
- •1. Рейтингтік сыныптардың салыстырмалы сипаты
- •Қазақстанда купондық аукциондарда сатылған ақ-ның салалық құрылымы
- •Жекешелендірілген нысандардың саны
- •Казақстандағы бағалы қағаздардың жіктелінуі
- •Казақстанда мемлекетттік бағалы қағаздардың жіктелінуі
- •Кейбір түрлері
- •Халықаралық бағалы қағаздардың негізгі түрлері
- •Дамыган және дамушы елдердің зейнетақы нарықтары
&&&
$$$001-000-000$2.1 Глоссарий
Ақшалық мультипликатор – 1 долларға ақша базасының өлуімен байланысты ақша сұранымының артуы.
Ақша массасы –шаруашылық айналымға қызмет ететін және тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке жататын, айналымға шығарылған барлық металл және қағаз ақшалардың көлемі.
Авуарлар –төлемдер мен міндеттерді өтеуге мүлкін болатын кең мағынадағы активтер (ақша қаражаттар, чектер, вексельдер, аударымдар, аккредитивтер). Сөздің тар мағынасында - өтіледі активтер.
Аккредитив – банк импортерімен шығарылатын басқа банк экспорттерға ( немесе келісімде анықталған өзге де тұлғаға) белгіленген талаптарды орындауыннан кейін белгілі бір ақша сомасын төлеуге міндетті болатын, қаржылық құжат.
Агенттiк облигация - қаржы агенттiгi шығаратын облигация;
Айқын басым көпшілік – акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде төрттен үш бөлігі мөлшеріндегі көпшілік;
Айырбасталатын бағалы қағаз – акционерлік қоғамның шығару проспектісімен айқындалатын талаптар мен тәртіп арқылы оның бағалы қағазының басқа түріне айырбасталуға жататын бағалы қағазы;
Акционер- акцияның меншік иесі болып табылатын адам;
Акция – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз;
Акциялардың бақылау пакеті – акционерлік қоғамның жарғысында көзделетін және акционерлік қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін акциялар пакеті;
Акцияның нақтылы құны – құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) төлейтін жарғылық капиталды қалыптастыруға қатысатын және акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында белгіленген акция құнының ақшалай көрінісі;
Андеррайтер - бағалы қағаздар рыногының брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы;
Акционерлiк инвестициялық қор - қызметiнiң айрықша түрi осы Заңда белгiленген талаптарға және өзiнiң инвестициялық декларациясына сәйкес осы қоғамның акционерлерi оның акцияларын төлеу үшiн қосқан ақшаны, сондай-ақ осындай инвестициялау нәтижесiнде алынған активтердi жинақтау мен инвестициялау болып табылатын акционерлiк қоғам; Айырбастау пункттерi - шетел валютасымен айырбастау операциялары жүргiзiлетiн арнайы жабдықталған
Әлеуметтік жеке код – азаматқа, сондай –ақ осы Заңға сәйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код;
Бағалармен айла-шарғы жасау - бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң ұсыныс пен сұраныстың объективтi арақатынасы нәтижесiнде бағалы қағаздарға белгiленген бағадан жоғары немесе төмен баға белгілеуге бағытталған iс-әрекеттерi;
Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
Бағалы қағаздардың бағасын белгiлеу - ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында белгiлi бiр уақыт кезiнде бағалы қағаздар бойынша сұранымның және (немесе) ұсынымның жарияланған бағасы;
Басқарушы компания - инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензия негiзiнде инвестициялық қор активтерiн сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы.
