Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі

Билердің құрылымдық жүйесі.

Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік ел басқару жүйелері

болған. Олар: ел басшысы-ханы, елдің тыныштығын ойлаған ерлері, сөзін

сөйлеген шешен-билері.

Қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес

салмағы айрықша. Себебі, мемлекеттің саяси және әлеуметтік қалпын тек

қана ғұрыптық құқық емес, сол сияқты рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде

де ұштастыра әрі теңдестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым

ретінде дәстүрлі билер институты орасан зор рөл атқарды. Ол мемлекеттік

басқару жүйесімен тығыз астасып жатыр, сондықтан халық пен билеуші

топтардың белгілі бір әлеуметтік-саяси құндылықтар төңірегінде топтасуына

тікелей ықпал еткені анық.

Қазіргі күні «би» сөзінің этимологиясы жайлы бірауызды

келісіп-пішілген пікір жоқ. Бұл мәселеге алғаш көңіл аударған Г.Вамбери,

В.Радлов тәрізді ғалымдар «би» сөзінің төркінін көне түркі тілінің билікті,

жоғарылықты білдіретін мағынасынан іздесе, мұны Құрбанғали Халид «би-

10

бектен», «бек-бүнектен», - деп көрсетеді (қысқарған атаулар). Қарастырылып

өткен ғылыми болжамдардың айналып келгенде, бір ғана пікір төңірегінде

тоқайласып жатқанын аңғару қиын емес. «Би» сөзі ежелгі түркінің «бек»

сөзінен бас алады да, негізінен «басқару», «билеу», «билік ету»

ұғымдарын білдіреді. Олай болса би терминінің пайда болу уақыты да ежелгі

түркі заманына тірелетіні даусыз. Көшпелі тұрмыс-тіршілік үрдісіне

сүйенген қоғам жағдайындағы билер институты дегеніміздің өзі, ең алдымен,

мұрагерлік заңына негізделген дәстүрлі аристократиялық билік-хандық

институтына қарағанда халықтың қайнаған ортасының өзі тарихи

қалыптастырып шығарған демократиялық билік тұтқасы. ХУІІІ ғасырға дейін

билер институты бірнеше сатыдан өтті:

1. Сонау түркілер заманынан ХІІ ғасырға дейін. Қазіргі Қазақстан

территориясында қалыптасқан көшпелі қоғамдардың кезеңіндегі ақсақалдар

көшпелі қоғамдардың алғашқы кезеңіндегі ақсақалдар кеңесі, ру-тайпалық

құрылымның өзін-өзі басқару тәрізді қоғамдық тетігі ретінде бек, би

институттарының пайда болуының негізгі алғы шарты болып табылады.

2. ХІІ-ХІУ ғасырды қамтиды. Бұл кезеңде билер институты одан әрі

етек жая бастады, бірақ мұнда билер институтының ара-жігі әлеуметтік

өмірдің жоғарғы сатысындағы басқару жүйесінен ажырамаған.

3. ХУ-ХУІ ғасырлар. Бұл аралықта қазақ хандығының негізі қаланып,

билер институтының түпкілікті қалыптасып болуы жүрді. Сондықтан ноғай

ордасының саяси құрлысы билердің ең жоғарғы мемлекеттік лауазымдық

болғандығын айтуға болады. Алайда бұл дәуірде билер институты хандық

инстутынан әлі нақты бөліне қоймағанды, сондықтан да сөз болып отырған

кезеңде билер институты «батыр», «жырау» институттарымен тығыз астасып

жатыр.

4. ХУІ-ХІХ ғасырлар. Әсіресе ХУІІ ғасырдың екінші жартысынан

ХУІІІ ғасырдың алғашқы он жылдығында билер институты шырқау шегіне

жетті. Бұл тұстағы билер институтының тарихи функциясы – бір жағынан ру-

тайпалық қарым-қатынастарды реттеп отырушы әлеуметтік тетік, екінші

жағынан, аристократиялық хан билігін теңдестіріп отырушы саяси тетік.

Қазақ мемлекеттігі тарихында билердің орны әр дәуірдің тарихи

оқиғасымен мәні арта түсіп, ірі тұлғаларға айналғаны анық.

Билер-Ата би, Төбе би, Қатар би, Жеке би, Төтен би, Бала би болып

бөлінген. Ата би – бұрын билік құрған, талай елдік істер мен даулардың

тағдырын шешіп, елге танылған, енді қартайып, билік ісін ізінен ерген кіші

билерге тапсырған адам. Ол биліктен қарттығына байланысты қалғанымен,

кейінгі билер қауымы оны ақылшы, кеңесші ретінде тұтынып, батасын алып

отырған.

