- •Isbn 9965-617-51-1
- •Isbn 9965-617-51-1 © Смағұлова а.С.
- •1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
- •1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
- •1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі
- •2.1 Әдет заңындағы отбасы-неке құқығы
- •2.2 Меншік әдет заңы
- •2.3 Мұрагерлік құқық
- •2.4 Міндеткерлік
- •2.5 Қылмыстық әдет заңы
- •3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны.
- •3.2 Қасым ханның хандық құрған кезеңі
- •3.3 Қазақ мемлекеті тарихындағы Қасымның орны мен маңызы
- •3.4 «Қасым ханның қасқа жолы»
- •3.5 «Есім ханның ескі жолы»
- •3.7 Қазақ әдет- ғұрпына шариаттың әсер етуі
- •3.8 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктері
3.5 «Есім ханның ескі жолы»
1598 жылы туған ағасы Тәуекел-бахадұр ханның ақ өлімінен соң ел
билігін қолына алған Еңсегей бойлы Ер Есім хан атағына да, ата тағына да,
асқарлы жұртына да лайықты тұлға болатын. Ол қазақ тарихында «Еңсегей
бойлы Ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұндай атақ 1598 жылы ағасы
Тәуекел ханмен бірге Мауараннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені
үшін берілген екен.
Есім хан – Шығай ханның баласы, ол бұрын Қазақ хандығының
Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Тәжірибелі қолбасы ғана емес,
білікті саясатшы 1598 жылы күзде Бұхар әміршілерімен арада жасалған
тиімді бітім шартынан соң Есім хан Қазақ Ордасының сыртқы шекарасын
бекітумен қатар, оның ішкі жағдайын да әбден орнықтырады. «Есім ханның
ескі жолы» аталатын заң желісі осы кезде қабылданған. Есім хан қазақ
хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. Есім
ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған
сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Сонымен 1603 жылы Есім
хан бұхар хандығымен бастайды. Себебі Бұхар хандығында ежелгі Шибан
әулетінің орнын басқан жаңа әміршілер – Хажы-Тархан әулеті бұл қазақтарға
көнгісі келмейді. Бітім шартты бұзып, соғыс ашады. 1603 жылы басталып,
1624 жылы аяқтаған қазақ-бұхар соғысының барлық кезеңінде де айқын
59
басымдық қазақ жағында болады. Тынымсыз жүргізілген жиырма жылдық
қазақ-бұхар соғысында екі жақтан бірдей қаншама әскер қатысқан, ерекше
қантөгісті жеті үлкен шайқас болыпты. Ең бірінші ұрыс – Айғыр-Жарда
болған екен. Жиырма жылдық қазақ-бұхар соғысының жетінші, ең соңғы
үлкен ұрысы 1624 жылы Фергана жазирасында, Ахсы қамалының түбінде
болады. Қазақ Ордасының қалың қолын бастаған – Есім ханның өзі. Бұл
жолы да алаш ұраны өктем шығады. Осымен бұл соғыс бітеді, Есім хан
билігіне келген кездегі оңтүстік шекара берік бекиді. Ауыр күрес, ұлы жеңіс.
Қазақ Ордасы Орта Азияның шулы базарына – сол арқылы бір жағы Ұлы
Моғол империясы – Үндістанға, бір жағы Иран мен Орта шығыс елдеріне
жол ашты. Енді Есім хан ежелгі жібек жолының түйінді бір бөлігі – Шығыс
Түркістан үшін күрес бастайды. Шығыс Түркістанға жорық жасап, оларды
жеңіп алады. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң, оны Жәнібек
ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан
басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз
атынан ақша соқтырып, «баж және хараж» алым-салықтарын жинады.
Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, бірі Түркістан қаласын орталық еткен
Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. бұлардың
арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ
билеушілерінен өздеріне одақтас-жасақтар іздеуге кірісті. Есім хан Яркент
хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал
Тұрсын ханжағы Яркент билеушісі Шамай Ахметтің жақтасы болды.
Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен
жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету
үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құнды құдандалық байланыс орнатты. Есім
хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленеді де, ағасы күшік сұлтанның
қызын Әбдірахимге береді. Есім мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе
түсті, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз
қоластына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ
хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы Ер Есім»
атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей
түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды
қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, солайша Есім шошып оянған
Тұрсын ханның басын алады. Есім хан өзінің саясаткерлігімен өз қазақ
халқының тұтастығы мен бірлігін нығайту жолында көп қилы да қиын
күреседі. Есім хан өз хандығында ішкі саясатта ғана емес, сыртқы немесе
әскери саясатында өте үздік болған. Сондықтан соғысу тақтикасын жақсы
меңгерген екен. Соның бір дәлелі бұхарлықтармен қақтығыстар кезінде
көрінеді. Тағы басқа, есім хан қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды.
Еңсегей бойлы Ер Есім хан тұсында, Қазақ Ордасы кемеліне келіп
тұрған заманда, ойрат, яғни қалмақ жұрты мен алаш жұртының арасындағы
ежелгі қайшылық біржола ушығады, бұдан жетпіс-сексен жыл бұрын
басталған тынымсыз майдан енді, бітіспес күреске ұласады.
Махмуд ибн Уәлидің айтуына қарағанда Есім хан 1628 жылы қайтыс
болған. Ал «Қазақ Совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда Есім
60
1645 жылы қайтыс болған көрінеді. Олай болса Есім ханның жаңағы
қалмақтар жорығында 1643 жылы болғаны ықтимал.
Сонымен Есім ханның саясаты мен күшті әскерін оның маңызды
еңбегі десек те болады, яғни «Есім ханның ескі жолы» аталатын заң желісі,
Есім ханның 40 жылдан артық хандық етіп тұрған кезінде, өзінен бұрын
өткен шөбере жердегі атасы Қасым ханның қалдырған «әдет-ғұрып, салт-
сана» заңдарына сүйеніп, көптеген «жол-жоба, кәде қаумет» заңдарын
шығарған. Есімнен кейінгі қазақты билеген хандардың кезінде қолданылғаны
«Есімнен қалған ескі жол-жоба» болғандықтан, кейінгілер «Есім ханның ескі
жолы» атандырыпты. Есім хан көбінесе жорықтарда жүрген. Сондықтан ол
«Қасым ханның қасқа жолына» көп өзгертулер енгізбеген. Деректер
бойынша Есім хан ердің құнына 100 жылқы, алты жақсы түйе (6 түйе) кесім
көрсеткен. Бұдан басқа ол өнер құны, сүйек құны деген үстеме құн
белгілеген. Әйел құны алынатын қалың малы шамасында төленген. Біз мұнан
әйел құны әкесінің ауқаттылығына қарай төленіп, сол дәуірдегі тап
теңсіздігінің көрінісіне куә боламыз. Есім хан заң желісінде әскери
мәселелерге көп көңіл бөлген. Мүмкін Шыңғыс ханның «Жаса» заңына
жақын болуы ықтимал.
Сонымен, Қасымның да, Есімнің де хандық құрған кездері Қазақ
мемлекетінің аумақтық жағынан кеңейіп, халқының саны молайып, өкілеттің
орталық билігі тұрғысынан алғанда қатайып әне күшейіп, өз заманындағы ірі
де қуатты монархияға айналған дәуірлері. Әрине, бұл уақыт аралықтарында
Қазақ мемлекеті әлі толық қалыптасып бітпеген еді, ол даму және құралу
жолында болатын. Хандық билік қазақ халқының этникалық аумағын
біріктіру, соның басын қосу мақсатында әр түрлі әскери жорықтар
ұйымдастырып жатты. Сырдария қалалары үшін аумалы-төкпелі, қиян-кескі
айқастар жүргізілді, көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар
орнатыла бастады. Яғни, бұл кезеңдері мемлекеттің сыртқы саяси ахуалы
толық орнықпаған, соған сай ішкі жағдайы да бұлғаққа бейім, саяси
құрылысы аяғына дейін қалыптасып бітпеген еді. Мінеки, осы жәйттің
барлығы қоғамдағы құқықтық жүйенің тыныс-тіршілігіне әсер етпей қалған
жоқ, оның ішкі мәнін және сыртқы кейпін қалыптастырып, мемлекеттік билік
пен әдет-ғұрып құқығы нормаларының арасындағы өзара байланысты
анықтауда негізгі рольдердің бірін ойнайды.