Бағалы қағаздардың қайталама рыногы - орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар;
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы - өз қызметiн бағалы қағаздар рыногында лицензия негiзiнде не заң актiлерiне сәйкес жүзеге асыратын және акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында қызмет iстейтiн (трансфер-агенттi қоспағанда) заңды тұлға;
Бастапқы бағалы қағаздар рыногы - эмитенттiң бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзi сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан әрi орналастыруын қоспағанда, эмитенттiң (андеррайтердiң немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
Бағалы қағаздарды нақтылы ұстау - нақтылы ұстау шартына не осы Заңға сәйкес бағалы қағаздарда ұстаушылардың атынан және есебiнен белгілi бiр заңды iс-әрекеттердi жасау, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алу мен растау және осындай ұстаушылардың бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелерiн тiркеу;
Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесi - эмитент, эмиссиялық бағалы қағаздар және белгiлi бiр уақыт кезiнде эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушылардың құқықтарын бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн ұстаушылар туралы мәлiметтердiң жиынтығы, сондай-ақ осы бағалы қағаздар бойынша айналысқа немесе құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
Базалық актив - стандартталған тауарлар партиясы, бағалы қағаздар, валюта, қаржы құралдары және сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында айқындалған өзге де көрсеткiштер;
Банк – ақша қаражаттар мен қорларды жинайтын, несиелік ресурстарды ұсынатын, сондай-ақ өзара байланысты төлемдерде және мемлекет, кәсіпорындар, ұйымдар және басқа да тұлғалар арасындағы есеп айырысуда делдалдық қызметті жүзеге асыратын, ақшалай ресурстар мен бағалы қағаздар эмиссиясын, алтынмен операцияларды және басқа функцияларды іске асыратын, қаржылық мекеме.
Банктік операциялар – ақша қаражаттар тарту мен орналастыру, қарыз беру, клиенттерге есептік қызмет көрсету және олардың басқа да талаптарын орындау бойынша банктердің операциялары.
Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушы клиенттердiң арасында баға белгiлеу арқылы айырбастау жүйесiн пайдалану мен қолдау арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Брокер - бағалы қағаздар рыногының клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүдделерiн көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
Бұйрық - қаржы құралдарын ұстаушы (сатып алушы) өзiне тиесiлi қаржы құралдарына немесе қаржы құралдарын сатып алуға арналған ақшаға қатысты белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыруды көрсете отырып, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына табыс ететiн құжат;
Валюта - мемлекеттердің заңды төлем қаражаты ретінде қабылдаған ақша бiрлiгі немесе банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар, оның iшiнде қымбат металдардан жасалған монеталар (айналыстан алынған немесе алынатын, бiрақ айналыста жүрген ақша белгiлерiне айырбасталуға жататынын қоса алғанда) түрiндегі қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, оның ішiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегі қаражат;
Валюталық операциялар-валюталық құндылықтарға меншік құқығының және өзге де құқықтардың көшуіне, сондай-ақ валюталық құндылықтарды төлем қаражаты ретінде пайдалануға байланысты операциялар; Валюталық шарт - өзгерістері мен толықтыруларын қоса алғандағы келiсiм, құрылтай құжаттары, сондай-ақ солардың негізiнде және (немесе) оларды орындау үшiн валюталық операциялар жүзеге асырылатын өзге де құжаттар;
Дауыс беретін акциялар – акционерлік қоғамның осы Заңда көзделген жағдайларда дауыс беру құқығы беріліп, орналастырылған жай және артықшылықты акциялары;
Депозитарийлiк қызмет - басқа нақтылы ұстаушылар үшiн бағалы қағаздарды нақтылы ұстау қызметiн көрсету және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында қаржы құралдарымен жасалған мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
Депозитарийлiк қолхат - осы депозитарийлiк қолхаттың базалық активi болып табылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың белгiлi бір санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
Депонент - орталық депозитарийдiң клиентi болып табылатын ұйым;
Депозитке салу - орталық депозитарийдiң депоненттер мен олардың клиенттерiнiң қаржы құралдарын есепке алуы;
Дефолт - эмиссиялық бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары бойынша мiндеттемелердiң орындалмауы;
Дилер - бағалы қағаздар рыногының ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногында және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында оған тiкелей кiру құқығымен өз мүдделерiн көздеп және өз есебiнен эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелер жасайтын кәсiби қатысушысы;
Диверсификация – зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру;
Дивиденд – акционердің өзіне тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі;
Екі жақты сақтандыру - белгілі бір қауіп-қатердің екі сақтандырушыға саќтандыру. Мұнда саќтандырушылардың объекті саќтандырған сома қосындысы оның алғашқы саќтандыру құнынан асып түседі. Қолданылып жүрген заңға сәйкес мұндай жағдайда ер саќтандырушы саќтандыру келісімінде өз үлестерінің көлеміндей жауап береді.
