Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ҚАЗАҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

3.2 Қасым ханның хандық құрған кезеңі

Уақыт озып саяси күрес жаулыққа ұласып, Көк Ордада тежеусіз билік

кұрған Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр

билігінен бас тартып, соңына ерген барлық жұртымен үдере көтеріле көшіп,

Қозы-Басы дейтін байтақ Қоныс пен Шу өзенінің бойында дербес халықтың

туын көтерді. Бұл жаңа ұлыс Қазақ Ордасы деп аталды. Ортағасырлық

атақты тарихшы Мұхаммед-Хайдар-Дулаттың куәландыруы бойынша, бұл

оқиға 1456 жылы болған.

Осы 1456 жыл, еркіндік аңсаған Керей мен Жәнібек жаңа бір ұлыстың

дербестігін жариялаған шешуші оқиға – халқымыздың тарихындағы кезеңдік

құбылысы, мемлекеттік құрылым бастау алған, қазақ деп аталатын

жаңғырған этностық дүниеге келген мезгілі деп есептелуге тиіс. Қазақ

Ордасының құдыретті әміршілері, қазақ халқының ұлы перзенттері Қасым

хан, Хақ-Назар хан (Ақназар), Тәуекел хан, Еңсегей бойлы Ер Есім хан,

Салқам Жәңгір хан, Әз-Тәуке хан, Абылай хан, ең соңы Кенесары хан –

барлығы да осы Қазақ Ордасының қалаушыларының бәрі әулие Әз-Жәнібек

ханның тікелей ұрпақтары. Қазақ хандығының құрылған кезінде жасы үлкен

болған Керей хан елді билейді. Өйткені екеуі де, Жәнібек те, Керей де Барақ

ханның туыстары. Керей інісі, Жәнібек баласы десек те түсініксіз еді. Бірақ

Керей Жәнібекке қарағанда жасы үлкен және Барақтың інісі болғандығына

байланысты билік етуге құқылы болды. Әрине, Керей ханның кезінде ел

онша нық тұра алмады, яғни жаулармен үнемі қырқыста болды. Одан соң

49

Жәнібек хан әмір жүргізді. Сірә, қазақ жұртының Әбілқайырды жеңіп,

біржола іргеленуі Жәнібек тұсында болса керек, жаңа хандықтың өзіндік

құрылымы мен заң жүйесі де осы Жәнібек заманында жөнге түскен сияқты.

Жәнібек өлгеннен соң аға баласы ретінде Керейдің ұлы Бұрындық хан

көтерілді. Бұрындықтан соң азғана уақыт хандық дәреже Әз-Жәнібектің ұлы

Әдікке көшеді. Әдік қаза тауып, кенеттен қайтыс болады. Әдіктен кейін оның

туған інісі Қасым Қазақ Ордасының ханы болып сайланады. Қасым ежелгі

түрік дәстүрі бойынша, ақ киізге отырғызылып, хан көтеріледі. Әдік пен

Қасым тоғыз ағайынды еді. Тоғызы да ел билеген сұлтан, қол бастаған батыр.

Бұлардың ішінде Қасым қайратты да алғыр болған. Қасым хан 1445 жылдар

шамасында дүниеге келген. Ол Жәнібек ханның баласы. Шешесі Жаған бегім

Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмұд сұлтанның шешесінің туған

сіңлісі. «Қасым жас кезінен алғыр, мінезді, балуан, күресте жығылған емес,

байсалды, жомарт, сөзге шешен, қара қасты, қара шашты жігіт», - деп жазады

І.Есенберлин өз еңбегінде.

Қазақ тарихында Қасым аты алғаш рет Мұхаммед Шайбанидің қазақ

билеушілеріне қарсы соғыстары туралы деректемелерде кездеседі. Онда

Қасымға «белгілі сұлтандар мен бахадурлардың бірі» деген баға беріп,

«Мұрындық ханның атты әскерінің жетекшісі» екені атап көрсетіледі. Жаңа

айтылғандай, Әбілқайырды жеңіп, ол өліп, ал Мұрындық хан Самарқанға

кетіп сонда дүние салды да, Қасым хан билікті ала бастады. Қасымның

Мұрындық хан кезінде де билігі, беделі мықты болды. Деректерде Қасым

хандықтың ең ірі қолбасшысы болды. Қасымның арқасында хандыққа

Шайбанидің Түркістан қалаларының басым көпшілігінде қосады. Сол кездегі

хан – «Бұрындық ханға халық елең етпей, Қасым сұлтан беделі мен билігін

мойындаған», - деп жазылған көп деректерде. 1511 жылдан бастап Қасым

қазақ жерінде хан болады. Қасым ханның тұсында (1511-1523) одан әрі қазақ

хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығай түсті. Оның

басқаруынан бастап билік жүргізу Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті.

