Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы нарык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.78 Mб
Скачать

Қазақстанда купондық аукциондарда сатылған ақ-ның салалық құрылымы

Салалар

АҚ-ның жалпы санынан үлесі, %-бен

Газ өнеркәсібі

1

Геология

4

Ғылыми-зерттеу институттары

3

Жөндеу кәсіпорны

12

Жеңіл және жергілікті өнеркәсіптер

13

Металлургия

1

Мұнай өнеркәсібі

1

Машина жасау

3

Агроөнеркәсіп секторы

14

Құрылыс

15

Көлік және телекоммуникация

13

Химия өнеркәсібі

2

Энергетика

1

Көтерме сауда

17

Жаппай жекешелендіру бағдарламасына кірген шаруашылық жүргізуші субъектілер алдымен 100% акциясы мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам болып қайта қүрылды. Содан кейін 10%-ға дейін компания қызметкерлеріне артықшылықты акциялар түрінде берілді. Осыдан кейін 51% немесе одан да көп акция ЖИҚ үшін купондық аукцион аркялы сатуға шығарылды, бұл арада мемлекетке ең көп шамада 39%-ы қалуы тиіс болды.

1994 жылдың мамырынан 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстандағы 22 купондық аукционда 1700-ден аса кәсіпорын сатуға ұсынылды. Онда номинал құны 1261,5 млн. теңгені құрайтын кәсіпорынның жарғылық қорын көрсететін акциялар сатылды.

Республика халқына берілген купондардың жалпы саны - 1,5 млрд, оның 1131,5 млн. халық ЖИҚ-қа табыс етті. Барлық жиналған купон аукциондар барысында өтелді.

1996 жылдың басында жекешелендірілген кәсіпорындардың шамамен 60% жарғылық қоры жеке меншік иелеріне берілді (кіші жекешелендірудің объектілерін қоспағанда). Фармацевтикалық компанияларды жекешелендіру процесінің нәтижесінде республикадағы барлық дәріхананың 57%-ы жеке меншікке өтті. 1997 жылы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салаларындағы 2900-дан да көп объектілер жекешелендірілді. Осылайша, 1991 жылдан бастап 17 мыңнан да көп кәсіпорындар мен ұйымдар меншік иелерінің қолына өтті.

Үшінші кезең - жеке жобалар бойынша жекешелендіру. 5000-нан асатын адам жұмыс істейтін аса ірі кәсіпорындар мен айрықша маңызы бар мемлекеттік кәсіпорындар, мәселен, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жеке-шелендірілуі керек болатын. Тұтастай алғанда бұл санатқа шамамен 170 кәсіпорын кірді.

Мұндай тәсілдердің мақсаты - әрбір кәсіпорынның жағдайына барынша назар аударатын шешім қабылдау. Жаппай жеқешелендіру бағдарламасына қарағанда мұнда мемлекет үлесін және инвестордың жеке меншік үлесін анықтаудың үлгілері болған жоқ. Әрбір компанияның сатылу әдістері де бір-бірінен өзгеше болды, алайда олардың басқарылуы үшін халықаралық тендер мен келісімшарттарды жүзеге асыру көзделді.

Ауыл шаруашылығы салалары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторында да жекешелендіру аз жүргізілген жоқ. Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар саны шамамен 4000 болды. Мемлекеттік кәсіпорындар ұжымдастырылып, ұжымның жекелеген мүшелеріне жер берілді.

Агросервис пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу секторының мемлекеттік кәсіпорындары да осы бағдарлама бойынша акцияларды ұжымға, жеке қызметкерлерге және ауыл шаруашылығы өндірушілеріне берумен жекешелендірілді. Мұнда баға инфляцияға қарай түзетіліп, қолайлы деңгейде белгіленді. Бірнеше ірі қайта өңдеу кәсіпорындары жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде сатылды.

Қазақстан-2030 даму стратегиясында көзделген міңдеттердің біріне республикадағы агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың, орта және шағын кәсіпорындардың, жылжымайтын мүліктің жекешелендіру процесін толық аяқтау жатады.

1999-2000 жылдарға арналган меншікті жекешелендіру және мемлекеттік тұрғыдан басқару бағдарламасына сәйкес кен өндіру, көлік, мүнай өндеу, темір жол және әуе көлігі, энергетика кешені, уран өндірісі секілді стратегиялық маңызы жоғары экономика салаларындағы нысандардың меншіктік құқығын мемлекет өзінде қалдырды. Үкімет экономиканың нақты салаларын мемлекет иелігінен алудың негізгі бағыттарын анықтап, реттеуші заңдық және әкімшілік базаларды дамытудың стратегиясын жасады (6-кесте).