Көшпелі қазақ қоғамында пайда болған әдет-ғұрып құқығы
нормаларының тұнғыш ресми жинақтары – «Жолдар» - ауызша дайындалып
қабылданған. Бұл жинақтарда әдет-ғұрып құқығы нормалары тұтастай
қамтылмаған.
Көріп отырғанымыздай Есім мен Қасымның жинақтарында қомақты
орын әскери және елшілік нормаларға берілген. Бұл түсінікті де. Себебі, жас
мемлекеттің ең басты мақсаты – күн астындағы өз орнын табу және соны
нығайту еді. Халықаралық және мемлекетаралық қатынастардың жеке-дара
субъектісі есебінде өзін таныту және сол деңгейде әркез көріне білу болатын.
Сондықтан да сыртқы жаудан қарғана білу, дер кезінде әскери қосын жасап
оны жарақтандыру, жеңілген аумақтан алым-салық жинау мәселелеріне
61
арналған әдет-ғұрып нормаларын, жол-жораларын ұтымды пайдалану – кезек
күттірмес қажеттілік болатын. Сондай-ақ, ел мен ел, мемлекет пен мемлекет
аралық қатынастарда қолданылатын ережелерді жинақтап, оны өз жөнімен
қолдана білу де – ең жоғары өкімет билігі тұрғысынан реттеуге және
жүргізуге тиісті құқықтық саясаттардың бірі болу керек еді. Есім мен
Қасымның жинақтарында бұл нормаларға да арнайы орын берілді.
Негізінен қазақ хандығының заңдарының негізі-феодалдық базис пен
патриархалдық-феодалдық өндірістік қатынас болды. Оның міндеті:
феодалдық базиске қызмет ету, феодалдық меншікті қорғау және нығайту,
феодалдық үстем таптың еңбекші халық бұқарасын езіп – қанауын заңды ету,
еңбекші халықтың феодалдық қанауға қарсы күресін басып-жаншып
тұншқтыру еді. Бұл заңдарда феодалдық меншікті қорғауға және меншік
жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілді. Феодалдық құққа қайшы
келгендер қатал жазаланып отырды.
3.6 ТӘУКЕ ХАН және «ЖЕТІ ЖАРҒЫ»
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және
елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының
есімін атауға тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның
үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел
емес, тіпті өзіміз шошитын құбыжық өмір болып суреттелінді. Тек
тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас,
құштарлық арта түсіп, еліміздің өткенін тану жиналған астықпен, қазылған
кенмен тепе-тең бағаланып, өшіп қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз.
Міне, осыған орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің
ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә.
Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа тән. Оның себебі негізінде
Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері архив қазыналарында
сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс болмағандығы. Жалпы жарық
көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан туралы мәлімет өте жұтаң,
тіпті бір-екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге аян.
Батыр да, хан да, қара да, өз заманының перзенті Тәуке хан өз дәурінде
қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа Шығыс халықтарының тарихында ірі
қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алған. Ал өз елінің
өміріндегі дипломат-мәмілегер, данышпан айлакер қолбасшы, әдеттік құқық
системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын
сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.
Бізге жетіп отырған тарихи деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз,
ал қайтыс болған жылы туралы ғылыми зерттеулерде қарама-қайшы пікірлер
бар. Жарық көрген тарихи әдебиеттерде Тәуке 1718 жылы дүние салды деген
пікір тұрақты болып қалыптасқан. Ал белгілі қазақ тарихын зерттеуші ғалым
В.А. Моисеевтің тұжырымдауынша Тәуке ханның есімі орыс тарих-
намасында сақталған құжаттарда 1716 жылдан мүлдем кездеспейді. Оның
ойынша, осыған қарағанда Тәуке хан 1715 жылы қайтыс болуы әбден мүмкін.
62
Бұл мәселе болашақта негізінде қытай тіліндегі құжаттарды зерттеуде
нақтылы анықталады деген ойдамыз.
Тегі жағынан алып қарайтын болсақ, Тәуке хан Есім ханның немересі,
Жәңгір ханның баласы. Шежіре түрінде былайша көрінеді:
Керей – Мұрандық – Жәдігер – Шығай – есім – Жәңгір – Тәуке. Одан
Болат, Сәмке, Қосым, Қасым, Қөшын, Ғайып, Мұрат, Тұрсын.
Бізге жеткен деректер мен аңыз әңгімелерге қарағанда Тәукенің әкесі
Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаумен
өткізген, өзі жаумен кезекті шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Халық оны
«Салқам Жәңгір» деп атап кеткен. Жәңгір хан туа біткен данышпан,
көрегенді қайраткер және соғыстың әртүрлі айла-тәсілдерін, ұрыстың өзіндік
ерекшеліктерін пайдалана білетін ірі қолбасшы ретінде танылады. Ол қазақ
жерін сыртқы жаулардан қорғауда баға жетпес еңбек сіңірген, елінің
тәуелсіздігін сақтау мақсатында келер ұрпақ алдында сүйіспеншілікке
бөленген ірі болғаны ақиқат, тарихи шындық.
Әкесі Жәңгір ханның ерліккен толы қимыл-әрекеттері Тәуке ханның
бойына дарығандықты аңғармасқа болмайды. Тәуке жас кезінен-ақ саясатқа
жақын болған, әкесі оған жастығына қарамастан сенім артып, елшілікке
жіберіп отырған.
Тәуке жас кезінде, бейнелей айтқанда, қазақ даласының емін-еркін
бесігінде тербеліп, көшпелі өмірдің бар өсиет-өнегесін, ерлік-батырлақ
қасиеттерін бойына сіңіріп өскен. Табиғат алғыр етіп жаратқан жанның
балалық шағы жайлы әрқалай аңыздар да, әңгімелер де болған-ақ шығар.
Олар уақыт пердесінің арғы жағында қалып, әзірге бізге жетпей отыр.
Болашақта көп мәліметтер мен деректер, кітаптарда және қолжазбаларда
болуы әбден ықтимал.
Осындай деректердің тапшылығына байланысты Тәукенің қай
жылдардан бастап хан болғандығы туралы деректер тарихи әдебиеттерде
әртүрлі. Қазақ сахарасының дарынды философы Шәкәрім Құдайбердіұлы
өзінің зерттеулерінде Тәукенің тек хан болып сайлануына ғана тоқталып,
былай деп жазды: «Бұл әз Тәуке Салқам Жәңгірдің қалмақтың ханының қызы
қатынынан туған баласы еді. Мұнан басқа Ургенштегі Ғайып ханның
қызынан туған Уәлибақы Ғайып деген баласы бар еді. Жәңгірдің орнына әз
Тәуке хан болғанда, хандыққа өкпелеп Уәлибақы Ғайып ханға кетіп еді». Бұл
мәліметтен біз Тәуке ханның шешесі қалмақ екенін байқаймыз және
Жәңгірдің тағын Уәлибақы емес, керісінше Тәуке басқаны кездейсоқ жағдай
емес. Бұл негізінде Тәукенің ақыл-ой, парасатының терең болғанын тағы да
айқындай түскендей.
Атап айтатын болсақ, бәріміз білетін еліміздің тарихында Тәуке 1680
жылы әкесінің тағына отырды делінген. Бұл дерек ешбір өзгертусіз кейінгі
жылдары басылып шыққан тарихи әдебиеттерге енген еді. Халқымыздың
тарихында ірі құқықтық құжат болып саналатын «Жеті Жарғыны» зерттеуге
елеулі үлес қосқан шығыстанушы, заңгер-ғалым Нұралы Өсеров өзінің
кандидаттық диссертациясында «Тәуке 1678 жылы хан болды» деп
тұжырымдайды. Бұл мәселеге ьайланысты Сәкен Сейфуллин де кезінде өз
63
пікірін ортаға салған. Көрнекті жазушы кезінде былай деп жазған:
«Жәңгірден кейін қазаққа Тәуке хан болды (1688 жылда).
