Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

2.2 Меншік әдет заңы

Үйсіндердің меншік әдет заңы.

Меншік – көшпелілердің дала өмірдегі мәнгілік мүдде. Жеке

отбасынан ел билігіне дейінгі әлеуметтік өзгерісті туындататын тетік. Одан

туған түсініспестік, өзгеріс және зиян, берісі – рулар арасында дау-дамай

тудырады, ушыққанда ұлыстарды дауластырады. Сондықтан меншік көшпелі

өмірдің жинақталған бейнесі, негізі.

Кіндік Азиядағы көшпелілер меншік қатынастарын бұрыннан

жалғасып келе жатқан әдет заңдарымен үйлестіріп келді. Оларда

жайылымнің рудікі болуы мен малдың жекенікі болуы меншік ұғымының

аясына сыйып келді, меншік көзқарасы мен меншік қатынасының өзгеруін

малға деген мұқтаждық белгіледі. Мал басының көбеюі жайылымнің

кеңеюін талап етті, жайылымнің кеңеюі, көбіне, қолда бар билікке арқа

сүйеді. Қоғамдық өзгерістер адамдардың меншік көзқарастарын жаңғыртты,

меншікке деген түсінікті кеңейтуге жетеледі. Бұл жаңалықтар үйсін

қоғамында сілкіністер тудырды. Отбасы, ру және Күнби меншіктері

арасындағы шекараны айқындап, жауапкершілікті тұрақтандыру керек

болды, бұл осы үш меншік мүддесін қорғап дамытудағы кажеттілік еді.

Жайылым - үйсін мемелекетіндегі ең негізгі өндіріс құралы. Оны иелену мен

пайдалану болды, малдың сыйымдылығы жайылымнің аумағымен өлшенді,

аумақты жайылымді иелігінде ұстап отырған Күнби, Күнби әулеті және әр

деңгейдегі ру басылары, үйсін қоғамындағы меншік санаттары, олардың

сулы, нулы, шұрайлы жайылымдарды иелену керектігі үздіксіз артпаса,

бәсеңсімеді. Осы қанағатсыз иемдену мен шектеулі жайылым арасындағы

қайшылық үйсін мемлекетінің қоғамдық саяси өміріндегі ең басты қайшылық

болды. Егер осы қайшылық орынды реттелмесе, үйсін еліндегі

үйлестірілмеген мүдделер арасында қақтығыстар болуы, өрши келе ел

ішіндегі тұрақтылық бүлінері, мемлекет билігінің іргетасы шайқалары анық-

тын. Сондықтан жайылымді иелену мен пайдалану нормаларын, Күнбидің,

Күнби әулетінің және әр деңгейдегі ру басыларының мүддесін, меншігін

заңмен бекіту керек болды. Үйсін мемлекетінде жер мен ел иеліктерге

бөлінді. Ұлы Күнбиде 60 мың отбасы, кіші Күнбиде 40 мың отбасы болды.

Осылайша отбасына қарай малы, малына қарай жайылымі жайылыміне қарай

иелігі, соңында мүддесі мен меншігі танылды.

Өмірдің осындай өзгерісі мен талабына үйлесу үшін үйсін

мемлекетінің билеушісі оны реттеу құқын мемлекет билігінің ғұзырына

алды. Құқықтық деңгейі әдет заңының деңгейінен жоғары, орындалуын

мемлекет билігі қамтамасыз ететін жаңа құқық нормасы өмірге келді. Үйсін

26

мемлекетінің Күнбиі – Сыйлы Күнби бүкіл елге бітім жариялады: «Өріске

оймақ, табынға тұяқ қосылмасын» деген заң өмірге жолдама алды. Мұның

ерекшелігі – басқалары әдет заңы болса, бұл мемлекет заңы болып, өзінің

жаңалығымен, күшімен, нормативтігімен дараланды.

Биліктің «өріске оймақ, қосылмасын» дегені, иеліктегі көктеу, жайлау,

күздеу, отар, өріс-қоныс, су-суат, пішен-шабындарға тиісуге болмайды, әркім

өз жерінде болсын, әркім өз өрісін қорысын, басқаның жеріне мал бақпасын,

пішеніне қол салмайсын, иелік бүтіндігін сақтасын, меншік тұтастығы

қорғалсын дегенді білдіреді.