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы – ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Ерікті зейнетақы жарналары – Қазақстан республикасының заңдарына және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленетін тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен алушының пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары – Қазақстан Республикасының Үкіметті белгілейтін кәсіптер тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында және ерікті кәсіптік зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта белгіленген тәртіппен салымшылардың өз бастамасымен қызметкерлердің пайдасына жинақтаушы зейнетақы қорларына салатын ақшасы;
Ерікті зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, ерікті зейнетақы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты белгіленетін төлемнің мөлшері;
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының ставкасы – жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін, еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты және осы заңға белгіленген төлемнің мөлшері;
Жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздар - шығарылуын уәкiлеттi орган тiркеген бағалы қағаздар;
Жүктерді сақтандыру - жүк саќтандырудың негізгі шарттары — ќауіп-қатердің барлық түрлеріне жауапкершілігі. Саќтандырудың бұл түрінде жалпы апат шығындарының, шеккен зияндыќтардың, төленген жарналардың, сонымен ќатар ќандай себептерден болса да саќтандырылған мүліктің, заттың бүліну, жоғалу, толық апатқа ұшырауының орны толтырылады. Саќтандырылмайтын ќауіп-ќатерлерге: соғыс қаупі, тікелей не жанама радиация әсері, саќтанушының салаќтығы мен арам ниетті істері, жүктің ескеруге жатпайтын ерекше қасиеттері мен жүкті тасу өзгешеліктеріне байланысты басқа да ќауіп-қатерлер жатады. Міндетке алынған қауіп-қатерлерден тыс қалғандары екі жаќтық келісім бойынша қосымша сыйлық-төлем арқылы саќтандырылады.
Жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, жүзеге асыратын заңды тұлға;
Жинақталған зейнетақы қаражаты – міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық кірісті, өсіипұлды және шарттарға, осе Заңға қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзгеде түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша;
Жинақталған зейнетақы қаражатының нақты құны – жинақталған зейнетақы қаражатының Қазақстан Республикасының мемлекттік статистикасының уәкілетті органы есептен шығаратын тұтыну бағалары индекісіне үйлестірілген нақты құны;
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – зейнетақы жарналарымен, жинақталған қаражаттарымен және төлемдералумен байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы, бір жағынан жинақтаушы зейнетақы қоры және екінші жағынан салымшы мен алушы жасасатын шарт (келісім);
Зейнетақылық аннуитетшарты – сақтандыру шарты, оған сәйкес сақтанушы (зейнетақы төлемдерін алушы) сақтандыру ұйымына жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын беруге міндеттенеді, ал сақтандыру ұйымы сақтандырушының (зейнетақы төлемдерін алушының) пайдасына өмір бойына немесе белгілі бір уақыт кезеңі ішінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға міндеттенеді;
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым -
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
Зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдерімен аударымдарын; сондай – ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қамтамассыз етуге және жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге де қаржы құралдары;
Зейнетақы төлемдері :орталықтан – 1998 жылғы 1 қаңтардағы жай – күйі бойынша кемінде алты ай еңбек стажы бар жеке адамдарға заңдарда белгіленген тәртіппен еңбек стажына бара – бар түрде жүзеге асыратын ақма қаражатын төлеу;
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан алушыларға Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу;
Зейнетақы – Орталықтан, жинаушы зейнетқы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы;
Зейнетақы төлемдерін алушы (бұдан әрі – алушы) – орталықтан зейнетақы тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерн алуға құқығы бар жеке адам;
Инвестициялар - лизинг шартын жасасқан кезден бастап лизинг заттарын қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүлiктiң (жеке тұтынуға арналған тауарларды қоспағанда) барлық түрi, сондай-ақ оларға құқықтар немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланылатын тiркелген активтердi көбейту;
Инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi немесе басқаруындағы әр түрлi қаржы құралдарының жиынтығы не инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкi;
Инвестициялық кіріс – жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесінде алынатын ақша;
Жеке зейнетақы шоты – салымшының (алушының) жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке атаулы шоты, онда қазақстан республикасының заңдарына сәйкес оның міндетті не ерікті зейнетақы жарналары немесе еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары, инвестициялық кірісі, өсімпұл және өзгеде түсімдер есепке алынады және содан зейнетақы төлемдері төленеді;
Инвестициялық портфельдi немесе зейнетақы активтерiн басқарушы- бағалы қағаздар рыногының азаматтық құқық объектiлерiн басқару жөнiндегi қызметтi өз атынан, клиенттiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
Инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
Институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