Тәуке хан Ташкент ауданында тұрады. Тәуке ханның тұсында да қазақ
ылғи қалмақпен қағысып тұрса да өзге хандардың тұсындағы тыныс алмай
жөнкілу, аттаныс, шабыншылыққа қарағанда сәл шабыншылығы аздау
болып, тіршілік жасайды. Бірігіп өмір сүрген: қазақ, қырғыз, қарақалпақтың
ірі руларында билік жүргізген алты бидің аты шығады. Ұлы жүзде Төле би
(Дулат, Әлібек баласы). Орта жүзде- Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде-
Әлім руынан Әйтеке би, қырғызда Кәкім би, қарақалпақта – Сасық би,
Қатаған- Жайма, басқа ұсақ рудан тағы бір би».
Қазақ совет энциклопедиясының 10-шы томында Тәукенің хан болып
сайлануы 1680 жылды қайталап жазған.
Әрине, қазіргі уақытта жалпы әдебиетте қалыптасқан көзқарасты
мойындай отыра біз Тәуке ханның таққа отыруын 1680 жылмен белгілейміз.
Ал жалпы оның жылын анықтауды болашақ зерттеушілердің үлесіне
қалдырдық.
Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты. Тәуке хан қазақ елінің
қасиетті қаласы Түркістанда ақ киізге көтеріліп, бүкіл үш жүздің ханы болып
сайланғаннан кейін қазақтың сол заманындағы қоғамының ішкі және сыртқы
саясатына ерекше көңіл бөліп, сол кезеңнің өзінде-ақ ұлт мемлекеттілігін
халықаралық деңгейге, биік дәрежеге көтеруге аянбай күш салады. Атап
айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ мемлекеттілігін нығайту үшін ең алдымен
бет-бетімен ру-руға бөлінген, бір-бірімен қырылысып жатқан елінің ұлттық
бірлігін сақтауға аянбай күш салады. Елдің басын біріктіру мақсатында ру
басшыларының алауыздылық қимыл-әрекеттерін қолдағы бар тәсілдің бәрін
қолданып тыюды мақсат етті.
Тәуке хан ішкі саясатында қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалана
отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты тыю үшін сонымен
қатар ел басқару ісін жақсартуды күн тәртібінде қойды. Бір орталықтан
басқарылатын қазақ мемлекеттілігі құру үшін бірінші санатта тұрған мәселе
Шыңғыс хан ұрпағынан тараған, сұлтан, төрелердің және ерекше статусқа ие
болған қожалардың, қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларын өзгертуге
ден қояды. Ондағы мақсаты мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан
қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді. Қазақ қоғамында
Шыңғыс хан заманынан қалыптасқан дәстүр бойынша ел басқару сұлтан,
төрелердің маңдайына жазылған қағида болды. Соның нәтижесінде елді
билеген сұлтандар басқару ісін өнер, ақылдылық, беделдік парасатпен емес,
жиі-жиі жағдайда тек тұқым куалаған атағымен алып отыратын болған.
Тәуке хан қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдаланумен халықтың, ел
басшыларының санасына ел арасында өзінің ақыл-парасатымен, батырлық
әрекеттерімен ел басқару ісіне бейімі бар дарынды тұлғаларды тарту
қажеттігін сіңіруді саясатының ең басты мақсаттарының бірі деп таныды.
Салыстырып байқайтын болсақ, Тәуке ханның бұл саясаты I Петр жүргізген
саясатпен ұштасады. Бұл шаралар өзінің нәтижесін де берді. Қазақ
қоғамының саяси аренасына осындай саясаттың негізінде халық арасынан
64
шыққан дарынды билер мен елдің тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауда
ерлік танытқан батырлар көтеріле бастайды. Мемлекеттік аппараттың
құрамында үлкен өзгерістер болды. Атап айтатын болсақ, басқару процесіне
бұрын беймәлім болған «Билер кеңесі» енгізілді. Бұл мемлекеттік орган қазақ
мемлекеттілігінің саяси жүйесінде үлкен құқықтарға ие болумен қатар,
сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор рөл атқарды. «Билер кеңесі»
сайланған алқалық орган ретінде талқыланған, қаралған мәселе бойынша
қайта айналып қарауды қажет етпейтін шешім қабылдау дәрежесіне дейін
көтеріле алған.
«Билер кеңесі» өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде
атқарып отырды. Үш жүз рулар арасындағы шиеленісті дауларды шешуде,
сепаратистік қимыл-әрекет жасаған сұлтандарды және жалпы трайболизмді
тежеуде өлшеусіз рөл атқарып отырды. «Билер кеңесінің» нақтылы мәселе
бойынша қаралған істерінің шешімдері заң күшіне еніп, ханның өзі оны
жоққа алмағандығын айта кеткен жөн. Бұл мемлекеттік органның құрамына
негізінде ру, ел басшыларының жиналысында бата алған, яғни сайланған от
ауыз, орақ тілді шешендер, аймаққа танымал болған беделді адамдар және
ұрыстарда ерлік танытқан батырлар енген. «Ханда қырық кісінің ақылы бар»
деген сөз содан қалса керек. «Билер кеңесінің» құрамына атақты Төле би, Қаз
дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан,
Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды
қайраткерлер мен батырлар кірген. Бұл органның қазақ қоғамында беделінің
артқаны сонша, тіпті Тәуке хан оның келісімінсіз, бекітуінсіз мемлекеттік
маңызы бар шешім қабылдауға құқы болмаған. «Билер кеңесі» өзінің
мемлекеттік статусы бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болған,
көшпелі қазақ қоғамының тұрмыс-тірлігіне сай қалыптасқан ұлы даланың
сол кездегі парламент және ең жоғарғы сот органы ханның ішкі және сыртқы
саясат мәселелері бойынша шешім қабылдауы «Билер кеңесінің» құптауын
талап еткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның
қолында шоғырланған. «Билер кеңесі» шығарған заңдар мен шешімдерді хан
іс жүзіне асырып отырған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен
қабылданғанмен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша «Билер
кеңесінің» ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселе
бойынша тез арада шешуді талап ететін жағдайда хан өз тарапынан батыл
қимыл-әрекеттер жасауға құқылы.
«Билер кеңесі» Тәуке хан құрған мемленкеттілікті нығайтуға өлшеусіз
үлес қосты. Халық мүддесіне қызмет еткен, ішкі және сыртқы саясат
жүргізуде тиімді, даналық қызмет атқарғанына тарихтың өзі куә. «Билет
кеңесі» негізінде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірең, Түркістан мен
Сайрам жерінде орналасқан БИтөбе, Мәртөбе сияқты жерлерде шақырылып
тұрған. Тарихтан мәлім, Тәуке ханның тұсында, әсіресе, 1698-1717 жылдар
аралығында қазақ елінің территориясына жоңғар феодалдары баса-көктеп
кіріп, бейбіт өмір сүріп жатқан көшпелі қазақ халқының кең даласын қанға
бояды. Дәл осындай қиын-қыстау кезеңде Тәуке ханның ірі қолбасшылық,
реформаторлық қасиеттері айқын көрінді. Ішкі әскери стратегиялық саясатта
65
Тәуке хан қазақ даласында шайқастың бірнеше тактикасын ойлап, тауып,
жаудың қарулы күштері мен жасақтарын әлсіретіп барып, ойсырата соққы
беруді дағдыға айналдырды. Қазақ әскері негізінде Шыңғыс хан құрған
әскери басқаруды қайта жандандырды. Әскерде қатаң тәртіп орнатылды.
Әскерде басшылық ету Онбасы, Жүзбасы, Мыңбасы болып қалыптасты.
Мыңбасын Тәуке ханның ұсынысымен «Билер кеңесі» аса ерлік көрсеткен,
ақылгей батырларды бекіткен. Бас қолбасшылық Тәуке ханның қолында
болды. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80 мың
сарбазға жетіп отырған. Ал бейбіт өмір сүрген кезеңде, Қысқы мерзімдерде
хан ордасында 500-1000-ға жуық тұрақты жасақтар ғана болған. Олардың
негізгі функциялары хан ордасын ішкі бүлікшіліктен қорғау және ханның
қауіпсіздігін сақтаумен шектеліп отырған.
Тәуке хан әскердің соғысу қабілетінің күшті болуына ерекше назар
аударған. Соғыс өнерінің әр саласынан хабары бар адамдар жауынгерлерді
арнайы дайындықтан өткізуді мақсат еткен. Дайындық барысында
жауынгерлер ат үстінен садақпен оқ ату, аттан аударып түсіру, арқан тастау
сияқты соғыс өнерін жетік меңгерген болған.