Қасымның билік ету кезеңі ең қауіпті Әбілқайыр ханның баласы Шайбани

әулетімен қақтығыстар мен соғыстар кезіне сай келеді. Қасым хан кезіндегі

қазақ хандығының күшеюі және нығаюы мен кеңеюі Мауараннахрды билеген

Шайбаниларды қатты налытып, үлкен қауіп тудырды. Ақырында,

Шайбанилер қазақ хандығына экономикалық қыспақ саясатын тудырды. Ол

туралы Рузбехан былай деп баяндайды: «Ұлы мәртебелі тақсырдың

(Шайбани ханның) өзіне қарасты бүкіл уәлаяттарға қазақтардың келуіне

тыйым салуды ойлаған себептері болды. Қазақтар келсе, бұл уәлаяттардағы

шалқыған сәнді өмірді, өзбектердің артықшылықтарын өз көздерімен көрер

еді. Өзбектердің бүкіл осы игіліктерін көріп, осылар үшін өзбектермен қиян-

кикі ұрыс-керіс, жанжал шығара көрмесін, өмірді гүл жайнататын

нәрселердің бәріне және алуан-алуан жемістердің рақатын көруге өздері

араласу үшін, осы уәлаяттарды жаулап бағындырып алу мақсатымен соғыс

бола көрмесін». Бірақ оқиғаның барысы Шайбанидің көздеген мақсатынан

мүлде керісінше болды. Солай бұл тыйым салу саясаты шайбанилер мен

қазақ хандығы арасындағы ұзақ соғысқа мұрындық болды. Шайбанилер

50

бірнеше рет қазақ жеріне жорық жасап, талан-тараж жүргізді. 1509 жылға

дейін шайбанилер жорық жасап, ол сәтті болып жүрді. 1506 жылы қыс

мезгілінде Шайбани хан тағы да жорық жасап, Қасым сұлтанмен кездеспей

қалады. 1510ж. Шайбани хан арнайы Қасымға аттанады. Ақырында, Қасым

сұлтан (сол кезде қолбасшы) жауды өкшелей қуып, Түркістан қалаларын

қазақ хандығына қосады. Ал, Шайбани хан қашып жүріп Иран шахы

Исмаил І мен соғысып қаза тауып өледі. Сонымен Қасым сұлтанның

арқасында 30 жылдай соғысқан жаудың көзі құртылады. Солайша, Шайбани

хан өліп, оның ұрпақтары билік үшін қырқыста болады. Сол кезде Қасым хан

оны пайдаланып, оңтүстік Қазақстанда өзінің билігін нығайтты.