инвестициялық қордың активтерi - акционерлiк инвестициялық қорға тиесiлi немесе инвестициялық пай қорын құрайтын активтер жиынтығы; Инвестициялық декларация - инвестициялау объектiлерiнiң тiзбесiн, инвестициялық қор активтерiне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеудi, қор активтерiн хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат; Инвестициялық шешiм - инвестициялық қордың активтерiн басқару процесiнде қабылданатын оның активтерiмен мәмiле жасасу туралы шешiм; Инвестициялық кiрiс - инвестициялық қор активтерiн инвестициялау нәтижесiнде алынған олардың ақшалай көрiнiсiндегi өсiмi; Инвестициялық қор - заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры; Инвестициялық пай қоры - пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесiнде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы;
Инвестициялық пай қорының ережесi - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртiбiн айқындайтын құжат; Инвестициялық жоба - Қордың инвестицияларын көздейтін іс-шаралар кешені; Инфрақұрылымдық облигация — эмитент міндеттемелерінің орындалуы мемлекет пен эмитент арасында мемлекетке берілетін объектінің құнының сомасына сәйкес жасалған инфракұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шеңберінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етілген облигация;
Ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілiмен (ипотекалық куәліктердің кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтер кепiлiмен қамтамасыз етiлген облигация;
Инвестициялық қордың таза активтерiнiң құны - инвестициялық қордың барлық активтерiнiң құны мен оның инвестициялық қор активтерi есебiнен төленуге жататын мiндеттемелерi не есептелген шығыстары арасындағы айырма ретiнде айқындалатын инвестициялық қор активтерi құнының ақшалай көрiнiсі; Кастодиондық шарт – кастодион банк пен оның клиенті жасасатын бағалы қағаздар мен ақшаны жауапкершілікпен сақтау және есепке алу туралы шарт;
Қазақстанның инвестициялық қорының инвестициялары - қордың мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасы резиденттерінің-акционерлiк қоғамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына Қордың салымдары; Қазақстанның қордың инвестициялық қызметi - ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестиция салуды, инвестициялық жобалар бойынша ақпарат жинау мен өңдеудi, маркетингтiк, инжинирингтiк және өзге де зерттеулердi, жоспарлы-болжамдық және жобалау-сметалық құжаттаманы қамтамасыз етуге қатысуды, сондай-ақ инвестицияларға бақылау ұйымдастыруды қамтитын, Қордың инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты қызметі; Казақстандық депозитарийлiк қолхат - Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттiң басқа мемлекеттiң заңдарына сәйкес шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздарының белгiлi бiр санына меншiк құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаз;
Қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен, банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген облигация;
Кастодиан - бағалы қағаздар рыногының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебiн алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердiң құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнiнде өзiне мiндеттемелер қабылдай отырып оларды сақтауды және Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
Қаржы агенттiгi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономиканың белгiлi бiр салаларында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi және осы мақсатта Қазақстан Республикасының қаржы рыногында және (немесе) халықаралық қаржы рыногында қарыз алуды жүзеге асыратын банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;
Қаржы құралы - қаржы рыногының Қазақстан Республикасының аумағында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздары (туынды бағалы қағаздарды қоса алғанда) мен өзге де активтерi;
Қаржы құралдарын материалсыздандыру - құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдары куәландыратын құқықтарды растау тәсiлiн осы құқықтарды орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi электрондық жазбалармен растау арқылы өзгерту;
Қаржы құралдарымен мәмiлелер бойынша клиринг - қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiнiң есебi;
аржы рыногы - қаржы қызметiн көрсету мен тұтынуға және қаржы құралдарының айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;
Қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; Қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет; Қарыз.Несие.- ақша немесе тауар түріндегі қарыз, яғни ақшаны немесе тауарларды пайыз төлеімен қарызға беру (қайтарылу талабымен уақытша қолдану); несие беруші мен қарыз алушы арасындағы экономикалық қатынасты білдіреді. Банктік, коммерциялық, мемлекеттік, тұтынушылық сияқты болады.
Қоғамның аффицирленген тұлғасы – шешімді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) акционерлік қоғам қабылдайтын шешімге, оның ішінде ауызша шартты қоса алғанда, шартқа немесе өзге де мәмілеге орай ықпал етуге мүмкіндігі бар тұлға (оның қызметін берілген өкілеттіліктер шеңберінде реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай – ақ өзіне қатысты акционерлік қоғамның осындай құқығы бар кез келген тұлға;
Коносамент – бұл су жолымен тасымалданатын, жүктерді жөнелтушіге тасымалдаушымен берілетін көлік құжаты, ол жүктерді тасымалдауға қабылдануын дәлелдейді және тасымалдаушының жүкті қабылдаушыға жүкті беруді міндетін арттырады.