Сыртқы саясатта Тәуке хан ең әуелі жоңғар шапқыншылығына
тойтарыс беруң мақсатында көрші мемлекеттермен қатынасты нығайтты. Ең
алдымен Тәуке хан діні бір, тілі бір тілдес көрші орналасқан Бұхарамен
дипломатиялық қатынастарды биік дәрежеге көтерді. Екі ел арасында
негізінде қақтығыстар бір-бірінің керуендерін тонаудан болып тұрды. Тәуке
хан өзінің арнайы жарғысымен қазақ жерінен өткен Бұхара елінің керуен,
саудагерлерін тонауға тыйым салды. Бұдан былай ондай әрекеттер болған
жағдайда кінәлі адамдар қатаң түрде жазаға тартылған еді. Бұхарада Тәуке
ханның бұл қадамдары жылы қабылданды, қазақ еліне жасалынып жатқан
шабуылдар пышақ кескендей тоқталды. Бірақ Тәуке ханның Бұхара
басшыларын Жоңғар шапқыншылығына қарсы бірге күреске шақыруы
ешқандай қолдау таппады, не болса да соғыстың артын бағу саясатын
көздеген еді.
Тәуке хан 1686-1693 жылдар аралығында Ресейге өз елшілерін
жібереді. Ондағы мақсаты – қазақ қоғамымен, оның бай мәдениетімен орыс
елін таныстыру, екі ел арасындағы сауда қатынастарын жандандыру еді. Ал,
кейінрек, 1714 жылғы жоңғарлардан қатты соққы алып, жеңілгеннен кейін
Тәуке хан Ресеймен достық қатынастарды нығайтуды және онымен
одақтасуды өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мәселесі деп таниды.
Жоңғарлар басып алған қазақ жерін азат еті үшін I Петр патшадан көмек
сұрауға дейін барады.
1694 жылы Тәуке хан Түркістанда Феодор Скибин, Матвей Трошихин
деген орыс елшілерін сән-салтанатпен қабылдап, қазақ елінің әскери күшін
көрсете отырып, келіссөз соңында оларға батыл түрде: «Түрік сұлтанының
немесе Қызылбас (Парсы) шахының менен, Тәуке ханнан несі артық? Олар
да мен сияқты ғой» - деп сөз қайтарған екен. Бір сөзбен айтқанда, ол қазақ
елінің сол кездің өзінде барлық елдермен тең құқықтық жағдайда болуын
талап еткен, отарлық саясаттың қандай түріне де үзілді-кесілді қарсы тұрған.
66
Тіпті қазақ пен орыс халықтарының арасында қақтығыстар болып қалған
жағдайдың өзінде өз халқының ұлттық ар-намысын аяққа бастырмауға
тырысқан. Осыған бір дәлел. 1709 жылы Ресейде Кондратий Булавиннің
патшаға қарсы жасаған көтерілісі жеңіліске ұшыраған соң, оның туының
астында болған мындаған орыс казактары I Петрдің жазаға тарту саясатынан
қашып, Дон өзенінен өткен соң даласына қарай бет алады. Бұлардың көбісі
баукеспе қарақшылар, орыс өкіметінің заң алдында жауапқа тартылуы қажет,
бірақ қолға түспей қашып кеткен қау»іпті қылмыскерлер тобы болған. Соның
нәтижесінде бұл қарақшылар Еділ мен Жайық өңірінде қоныс теуіп отырған
қазақ халқына қырғидай тиеді. Қазақ елінің қонысын ғана тартып алып
қоймай, бейбіт өмір сүріп отырған қазақтарға қарсы айуандық, бассыздық,
зорлық-зомбылық әрекеттер жасайды. Мылтықпен қаруланған орыс
казактары көшпелі елдің өміріне ойран салады, еркін даланы қанға бояйды.
Мұндай әрекетттерді естіген Тәуке хан тез арада «Билер кеңесін» шақырып,
орыс қашқындарының бассыздық әрекеттерін тыю мақсатында Әбілқайыр
сұлтан мен Бөгенбей батырды 30 мың сарбазбен жорыққа аттандырады. Бұл
жасақ өзінің алдына қойған міндетін ойдағыдай орындайды. Көп шығынға
ұшырамай, қысқа мерзім ішінде бассыздыққа жол берген қарақшыларды күл-
талқан етеді. Қалған аз ғана құрамы Еділ өзенінің арғы жағына өтіп, әрең
дегенде қашып құтылады. Осының нәтижесінде қазақ елінің Ресей
жағындағы шекарасы ондаған жылдарға дейін берік болып тұрған.
Сыртқы саясатта Тәуке хан қазақ халқы мен діні, тілі және салт-санасы,
генетикалық тамыры бір көршілес қарақалпақ және қырғыз халықтарына да
ықпалын тигізіп отырған.
Тәуке ханның тұлғасын, халық үшін атқарған өлшеусіз қызметін,
зерттеу барысында біз мынадай қорытындыға келдік. Тәуке хан қазақ елінің
бір туар, данышпан қайраткерлерінің бірі. Хандық билік жүргізген аралықта
бұрын бытыраңқы жағдайда жүріп, қайсыбір күндікке ұшыратқан үш жүздің
ел басыларын бір орталықтан басқарылатын мемлекеттіліктің астына
топтастыра алды деп айтуға ғылыми негіз бар. Бұл сол заман талабына сай
қабылданған бір орталықтан басқарылатын мемлекеттің тиімді құқықтық
негізі ретінде танылған мемлекеттің тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш хартиясы,
әрі негізгі ата заңы іспеттес болған Тәуке ханның «Жеті Жарғысы», жаудың
қандай да болса шабуылына күшті әскер және халықты әрбір қимыл-
әрекеттерге жұмылдыра білетін, саяси билік жүргізе алатын басқару жүйесі
еді. Көптеген зерттеушілеріміз осы факторларды зерттеу барысында
ескермеген сияқты. Біздің мұндай тұжырымымыз ойдан туған қиялы пікір
емес, зерттеу барысында жан-жақты талдау жасаудың қорытындысы және
бірнеше ғалымдардың еңбектеріне сүйенген қорытынды деп айтуға болады.
Сонымен қатар Тәуке хан елге билік жүргізген кезеңде бір орталықтан
басқарылған мемлекеттің құрылғанын С.Мұқанов та мойындайды. 1948
жылы басылып шыққан Абай шығармаларының толық жинағына жазған
алғы сөзінде мынандай қорытындыға келеді: «Бұрын ұсақ хандықтарға
бөлінген қазақ руларының XVI ғасырда тұтас бір мемлекет болуы тарихтан
мәлім. Осы мемлекет, 1718 жылы Тәуке хан өлгеннен кейін әлсіреп, «Үш
67
жүз» атанған қазақ, үш хандыққа бөлініп кетті. Қазақ халқының бұлайша
ыдырауымен, Қазақстанның шығысында монғол тұқымдас елдерден
құралған, қазақпен үнемі жауласып келген Жоңгар хандығы пайдаланып,
1723 жылы шабуыл жасады».
Тәуке ханның бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттілігін
құрғанын аса көрнекті қазақ тарихшысы Е.Бекмаханов та дәлелдейді.
Зерттеушінің қорытындысы бойынша Тәуке хан «ру араздығына қарсы
аянбай күресті және жеке сұлтандар мен билердің дербестігін ... сот билігін
толық өз қолына шоғырландырды ... Осындай шаралармен орталықтанған
мемлекетке қарсы билер мен сұлтандардың мүддесіне ауыр соққы берді»,
ауызға қаратып, қазақтың күш-қуатын арттырған ақылды Тәуке хан өлген
соң-ақ, қазақ даласы, қазақ халқы онды бір хан көрген, көзі ашық бір
бастыққа ұшыраған жоқ. Тәукеден кейінгі хан тұқымдары үйірге жаңа түскен
сәуріктерге, қазақтың бас, мықты руларының араларына от салып, алды-
алдына болып бытырап, қас болып тұрғандықтан, өз қол астындағы
қазақтарды да бір-бірімен жауластырып, қырылысьырып бітірді».
