- •Isbn 9965-617-51-1
- •Isbn 9965-617-51-1 © Смағұлова а.С.
- •1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
- •1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
- •1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі
- •2.1 Әдет заңындағы отбасы-неке құқығы
- •2.2 Меншік әдет заңы
- •2.3 Мұрагерлік құқық
- •2.4 Міндеткерлік
- •2.5 Қылмыстық әдет заңы
- •3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны.
- •3.2 Қасым ханның хандық құрған кезеңі
- •3.3 Қазақ мемлекеті тарихындағы Қасымның орны мен маңызы
- •3.4 «Қасым ханның қасқа жолы»
- •3.5 «Есім ханның ескі жолы»
- •3.7 Қазақ әдет- ғұрпына шариаттың әсер етуі
- •3.8 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктері
1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
Әдет заңдары өз бастауларын тереңнен алған. Тайпалық одақтар сол
кездегі әдет заңдарымен биленді. Соның ішіндегі ең құндысы саяси
мұрагерлік әдет заңдары болды. Сақтар дәуіріндегі көшпелі тайпалардың
қоғамдық құрылысына әскери демократиялық белгілері тән болды. Оның
құрылысының әлеуметтік негізі қандас-туыстас және одақтас тайпалар
болды. Сақтардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылар да әскери демократия
сатысын бастан кешірді. Олар тайпалардың тұрақты одақтарын құрды,
өздеріне патша сайлай алды. Ондай қоғамның ұйытқысы рулар еді. Соғыс
бола қалған жағдайда олар өздерінен рубасылар бастаған әскер жасақтарын
шығарды. Ғұндардың одағы 24 бөлшектен құралған, олардың әрқайсысын
рубасылар басқарған.
Ғұндардың ел билеушісін «Тәңір-құты» деп атаған. Ғұндардың б.з.д.
ІІІ ғасырда: «Ұлықтардың лауазымы мен мәртебесі атадан балаға мұра болып
қалады»1 - деген заңы болған. Бұл заңда мұраға қалатын атаның тағы мен
мәртебесі. Тақ билігі – мемлекет басқару билігі, бір елдің саяси, әкімшілік
және әскери билігінің бір қолда шоғырланған көрінісі. Мәртебе – ризық,
атадан балаға қалған ел, жер және байлық. Елді билеп келген мәртебелі
әкенің сіңірген еңбегі даусыз, ол көз жұмарда тақты ұлына қалдыруы да
заңды. Оның ұлдары мен әулеті ел билеу істеріне араласады, ел басқарудың
қыры мен сырына қанығып өседі, үйренеді, жетіледі, даярланады. Бұл ел
билігін сенімді қолға тапсырудың және оны сабақтастырудың алғы шарты.
«Үйсіндер ғұндармен әдеттес». Үйсіндердің мұрагерлік заңында «Әке
өлсе, ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер» деген бар. Үйсіндер ел билеушісін
«Күнби» деп атаған. Үйсіндердің саяси өмірінде «билер Кеңесі» болған.
«Билер бітімі» біріншіден дауларды шешіп ел ішін алалықтан сақтап келсе,
екіншіден мұрагерлік институтқа да ықпал жасаған, яғни билер мұрагерлік
заңды бұзуға жол бермеуге тырысқан.
Мұрагерлік үрдіс түркілерде де болды. Түркілерде мұрагердің таққа
отыруы алдыңғы қағанның ауызша өсиеті, тәңірінің қалауы және сайлам
сияқты үш түрлі жолмен іске асырылып отырды. Түркілерде де «Әке өлсе
ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер» болды.
Түркілер мұрагер таққа отырғанда киіз жаю, атқа мінгізу, киізді «күн»
деп айналу, мұрагерлікке отыру жосығына киелі оқ берген, қағанның билігі
тәңірінің қалауымен дарыған деген түсінікті санаға сіңірген.