Төбе би – елдік немесе өңірлік (регион) аумақта сайланып қойылатын

қаламыш билер. Тарихымыздағы Төле, Қазыбек, Әйтеке билер өз өңіріндегі

(жүздіктерінде) төбе билер болған. Төбе билерді сайлайтын халық емес,

билер жиынында сайлаған. Оларды қалаулы, қаламыш билер деп те атаған.

Қатар билерге-қазақ билері құрамындағы Төбе биден (Төле би)

басқалары, яғни бір-бірінен артықшылығы жоқ, тең құқылы билер жатқан.

11

Олар - Қазыбек пен Әйтеке билер. Сол сияқты әр жүз билері құрамында да

төбе және қатар билер болған.

Жеке би-әрбір ауыл, кіші рулық бөліністе билер құрамы болмаған,

олардағы би-біреу (жеке) болған. Жеке билер сайланбаған немесе қаламыш

би деп те аталынбаған.

Төтен би - екі ел арасындағы кейбір даулы мәселелерді шешіп келуге

ел арасындағы билерден таңдама билер тобын құрып, өкілетті етіп

жіберілетін билер (төтенше би деп те атаған). Бұл билер сайланбаған, олар

елдің беделді адамдарынан құрылған.

Бала би-билік дәрежесін әлі иеленбеген, билік айтуға талап қылып,өзін

әр жерден көрсете бастаған жеткіншек. Ал кейін ондай талапты жастарды

үйренсін деп, ірі билер қосшылыққа алып жүрген. Билік ісі жүріп жатқанда,

жаңағы бала би мұқият тыңдап отырып, берілген биліктің жетімсіз жақтары

болса немесе билік етуші би тоқырап қалса бала билер билікке араласып өз

билігін айтатын болған.

Мұнан басқа да қазақтың ресми емес билері болған. Олар ел

басқарушысының өздері (хандары) олар билік айтып, халыққа жарлық ететін

болған. Сондай хандардың қатарында Тәуке мен Абылай хандардың

болғандығын айтқан жөн. Солардың билік іс әрекеттері халық

сүйіспеншілігінен әркез орын тапқан. Билер қара қылды қақ жарған

әділеттігімен де, суырып-салма жыраулығымен де, би, батыр, жырау,ақын

ұғымдарын бір басына сыйғыза білген қоғамдық-саяси қайраткерлер болды.

Қазақта би болудың, екі жолы танылған. Соның бірі ата жолын қуу

дәстүрі. Яғни, бұл жол бойынша әкесі би болған бала осы қасиетті бойына

сіңіріп, әкесінен тәлім-тәрбие алып оның ісін әрмен қарай жалғастырып

отырған. Оған мысал ХУІІІ ғасырда орта жүздегі Қаракесек руынан шыққан

белгілі Қазыбек бидің үшінші ұрпағына дейін осынау құрметті би атағы

сақталған. Бұл дәстүр бойынша би болған адам билік айтуды балаларына

мұраға қалдырып кетпейді. Мұнда бидің баласы өзінің ойлау қабілетінің

және ақылының артықтығы арқылы «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің»

немесе «ата көрген оқ жонар» деген қағидаға сүйеніп әке жолына түсіп

отырған. Би болудың екінші жолы бұл суырылып шыққан талантының

арқасында тек қана қара сөздің ғана шебері емес, сондай-ақ өлең сөздің және

көсем сөздің шебері болған, дана ақылгөй, данышпан, қара қылды қақ

жаратын әділдігімен көріне білген және халықтың әдет-ғұрпы мен сот

заңдарын терең біліп, оны өзінің көркем сөз әлде, көсем сөз өнерімен, яғни,

сөзуарлық талантымен көпшілік алдында бір емес бірнеше рет сынға түсіп

әділдігін, ақылдылығын көрсете алған адамға халықтың мойындауымен «би»

деген атақ берілген.

Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов былай дейді: «Қазақтарда құрметті би атағы

халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған

өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік

өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген». Би атану үшін халық алдында

әлденеше рет шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін,

шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі жұртқа танылған.