Дәл осындай пікірді белгілі тарихшы В.А. Моисеев қолдайды. Ол атап
айтқанда былай дейді: «Тәуке хан басқарған жылдарда қазақ хандығында
орталықталынған бағыт күшейе тісті ... Тәуке өлгеннен кейін қазақ
хандығында сыртқа тебетін бағыт күшейе түсіп, Тәукенің мұрагері Ғайыпқа
сепаратистік пиғыл көздеген хан мен сұлтандардың қимыл-әрекеттерін тыю
қиынға соқты».
Тәуке ханның «Жеті-Жарғысы». Тәуке ханның реформаторлық
қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе-қазақ қоғамының құқықтық
жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді,
халық мүддесіне сай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз
етілетін заң жүйесі болуы шарт. Бұл қағиданы Тәуке хан аса көрегендікпен
түсінген. Құқық жүйесін жасау қызметіне қазақ қоғамынан өздерінің қара
қылды как жарған әділ шешімдерімен елге танымал болған билерді тарта
білді. Олардың негізгі өзегін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би
құрады. Соның негізінде дүниеге келген қазақ қоғамының ұлттық хартиясы –
«Жеты Жарғы» дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай
келетін құқықтық құжат емес. Оның мәні және мазмұны жағынан көшпелі
қазақ халқының этикалық, шаруашылық ұйымдастыру және географиялық
ерекшеліктерге сай қабылданған аса кұнды құқықтық ескерткіш болып
табылады.
«Жеті Жарғының» әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік
практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі қоғамдық қатынастарды
тиімді реттеуге қабылданған және талқылау барысында идеялық пікірталас,
билердің данагейлігінің қорытындысы. «Билер кеңесі» бекіткеннен кейін
ауызша түрде ел арасына таралған. Тарихи, құқықтық әдебиеттерде «Жеті
Жарғы» қай жылы қабылданғаны туралы мәліметтер жоқ. «Жеті Жарғыны»
тұңғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы
қабылдады деген пікір айтады. Басқа әдебиеттерде қабылданған жыл
көрсетілмейді. Біздің ойымызша, «Жеті Жарғы» 1684-1685 жылдары
68
қабылданған құқықтық құжат. Олай дейтін себебіміз, қазақ қоғамына аса
маңызы бар бұл заңдарды жылдық аралық ішінде қабылдау ешқандай
ақиқатқа сай келмейді. «Есім ханның ескі жолын», «Қасым ханның қасқа
жолы» сияқты қазақ халқының заңдарын бір жүйеге салу, жаңа нормалар
енгізу, ескі заман талаптарына сай келмейтін нормаларды жоққа шығару
жұмыстарын Тәуке хан 1680 жылы таққа отыра салып жасап үлгерді деуіміз
ғылыми шындыққа сай келмейді. Заң шығару үшін арнайы дайындықтар
қажет, пікірталас болуы шарт. Үш жүздің өздеріне тән болған, ерекше
мазмұндағы әдет-ғұрыптық құқық жүйесін бір арнаға тоғыстыру уақытты,
кеңесті, данагейлікті талап ететін ұзақ мерзімнің шаруасы. «Күлтөбенің
басында күнде кеңес» деген сөз сол мағынаны берсе керек. Қазақ ұлтының
аса патриот ақыны, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев «Түркістан» деп
аталатын әйгілі өлеңінде әдеттік құқық жүйесі ісінің күрделі, қиын және
маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:
Әділхан аз болды Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.
Ал кезінде Тәуке ханның әрі елшісі, әрі кеңесшілердің бірі болған
Қожаберген жырау «Жеті Жарғының» пайда болуы хақында былай дейді:
Шығатайдан соң орнына Тәуке қалды,
Кезінде әз-Тәуке деп атақ алды.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,
Дейтұғын «Жеті Жарғы» заң шығарды.
Әз Тәукенің «Жеті Жарғысына» теориялық-ғылыми тұғырдан талдау
жасап қарасақ оның әрбір бабы, талаптары мен реттеу функциялары сол
заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес келетінін байқаймыз. Тіпті
кейбір мәселелерді заң нормасына айналдыруда заман талабынан асып,
көрегенділіктің нағыз данышпандылығын танытқанын аңғармасқа болмайды.
Атап айтсақ, бұл құқықтық документ қазақ халқының ұлттық бірлігін
нығайтуға, рулар арасында алауыздықты тежеуге, жоңғар шапқыншылығына
қарсы елді бір тудың астына топтастыруды өлшеусіз рел атқарды.
Тәуке хан 1718 жылы дүние салды. «Жеті Жарғыны» қазақ халқы
негізінде XIX ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал, кейбір
нормалары Қазан төңкерісіне дейін толығынан қолданылды, қоғамдық
қатынастарды реттеу функциясын тиімді атқарып келді. Көп жылдар бойы
Кеңес өкіметі тарапынан «Жеті Жарғыны» «феодалдық қатынастардың
сарқыншағы, керітартпа, реакциялық мазмұндағы заң жиынтығы» деген
мағынамен сипатталынды. Сонымен қатар «Жеті Жарғы» ұлттық
философиялық, этникалық, көшпелі қоғамның болмыстық мәніне сай келетін
тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің хартиясы негізінде «Жеті Жарғы» заңының
барлық нормалары бізге түгелдей жеткен жоқ. Оның көптеген бабтары К.
Шүкірәлиевтің, Я. Гавердоскийдің, А.И. Левшиннің еңбектерінде берілген.
«Жеті Жарғы» негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын
қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Бір сөзбен
69
айтқанда, Жеті Жарлық: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және
неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін
қамтамасыз еті. Біздің мұндай тұжырымымыз Қазанғап Байболұлының «Төле
бидің тарихы» деп аталатын әйгілі дастанындағы идеяларға негізделген. Бұл
дастанда «Жеті Жарғының» жеті институттары былайша баяндалады:
Жер дауы, баяндайтын, біріншісі,
Ру, қоныспен меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдылық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу –
Болған жосын заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі,
Төртінші боп саналған мынау заңы.
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір дауы.
Тәуке ханның «Жеті Жарғысында» қазақ қоғамының мемлекеттілік
құрылымы, өкіметтің қалыптасуы, хандарды сайлау тәртібі сияқты
мемлекеттік құқықтың институттары бекітілмеген. Бұл саяси өкіметтің әлсіз
екенін нақтылы дәлелдегендей. Керісінші, қауымдық-патриархалдық
қатынастардан кіндігін үзбеген қазақ қоғамында жеке адамның беделінің
негізінде басқару өте тиімді болып, ру шиеленістерін тежеуге, ұлттық
қауіпсіздік пен территориялық тұтастықты қамтамасыз етуге қызмет етті.
Бірақ «Жеті Жарғы» жылына бір рет күз айларында белгіленген жерде қазақ
елінің барлық ру, тайпа басшыларын құрылтай кеңеске міндетті түрде келуге
қажет екенін міндет ретінде бекітті. Және Қатысушылар қару асынып келуі
қажет болған. Қарусыз келген адам құрылтай-кеңесте көтерілген мәселе
бойынша дауыс беру құқынан айрылған. Тәуке ханның бұл саясаты ру
басшыларының талқыланған мәселелер бойынша шешім қабылдап, дауыс
бергенде «семсер ұстап серт бердім» деген мағынамен ұштасқан, яғни,
құрылтай-кеңестің шешімін орындауға, іс жүзіне асыруға ант бергендікті
дәлелдей түседі.
«Жеті Жарғы» қазақ мемлекеттілігінің жариялық өкіметін қамтамасыз
ету мақсатында қару асынуға жарайтын әрбір жанұя жыл сайын өз
дәулетінің жиырмадан бірін салық ретінде төлеп отыруды өлшем ретінде
бекітті.
Мемлекеттік маңызы бар мәселенің бірі - әрбір рулардың таңбаларын
бекіту болды. Құрылтай бекіткен таңба рулардың символдары ретінде
танылды. Ал меншікті иемдену, пайдалану, билеу барысында әрбір
жанұяның арнайы малдың құлағына салынатын ендері болды. Таңба
тайпалық, рулық көлемде пайдаланса, ен салу әрбір жан ұяның жеке белгісі
ретінде пайдаланды.