Қор биржасы - акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық жағынан қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Клиент - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы көрсететiн қызметтi пайдаланушы немесе пайдаланғысы келетiн тұлға;
Клиринг - өзара талаптар мен міндеттерді есептеуге негізделген қор биржасындағы контрагенттер арасындағы қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесі.
Клирингтік талаптар. Есеп айырысу палаталары – биржалық операциялар бойынша есеп айырысуды жүзеге асыратын, оларды тіркейтін, сондай-ақ олардың орындалуына гарант болатын ұйым.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тiкелей оқуға болатын өзге де материалдық берiлiм көзiндегi) бағалы қағаздар;
Құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаз;
Левередж - эмитенттiң мiндеттемелерi мен өз капиталы мөлшерлерiнiң арақатынасы;
Листинг - бағалы қағаздарды қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу, оған енгiзу және сол санатта болу үшiн қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;
Лицензиат - уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздар - мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылмайтын акциялар, облигациялар және өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар;
Мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болатын қарыз алуға қатысы жөнiнен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз;
Мүдделер қақтығысы - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары мен олардың клиенттерiнiң мүдделерi бiр-бiрiне сай келмейтiн жағдай;
Мәміле паспорты - валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз ету үшін қажетті сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер көрсетілетін белгіленген нысандағы құжат; Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейтетақы шоты бар жеке тұлға;
Міндетті зейнетақы жарналары – осы заңға сәйкес, жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен салынатын ақша;
Міндетті зейнетақы жарналарының ставкасы – салымшының зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын кірісіне проценттік қатынаспен көрсетілген жинақтаушы зейнетақы қорына төлем мөлшері,
Нақтылы ұстауды есепке алу жүйесi - бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының уақыттың белгiлi бiр кезiнде оларды бiрдейлендiрудi, бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi қамтамасыз ететiн бағалы қағаздарды ұстаушылар мен оларға тиесiлi бағалы қағаздар туралы мәлiметтер бар, нақтылы ұстау қызметiн көрсететiн есеп беру жүйесi, сондай-ақ осы бағалы қағаздардың айналысқа немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға арналып тiркелген шектеулердiң сипаты және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес өзге де мәлiметтер;
Облигация – нақты пайыз төленетін қарыз міндеттемесі, ол мемлеке пен корпорациялардың қор нағында қаржы ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік беретін құралдардың бірі.
Облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгiленген, купондық облигация бойынша процентпен көрсетiлген сыйақы есептелетiн ақшалай көрiнiсi, сондай-ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиiстi сома;
Өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында өз қызметiнiң бiрыңғай ережелерi мен стандарттарын белгiлеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары құрған заңды тұлға;
Оқшаулау - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде және нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде бағалы қағаздармен жасалған азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеуге бағалы қағаздардың сақталуына кепiлдiк беру мақсатында жүзеге асырылатын уақытша тыйым салу;
Орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар - бастапқы бағалы қағаздар рыногында инвесторлар толық төлеген эмиссиялық бағалы қағаздар;
Орналастырылған акциялар – акционерлік қоғамның бағалы қағаздардың ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын ұйым;
Орналастыру бағасы- акцияларды бастапқы бағалы қағаздар рыногына орналастырған кезде акцияның белгіленетін бағасы.