12

Би деп халқы мойындап елі танығаннан кейін би қоғамдық қатынастардың

барлығына араласқан олар: құн дауы мен жесір дауы, жер дауы мен мал

дауы, ар мен намыс дауына кесім айтып, тілек айтып бата беруші, береке

тілеуші, жақсы мен жаманды, обал мен сауапты дәл ажыратушы, дәлелді де

қисынды уәж айтушы болған.

Қоғамдық қатынастардағы барлық дау-дамайды қандай қиын болса да

сабырлықпен, көптің қатысуымен, игі жақсылардың төрелік етуімен,

билердің билік құруымен шешіп отырған. Елде абақты, түрме дегенге

қажеттілік болмаған. Бітім, құн беру, келісімге келу, ағайыншылық жолмен

талай күрделі мәселелердің күрмеуі шешіліп отырған. Сондықтан да қара

қылды қақ жарар әділдікпен айнымаған билердің ежелден ұстанымы «тура

биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағида болған.

Билердің билік айту тәжірибесі қараған істерінің саны өсіп, сапасы

жақсарған сайын арта түскен.

Би туралы түсінікті әр қырынан, жан-жақты танудың нәтижесінде

билер қызметіне зерттеуші ғалымдар мынадай тұжырымдама береді.

Би – көсем.

Ол – көпті көрген, яғни, «көре-көре көсем болған» көкірек көзі

қиядағыны шалатын, оны оралуы, көнені ғана көріп қоймай, болашақты да

тап басып, болжам жасай алатын, әрдайым халық көңілінен шығатын жан

болуы шарт.

Би – шешен.

Ол – сара сөздің саңлағы. Бірде астарлап, бірде мысқылдап, сүйектен

өткізіп, мақсатпен бауыздап, қажет жерінде қара тасты қақ айырып түсерлік

семсерден бетер от ауызды, орақ тілді ұшқыр сөз зергері.

Үш кемеңгер би Төле, Қазыбек, Әйтекенің әрбір сөзін төгіліп тұрған

жыр емес деп кім айтады? Ұйқасының қалаған тастай беріктігі, әр сөздігі

сазды ырғақ үндестігі қас ақынға тән шеберлік болмай, немене?

Би – заңгер.

Халық арасында «Би екеу болса – дау төртеу болады» деген сөз бар.

Бұны даулы мәселені екі би емес, үш би шешеді деп түсіну қажет. Олардың

бірі айыптаушы (прокурор), екіншісі ақтаушы (адвокат), үшінші төбе би

(судья).

Би – елші.

Ол тек ішіндегі ғана емес, мемлекетаралық даулы мәселелерді шешу

үшін жат жерге де білек сыбанып барған. Оған «Жауластырмақ – жау шыдап,

елдестірмек - елшіден», «елшісіне қарап елін таны» деген халық даналығы

дәлел.

Би – жүрек жұтқан батыр.

Бидің батырлығы – қолына қару алып жауға шабуында емес,

қылышынан қан тамған қаһарлы хан, сұлтан немесе елден-судан кеткен

ежелгі жау алдында тұр екем деп имекбей керекті жерінде өткір тілімен

турап түсетін әділ сөзін айтуында.

Би – саясаткер, қоғам қайраткері.

13

Олар ел мен ел арасындағы қоғамдық мәні зор саяси мәселелерді

шешуде хан-сұлтандардың негізгі тірегі, кеңесшісі болған. Мысалы, Жәнібек

ханның сыртқы саясатының мәселелеріне баға беріп, жөн сілтейтін 60 биі

болған, Абылай ханның 8 биі болған. Күлтөбе, Мәртөбе бастарында өткен

талай әйгілі кеңестерде, келелі істерде кеңес берген осы билер.

Би – ойшыл ғалым.

Ол халық тарихын, әдет-ғұрпын салт-санасын меңгерген, кемел ой

түйген философ, ғылымның әр саласынан хабары бар білімпаз. Олар өлмес

қағида, қанатты сөздер қалдырып, болашаққа көріпкелдікпен болжау жасаған

данагөйлер.

Би – психолог.

Би адамның жан-дүниесін, мінез-құлқын бір көргеннен тап басып

танитын, кәнігі психолог болуы шарт. Қарсыласының жан-дүниесіне

үңілумен қатар, билер олардың әрбір қимыл-қозғалысын, үн-бояуын қалт

жібермей қадағалап, соған орай өзі де дауыс ырғағын құбылтып, әр сөзінің

мән-мағынасын ашатындай қимыл-қозғалыспен бет пішінін, қас қабағын

ойната білетін тамаша артистік қабілет иелері. Олар әр сөздің жүректен

шығып, жүрекке жетіп отыруын көздеген.

