемлекеттік заң алдында бәрі бірдей әділ

болуын талап еткені аңғарылады.

7. Мал құны туралы. Шыңғысхан дәуіріндегі көшпелі қоғамның мықты

тірегі – мыңғырған мал екеніне назар аударсақ, жарғыда мал-мүлік туралы да

кеңінен айтылған.

«Майталман жорға, қараүзген бәйге аттардың құны – жүз қой; атан, нар

түйелердің құны – жиырма бес қой. Тоққара мен атан өгіздің нарқы он қой

болса, бір бесті аттың құны сегіз қой болып белгіленеді», - деп кесімді

бағалары қойылған.

Бұл қазақ халқының жеке ұлт болып қалыптасар алдындағы өмірге

келген, бас-аяғы түгел бірден-бір заң жарғысы. Дәл осы Майқы би құрған

құқықтық заңдар ережесін шетпұшпақтап зерттеген кейбір зерттеушілер

әйгілі «Жеті жарғы», одан бұрынғы «Қасым ханның қасқа жолы» деген

заңдар жүйесі Шыңғысханның әскери жасақ заңдарынан алынған деген

пікірмен ұштастыруы осындай негізден туса керек.