1513 жылы Қасым хан Қараталда отырған кезде Сайрамның билеушісі

Қаттабек қаланы (Бабырдың адамы) Қасым ханның билігіне беруді ұйғарып,

сол жылы Қасым ханның қол астына кіреді. Қаттабек оны өзбектерге қарсы

аттануға көндіреді. 1513 жылы Моғолстан хандарының ұрпағы сұлтан Сағид

хан Шу өзенінің алқабын жайлап отырған Қасым ханға келді. Ол да Қасым

ханға Шайбаниларға қарсы жорыққа бірге аттануын сұрайды. Бірақ Қасым

хан Шайбаниларға қарсы жаңа жорық жасаудан бас тартты. «Қырдағы елдің

қыс қамын күйіттеп қыстауларына көшетін уақыты болды. Бұл жасақ

жасауға қолайсыз мезгіл» деп жауап берді. 1513 жылы Қасым ханды

Қаттабек (билеуші) Ташкентке жорық жасауды көндіріп, Ташкент қаласына

аттанады. Қасым ханның негізінен қалың қолы қазақтар мен маңғыттардан

тұрды. Ол қалың қолын жинап алды. Ол кезде Ташкент билігі Сүйініш қожа

ханда еді. Сүйініш қожа хан әскерімен Ташкент түбінде болған шайқаста

Қасым хан жарақаттанып, кейін шегінеді. Ташкент үшін мұнан кейін де

бірнеше рет соғыс болды. Васифидің айтуынша 1516-1517жж. қыста

Шайбани әулетінің сұлтандары өзара күш қосып қазақтарға қарсы жорыққа

шықты. Орта Азия өзбектерінің қыпшақ далаларына жасаған біріккен бұл

жорығы Қасым хан билеген кезеңге сай келеді. Қасым хан тұсында қазақ

хандығы одан әрі нығайып, ірі және күшті хандыққа айналды, оның саяси

маңызы арта түсті. Жоғарыда Қасымның Моғолстан ханы Сағид ханға (Саид)

жауабына қарағанда, Қасым қол бастауда да, ел басқаруда да ежелгі ата

дәстүрін берік игерген Қасым сұлтан өзінің бар ғұмырын туған халқының

тиянақты болашағын негіздеуге бағыштайды. Ел мұратынан бөтен тілегі,

жұрт бағытынан бөтен мүддесі болмайды. Қазақ халқының біртуар асыл да

қымбат ұлы, перзенті Қасым болды. Ол өз заманында ең беделді де, ауқатты

адамдардың бірі болған.

Ол туралы көптеген ортағасырлық тарихшылар мақтанышпен жазған.

Ортағасырлық атақты тарихшы Абдаллах бен Мұхамед бен Әли Насруллах

өзінің «Зубадат әл асар» атты кітабында: «Қасым хан бүкіл

Дәшті-Қыпшақтың падишахы болды. Ол ұлы істер жасау үшін туған адам

еді. Қасым ханның қисапсыз әскері қазақтар мен ноғайлардан (маңғыттардан)

құралған еді», - деп жазады.

Ақсақ Темірдің ұрпағы, Үндістандағы Ұлы Моғол империясының

негізін салған ұлы жазушы Бабыр өзінің атақты «Бабырнама» кітабында:

«Қазақ халқының бұрыңғы – соңғы хан, сұлтандардың ішінде Қасым хандай

51

құдыретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді», - деп атап

көрсетеді.

Ал Дулат руынан шыққан, еңбектерін сол замандағы тарихи дәстүр

бойынша парсы тілінде жазған тарихшы Мұхаммед-Хайдар: «Қасым хан

бүкіл Дәшті-Қыпшаққа билік жүргізді. Оның қарулы халқының саны

миллионнан асатын. Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл

жұртта Қасымнан асқан кұдыретті хан болған жоқ» деген куәлік береді.

Сонымен қазақ халқының сонау моңғол шапқыншылығынан кейінгі

қазақ туының астына бірігуі осы Қасым ханның арқасында болды.

Сондықтан да төл қазақ тарихымызда Қасымның орны мен рөлі маңызы зор

алады. Мұхаммед Хайдардың айтуынша және жазуы бойынша Қасым хан

1518 жылы өлген. Ал Тахир Мұхаммед «Раузат ат-тахирин» атты еңбегінде

Қасым хан 1523-1524жж өлген деп келтіреді. Қасым хан 1520 жыл

шамасында салтанатты қала Сарайшықта дүние салған.

Қоғамдық құрылысы. Хандық-көшпелі және жартылай көшпелі мал

шаруашылығымен айналысқан ұлан-байтақ қазақ даласын, Оңтүстік

Қазақстандағы отырықшы, егінші аймақтар мен қалаларды қамтыған

феодалдық мемлекет болды. Біртұтас қазақ халқының ұлттық ұраны –

«Алаш», мемлекеттік гербі – «Төре таңба» (яғни бас таңба) аталатын көне

түрік заманынан тартылған, Алтын Орда тұсында қалыптасқан діні бір үшем

бітік. Қасым хандығы дәуірінде қазақ халқы біріктіріліп, территориясының

кеңеюімен, мемлекет орталықтандырылған біртұтас бола алмады.