«Жеті Жарғы» және қазақтың әдеттік-қылмыстық құқығы. Қазақтың
қылмыстық құқығы «Жеті Жарғы» талаптарына сай «Қасым ханның қасқа
70
жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты заң жинақтарының негізінде
айқындалған. Қазақ қоғамының көшпелі өмірі, патриалдық – қауымдық
құрылыстың ықпалы жалпы қылмыстық құқыққа, оның жеке институттарына
өте зор болғаны анық. Сондықтан қазақтың әдеттік-қылмыстық құқығының
талаптары еліміздің шаруашылық ұйымдастыру болмысының, тыныс-
тіршілігінің көрінісі ретінде танылады.
«Жеті Жарғы» өзінің бабтарында «қылмыс» деген ұғымды ешқандай
мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді. Бекітілген нормаларда тек
қазақ қоғамының әлеуметтік практикасында жиі-жиі кездесетін зиянды
қимыл-әрекеттердің аттары аталып, оларға қолданылатын жазалардың
түрлері көрсетілген. Негізінде «Жеті Жарғыда» мынандай қылмыстардың
құрамдары беріледі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, әйелдің ерінің
көзіне шөп салуы, денеге, мүшеге зақым келтіру, әйелді зорлау, әйелді алып
қашу, экзогамиялық табу, күйеуі бар әйелмен көңілдес болу, тәңірге тіл
тигізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді.
Қылмыс істеген адамдарды қылмыскер деп танымайды, керісінше оларды
«жын соққан», «пері соққан», «құдай атқан» деген мағынада бағалайды,
қылмыскерді «күнәһар» деген ұғыммен алмастырып қарайды.
Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған мөлшерден басталған.
Қылмыс субъектісінің ақыл-есі дұрыс, өз әрекеттеріне толығынан жауап бере
алатын болуы шарт. «Он үш жаста отау иесі» деген сөз әр адамның әрекетіне
жауап бере алатынының нышаны болса керек. Қазақтың қылмыстық құқығы
мылқау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған. Сонымен қатар
қылмыс субъектісі болып құлдар саналмайды. Олардың жасаған әрекеттері
үшін иелері жауап береді. Екі қабат әйелдер кісі өлтіргені үшін де жауапқа
тартылмайды, бірақ олар елдің қарғысына үшырайды.
«Жеті Жарғының» негізгі талаптарының бірі – жасалған қылмыстық
әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципі (қанға қан, жанға жан). Бірақ
талион принципі «Жеті Жарғыда» бекітілгенімен онша дамыған жоқ,
керісінше жаза қолданудың негізгі формасы ретінде мүліктік композиция
қалыптасты. Құқық бұзушылық тек жеке адамның ісі, яғни жәбірленушінің
тілек-талаптарына сай болуына байланысты «барлық мәселелерді өздері
құштар адамдар шешеді».
Талдау жасап қарасақ «Жеті Жарғының» бірнеше бабтары қазақ
мемлекеттілігінің негізгі құрылымын қорғауға және оның территориялық
тұтастығын, ұлттық бірлігін сақтауға бағытталғанын аңғарамыз. Бұрынғы
басылымдарда кездеспейтін, жаңадан ғылыми айналымға түскен «Жеті
Жарғының» бір бабы мына норманы бекіткен: «Көтеріліс жасап, бүлік
шығарған кісілерге елім жазасы бұйырылсын». Бұл талаптың мазмұнына зер
салатын болсақ сол кезеңде әрбір ру басшыларының сепаратистік, алтыбақан
алауыз болған қимыл-әрекеттерінен туған іріткіге тежемелік әсер еткенін
аңғармасқа болмайды. Бұл бабтың мәні дәл қазір де әлсіреген емес.
«Жеті Жарғы» және некелік қатынастар. Тәуке ханның «Жеті
Жарғысында» некелік қатынастар да бір жүйеге салынып, «Есім ханның ескі
жолы», «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарының негізін одан ары қарай
71
дамытты, әлеуметтік өмірдің жаңа талаптарында некеге тұрудың шарты
ретінде 13 жас белгіленді. «Он үште отау иесі» деген сөз сол заманнан қалған
көрінеді. Екінші шарты – болашақ жұбайлардың жеті атаға дейінгі туыстық
қатынаста болмауы. Жеті атаға дейін қыз алыспау туыстар арасында қанның
араласуынан сақтап, дені сау ұрпақты қалыптастырған. Бұл туралы жоғарыда
толығынан баяндалды.
«Жеті Жарғы» заңдары үйленуде екі жолмен іс жүзіне асыруды талап
етеді: атастыру және айттыру. Екі жастың бір-бірін сүйіп қосылуы да кең
етек жайған.
«Жеті Жарғының» нормаларында қалыңмал мәселелері де өзінің
шешімін тапқан. Қалыңмал қалындық үшін әке-шешесіне немесе қыз
ұзатқандарға жасау жасауға, төсек-орын дайындауға берілетін төрт түлік мал
және әртүрлі бағалы заттар. Қалыңмал қазақ қоғамында осы уақытқа дейін
біршама өзгерістерге ұшыраған мағынасымен осы уақытқа жетті.
Тәуке ханның «Жеті Жарғысында» қалыңмал берудің белгіленген
тәртібі болған. Бұл өлшем негізінде келін түсетін әулеттің, елдің, рудың
дәулетіне, тұрмысына байланысты беріліп отырған.
«Жеті Жарғы» егер біреудің әйелі қалған жағдайда балдызды алуға
рұқсат етеді. Бұл жерде Тәуке ханның «Жеті Жарғысының» көздеген
мақсаты – апасының артында қалған балаларына туған сіңілсінің әр уақытта
жаны ашиды, жетімдіктің зардабын тарттырмай, өз баласындай мәпелеп
өсіру. Бірақ бұл талап міндеттейтін нормаға жатпайды, тек екі жақтың өзара
келісуіне байланысты болған. Ердің балдызына қойған талабын қыз
қабылдамаса, билер сотынан қорғау таппайды.
Арнайы норма ретінде «Жеті Жарғыда» көп әйел алушылық институты
да бекітілген. Шариғат нормаларының талаптары бойынша еркектің төрт
әйелмен некелесуге рұқсат етілетіні белгілі. Ал «Жеті Жарғы» болса әйел
санын шектемеген, ер адамның тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларына
байланысты қалыптасқан.
«Жеті Жарғы» және қазақ билері «Жеті Жарғыны» халық арасында
қолдану, оны іс жүзіне асыру және насихаттау мәселелері қазақ билеріне
жүктелген.
Ақылы асқан әз Тәуке хан бұл дүниеден өтер кезінде «Қазақтың ұраны
- бірлік» деп көзін жұмған екен. Иә, содан бері екі жарым ғасырдан астам
уақыт өтсе де бұл өсиет қазақ халқына әлі де көкейтесті, саяси,
экономикалық, әлеуметтік, рухани мәселелерді шешуде Қазақстанның күн
тәртібінде тұрған мәселе. Шапса тұлпардың тұяғы сынатын, ұшса сұңқардың
қанаты талатын, Алтайдан Атырауға дейін созылған қазақ даласының
территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігі үшін жан аямай тер төгіп, қасық
қаны қалғанша ішкі сепаратистік әрекеттер мен сыртқы шапқыншылыққа
тойтарыс бере білген данышпен бабамыз әз Тәукенің қазақ халқына сіңірген
еңбегі, атқарған қызметі өлшеусіз.
Тәуке хан қайтыс болған соң өз бастарының қара басын ойлаған
дарынсыз, баққұмар хандардың көбі таққа таласумен елдің бірлігін қашырып,
72
кең байтақ сахарасын көршілес мемлекеттердің жемтігіне айналдырды. Оған
тарих куәгер. Өз әулетінің билігін сақтау үшін қайтадан рулық жікке бөлді ...
Жақында өзім бұрын танымайтын Орынбай Дастановтың «Әзірет
Сұлтан» деп аталатын өлеңдер мен поэмалар жинағын оқып отырып, Тәуке
хан туралы мынандай шумақты оқыдым:
Тарихтан мені ешкім өшіре алмас,
Халық үшін еткен еңбек босқа қалмас.
Мен жайында жаманат пікірлерді,
Келешек ұрпақтар да айта қоймас.