«Табынға тұяқ қосылмасын» дегені әркім өз малына ие болсын,

бағымдағы малын өрістегі табынға қоспасын, өрістегі малдан өзіне мал

қосып алатындар қолдау таппасын, малдың басы саны анық, адамдардың

жауапкершілігі күшті болсын, ондағы ауыс-күйістер ру басыларының

алымына, ел Күнбиінің салығына салқынын тигізбесін дегенді білдіреді.

Бұл мал мен жайылым мемлекет өмірінде маңызды орынға

көтерілгендігін, ол меншік деңгейінде мемлекет басшысының ұдайы

назарында екендігін аңғартады, меншік түсінігінің үйсін елінде төменнен

жоғарыға дейін ортақ танымға жеткендігін көрсетеді. Соның арақасында,

үйсін мемлекетінде: «Оңғай Күнби тұсындай заман болды, ірге тыныш, ел

іші аман болды» деген ұлағатты үлгі тараған.

Ғұндардағы меншік әдет заңы

Ғұндарда «Ұлыс ағамандарының өз алдына жеке-жеке иеліктері

болды». Ғұндарда иелік-билік деген түсінік болды. «Сол қанат хандар мен

салдардың иеліктері, оң қанат хандар мен салдардың иеліктері болды …,

Тәңірқұттар өзді-өздерінің иеліктерінде жердің отын, судың тұнығын қуа

көшіп қонып жүрді…, сол, оң білге хандар мен сол, оң жанақ хандардың

иеліктері бәрінен үлкен болды».

Ауылдың өрісі, рудың қонысы болуы, жайылым, пішен, суаттардың

түгелімен иеліктерге кіруі, оның «әкеден балаға» «мәртебе» болып мұраға

қалуы, ғұндарда меншік институтының жақсы орныққандығын дәлелдейді.

Иелік болған жерде шекара болары даусыз. Көшпелілерде бұрыннан

жалғасқан әдет бойынша, жер шекарасы тәңірі өзі жаратқан табиғи белгілер:

асулар, өзендер, киелі ағаштар, баба молалары немесе ру белгілері

(таңбалары) қашап жазылған әйдік жартастар болды.

Ал қаңлылар да: «Белгі қойып, шекараларын бөлісті». Ғұн, үйсін

заманында жайылымға, малға, байлыққа қол жеткізудің ең ұтымды жолы

соғыс болған. Ғұндардың иузілермен соғысы. Үйсіндердің иузілермен,

ғұндармен соғысы малды көбейтті, байлықты молайтты, иелікті кеңейтті.

Сонымен бірге қыруар құлдарға да қол жетті. Оларда мал мен жерден кейінгі

меншіктің үшінші түрі – құлдар болды.

Құлдың меншікке айналуы дәулеттің артуына орасан зор ықпалын

тигізді. Құлдардың келу жолдары: бірінші, соғыс тұтқындары. Елі, жері,

малы болмағандар, бас еркіндігінен айырылғандар құл болды; екінші, қарыз

алғандар берешегін бере алмай, басы байлы құл болуға мәжбүр болды;

үшінші, шаңыраққа мініп, жаңа босағамен бірге кірген отбасы құлдары;

27

төртінші, соғыстан және жұттан панасыз, иесіз қалған жесірлер мен

жетімдерден тұратын құлдар. Құлдар шығыны аз, пайдасы көп, өсімшең де

табиғи жанды тауарлар, арзанқол еңбеккүш болды. Олардың бейнетті

еңбегімен мал бағылды, пішен шабылды, ауыл көшіп-қонды, байлық

қорланды. Кұлдарды қарызға беруге, төлемге салуға, кепілге қоюға, соғысқа

айдауға, тіптен өлген адамның көржолдасы етуге болатындығы тарихтан

белгілі.

Демек, ғұн мен үйсінде, тәңірқұттардың, күнбилердің, хандардың,

сардарлардың, ағамандардың, атамандардың, ру басыларының меншігі – жер,

ел билігінен- мал мен құлдан тұрды.