Хандықтың көшпелі және жартылай көшпелі қырлы өңірлерінде

патриархалдық-феодалдық қатынас басым болды, ал отырықшы, егінші

аймақтарында феодалдық қатынас қалыптасқан еді. Хандықта облыстық

басқару жүйесі емес, ұлттық (ру-рулар бойынша) басқару жүйесі

қолданылды. Қасым хан осындай басқару жүйесін қолданып жүрді. Басқару

жүйесінде, әкімшілік бөліктерді айыруда көшпелі қазақ қоғамында бұрыннан

қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Туыстығы жақын он

шақты түтін бір ата болып есептелді. Арыстардан ұлыс ұйымдасты,

ұлыстардан жүздер болды. ХУІғ. өмір сүрген тарихшы Рузбехан

Исфаһанидың деректеріне қарағанда, қазақ хандығында он ұлыс болған, әр

ұлыстың жан саны жүз мың адам. Бұл Мұхаммед Хайдар Дулатидің: қазақ

хандығының жан саны 1 миллион адам деген дерегіне сай келеді. Бұл

ұлыстарды хан тұқымынан шыққан сұлтандар басқарды. Бұл яғни осы Қасым

ханның заманына сай келіп тұр. Ұлыстар мен ру-тайпалардың қоныстарының

шекаралары тиянақсыз болды. Белгілі бір сұлтанның қол астына қарайтын

жерлердің көлемі оған қарасты ру-тайпалардың жазғы жайлау, қысқы қыстау

және ұдайы көшіп-қонатын жолдарының жоралымен белгіленіп отырды. Бұл

көлемдердің өзі де бір-бірімен айқасып жатты. Орта жүзбен Кіші жүз

қазақтары жылына 700-мың шақырым, Ұлы жүз қазақтары жылына

екі жүз-үш жүз шақырым көлемде көшіп-қонып отырды, мұндай жағдайда

ұлыстардың тұрақты шекарасын белгілеу, белгілі басқару жүйесін орнату

мүмкін емес еді. Сол заманда тарихи оқиғаларды жақсы білген Қасым хан,

саяси жағдайының шиеленіскен кезінде, ол ел басқару жүйесінде ата жолын

52

ұстанып заман ерекшелігіне орай, жаңа ортаға сәйкес жаңа низам жүйесін

енгізеді. «Қасым ханның қасқа жолы» аталатын көне жарғы сол кездегі қазақ

қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, жалпы

алғанда барлық қатынас жүйесін тағайындайды. Қасым хан осы заң жүйесіне

байланысты қоғамдағы бүкіл қатынастарды реттеді және соғыс, елшілік

мәселелерін қарады. Сол кезде хандар мұрагерлік жолымен болды, хан өлсе

орнына үлкен баласы отырды, ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-

інілері, яки олардың балалары отырды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа

отыруы сұлтандар мен ру-тайпа шонжарлары өкілдерінің жиналысындағы

(құрылтайындағы) «хан көтеру» аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. ХУІ

ғасырдың басында Қасым хан да ақ киізге отырғызылып сайлаудан өтті. Ол

яғни ата дәстүр ежелгі түріктерден қалған мұра еді.

Былайша айтқанда, Қазақ хандығы Шыңғыс хан құрған мемлекетінің

құрылысын сақтап, тікелей мұрагері болды. Оның бір дәлелі «хан көтеру»

сайлауындағы шешуші шарт: хан тұқымының, яғни Шыңғыс хан тұқымының

ақсүйектігі, байлығы, ықпалы, жақтасының көптігі болды. Ханның қасында

ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шежіре-шешен,

жыраулардың кеңесі отырды. Олар маңызды саяси, әскери және азаматтық

мәселелерді ақылдасып шешті. Ұлыстар арасындағы дауларға билік айтты.

Бұл кеңесте сот құқы да, заң шығару құқы да болды. Ханның қасында

сайлауыт төрелер, атарман-шабарман жасауылдар және малайлар болды.

Бұлардың бәрі «төлеңгіттер» деп аталды. Олар түрліше жікке бөлінді.

