Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

3.3 Қазақ мемлекеті тарихындағы Қасымның орны мен маңызы

«ХУ ғасырдың ақыры мен ХУІ ғасырдың алғашқы он жылдықтарында

қазақ халқын құрайтын негізгі этникалық топтардың мемлекеттік бірлестігі

халықтың бірігу барысында жеделдете түсті. Әбілқайыр мен Ақ Орда

хандықтарына қарағанда Қазақ хандығының ерекшелігі – оның анағұрлым

кең де этникалық негізі – қалыптасқан қазақ халқы болды». Моңғол

шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда

алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. Қазақ хандығының күшеюі, әсіресе

Қасым хан кезінде, көршілес елдерде әлсіреу басталып, оның қоластындағы

қазақ құрамының санын көбейтті. Соның нәтижесінде «Қасым хандығының

халық саны 1 миллионға жетті» деп дәлелдейді көптеген ортағасырлық

тарихшылар. Қазақ хандығы нығайып, халқының бірігу барысы жеделдеумен

бірге, оның «қазақтар» деген атауы бекіді. Халық санының көбеюі оның жер

аумағын молайту қажет болды. Сондықтан Қасым хан өзінің қатты, нық

саясатымен, кейбір елдермен одақтасып, мәселен, Москва княздығымен

дипломатиялық қарым-қатынас жасап, батыс Европаға танылуы және осы

қарым-қатынастың негізінде негізгі жауға қарсы одақтасып күресуі

Қасымның тек қана қазақ тарихында ғана емес, басқа да түрік-тілдес

халықтар тарихында да ізімен маңызын, өз ісінің маңызын қалдырды. Қасым

ханның саяси маңызы арта түсті. Сондықтан да ол халықаралық саясатта

елеусіз қалмады. Қасымның тағы бір маңызы – ол бірінші рет, яғни алғаш рет

қазақ қоғамында құқықтық жүйе қалыптастырды. Басқаша айтқанда, Қасым

хан қазақ көшпелі қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениеттің бастамасы.

Оның енгізген құқықтық жүйесінің аты – «Қасым ханның қасқа жолы». Ол

саяси жағдайының шиеленіскен кезінде, билер тобына қарсы тұрмай,

шариғатты бүтіндей қалдырып, халықтың тілегіне жақын әрі ерте заманнан

оларға түсінікті ежелгі «Жарғы» заңын жаңадан күшейтеді. Халық бұқарасы

Қасымның шариғаты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – «Жарғыны»

жаңадан көтергенін қатты ұнатты. Ендеше осы «Қасқа жолға» көшейік.

3.4 «Қасым ханның қасқа жолы»

Қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң

болды. Бұл заң сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта

Азияның бірсыпыра елдердегі феодалдық мемлекеттермен хандықтар да

жаппай қолданылып отырған ислам дінінің «шариғат» заңынан мүлдем

басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-

экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді.

«Қасым ханның қасқа жолы» атанған, әрі ел басқару ісінде

қолданылған әдет-ғұрып заңдарының негізі ежелгі әдет-ғұрып заң

нормаларына сүйенген. Жошы ханның екінші баласының тұқымы хан өзінен

жоғары бесінші ата жердегі бабасы – Жошы ханның тәртіп-заңдарындағы

кейінге қалдырып кеткен «әдет-ғұрып» жол-жораларына, дәуіріне сай кейбір

өзгерістер енгізген.

56

«Қасым ханның қасқа жолы» аталатын бұл көне жарғы сол кездегі

қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, әдет-

ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін байыптайды, жеке адамдар арасындағы, ру-

тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындайды.

Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері де осы «Қасқа жолда» көрініс тапқан

тәріздес. Бір сөзбен айтқанда «Қасым ханның қасқа жолы» - қазақ жұртының

елдік санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше құжат болды. Бұл

әдет-ғұрыптық ереже ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасына түсінікті

заң болды.