Түркілердегі меншік әдет заңы

Түркілер де «иеліктер» ұстады. Дату қаған Византия патшасы Молске

жазған хатында: «Алтын тауы әйдік қағандардың иелігінде болған» деп

жазды. Тоныкөк қаған тұсында, түркілердің қаған ордасы Ташкенттің

солтүстігіндегі Мыңбұлаққа көшірілді. «Түркі қағандары Мыңбұлақ

даласындағы үйірлі бұғыларды иемденіп, оларды өз меншігінде ұстады,

бұғыны жазым еткендерді жазалап, иеліктеріне өз әмірлерін жүргізді.

Сонымен бірге орда төңірегіндегі шұрайлы жайылымдар қағандардың

иелігінде болды». Иеліктер шекара арқылы бөлініп келді. Бұл Ғұнда,

Үйсінде, Қаңлыда және Түркілерде болды. Қытайдың Алтай аймағындағы

Обақан деген жерде, ұзын сайды қақ ортасынан бөліп тұрған дәу тас бар,

жергілікті тұрғандар ол тасты түркі заманындағы ұлыстардың жайылым

шекарасы деп түсінеді.

Көшпелілердің иеліктерінде шекара болса, малында ен болды.

«У ғасырда қаңлылардың малында ен болды, өрістегі малдар араласып

кеткенде, мал иелері малдың еніне қарап, адаспай танып алып отырды».

Бұл қасиет түркілерде де болды. Түркілерде әр рудың өз ені болуымен бірге,

әр отбасының малында да өз ендері болды. Олар енге сүйеніп өз малдарына

иелік етіп келді. Осылайша малдың ертеден меншікке қарауы, оны басқаға

қарызға беруге, төлемге төлеуге, енші бөліп беруге болатын «жылжымалы

мүлікке» айналдырды.

Археологиялық қазба жұмыстары да Ғұнда, Үйсінде, Қаңлыда және

түркілерде меншік болғандығын дәлелдейді. Олардың моласынан шыққан

жылқы және қой сүйектері, өлген адамның тірі кезіндегі қоғамдық орнын

меңзейді. Олардың меншігіндегі құлы, малы және басқа мүліктері, аз болсын,

көп болсын, өздерімен бірге жерленген. Осыған негізделіп біз көшпелілерде:

жер, мал, құл және олардан туындаған материалдық мүліктерден тұратын

меншік болған, бұл үрдіс көшпелілер қоғамында орныққан, маңызды рөл

атқарған деп тұжырымдаймыз.

Қазақ қоғамындағы мүліктік қатынас

Қазақтың дәстүрлі құқығында мүлікті жылжитып және жылжымайтын

деп бөлу болмайды. Көшпелі өмірде негізгі байлық – мал болды. Сонымен

бірге мал ақшаның рөлін де атқарды. Мүлікке сатуға, айырбастауға, сыйға

беруге және мұраға қалдыруға болатын барлық өз меншігіндегі заттары

жатты. Әйелдер мүлік құқығының субъектісі бола алмады. Олар иелігіндегі

28

заттарды өмір бойы немесе күйеуге шыққанша ғана пайдалануға құқықты

болды. Мүлікке құқық сатып алумен, айырбастаумен, мұраға ие болумен

және сыйға алумен пайда болды.

Жеке немесе мүліктік міндеттемені барлық, тек қамқоршы

қарауындағы және отбасынан бөлініп шықпағандардан басқа, ер адамдар

жасады. Барлық келісімдер ауызша жүргізілді, онда куәлар қатысты.

Кейінірек жазбаша келісімдер пайда болды.

Ауызша келісімдердің заңдық күші болмады, берген сөзін немесе

уәдесін орындамау арсыз, ұятсыз адам саналды. Келісім бір немесе үш куәнің

қатысуымен өтті. Келісім беруші жақ куәлардың қатысуымен бата оқып,

келісімді орындауға уәде етеді, содан соң келісім мазмұнымен таныстырады.

Кей жағдайларда келісімді орындауға серт береді, мысалы: «осы сөзді

бұзғаны, бізді құдай бұзсын», немесе өз басына тас қойып келісімді оқиды

немесе тұз бен нан жейді, мұны «нан-тұз» - дейді.

