Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дамира 45-52.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
174.87 Кб
Скачать

49. Қазақстан – 2030 стратегиясының негізгі идеясы мен бағыттарына талдау жасаңыз

Қазақстан-2030 Стратегиясы– ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы болып табылады. Ол 1997 жылы қазанда қабылданған. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалған. Стратегияда көзделген мақсат – ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді: Ұлттық қауіпсіздік, Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы, Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу, Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі, Энергетикалық қорлар, Инфрақұрылым

Президенттің жолдауында бүкіл күш-жігерді осы бағыттарға жұмылдырудың, мүмкіндіктерді шоғырландырудың және үйлестірудің келелі идеялары айқын тұжырымдалған, басқару жүйесіндегі реформаларды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін түбірімен қайта қарау қажеттілігі атап көрсетілген. Бұл қысқа және ұзақ мерзімді негізгі бағыттарды іске асыру барысында, ең алдымен, еліміздің барлық азаматтарының бостандығына кепілдік беруге, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға бағытталған бірден-бір бағдарламалық-стратег. ресми құжат болып табылады.

Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.

50. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөліне баға беріңіз

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. БҰҰ құрылымдарының белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу , келісімдік процестерді жолға қою,мемлекеттердің мүдделерін түйістіру,халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агессияны айыптау, халықарлық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.Бұл жағдайда БҰҰ қызметі халықаралық –құқықтық шеңберде болады.БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар.Халықаралық проблемаларды шешудің тәсіі ретінде соғысты болдырмау; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау.Қазіргі жағдайда жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. Қазіргі таңда саясаттың, ғылымның, субъективтік факторлардың рөлі орасан зор. Жеке бір мемлекет не саяси, әскери, экономикалық топтарға емес, бүкіл адамзаттың мұратына қызмет етерлік ғылым мен техникалық даму бағдарламаларын жасап, іске асырған абзал. Оның жолы өте көп. Дамыған елдер күш- жігерін қосып, қаражаттарын бөліп СПИД, рак немесе жүздеген басқа ауруларды емдеп, тіпті дүниежүзілік дәрігерлік жүйе жасаса, қандай ғажап. Космосты бейбіт мақсатта игеретін дүниежүзілік ұйым құрса, жаопы жаңа экономикалық тәртіп орнатса. Мұндай мысалдарды ондап келтіруге болады. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлі ерекше деуге болады. Мәселен, қазір дағдарыс жағдайын қарастырсақ. Дағдарыс жағдайында халықаралық ұйымдар бұдан шығудың жолдарын қарастыруда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]