Өте мағыналы сөз. Тәукенің ұлылығы мен данышпандығы бүкіл
халыққа үлгі, еліктеуге тұратын қасиет. Солай бола береді де.
«Егеменді Қазақстан» 10 желтоқсан 1998 жылы, 4 бет Сәкен Өзбекұлы.
«Жеті жарғы»
«Жеті жарғының» негіздері туралы пікірлер де сан алуан. Кейбір
ғалымдар оның негіздерін Шыңғыс ханның атақты Яссасынан іздейді, енді
біреулері «Жеті жарғыны» Яссадан бөлек, өзінше жеке жазылған дегенді
айтады. Ал енді біраз ғалымдар «Жеті жарғыны» үш құрамға – «Қасым
ханның қасқа жолына», «Есім ханның ескі жолына» және шариғат заңдарына
негізделген деген пікірді алға тартады.
«Жеті жарғыны» Шыңғыс ханның Яссасына жуытқысы
келмейтіндердің пікірінен басқасына келісуге болатын сияқты. Өйткені
мұнда бүкіл далалықтарға тән әдеттегі құқықтық нормалардың желісі
үзілмеген сабақтастығы жатыр. Яссамен ауызданып, соның жөн-жосығының
бұзылмауы жолында күресіп өскен Дешті қыпшақ хандарының бірінің
ұрпағы ХУ ғасырда өмір сүрген Қасым ханның да, ХУІ ғасырдың перзенті
Есім ханның да өз заңдарын ойдан шығармағаны, көктен алмағаны,
керісінше бұрынғы барды байыптап, оны өз заманына, кезең жағдайына
қарай бейімдеп жетілдіргені, өзіндік өзгерістер енгізгені қазір ешкімге де
күдік тудырмаса керек. Олай болса, бұл заңдылықты Тәукеніңде сақтағанына
дау жоқ.
Түріктің көне заң кодексі мен Тәукенің «Жеті жарғысын» салыстырып
көрсек. Онда алдымен әйгілі шығыстанушы Н.Я.Бичуриннің аудармасындағы
көне түріктің көне заң негізін берелік. Оны ғалым Құлмат Өмірәлиев ірі-ірі
жеті бапқа бөледі:
І бап. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы
бұйырылсын.
ІІ бап. Түрік жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім
жазасына бұйырылсын.
ІІІ бап. Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтірген кісілер өлім жазасына
бұйырылсын.
ІУ бап. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзған
адамға өлім жазасы бұйырылсын.
У бап. Өреде (кермеде) тұрған, тұсаулы тұрған атты ұрлаған кісіге өлім
жазасы бұйырылсын.
73
УІ бап. Төбелесте мертігудің (жараланудың) түріне қарай мүлік түрінде
құн төленсін:
а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ
болса, қыздың қалың малын береді.
б) төрт (он екі) мүшенің бірін мертіктірген (жаралаған) кісі айыпқа ат
береді.
УІІ бап. Ұрланған жылқы және өзге де құнды мүлік үшін ұрыдан он есе
артық айып төлеттірілсін.
Енді А.Левшин келтірген Тәукенің «Жеті жарғысы» делінетін заң
баптарын көрелік. Бірақ бап дегенімізбен, олар сараланып нөмірленбеген.
- мұнда кек қайтаруға бірінші орын беріледі: қанға-қан, мертіктіруге
(жараландыруға) сондай мертіктірумен (жараландырумен) жауап
берілсін;
- осыған орай өлген адамның туысқаны кісі өлтірушіні өлтіруге
құқықты;
- қол, аяқ, мұрын және басқа дене мүшесін шауып түскен адам сондай
мүшесінен айырылуға тиіс;
- бидің (соттың) шешіміне не шағымданушының келісіміне қарай
үкімінің жұмсартылуы мүмкін.
Онда қылмыскер кез келген қылмысы үшін белгіленген мөлшерде
айып төлеумен құтылады. Кісі өлтіруші құн төлеу арқылы өз өмірін сақтап
қала алады, яғни өлген ер адам үшін 1000 қой, ал әйел үшін 500 қой төлейді.
Дененің бір мүшесін мертіктірген не шапқан адам сол мүшеге лайық
белгіленген малды төлейді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 2 қой):
- кімде-кім сұлтанды не қожаны өлтірсе, ол соның туысқанына жеті
адамның құнын төлейді. Сұлтанға не қожаға тіл тигізсе, ол адам бір
тоғыз,яғни тоғыз мал айып төлейді, ал сабаса, яғни қол жұмсаса үш
тоғыз, яғни 27 мал төлейді;
- егер әйел күйеуін өлтірсе, ол міндетті түрде өлім жазасына кесіледі,
тек өлген адамның туысқандары кешірген жағдайда болмаса, оны
ешқандай құн төлеу құтқармайды. Бұл ереже екіқабат әйелге
жүрмейді, ол күйеуін өлтіргені үшін жазаланбайды, бірақ өмірлік
жек көрушілікке ұшырап, қарабет атандырылады. Егер күйеуі
әйелін өлтірсе, онда ол құн төлеп құтыла алады;
- ата-ана өздерінің балаларын өлтірген үшін жазаланбайды, бірақ әйел
жеңіл жүрістен бала туып, оны жұрт көзінен жасыру үшін өлтіретін
болса, онда ол өлім жазасына кесіледі;
- өзін-өзі өлтіруші жалпы қорымға қосылмай жеке жерленеді;
- егер екі қабат әйелді салт атты қағып кетіп жықса және соның
салдарынан ол баласын өлі туса, онда айыпкерден мынандай
мөлшерде айып алынады: бес айлық бала үшін әр айына бір
жылқыдан, бес айдан тоғыз айға дейінгі бала үшін әр айына бір
түйеден төленеді;
- ұрлық, тонаушылық, зорлық, неке бұзушылық үшін өлім жазасы
бұйырылсын;
74
- ұрлықта әшкереленген ұры ұрлағанын үш тоғыз (27) етіп қайтарады.
Бұл жаза «айбана» деп аталады. Егер ұрланғаны мал болса, онда ұры
бір түйеге бір тұтқын, бір жылқыға бір түйе, бір қойға бір жылқы
қосып қайыруға міндетті. Жүз түйе 300 жылқыға және мың қойға
теңестіріледі;
- кім ұрлық жасап, әрі кісі өлтірсе, ол екі қылмыс жасаған болып
есептелінеді, соған лайық жазасын алады;
- әйелі мен баласы күйеуінің не әкесінің ұрлық жасағанын біліп, ол
туралы хабарламаса, жасырып қалса, онда оларға ешқандай жаза
берілмейді, өйткені от басының үлкенінің үстінен сыртқа сөз тасуға
тыйым салынады;
- өлтірілген тазысы не бүркіті үшін иесі айыпкерден құл не құң беруін
талап етуге хақылы;
- әйелді зорлау кісі өлтіргенмен теңестіріледі, сол себепті айыпты
өлім жазасына кесіледі немесе әйел үшін күйеуіне, қыз үшін ата-
анасына не туысқандарына құн төленеді. Алайда қызды зорлаушы
сол қызға үйленсе және қылың малын төлесе, онда айыпкер өлім
жазасынан да, құн төлеуден де құтқарылады;
- күйеуі әйелінің көзіне шөп салған қылмысының үстінен түсіп, оны
өлтірсе және оны сол сәтінде көпке жария етсе, онда ол жазадан
құтылады. Басқа жағдайда ері әйелінің өзінің көзіне шөп салғанын
дәлелдей алса, онда ол әйелі мен оны жолдан тайдырушыны биден
(соттан) өлім жазасына кесуді талап ете алады. Егер сенімді төрт
адам олардың кінәсіздігін анықтап ант ішетін болса, онда би (сот)
оларды жазалаудың қандай түрінен болса да құтқарады;
- біреудің әйелін оның келісімінсіз зорлық пен әкетуші өлім
жазасына кесіледі немесе құн төлейді. Ал әйелді өз келісімімен
әкететін болса, онда алып кетуші әйелдің күйеуіне қалың мал төлеп
және оның үстіне қалыңсыз қыз беру арқылы оны өзінде қалдыра
алады;
- әйелді жәбірлеуші одан кешірім сұрауға міндетті, егер кешірім
сұраудан бас тартқан жағдайда оған ұятқа қалдырған айыбын
төлейді;
- қан араластырушылар, яғни бір-біріне үйленуші жақын туыстар
өлім жазасына кесіледі. Бірақ олардың туыстары өз шешімдерімен
өлім жазасын басқа жазамен ауыстыра алады, өйткені бір рудың
өзіне тән қылмысты іске басқа адамдардың араласуына болмайды;
- құдайға тіл тигізушінің айыбы жеті адаммен куәландырылса, онда
ол таспен ұрып өлтірілсін;
- егер біреу христиан дінін қабылдаса, онда туысқандары оны барлық
мал-мүлкінен айыра алады;
- құлдың өмірі мен өліміне қожасы шексіз билік жүргізе алады.