Опцион – белгіленген нысандағы туынды бағалы қағаз, оны сатып алушы белгілі бір мерзім өткеннен кейін опционда айтылған базалық активті келісілген баға бойынша сатып алу немесе сату құқығына ие болады;
Орталық депозитарий - негiзгi функциясы депозитарийлiк қызметтi жүзеге асыру болып табылатын мамандандырылған коммерциялық емес ұйым;
Пайды сатып алу - басқарушы компанияның пайды ұстаушыдан оны сатып алу арқылы инвестициялық пай қорының активтерiн сенiмгерлiк басқару шартын бұзу; Пай ұстаушы - инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылар тiзiлiмi жүйесiнде немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiнде жеке шоты бар және инвестициялық пай қорының пайлары бойынша құқықтары бар тұлға; Әртараптандыру - инвестициялық қор активтерiн олардың құнының төмендеу қаупiн азайту мақсатында түрлi қаржы құралдарына және өзге мүлiкке орналастыру;
Пайдың нақтылы құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезiндегi пай құнының ақшалай көрiнiсi; Пай- инвестициялық пай қорындағы оның иесiнiң үлесiн, инвестициялық пай қоры жұмыс iстеуiн тоқтатқан кезде оның активтерiн өткiзуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ осы Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметiнiң ерекшелiктерiне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз; Пайларды бастапқы орналастыру - инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерiн қалыптастыру мақсатында пайларды нақтылы құны бойынша орналастыру кезеңi; Пайдың есептелу құны - инвестициялық пай қорының таза активтерiнiң құнын оның айналыстағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрiнiсi;
Пруденциялдық норматив – жинақтаушы зейнетақы қорының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның қаржылық орнықтылығын қамтамассыз ету үшін Қазақстан республикасының заңдарында белгіленетін экономикалық талаптар;
Рейтинг - белгiлi бiр эмитенттiң шамамен алғандағы кредит қабiлетiн немесе оның бағалы қағаздарының сапасы мен сенiмдiлiгiн белгiлейтiн бағаның жеке сан және әрiп көрсеткiшi;
Сатып алу сомасы – зейнетақы аннуитеті шарты мерзімінен бұрын бұзылған кезде сақтанушының (зейнетақы төлемдерін алушының) сақтандыру ұйымынан алуға құқығы бар ақша сомасы;
Сенiмгерлiк басқару шарты - осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес ақшаны сенiмгерлiк басқаруға беру туралы басқарушы компанияның акционерлiк инвестициялық қормен немесе инвестициялық пай қорының инвесторымен жасайтын инвестициялық қор активтерiн құрайтын инвестициялық портфельдi басқару жөнiндегi шарт; Сақтық қорғау-бұл сақтандыру объектісіне тигізетін шығындарды төзу немесе өтеу әсерінен қатынасты әртараптандыру жиынтығы.
Сақтандыру мүддесі- бұл мүдделі тұлғалардың сақтандыруда қатысу экономикалық қажеттілігі.
Сақтандырушы-бұл (әрқашан сақтандыру компаниясы) ұсынылған немесе келісілген сақтандыру шартымен сәйкес сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтандырылушыға шартта айқындалған соманың шегінде сақтандыру шығындарын өтеуге міндетті заңды тұлға. Сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы негiзiнде жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтанушы- бұл сақтандыру объектісінде мүддесі бар, өзінің мүддесін қамтамасыз ету мақсатында және сақтандыру сомасын төлейтін, сақтандырушымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандырылған – бұл жеке тұлға өмір, денсаулық, еңбек қабілеті, жеке сақтандыру бойынша ол қорғау объектісі болып табылады, бір уақытта сақтанушы да болса алады, егер сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін төлейтін болса.
Сақтандыру агенті - берiлген өкiлеттiгiне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Сақтандыру брокерi - сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелерi бойынша консультациялық қызметтi, өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттiң тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөнiндегi делдалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Сақтандыру объектісі – бұл сақтандыруға жататын материалдық құндылықтар, өмір, денсаулық, жауапкершілік.
Сақтандыру заты- бұл нақты сақтандыру объектісі.
Сақтандыру сыйлығы - саќтандыру келісімінде көрсетілген қауіп-қатерге душар болған жағдайдағы шығын көлемін саќтанушыға, не оның мұрагеріне төлеуді өз міндетіне алғаны үшін сақтандырушыға сақтанушыныњ төлейтін ақысы, беретін сыйлығы,
Сақтандыру актісі - саќтандыру төлемін төлеуге негіз болатын кауіп пайда болғанда мемлекеттік сақтандыру орындарының тексерушілері жасайтын құжат.
Сақтандыру жарнасы - 1)сақтандырылған мүлікке келтірілген шығынның орнын толтыруға мүмкіндік туғызуға, не болмаса саќтанушының өмірінде белгілі бір оқиға пайда болғанда, мысалы, т±раќты немесе уақытша ж±мысқа жарамсыздыќтан саќтандыру мақсатында төленетін сома.