Негізінен қазақ халқы ақсүйек және қарасүйек деген әлеуметтік топқа

бөлінді. Ақсүйек өте бай және ауқатты адам болды. Ханнан бастап ұлыс

билеушілері болды, яғни Шыңғыс ұрпағы басым бөлігі. Қарасүйек болса, би,

батыр, шаруа адам тағы басқа топтар болды. Ең төменгі әлеуметтік топ –

құлдар да болды. Олар соғыс тұтқындарынан құралды. Оны сатты, құл

қылды. Құл мұрамен берілді. Қасым хан кезінде құлдар болды. Құлдар үй

шаруашылығында пайдаланды. Әскерге келсек, әскердің 2 түрі болды:

1) Тұрақты әскер, яғни ханға тәуелді төлеңгіттерден жиналған

сайлауыттар.

2) Халық жасағы.

Халық жасағынан қазақ хандығының қарулы күштерінің басым

көпшілігі құралды. Қазақтар қарулы көшпелілер болды. Олар әрдайым

соғысқа дайын жүрді.

Ел орталықтана бастағанымен оның орталығы көшпелі болды.

Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда

экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Бұдан

бұрын қазақ даласын билеген мемлекеттердің – Ақ Орда мен Әбілқайыр

хандығының да орталықтары осы қала болған еді. Қасым тұсында хан

Ордасы бірде Жетісуда, Қаратал өңірінде, бірде Шу бойында, енді бірде

Арқада, Ұлытау етегінде, кейде батыста, Жайық жағасында болады. Бұл да

халқының жиын ортасында жүрген Қасымның өзіндік саясатының бір

көрінісі.

53

Қасым хан кезіндегі қазақ хандығының мемлекеттік құрылымына

келсек мемлекет феодалдық болды, негізгі орындары болды. Құрылтайда -

заң шығарылып талқыланды. Маслихат, яғни съезд – көптеген мәселелерді.

Қазақ хандығы заңы – «Қасым ханның қасқа жолы» осы съезд немесе хан

кеңесі шешімі арқылы жарыққа шыққан. Тағайындау, сайлау, атақ беру, «хан

көтеру» кезінде – халық жиыны болды. ХУІ-ХУІІІ ғасырларда қазақ хандығы

монархия мен аристократиялық республиканың элементтерінен тұратын

далалық мемлекеттің дәстүрлерін бойына жинақтаған иерархиялық

әлеуметтік саяси құрылым болды. Жыл сайын ханмен бірге жалпы

мемлекеттік мәселелерді шешу үшін ру ақсақалдары мен билері, старшындар

қатысатын құрылтай шақырылып отырды. Беделді ру бақылары хан жанынан

билер алқасын құрды. Бұл – заңды талқылайтын заңды ұйым болды. ХУІғ.

аяғынан ХУІІІғ. бірінші жартысына дейінгі аралықта Ташкент және

Түркістан қалалары Қазақ хандығының саяси орталығы болды. Осы кездері

жалпы бүкіл билікті хандық билік биледі. Осы кезеңдегі хандық билік белгілі

бір дәрежеде өмірдің барлық саласын қамтыған жалпылық сипатқа ие болып,

біріңғай этникалық негізіне қарамастан, орталықтанған билік салыстырмалы

түрде жүргізілді.

Жалпы, Шыңғыс хан империясының, атап айтқанда, Алтын Орда мен

Шағатай ұлысының мұрасы қазақ қоғамының қоғамдық-саяси құрылысынан

көрініс тапты, онда сұлтандардың жоғарғы тобы әкеден балаға ауысқан

Шыңғыс хан тұқымдары - Шыңғыс ұрпақтарынан құралды, хан тағын тек

солар ғана иеленетін болды деген едік жоғарыда.