Құлдың қожасына деген арыз-тілегі еш жерде қабылданбасын;
- әкесіне не шешесіне тіл тигізген не қол көтерген ұл қара сиырға
теріс мінгізіліп, мойнына құрым киіз ілініп, ауыл аралатып,
75
таяқтатылынсын. Ал қыз болса, онда оның аяқ-қолы байланып,
жазасын тартқызу үшін шешесінің еркіне берілсін;
- егер әкесінен енші алған ұл өлгенде бала-шағасы болмаса, онда
оның бар мал-мүлкі әкесінің қарауына көшсін. Артында жас баласы
қалса, онда ол әкесінің немесе жақын туыстарының, егер олар жоқ
болса, жанашыр басқа сенімді адамның қамқорлығына берілсін;
- өлер алдында айтылар өсиет туысқандарының немесе молданың
қатыстырылуымен жасалсын;
- өзге біреудің қолында болған жылқы, сиыр және қой иесіне төлімен
қайтарылсын. Бұған барымтамен келген мал жатпайды. Малды
қайтарушы ештеме жасырып қалмағаны үшін ант беруі керек;
- дауды шешу және айыптыға үкім шығаруды хан жүзеге асырады. Ол
болмаса даугерлердің өздері шыққан аулының биі не ауыл ағасы,
сондай-ақ дауласушы екі жақтың таңдауымен алынған ара ағайын
жүзеге асырады;
- егер жауап беруші биге (сотқа) келе алмаса, не белгіленген айыпты
төлей алмаса, онда ол оның туысқандарынан не ауылынан
өндіріледі және олардан айыпкерден өз шығындарын өндіріп алу
құқы беріледі;
- қылмыстың болғандығына көз жеткізу үшін екі, кейде үш куә талап
етіледі. Куәгер болмаған жерде ант беріледі, бірақ бұл ретте
айыпкер де, айыптаушы да өздері үшін ант бере алмайды. Олардың
орнына өзінің адалдығымен, тазалығымен танылған басқа адам ант
беруге тиіс. Егер айыптаушы үшін ешкім ант бермесе, онда ол
айыпты деп есептелінеді. Әйел заты құлмен, күңмен тең саналып
куәгерлікке жүргізілмейді;
- би (сот) пен ара ағайынға істі шешкені үшін барлық өндірілгеннің
оннан бірі берілсін;
- егер айыпталушы бидің (соттың) не ауыл ағасының шешімін
орындамаса, істі талдаудан әдейі жалтарса және сонысымен
қылмыскерді қанатының астына алса, онда талапкердің өз
ауылының биінің рұқсатымен барымта жасауға, яғни туған-
туыстарымен, жақын көршілерімен оның жылқысын жасырын айдап
алуға хақылы. Бірақ ол барымта жасап келісіммен кектің қалай
қайтқанын бақылап отыруға тиісті өз ауылының билеушісіне не
істеп келгенін хабарлауы қажет. Бұған Тәуке ханның есте қаларлық
мына жарлықтарын да қоса кеткен жөн;
- ханның өзі және барлық сұлтандар, ру басылары мен билері жылда
күзде жер ортасы белгілі бір орында халықтық істерді талқылау
үшін бас қосулары керек;
- бірде-бір қазақ халықтық жиынға қарусыз келмеуге тиіс. Қарусыз
келген адам дауысқа ие бола алмайды және оған жасы кішілер орын
бермейді;
76
- әрбір қару көтеруге жарайтын адам (сұлтандардан басқа) ханға және
ел билеушілеріне жыл сайын өз мүлкінің жиырмадан бірін беруге
тиіс;
- кез келген атаның, рудың, тайпаның өз таңбасы болуы керек.
Міне, бірі – УІ ғасырдың екінші жартысының басында, екіншісі ХУІІ
ғасырдың аяғында өмірге келген көшпелілердің саяси құқықтық заңдарының
бізге жеткен нұсқалары осындай. Мұнда олардың түпнұсқалық қалпын
қаншалықты сақтағаны да бізге беймәлім. Халық жадында сақталып, ауыздан
ауызға көшкенде ұмытылу салдарынан түсіп қалатын, уақыт талабына сай
жүре келе енетін өзгерістердің сыртында, мана айтқанымыздай, барының өзі
сол заңды тудырушының ана тілінде отыр ғой. Мұның өзінің де ұғымдық
қиындықтар туғызары тағы сөзсіз. Бірақ соларға қарамастан, осы заңдардың
бізге жеткен осы жұрнақтарының өзінен-ақ олардың түпкі жаратылыс
негізінің бір екенін аңғару онша қиындық түсірмейді. Соңғы заңның
болмысынан өзіне дейінгі сан ғасырлық өмір тәжірибесінен қорытылып, өз
заманының талап-тілегіне сай елдің бірлік-пәтуасына қызмет ететін тетікке
айналғаны көрінеді. Қарап отырсаңыз, алғашқы заңдарда үрейлі өлім жазасы
басым. Бұл сол заң өмірге келген кездегі көшпелілердің тарихынан хабары
бар жандар үшін түсінікті де. Қоғамдық формацияның рулық, тайпалық
кезеңінде бірлікті сақтап, ел басқаруды қамтамасыз ету үшін аяушылығы жоқ
қатаң жаза қолдану өмір қажеттілігінен туған. Бұл дамудың осы кезеңінде
бүкіл әлем халықтары басынан өткерген тірлік. Кейін қоғамның дамуының,
ой-сананың жетілуінің, ел басқарудағы мемлекеттік жүйенің қалыптасуының
кезеңдік сатыларында бұрынғы қатаң жазалар уақыт талабына сай бірте-бірте
жеңілдетіліп, жазаның басқа түрімен ауыстырылып отырған, соған қоса жаңа
баптар енгізілген. Мұны «Тәукенің жеті жарғысының» осы қолда бар
нұсқасынан-ақ анық қөруге болады.
Жалпы бұл заңдарды салыстыра зерттеп білу және одан ғылыми-
практикалық түйін жасау бүгінгі күннің басты міндеті болса керек. Өйткені
мұның қай-қайсысы болсын кезінде өз дәрежесіне қарай «қазақ халқының
этникалық болмысымен санасу арқылы, шаруашылық-мәдени типін ескеру
арқылы және елдің географиялық орналасу ерекшелігіне орай жасалған
мемлекеттің саяси-құқықтық заңы» ғой. Демек, бұл заңдарды жетік
білмейінше, көшпелілердің демократиялық үрдісінен жинақталған
тәжірибеге арқа тіремейінше, бүгінгі тәуелсіз елдің тәуелсіз заңын жасау
мүмкін емес.
Қазіргі міндет осы заңдарды қалай болғанда да қабылдай отырып
(бәрібір мойындауға мәжбүрсің), құлдық психологияны мойындап қалған
ұлттың санасына өзгеріс енгізуге күш салуға бағытталуға тиіс. Егер сана
түзеліп, сынақты шақта қоғамдық мүдде жеке мүддені қанжығасына еркін
бөктеріп жететін дәрежеге жетсе, онда көп ұзамай уақыт талабы да ұлт
мүддесінің талабына қарай бейімделе бастайды, заң да өзгеріп, жаңа қызмет
атқарады.
Тәукенің тарих таныған тұлғаға айналуының да, оның әлгінде өзіңіз
айтқан реформаторлық ерекшелігінің де негізінің өзі сол, халықты халықтың
77
өзінің ішінен шыққан естісіне басқартып, елдің тұтастықтың іргетасы-ішкі
тәртіп пен сыртқы қорғанысқа жалпы халықтық мүдделіктің ояуына
мүмкіндік туғызуында жатса керек.