Сақтандыру полисі (франц. police, итал. polizza - рас-писка, квитанция — қол жазба, түбіртек) — жеке адамға, не мекемеге саќтандыру шартының жағдайын көрсетіп сақтандыру орнының бсретін құжаты. Сақтандыру полисінде сақтандырылған объектер, саќтандыру сомасы мен төленетін жарнасы, сонымен ќатар саќтандырудың негізгі міндеттері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Сақтандыру оқиғасы - бола қойған жағдайда заңға немесе шартќа сәйкес саќтандырушының саќтандыру сомасын төлеуге міндеттілігі.
Сақтандыру қоры - төтенше қолайсыз, дүлей апат, сөтсіз оқиғалар болған кезде қоғамдық ұлғаймалы ұдайы өндірісті, оның ішінде жұмыс күшін қалпына келтіруді ќамтамасыз етуге арналған материалдық (мүлік) заттық және ақшалай қаражат қоры.
Сақтаңдырушы — шартта келісілген саќтандыру ќатерлерінен пайда болған шығындардың орнын толтыру үшін белгілі бір төлемге міндет алған қоғамның заңды ќ±ќығы бар мекеме.
Сақтандыру компаниялары, серіктестіктері - сақтандырушы қызметін атқаратын, яғни сақтанушыға сақтандыру оқиғалары (ќауіп-ќатерлер) пайда болған жағдайда шығынын өтеуге міндеттеме алған мекемелер.
Сақтандыру тәуекелдері - апатты, қауіпті, қатерлі, күтпеген кездейсоқ жағдайлар. Мұндай жағдайлар кездесе қалғанда жағдайда саќтанушының саќтандырылған сомасының орнын толтыруды, яғни шығынын өтеуді саќтандырушы өз міндетіне алады. Күтілген оқиғалар емес, кездесуі ыќтимал қауіп-қатерлер ғана саќтандырынады. Ќауіп-қатердің саќтандыру түрлері саќтандыру келісіміңде нақты көрсетілуі тиіс.
Сақтандыру жауапкершілігі – бұл нақты келісім шартпен қарастырылған сақтанушының мүддесін қорғау бойынша сақтандырушының құқықтары мен мүдделерінің жиынтығы.
Сақтандырушының жауапкершілік лимиті-бұл сақтандыру шартыннан шығатын және сақтандыру полисінде көрсетілетін сақтандырушының максималды мүмкін жауапкершілігі.
Сақтандыру төлемін немесе сақтандыру сомасын алушы-бұл сақтандыру шарты бойынша сәйкес ақша қаражаттарды алуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға
Сақтандыру полисі- сақтандырушымен берілетін және сақтандыру келісім шартын растайтын құжат, ол келісілген келісімнің шарттарын қамтиді
Сақтандырудың ережелері-бұл сақтандыру келісім шарты бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын сақтандыру шарттары, сақтандыру объектісі, сақтандыру жағдайлары мен ерекшеліктерінің тізімдері, олардың негізінде сақтандырушы, көбінесе, жауапкершіліктен (форс-мажорлық деп аталатын дағдайлар) босатылады.
Сақтандыру бағасы- бұл сақтандыру шартын келісу мақсатында сақтандыру объектісінің белгілі бір құны.
Сақтық қамсыздандыру- бұл сақтандыруға қабылданған мүлікке қатысты бойынша сақтандыру бағасының деңгейі.
Сақтандыру сомасы-бұл мүлік, өмір, денсаулық сақтандырылған ақша қаражаттардың сомасы.
Сақтандыру тарифі – бұл сақтандыру сомасы бірлігінен рубльде анықталған төлем немесе сақтандыру қорын қалыптастыру үшін қызмет ететін сақтандыру сомасы жиынтығынан пайыздық ставка.
Сақтандыру сыйлықақысы – бұл сақтандырушыға зиян келтіру бойынша өзіне міндеттемелер қабылдағаны үшін сақтанушы төлейтін сақтандыру төлемінің сомасы
Сақтандыру мерзімі –бұл сақтандыру объектісі сақтандырылған аралығындағы уақыт кезеңі.
Сақтандыру өрісі –сақтандыруға мүлкін болатын объектілердің максималды саны.