Белгілі ірі ғалым Ә.Х.Марғұлан «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарын

былайша түсіндіреді: «Қасым ханның қасқа жолының» негізі Орта

ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «Ярғу» заңынан алынған,

қазақша «жарғы» хақиқат деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан,

нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Даудан

әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап «Қара қылды қақ

жарған» деп мадақтаған. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі

идеясы ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі. Шындығында да

Қасымның жинағында қомақты орын әскери және емшілік нормаларға

берілген. Бұл заңға кірген ережелер мынадай:

1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).

2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына

жаза).

3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны,

тұлпар ат).

4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық

қатынастарда сыпайлық, әдептілік).

5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер,

жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті).

Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері, қоғамдық қатынастары да осы

«Қасқа жолда» көрініс тапты. Көбінесе осы заң жүйесі моңғолдардың «Жаса»

заңы үлгілерінен құралған – дейді тарихшы ғалымдар. Бұл негізінен қазақ

тарихындағы және құқық тарихындағы зерттелмеген жақ. Бірақ та осы

Алтын Орда, яғни Шыңғыс ханның енгізген «Жаса» заңы осы айтылып

жатқан заң жүйесінде, оның бір бабында немесе бір өзінің сипатында

сақталуы ықтимал. Себебі қазақ мемлекеттігінің өз негізінде дамығаны,

ертедегі түрік мемлекеттігінің дәстүрлі жалғасы болғаны күмәнсіз. Мұны

Алтын Орда да айқын дәлелдейді. Ал, бұл дегеніміз қазақ мемлекеттігінің

құрылымы жаңағы «Қасқа жолда» айқындалып, көрсетілсе Шыңғыс ханның

яғни Алтын Орданың оның мемлекеттік құрылысының, онымен бірге оның

«Жаса» заңының қазақ халқында қолданғандығын көреміз. Бірақ та «Жаса»

заңын қолданғаны белгісіз. Тарихтағы қазақ халқының тарихына шолып

көрсек осы «Жаса» заңының Қасым ханның өзіндік бір құқық жүйесін құруда

бір әсерін тигізді деп ойлаймын. «Қасымның қасқа жол» аталуының бір

айғағы немесе көрінісі ол Қасымның тарихтағы өмірі мен орны. Ол өз өмір

жолында қасқа жолмен өтіп, өз саясатында жеңіске жетіп отырды. «Қасқа

57

жол» аталуының өмірі мен жүргізген саясатына байланысты шықты немесе

пайда болды деп ойлаймын. Қасым хандық билікке өте қартайған кезінде

келді. Ресми түрде 1511 жылдары хандық билікке келсе, қасым 60-тан асқан

адам болды, яғни ол тәжірибелі, білімді болып келді. Нәтижесінде елдәі

саясатына байланысты елді біріктіру және реттеу мақсатында «Қасқа жолды»

енгізеді. Бұған халық риза болып ұнатып оны «Қасым ханның қасқа жолы»

деп атады.

Қасым хан кезіндегі жарлықтардың бір ерекшелігі қатал кесім, қанды

өлімге салған. Әріден беріге қанды өткел салып, қарғыс зауалындай суық

түсті, суық сұсты ажалын сүйреп жеткен «қанға-қан, жанға-жан» дейтін

тоқтам-байламды барынша жеңілдетіп, енді құн төлеу сияқты жаза, кесік

түрлерін далалық правоға енгізген болатын.

Көшпелі қазақ қоғамда талиондық принцип кеш басталып, баяу жүзеге

асса да «қанға-қан, жанға-жан» принципімен толықтырылып отырған.

Қылмыстық іс-әрекеттер үшін жауапкершіліктің мүліктік түрлері де (құн,

айып) кең қолданылды. Мүліктік талаптар жазалау ғана емес, келтірілген

шығынның орнын толтыру және кекті қанағаттандыру деп саналған.

