Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дамира 45-52.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
174.87 Кб
Скачать

45. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылыққа қауіп төндіретін факторларды атап көрсетіңіз

ҚРғы саяси қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретін факторларды атап өтсек:

яСыртқы факторлары болып мыналар табылады:

- Қазақстанға және ТМД мемлекеттеріне қатысты бірқатар шет елдердің ескі геосаяси қарсылықтарының қайта жандануы мен пайда болуы;

- Олардың аумағына кейбір шетел саяси күштерінің және олардың саяси оппонентерінің аударылуы;

- Аймақтық қақтығыстар;

- Бірқатар шетел террористік, діни, ұлтшыл-радикалды және тағы басқа ұлттардың экстремистік сипат ала бастауының тез қарқынды дамуы;

Ішкі факторлар:

- ТМД мемлекеттері бұқараларының ауқымды бөлігінің кедейленуі мен жұмыссыздықтың орын алуы, экономикалық дағдарыс;

- Ұлтшылдық, ұлттық шыдамсыздық, діни экстремизм мен сепаратистік көңілдердің күрт өсуі;

- Азаматтардың көбінде әлеуметтік жағдайдың қалыптаспауы мен кедейшіліктен қорғанудың әдісі жоқ болуы сияқты сезімдердің өрши түсуі;

- Көп адамдардың идеологиялық және рухани өмірдің бағыт-бағдарын жоғалтуы, әлеуметтік агрессия мен эксестердің шарықтау шегіне жетуі;

- Қылмыстылықтың өсуі, заң және билік беделінің төмендеуі, олардың азаматтарға қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сенімін жоғалтуы; қарулардың заңсыз «нарығының» көп бола бастауы және оларды жеңіл жолдармен алу мүмкіншілігі;

- Ауғанстан, Приднестровье, Тәжікстан, Шешенстан және басқа да «ыстық нүктелер» аумағында «Соғыс мектебін» өтушілер санының тез қарқынмен өсуі;

- Адам құқықтарын қорғаудағы мемлекеттер мен қоғамдардың, ішкі істер органдарының әлсіз жұмысы.

Жаңа заман жағдайында ислам және жаһандану халықаралық өмірдің маңызды факторы болып табылады. Дәл осы екі фактор Орта Азия мемлекеттері өмірінің маңызды жақтарын тікелей қозғайды, соның ішінде қауіпсіздік те бар. Аталған факторлар аймақтағы мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылықты,қауіпсіздікті және аумақтық біртұтастық сақтаудағы үлкен әсерін тигізеді.

46. Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы басым бағыттарын атап көрсетіңіз (2012жыл)

Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты.
Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті.
Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті.
Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRC, «Қазақмыс» компанияларының басым активтері мемлекет иелігінде болады.
 Бұл жолдауда Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз делінген.
Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды.
Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз.
Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырмыз.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін.
Бұл жолдаудағы басты міндет – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады.
2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отыруда.
Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз дейді.

Басым бағыттары:

Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы

Екінші. Қолжетімді баспана

Үшінші. Өңірлерді дамыту

Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа­сын арттыру.

Бесінші. басқарушылардың білікті саяси табын дайындау

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту

Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі

Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру

Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз

Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]