Би – тәрбиеші.

Би атанып халыққа танылғандар «өзім болдым, өзім - толдым» деп

келте ойламаған қал-қадірінше жоқ-жітіктің, әлдіден зәбір көрген әлсіздің

жоғын жоқтап, ел-мүддесін көздеген, жастарға батасын беріп, өмір бойы

жинақтаған тәлім-тәрбиесін, ұлағат сөздерін құлақтарына құюдан

жалықпаған.

Қазақ билерінің маңызды мемлекеттік істерді ойлап шешетін

орталығын «билер Кеңесі» деп атаған. Олар билердің келісуімен белгілі бір

жерде өтіп, мәмілеге келіп отырған. Сонымен қатар билер кеңесіне үш

жүздің атақты билері қатысқан.

Осындай кеңестердің бірінде қырық рудың қырық биі қазіргі Сырдария

облысы Ангрен өзенінің сол жағалауындағы Құлтөбе басында Ханабай атты

Тәуке ханның ордасында қазақтың әдет-ғұрыптық заңының жиынтығы «Жеті

жарғы» қабылданған.

Бұрын сот процесін ауыз екі сөз жарыстыру ретінде өтсе, кейін Ресей

құрамына енген соң сотта жазушы пайда болды. Сол сияқты бидің мойнында

би екендігін білдіретін белгі болды. Би бұл жез белгіні уезд бастықтарынан

алатын болды. Билер сотында оның билігін немесе қандай болмасын басқа да

әрекеті орынайтын арнайы қорғаушыға жол берілді. Жалғыз бидің билігін

орнына келтіруге ауыл ақсақалы міндетті болды.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында билерді сайлайтын болды. 1822-1824

жылдан 1854 жылдардағы отарлау саясатын іске асыру үшін жасалған

реформалар билер сотының императорлық сотпен алмастырғысы келді.

Билер соты мынадай инстанцияларға бөлінді:

1. Рулық

2. Төменгі рулық

3. Ауылдық

14

1867-1868 жылғы Уақытша Ереже бойынша халық қазынасы болып

келген билер институты түпкілікті жойылды. 1822-1824 жылы және 1859

жылғы уставтар бойынша империялық сотқа билерден алынып берілген істің

түрлері:

1. Кісі өлтіру

2. Барымта мен тонау

60 жылдары билер сотының шешімін чиновниктерді

қанағаттандырмады. 1867-1868 жылдардағы реформа билер сотын «халық

соты» деп атады. Үш жылға сайлап оны генерал губернатор бекітті.

Губернатордың ерекше рұқсатымен төтенше билер съезі шақырылды. Онда

уездер арасындағы даулы мәселелер шешілді. Осыған байланысты

қылмыстық істерді де қарап, әділ шешім қабылдап отырды.

Сот процесі. Билер шешімдері.

Қоғамдық даулы-мәселелердің, талас-тартыстардың көбі адамгершілік

рухани ережелерімен, талаптарымен шешіліп жатты. Себебі көшпелілер бір-

бірін соттасуға, бет ашысуға қимайтын, яғни олар адамның рухын жоғары

қойды.

Қазақ қоғамындағы сот процесінің басты мақсаты-бітім еді. Яғни,

дауласушы не арыздасушы жақтарды жұрт алдында келістіріп, бітімдестіру.

Қазақ билері-бірлік, ынтымаққа шақыратын шешімдерді, даулы істерді

бітімге келтіретін шешімдерді және айып салатын шешімдерді ұстанған.

Бірлікке, ынтымаққа шақыратын шешімдердің бірі-үш жүздің билері

Ордабасыға жиналып, елді жоңғар басқыншылығына қарсы топтасуға

шақыру болды. Нәтижесінде ата жауын талқандап, өзінің ұлттық тұтастығын

сақтап қалды.

Бітімге келтіретін үлкенді-кішілі шешімдер бола берген. Ол, әсіресе ел

арасындағы, жеке адамдар арасындағы дау жанжалдарды реттеуге, рухани

кінәсін жоюға бағытталған.

