- •45. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылыққа қауіп төндіретін факторларды атап көрсетіңіз
- •46. Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы басым бағыттарын атап көрсетіңіз (2012жыл)
- •47. Саяси жанжалдар ерекшеліктері және негізгі түрлері. Кезеңдері, шешу жолдарын атап көрсетеңіз
- •48. Посткеңестік кеңістіктегі саяси жанжалдар
- •49. Қазақстан – 2030 стратегиясының негізгі идеясы мен бағыттарына талдау жасаңыз
- •50. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөліне баға беріңіз
- •51. Сіздің ойыңызша Қазақстанға қандай саяси идеология қажет?
- •52. Қазіргі демократиялардың жалпы белгілері, олардың құндылығы мен кемшіліктерін атап көрсетіңіз
47. Саяси жанжалдар ерекшеліктері және негізгі түрлері. Кезеңдері, шешу жолдарын атап көрсетеңіз
Саяси жанжалдар деп- қарсы іс- әрекет мақсатындағы екі немесе одан да көп әртүрлі бағыттағы күштердің өз мүдделерін іске асырудағы қақтығысы. Сонымен қатар, жанжал- пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.
жанжалдың негізгі 4 түрі бар: тұлғалық,топаралық, жүйелік негізінде және аймақтық ғаламдық жанжал. Ал мазмұны жағынан:
1. Билеуші мен бағынушы арасында(бұқара қоғам)
2. Билік ұстаушылар арасында(институттар)
Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты.
Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.
1. Дау -жанжалдарға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспей үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.
2.Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, “ неістесең соны істе” деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.
3. Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалдарға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.
Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.Мұндай жағдай бір жақтың күші
айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.
Аралық сот немесе ардбитраждық сараптау әдісі.Мұнда қарсы жақтар дау, талас
тудырған мәселені тексеруге өз еркілерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақ та мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.
48. Посткеңестік кеңістіктегі саяси жанжалдар
Посткеңестік мемлекеттердің қазіргі заман тарихында қарулы қақтығыстарға алып келген жанжалдар да болып отырды. Шынында, бұл жанжалдар тарихи алғышарттарымен, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық қатынастардағы саяси саланың дамуында жүрген дағдарыстармен байланысты болды. Менің ойымша, аталған жанжалдардың себебі мынада: Бірқатар елдердің болжамы жоқ саясаты. Ал аталған себеп белгілі жанжалдардың катализаторына айналды. Біз ТМД елдеріндегі болған «түрлі-түсті революцияларды» естен шығармауымыз қажет. Қаншама жылдар өтсе де, «түрлі-түсті революциялардан» кейін ешбір мемлекетте әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйеде түбегейлі, әрі сапалы өзгерістер болмады. Сонымен қатар, бұл елдерде қалыптасқан саяси жағдайлардың ерекшеліктерінің бірі – билік үшін күрес «жаңадан» қалыптасқан элиталар арасында жүруде, бұл өз кезегінде, олардың мақсаттары мен мүдделерінің қарама-қайшылығы, олардың арасында базалық келісімнің болмауы мен қоғам алдында тұрған мәселелердің тереңдігін көру мүмкіндігінің жоқтығы туралы айтуға мүмкіндік береді. – Бұл орайда нені назарда ұстаған жөн? – ТМД елдері саясатының басты мақсаты ретінде мынаған мән бергендері жөн: даму тұрақтылығы, өзгерістерге бейімделу, мерзімі жеткен қатерлердің алдын алу. Сондықтан посткеңестік мемлекеттерге тұрақсыздыққа ықпал жасайтын түрлі факторларды азайту жолдарын қарастыратын саясат жүргізу керек. Мен, ең алдымен, жаһандық дағдарыс салдарына, Таяу және Орта Шығыстағы, Солтүстік пен Тропикалық Африкадағы әлеуметтік-саяси, діни және өзге де қақтығыстарға, еуро аймағындағы дағдарысқа, Батыс пен Шығыс арасындағы әлемдік экономикалық өзгерістерге, АҚШ және оның одақтастары арасындағы қарама-қайшылықтарға, екпінді жаһандық экологиялық дағдарысқа назар аударған жөн деп санаймын
