Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дамира 45-52.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
174.87 Кб
Скачать

51. Сіздің ойыңызша Қазақстанға қандай саяси идеология қажет?

Саяси идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс - әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат – мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Бұл ұғымды ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А.Дестют де Траси кіргізді. Идеология әр түрлі - саяси, құқықтық, этикалық, діни, фәлсафалық және эстетикалық болып келеді. Саяси идеологияның бірнеше түрлері бар: тұңғыш түрлерінің бірі либерализм. Ол латын тілінен аударғанда еркіндік деген мағынаны береді.Екінші түрі консервативтік, яғни қорғаушы. Енді біреуі коммунистік – ол жалпы, яғни қоғамда мемлекет, саясат болмайды деген мағынаға саяды. Социал – демократия идеологиясы еркінгдік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық оның басты құндылықтары. Соңғы түрі бұл фашизм. Ол бірлестік деген мағынаны береді. Жалпы менің ойымша біздің республикамызға жаңарған либерализм идеологиясын ұстанған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілу бағыты, еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік принциптерін жоққа шығару, дарашылдыққа бет бұрыс және т.т. Дегенмен, мұның бәрін абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларымыз бар, оның ішінде ең басысы қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына ұлттық идеологияны да ұстанған жөн деп санаймын. Өйткені, ұлт бұл маңызды мәселе, ұлттың негізі тілде. Осыған байланысты ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «түбім түркі, дінім ислам, тілім қазақ» деген сөзі бар. Яғни біз бұл сөздің түбінен ұлттың жайын қозғап отырғанын байқаймыз. Сонымен қатар, ел басымыздың 2030 стратегиясында «үш тұғырды» енгізуі де дәл осы ұлттық мәселе қозғалады. Мұнда орыс және ағылшын тілдерімен қатар қазақ тілін басып көрсеткен. Тіл – бұл ұлттың негізі. Өз ұлтымызды жоғалтпау үшін тілімізді сақтауымыз керек.

52. Қазіргі демократиялардың жалпы белгілері, олардың құндылығы мен кемшіліктерін атап көрсетіңіз

Қазіргі заманғы әлемде азматтардың  көпшілігі демократияның келесі бір құндылығы – теңдікті әр адам үшін ӛмір мүмкіншіліктері, өзін-өзі іске асыру мүмкіндіктері, дамуы, істеген ісіне қарай тиісінше бағалануы ретінде түсінеді.

Қазіргі демократия – бұл: 1) өкілдік және тікелей демократияның бірлігі. 2) әлеуметтік шектеулерден бөлек барлығына ортақ демократия 3) плюралистік демократия 4) әлеуметтік демократия.

Мемлекеттік билікті ұйымдастыру формасы мен саяси жүйе ретіндегі қазіргі кездегі демократия өкілдік демократия түрінде қызмет етіп, дамиды. Басты белгілері мыналар: 1) еркіндік принципі. Бұл принциптің салтанат құруысаяси режимнің креативті әлеуетін көтереді. Адамның қоғамдық істерді басқаруға қатысу мүмкіншілігі кеңейе түседі. 2)саяси бәсекелестік. Қоғамның саяси элитасы декларациялар жариялау, уәделер беру арқылы халықтың назарын өздеріне аударып, қолдауына ие болу үшін ашық күрес жүргізетін бәсекелес саяси күштерге бөлінеді. 3) Ашық сынау жолымен қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын оппозициялық саяси элитаның көмегімен жүзеге асатын билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі. 4) Мемлекеттік биліктің құрылымдық икемділігі. 5) Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті. Ол демократияның саяси жүйе ретінде беріктіктің қажетті қорына ие бола отырып, сыртқы әсерлерді белсенді қабылдауы мүмкіндігімен сипатталады. 6) Саяси қатынастар субъектілердің іс-әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңестік жасау. 7) Демократиялық қоғамдағы саяси және идеологиялық плюрализм оны әрқилы тенденциялар мен олардың ұйымдық қалыптасуы, саяси ойлары, әрекеттері пайда болатын көпсубъектілі қоғам ретінде сипаттайды.

      Демократияның кемшіліктері атап өтсек, Олар:

Халықаралық  қатынастардың ұғымдары және  белгiлері;Халықаралық  қатынастардың қатысушыларының  құралдары және стратегиялары;Аристотель:”Демократия тиранияға айналып кету қаупі бар және ол басқару жүйесінің ең төменгісі”,Ал Платон:”Демократия-тираниядан кейінгі ең коррупцияланған басқару жүйесі” деген;Парламентаризмнің  уақыттық және кеңістік шектеулері  болады.Осы себептен демократия  көптеген мәселелерді толығымен  шеше алмайды; Көпшілік тиранияның басып кету қаупі бар;Саяси бәсекелестіктің  саяси конфронтацияға айналып  кету қаупі бар;Шешім қабылдау  процесінің баяулығы;Халықтың мемлекет  басшысын дұрыс таңдай алмауы. Қорытындылай келе,кейбір кемшіліктеріне қарамастан демократиядан асқан ештеңе жоқ,ол басқарудың ең күштісі және ең адамгершілікті жүйесі болып табылады. У.Черчиль бір сөзінде:”Егер басқаларын есептемесең,онда демократия-басқарудың масқара түріне айналады” деп айтып өткен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]