Айып салатын шешімдерге билер кінәліге айып салып, соны

орындаттырған. Айып түрлері аз емес.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында дейін билердің шешімі жазба түрде еш

жерде түсірілмеген. Көбіне ауызша, фольклорлық негізінде сақталып келді.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, «билер кітабы» ашылды. Онда сот

үкімдері, би шешімдерінің қысқаша мазмұны жазылатын болды. Билердің

билігі, үкімдері жеке құжат ретінде толтырылып сақталғандары да бар.

Билер сотындағы сот процесінің бір ерекшелігі – оның жариялығы мен

ашықтығы. Қандай дау болмасын, билер оны қараған кезде жариялықты және

сот процесінің ашық болуын қамтамасыз етіп отырды. Бұл жөнінде қазақ

әдет-ғұрып құқығын терең зерттеушілер … қазақ билерінің билік айтуы, іс

қарауы ашық түрде жариялылық принципі негізінде жүргізілген. Сондықтан

әділ сот ісінің барлық оқиғалары, дәлелдеу процесі қатысушылардың көзінен

таса болмаған. «Істі құпия түрде қарауға тыйым салынған» деген

С.Созақбаев.

Сот процесі басталғанда әрбір тарап бидің алдында даудың қалай

басталғанын және қалай болғандығы жөнінде өз ойын ортаға салады. Дауда

15

бірінші сөз шағымданушы жаққа беріледі, ал одан кейін би жауап беруші

жаққа сөз береді. Өз кезегінде жауап беруші өзіне қарсы айтылған

айыптаулардың әділеттігін толықтай немесе жартылай мойындаса және

келтірген залалдың орнын толтыруға дайын екендігін айтса, би бірден екі

жақты келісімге келтіріп, бітім жасасқан.

Егер жауап беруші жақ айыптауды негізсіз десе, онда сот процесі істі

қараудың келесі сатысына көшті. Мұндай жағдайда айыптаушы жақта, жауап

беруші жақта өз жақтарынан куәларды келтірген. Куәлар өздерінің

сөздерімен белгілі бір жақтың сөздерін мойындап немесе теріске шығарып

отырды.

Билер куә болуға барлық адамдарды жібере бермейтін. Куә бола

алмайтындар қатарына әйелдер, жасы он беске толмағандар, ақыл-есі толық

емес адамдар және соған дейін өтірік куә бергені үшін ұсталғандар,

төлеңгіттер мен құлдар жатқызылды. Сонымен қатар баласы әкесі үшін,

немересі атасы үшін, яғни жақын туысқан адамдар сотта куә бола алмады.

Дауласушы жақтардың егер оған себептері болса, куәларды қаралып жатқан

даудан аластатуға құқылары болды. Мұндай себептерге мыналар жатты:

куәге пара беру, туысқандық, айыптаушымен немесе жауап берушімен

достығы немесе қастығы. Дәл осындай себептермен би де дауды шешуден

аластатылуы мүмкін. Бірақ егер мұндай айыптаулар дәлелденбеген жағдайда

айыптаушы жақ жазаға тартылды.

Егер куәларды келтіру арқылы істі шешу олардың жоқтығынан мүмкін

болмаған жағдайда, дауды елге беделді, танымал адамдардан ант алумен

бітірген. Билермен ант алып, ант беру көпшілік жағдайларда: ер құны, жесір

дауы, ұрлық, жер дауы сияқты күрделі дау-жанжалдарда қолданылатын

дәстүрлі заң болған.

Негізінен анттың екі түрі қолданылған. Біріншісі, жауап беруші адам

қабылдайтын «ақтайтын» ант, ал екіншісі, шағымданушы жақтан

қабылданатын «айыптаушы» немесе «теңдік» деп аталды. Бұлардың

біріншісі іс жүзінде көп қолданылған. Өйткені, билер кішігірім дауларда,

егер қылмысын дәлелдейтін нақты айғақтар болмаған жағдайда жауап

берушіден ант алу арқылы дауды бітіріп отырған.

Қазақ қоғамында ант қабылдау деген өзіне тән жауапкершілік алды

дегенмен бірдей болды. Негізінен дауда ант қабылдау дауды шешуде барлық

басқа мүмкіндіктер қолданып болғаннан кейін ғана белгіленді. Мұндай

жағдайда би жауап берушіге оның кінәсіз екендігін дәлелдейтін ант

қабылдауды талап етті. Ант қабылдау үшін жауапкер жақтан бірнеше кісі

шыққан. Ант қабылдайтын адамға деген талаптар куәларға қойылатын

талаптармен бірдей болды. Сонымен қатар ант қабылдайтын адамды қарсы

жақ өзі таңдайтын. Бірақ осы таңдаған адамы жауапкермен араздықта болмау

керектігін билер қадағалап отырған. Ант қабылдауға адам таңдалғаннан

кейін, билер ант қабылдау жерін, уақытын белгілеген.