Сату-сатып алу келісімді тараптардың бір-бірінің қалың алысқан кезде

бастап саналады. Сатушы мүлікті сатып алу кезінде, осы келісім бұзылады.

Ал жақтардың бірі негізсіз келісімнен бас тартса, келісімді бұзушы жақ айып

төлейді.

Дәстүрлі құқықта сыйға беру келісімі де болады. Онда сыйға беруші

адам сол берген затына құқығы болмады, оны кері қайтара да алмады.

Жерге жеке меншік ХІХ ғасырға дейін болған жоқ. Жайылым жер

формаларды түрде дәстүрлі құқық бойынша рудың, қауымның жері

болғанмен оған ел билеушісі хандар, билер билік жүргізді. ХУІІІ ғасырда

қыстау феодалдар билігінде болды. Дәстүрлі құқық бойынша жерді сатуға,

сыйлауға, мұраға қалдыруға болмайтын болды. Көшпелі халықты жерге

деген екі мәселе мазалады:

1) Жайылым жер;

2) Малды суаратын су көздері.

Хан, сұлтан, би, ру басылары, ақсақалдар халықтың көшіп қонуын

басқаруға құқылы болды. Бұл оларға ең шұрайлы жерлермен әлі де бос

жатқан жерлерді игеруге мүмкіндік берді. Жер таласында феодалдар

материалдық жағынан үнемі басым тұрды. Қалған меншік екіге бөлінді: мал

және мүлік. Малға таңба салынды. Мал ұрлау ең ауыр қылмыстың бірі

болды. Жетісу, Сырдария бойында жерге феодалдық меншік болды.

Ғылыми әдебиетте көшпелі және жартылай көшпелі қазақ

қоғамындағы жерге байланысты қатынастардың құқықтық сипаты туралы

мәселе олардың экономикалық және әлеуметтік мәні жайлы проблемелардың

төңірегінде қаралып отыр.

Қазақ әдет-ғұрып құқығы жер – қоныстың төрт түрін анықтап бекітеді.

Олар: жайлау, күзеу, қыстау, көктеу. Жыл маусымының әр уақытына сай

пайдалануға негізделген осы қоныстарды ғана иеленуге құқылы болған.

Патша өкіметінің жүргізген саясатына байланысты ХХ ғасырда қазақ даласы

уез, облыс, әкімшілік ауылдарға бөлінді. Орынбор шекара комиссияның бір

мүшесі 1846 жылы былай деп жазды: «Киргизы при перекочевках летних …

29

сохраняют поселение, по возможности, родами или поколением». Осы

сияқты мәліметтер сол кездегі жазбаларда кездеседі.

ХІХ ғ. аяғымен ХХ ғ. басында жазып алынған әдет-ғұрып нормалары

жер-қоныс иесі деп болыс, ауылдары бекіте бастаған: «У каждой волости,

каждого аула при летних перекочевках для пастбищного содержания скота

есть свой известный путь следования, которым никто уже другой не имеет

пользоваться и потравить», - дейді патша шенеуніктерінің мәліметтерінде.

Яғни, жер-қоныс, оған алып барар жол, құдық иесі әуел баста тайпа, ру

болса, кейін мұндай жағдайға болыс, ауыл ие бола бастаған. Осы бір жер-

қоныс тәртібі хақымыздың жазылмаған заңы еді, оны ешкімнің бұзуға

хақысы жоқ болатын.

Жер бөлінісін уезд, болыс әкімшіліктері іске асырды. Ауыл арасындағы

бөліністі ауыл мүшелері өзара келісіммен жүргізді. Қыстаулардың жеке

отбасылардың иелігіне көшуін осы кезде әдет-ғұрып нормаларын

жинаушылар оларға жеке меншіктің орнауы деп түсіндіреді: «Зимовки и

близ лежащие сенокосы составляют частную собственность отдельных

семейств, равно как и находящиеся на них колодца и леса» - деп көрсетеді.

Осы кезде қыстаулық мекендерді жалға, кепілдікке (залог) беру кең

етек алды. М.Красовскийдің айтуынша жерді жалға бергендер жылқы, сиыр,

бірнеше қой алатын болған.