Түркілерде кей кездері қағанның таққа отыруын ел ақылшылары
«билер Кеңесі» мақұлдайтын түрлері де болған. Түркі заманында қағанның
таққа отыруы мұрагерлік, тәңір талғамы және сайлам сынды үш фактордан
тұрды. Мұрагерлік - негіз; сайлам – мұрагерлікті ел болып тану; ал тәңірі
талғамы – қаған билігін жаратқанның жарылқауы деп қасиет беріп көрсету
болған. Ежелгі тайпалардағы саяси мұрагерліктің өзіне тән ерекшеліктері де
болды, яғни:
1. Мұрагерлік мұраға қалатын өмірлік лауазым, ірге бүтін, ел іші
тыныш болса мұра мұраға ұласады.
5
2. Мұрагерлік билігі шектеусіз лауазым. Биліктің шырқау биігінде
отырған билеуші өз әмірін шектеусіз жүргізген, олардың алдыға
қойған мақсаты: тақ иесінен қалған билікті, елді, жерді, дәулетті
мықтап иелігінде ұстау, ел тыныштығын сақтау, жерді кеңейту, ел
қуатын күшейту, билік абыройын арттыру болған.
Осылайша қалыптасқан Түрік қағанаты кейін Шығыс және Батыс Түрік
қағанаты болып екіге бөлінген. Әрбір қағанат өз алдына жеке саяси құрылым
болып, өздерін «Ел» деп атаған. Түрік қағанаттарының әлеуметтік құрылымы
күрделі болды. Ол байлардан, шығайлардан (кедейлер), таттардан (тәуелді
шаруалар), құлдар мен күңдерден құралды. Мемлекеттік ұйымының басында
қаған тұрды. Құқықтық әдет-ғұрыптармен қатар жазба заңдар да болды.
Оларды «Төру» деп атаған. Бұл ұғым ХУІ ғасырға дейін қолданылып келді
де, одан кейін «Төре бітігі» деп аталатын соңғы заңдар жинағы қабылданған.
Заң шығару ықтияры қағанның қолында болды. Қазақтың «жарлық» деген
сөзі түрікше «ярлық» деп айтылады.
Осы ежелгі заманда қалыптасқан құқықтық ұғымдар кейінгі
кезеңдердегі саяси құрылымдардың мемлекеттік-құқықтық өміріне мықтап
сіңді де, оларды қазақ халқы мирас етіп алды.
Түрік қағанатынан кейін қимақтар мен қыпшақтардың саяси бірлігі
Қазақстан аумағында пайда болды. Олардың ішкі саяси бірлігі және
қоғамдық құрылымы, әдет-ғұрыптар мен заңдар жүйесі Түркі қағанатының
құрылымымен бірдей болды.
Қазақстан жеріндегі Түркі халықтарының саяси дамуының табиғи-
тарихи процесін ХІІІ ғасырдағы моңғол шапқыншылығы бұзып жіберді.
1206 жылы моңғолдың заңдар жинағы-атақты «Шыңғыс ханның Яссасы»
қабылданды. Сол заңдар жаулап алған елдердің барлығына қолданылып,
олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттейтін
болды.
«Ясса» бойынша басыбайлылық қатаң тәртіп орнатылды. Әскери
тәртіпті бұзушылық, құқықтық тәртіптен сәл ғана ауытқып, жаза басқандарға
дереу өлім жазасы қолданылды.
Алтын орда заманында ескі негізде жаңа жағдайға сай Өзбек ханның,
Едіге бидің Низам жүйелері қабылданды.
ХУ ғасырдың ортасына таман Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін
Керей мен Жәнібек Өзбек хандығына қайтып келіп, өкімет билігін өз
қолдарына алады. Сөйтіп қазақ мемлекеттігінің негізі Қазақ хандығы
құрылды.
Қазақ хандығы заңдарының түп-төркіні әдет-ғұрыптық ережелер
ежелден ел салтына енген.
Қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізгі белгілері:
1. Патриархалдық туыстық ереже, яғни туыстардың бір-біріне өзара
көмегі.
2. Ескіден келе жатқан көптеген ережелер мен институттар, яғни
қағидасы қанға-қан алу, әмеңгерлік т.б.
6
3. Қылмыстық іс пен азаматтық құқық бұзушылықтың арасын айырып
көрсетпеуі.
4. Саяси қылмыс институты түсінігіде қалыптасты, яғни Отанды сату,
майдан шебінен қашу және әскер басшылығына бағынбау.