Қазақ әдет-ғұрып құқығында ант қабылдаудың түрі және нұсқалары

көп болған және оны даугер таңдаған. Егер ант қабылдайтын адам

жауапкердің кінәсіз екендігіне сеніп, белгіленген жерге уақытында келіп, ант

16

қабылдаса, онда би жауапкерді кінәсіз деп тапқан. Олай болмаған жағдайда,

яғни, ант қабылдаушы жауапкерді кінәлі деп тапса, ол белгіленген жерге

келмеуге құқы болған. Ондай жағдайда би ант берушіні күтпей, оның

келмеуін біржақты талқылап, шағымданушының талаптарын орынды деп

тапқан.

Сот процесінің осы сатыларынан кейін бидің дау бойынша шығарған

шешімін екі дауласушы жақ әділетті деп тапса, онда дау бітті деп саналып,

дау біткендігінің рәсімі ретінде шағымданушы мен жауапкер орталарынан

ала жіпті кестірген. Бұл екі жақтың бітімге келгенін және алдағы уақытта осы

дау бойынша шағым қабылданбайтынын білдірген. Егер екі жақтың бірі

бидің шешімін орындаудан бас тартса, онда екінші жақ шешімді орындату

үшін заңды күштеу құралы «барымтаны» қолдаған. Бұл негізінде жәбір

көруші өз құқығының бұзылғандығына байланысты оның орнын толтыру

үшін қарсыласының малын айдап әкетуден шыққан.

Тәуке ханның «Жеті жарғысы» бойынша айыпталушы сот үкімін

орындамағанда немесе ауыл ақсақалы дауды мәселені әділ шешуден бас

тартып, қылмыстыны өз қорғауына алған кезде жәбірленушінің

ауылдастарында, руластарында амалсыздан барымтаға таратын құқығы

болған.

Сот процесі дау бойынша ақиқатты ашуды мақсат тұтады. Сондықтан

бұл мақсатқа жетуге ешкім және еш нәрсе кедергі болмауы керек. Сот

алдында әркім өз ойын, көргенін, білгенін және естігенін ашықта анық, тіке

де тура, ешкімнен қаймықпай айтуға ерікті әрі міндетті.

Сот процесінде талапкер билерді олардың жасына, лауазымына,

байлығына қарап алалауға жол бермеуі керек, дауласушы жақтардың

мүддесін қорауға олар өзара тең, бірінен-бірінің ешқандай айырмашылығы

жоқ. Сонымен бірге сотқа қатысушылар артық іс-әрекетке, сөзге бармауы

керек, бір-бірінің намысына тиетін, ар-ождандарына нұқсан келтіретін

қимылдар жасамауы керек.

Процессуалдық норма бойынша әдет заңына сотты мойындау және

биге сенбеу институттары болды. Егер бидің әділдігіне өтірік айып тағылған

болса, ол үшін жауапкер немесе арыз беруші айып төлейді. Сот кезде істің

көнеруіне байланысты сотты жүргізуден бас тарта алады. Сот алдына қамшы

тастап жүгініп отыру сол сот шешімінің қандай болғанына да көнеміз деген

ұғым еді. Сот процесіне кедергі келтірген үшін кедергі келтірген тұлға жауап

береді. Куәгерді, жауапкерді сотқа алып келу, арыз иесіне тапсырылды. Егер

келмесе зорлап, күшпен әкелуге рұқсат берілді.

Әйелдер, жауапкердің туыстары, жасы толмағандар, есі кемістер

куәгер бола алмайды. Әдет заңы бойынша куәгерді әлеуметтік жағдайына

байланысты бөлді. Мысалы: сұлтан, би, беделді адамдар куәсі ешбір антсыз

қабылданды, ал жай куәгерлерді туыстары куәландырды. Сот шешімін тек

жауапкерге ғана емес, оның туыстарына да жүктелді. Барымта дауы ұзаққа

созылып екі жақ қайта-қайта барымта жасаса, соңынан екі жақ салауат

(келісім) және үрел деп аталған, яғни кісі өлімін кешірген.

17

ІІ тарау. ӘДЕТ ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАМТЫҒАН САЛАЛАРЫ