Жал және кепілдік жайлы келісімдердің шарттарын және тәртібін, екі

жақтың жауапкершіліктерін анықтап, бекітуге бағытталған. Қазақ

әдет-ғұрып нормалары көгалды, шабындық, егіндік жерлерді және орманды

пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды да реттейді, сонымен

бірге олар өз қамқорлығына алды. Оларды құқықтық тұрғыдан қорғау ХІХ ғ.

аяғында күшейе түсті. Өзге біреудің жайылымын жеу немесе шабындық

жерін шауып алу арқылы келтірілген зиянды өтеу үшін тек шығынын

қайтару жауапкершілігін тудырса, ХХ ғ.аяғында мұндай іс-әрекет үшін кінәлі

жақ айып төлейтін болған. «Всякий ущерб, причиненный хозяину, всякая

потрава влечет за собой обязанность вознаградить последнего, а если за

нанесшим убыток можно предположить умысел, то и обязанность уплатить

штраф», - деп жазған. Әдет-ғұрып құқығының орманды қорғауға арналған

нормаларының даму барысы да осы бағытта болды.

Ресей империясы қазақ даласындағы жер қатынастарын реттеуге

жаулап алушылық, отаршылық саясат тұрғысынан келді. Олар көшпелілер

өмірін толық бақылауға алу, оны ресейлік басқару жүйесі органдарының

қарамағында ұстау үшін қазақ жерлерін әкімшілік аумақтарға бөлді.

Ресей заңдары әуел баста қазақтардың өз заңдарына толық ерік берді,

ал кейіннен олар көшпелілердің жер қатынастарын өздері реттеуге көше

бастайды және жол жөнекей олар түзетулер, толықтырулар енгізу оларды

ысырып тастауға әрекет жасайды.

Ресейдің қазақ жерін саяси – құқықтық түрғыдан реттеуге көшуінің

алғашқы бастамасын 1822 жылы 22 маусымда қабылданған «Сібір

қырғыздарының Уставы» одан әрі жалғастарды. Қазақтардың қоныстары

ауылға, болысқа және округтерге бөлінді. Қазақ даласына Ресей

30

империясының жері деп қарау «Орынбор қазақтарын басқару туралы

Положениядан» басталды. Оны 1893 жылы 21 қазанда қабылданған. «Орал,

Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы Уақытша Ереже»

толықтырды.

ХІХ ғ. аяғында жерді иемденуге, пайдалануа байланысты жалпы тәртіп

жүйелі әрі кешенді түрде Ресей заңдары арқылы реттеле бастады.

Көшпелілердің жерді пайдалануын реттеуге бағытталған Ресей заңдары қазақ

қоғамында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып, жол жораларға негізделген еді

және соларды ескеріп отыратын. Осыған сәйкес бұл заңдар көшпелілер жерін

қыстау, жайлау және өңделетін немесе егіндік деп үшке бөлді.

ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғасырдың басында көшпелі қазақ қоғамындағы

жерді бөлу, пайдалану секілді мәселелер негізінен уезд, болыс онан қалды

ауыл әкімшілігіне берілген еді.

Қазақстан аумағы Ресей империясының бір бөлігі және оның меншігі

деп қараған өкімет органдары дала өлкесін өз мүдделеріне сай игере және

пайдалана бастады:

1) Қазақ даласында отарлық мақсатқа басқаруға ыңғайлы әкімшілік-

аумақтық бөлініс орнатылды.

2) Қазақ жерінің қай бөлігі қалай пайдалануы керектігі жайлы мәселе

қаралып, құқықтық тұрғыдан реттеле бастады (әскери бекіністер,

станциялар, линиялар т.б.).

3) Көшпелілерді бос жер көп деп осындай жерлердің көлемі

анықталып, бекітілді. Деректерге қарағанда патша өкіметі осы кезде

Қазақстандағы егін егуге жарамды 28,2 млн. десятин жердің 22,7

млн. десятинасын жергілікті халықтан тартып алған.

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы мүліктердің жылжитын

және жылжымайтын болып бөлінуі Қазақстан Республикасы Азаматтық

кодексінің 117-бабымен белгіленген.