Мүліктік талаптар құн және айып деген екі түрге бөлінетін. Құн негізінен

малдан тұратын болды. Ер адамды өлтіргені үшін 1000 қой, ал әйелді

өлтіргені үшін 500 қой берілген. Қасым ханның әдет-ғұрып заңы бойынша

кісі өлтіруші айыпкердің шаңырағы ортасына түсіріліп, қара орманы

бүлдіргісіне дейін түк қалынбай түгел таланып, өзі өлім жазасына

бұйырылатын болған. Оны – «қара қазан» төлеу деп атаған.

Айыптың жоғарыда атаған үш түрін қолданған.

Енді жазаға келсек, қазақтардың әдет құқығы қылмыскерді жазалауда

тікелей болды, яғни өлім жазасы (халық жиналысының шешімі бойынша

қолданылды); жазалау арқылы өсиеттеу («басты жару» - найза не пышақпен

бастың терісін тіліп жіберетін); дене жазалары (негізінен үй ішіндегі жаза)

сияқты түрлері болды. Сол кезде жазаның ежелгі түрлері де пайдаланылатын,

мысалы – «қара найза». Айыптыны жерге қағылған, жоғарғы ұштары

түйіскен үш найзаның астына отырғызып қоятын. Көшпелілердің ежелгі

сенім-нанымдарымен байланысты жазалаудың басқа түрлері де сақталды.

Мысалы, адамды жерде сызылған дөңгелектің немесе киіз үй керегесінің

ішіне отырғызып қоятын. Бұл аса қорқынышты саналып, сирек

қолданылатын. Тағы да басқа билер «сөгіп тастау» және «түкіріктеу» сияқты

жазаны қолданып жүрді.

Енді сот туралы айтсақ, көшпелі қазақ қоғамындағы сот билігі

мемлекеттік биліктің ең кең тараған, халыққа барынша жақын әрі түсінікті,

оның құрметіне бөленген және соған арқа сүйеген, сондықтан да мейілінше

пәрменді әрі қуатты салаларының бірі еді. алғашында сот билігі ханда болып,

биге билік ауыса бастады. Нәтижесінде би – сот болды. Олар (билер) жайлы

Шоқан Уәлиханов өз «Сот реформасы жайлы хатында» анық жазған еді.

Ел аузындағы аңыздарға сүйеніп, халықтық дастандарға жүгінсек, онда

Қасым түзген «Қасым ханның қасқа жолының» ұзын ырғасы төмендегі

жосындарды қамтуы ықтимал.

58

Бірінші һәм негізгі сала – жер дауы. Жерді қазақ қауымы аса қадірлеп,

сыйлады. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық-мал баққан елдің атадан

балаға мирас қып қалдыратын еншісі. Өткені жер-атамекен, кіндікжұрт, отан.

Жер – тіршілік етер ортасы, баба моласы, кіндік байлардың қасиетті тұрағы.

Сондықтан көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ. Жер дауынан қиын

дау да жоқ.

Екінші сала – ұрлық пен қорлыққа, барымта мен сырымтағы кедергі

қойып, бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар

тізбегін қамтиды. «Арам жемейік, адал өлейік» дейтін пікір сол кезде

қалыптасса керек.

Үшінші тармақ – ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға

тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік

кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ереже-қағидалар шоғырын

түзсе керек.

Төртінші тармақ- ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы

дау-дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды

білекпен емес, билікпен тындыруды көздегені ақиқат. Сондықтан бұл

тармақтың қазақ даласы үшін мәні зор екені даусыз.

Бесінші сала – үй ішілік тірліктегі сыйластық, той, ас, байланыстылық,

әке мен бала, ене мен келін арасындағы, қарым-қатынас, үлкен мен кіші

арасындағы сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, қонақжайлық,

жастарды тәрбиелеу, баулу сияқты инабаттылық шаралары. Өйткені,

«Баланы жастан» дейтін қағиданы қатты ұстаған халқымыз ұл-қызын

ибалыққа үйретті, имандылық қасиетке икемдеп отырған.