Ішкі саясатта Қасым хан қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын

нығайту үшін ішкі феодалдық қырқыстар мен соғыстарды аяқтатты,

тайпалық талас-тартысқа тыйым салды. Ал, ішкі қатынастарды реттеуде, ең

алдымен елдің бірлігін сақтауға арналған, оның тыныштығын қорғайтын, ел

арасы бүлінген кезде жедел түрде келісім ымыраға бастайтын әдет-ғұрып

нормаларына көп көңіл бөлінді. Сондықтан Қасым хан жыңа жер жаулау

жайын емес, қарауындағы халқын берік ұйыстыру жайын әуелгі кезекке

қояды. Ұлыстың тыныштығын, Қазақ Ордасын ежелгі Көк Орда қонысында

біржола іргеленуін өмірлік мұраты деп біледі. Шайбани ханды талқандап,

бүкіл түстік өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз еткеннен соңғы жерде, 1513

жылы Ташкентке жасалған, қаланы алмағанымен, қуатты көршіні біржола

бұқтырып қайтқан келте жорықты есепке алмасақ, Қасым хан Қазақ

Ордасының төңірегімен тегіс бітімде, бейбіт ұстайды. Бұл – елу жыл бойы

үнемі ат үстінде, жорық жолында болған қазақ халқына тыныс берген, өте

ұтымды саясат еді. Қасым хан феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп,

әскери қуатын арттырды. Өзіне қарасты қазақ жерін қеңейте түсті.

«Тарих-и-Рашиди», «Шайбанама», тағы басқа деректемелердегі мәліметтерге

қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ

хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген хандықта сауда саттықта

дамыды. ХУІ ғасырдың жазба деректері: қазақ саудагерлерінің «үнемі ислам

елдеріне бұрын да, қазір де барып отырғанын» атап көрсетеді. Бұл

саудагерлер егіншілік пен қолөнер өнімдеріне өздерінің мал немесе мал

54

шаруашылығының шикі заттарын ғана айырбастап қойған жоқ, сонымен

қатар қазақтардың үй кәсібінің өнімдерін де, мәселен, жүннен тоқылған

шекпендерді айырбастап отырды. Бұл мысалдар қазақ хандығының әскери-

саяси жақтан ғана емес, экономикалық жақтан да оңала бастағандығын

көрсетеді. Ішкі саясатта да айырбастау, тағы басқа экономика Қасым енгізген

«Қасқа жолда» баяндалған еді. Онда мүлікпен байланысты бірінші

ережесінде осы саудадағы мүліктің заңы берілген еді және де жұртшылық

заңы 5 ережесінде сауда өмірі де қамтылған және айқындалған. Қазақ

хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып,

сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі

табыстарға қол жеткізді. Оның тікелей табысқа кетуі Қасым ханның өзі

енгізген, және өзі осы елшішікті білген, «Қасқа жолға» байланысты болды.

Қазақ хандығы өз кезінде өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ

бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен

сауда-саттық және дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары

әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы саясат қолданып отырды. Оған бір мысал

Қасым хан. Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық

(Мұрындық) хандар Ақ Орданың атақты ханы Ырыс (Орыс) ханның

мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін

дамытушы, әскери саяси және дипломатиялық күрес тәжірибелеріне бай

адамдар еді. Ал Қасым хан өте-мөте үздік шыққан мемлекет қайраткері

ретінде танылды. Қазақ хандығы алғашында Моғолстан мемлекетімен

достық-одақтық қарым-қатынас орнатып, Әбілқайыр ханның Жетісуға

төндірген қаупіне және ойрат-жоңғар тайпасы Амасанжының Моғолстанға

жасалған шабуылына қарсы күресті, Ноғай одағы, Сібір хандығы тағы басқа

Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтаса отырып Әбілқайыр ханның

мұрагері Шайх Хайдарды жеңді. Мұхаммед Шайбаниға қарсы күресте Әмір

Темір әулетінен шыққан Мұхаммед Мәзит Тарханмен одақтасты. Сөйтіп, ол

сыртқы саясаттарда жеңіске жетіп отырды. Қазақ хандығы Қасым хан

тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас жасап, батыс

Европаға танылды. Ұлы князь Василий ІІІ тұсында (1505-1533) Москва

княздығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақ халқы дербес халық

ретінде батыс Европаға әйгілі болды. Австрия дипломаты Сигизмунд

Герберштейн өзінің жазбаларында бұл жайтты баяндады. Сөйтіп ішкі,

сыртқы саясатқа, мемлекет құрылымына байланысты өзінің «Қасқа жолына»

хандықтың негізгі ел басқару құқы, тағы басқа құқықтар, қылмыс туралы

енгізіп, оның хандықтың негізгі құқық көзіне айналдырды.

55