Сақтандыру портфелі (1)- бұл сақтандырылған объектілердің немесе сақтандырушы ісінде құжатпен айқындалған сақтандыру келісімдер қадамдарының мөлшері
Сақтандыру медицинасы - сақтандыру қорынан халыққа дәрігерлік қызмет көрсетудің бір түрі. Саќтандыру қоры бюджеттік ќаржыдан, кесіпорындар мен мекемелердің, азаматтардың жарнасынан ќ±ралады. Сонымен ќатар өндірісте ж±мыс атқаруға қолайсыз жағдайлар салдарынан, кауіпсіз технология, техникамен ќамтамасыз етілмегендіктен жұмыскерлер мен қызметкерлердің зардап шегуіне, денсаулығынан айырылуына себепкер болған кәсіпорындардан алынған ақшалай айыптар да медициналық (дәрігерлік) қорға түседі.
Сақтандыру портфелі (2) – бұл белгілі бір кезеңде сақтандырушы қабылдаған сақтандыру тәуекелдерінің жиынтығы.
Сақтандыру жасы-бұл азаматтардың сақтандыруға қабылданатын немесе ауыл шаруашылық сақтандыруға алынатын шекті көрсететін жастық топтар
Сақтандыру жағдайы- бұл сақтандыру шартымен айқындалған оқиға немесе оқиғалар жиынтығы, олардың туындауымен заң күшімен немесе әрекеттегі сақтандыру келісімімен сақтандырушы зиянды өтеу бойынша өзінің міндеттерін жүзеге асыруға міндетті
Сақтық зиян- бұл толықтай апатқа ұшырағанның немесе сақтандыру бағасы бойынша сақтандыру мүлігі бөлігінің құнсызданған құны.
Сақтандыру төлемі- бұл сақтандыру қорынан төленген сома, мүліктік сақтандыру мен азаматтық жауапкершілікті сақтандырудағы зиянды өтеу. Сақтандыру келісім шартында негізделген сақтандыру сомасына тең немесе төмен болуы мүмкін.
Сақтық шағым – бұл сақтандыру шартымен қарастырылған кездейсоқтықтың нәтижесінде болған сақтандыру жағдайының құндылығына байланысты сақтандырушымен сақтандырушыға ұсынатын талабы.
Сақтандыру қоры-бұл сақтандырушы қаражаттарын ақшаланған қоры.
Сақтық агенттер – олар клиенттермен сақтандыру келісімдерін жасайтын сақтандыру компанияларының қызметкерлері болып табылады “А” классының агенттері мен субагенттері болады.
Сақтық брокерлер (маклер) – олар клиенттердің запасы бойынша жұмыс жасайды және де оларға барлық қажетті талаптарға жауап беретін сақтандыру компанияларын іздейді және зиянның пайда болуы кезінде клиенттердің мүддесін көздеп, сақтандырушымен келіссөз жүргізеді.
Сақтандыру сыйлықақысы – бұл сақтандыру қызметінің бағасы, мәні қаржылық тәуекелдің сандарын төмендетулерге және сақтандыру жағдайы туынданған кезде сақтандыру төлемін төлеу міндеттілігінде
Сақтық тариф- бұл базаға сыйлықақы мөлшерінің қатынасы.
Своп – белгілі бір кезең аралығындағы белгіленген талаптарға қаржылық құралдарды айырбастау бойынша екі жақтың келісімін куәландыратын туынды бағалы қағаз.
Сатып алу сомасы - жинақтаушы сақтандыру шартының қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы;
Сақтандыру ережелерi - сақтандыру ұйымының белгiлi бiр сақтандыру түрi бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты;
Сақтандыру рыногының кәсiби қатысушылары - өз қызметiн уәкiлеттi органның тиiстi лицензиялары негiзiнде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi, актуарий және уәкiлеттi аудитор;
Сақтандыру резервтерi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша актуарий есептеулерi негiзiнде бағаланатын мiндеттемелерi;
Сақтандыру қызметiнiң субъектiлерi - сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдары;
Сауда-саттықты ұйымдастырушы - қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгiлеу ұйымы;
Сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмi - сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiне айналысқа жiберуге рұқсат етiлген қаржы құралдарының сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жасалған тiзiмi;
Сауда жүйесi - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және сол сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелерi арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмiлелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажеттi активтерi мен рәсiмдерiнiң кешенi;
Своп - екi тараптың белгiлi бiр мерзiм iшiнде белгiлi бiр талаптармен қаржы құралдарын айырбастау жөнiндегi келiсiмiн куәландыратын туынды бағалы қағаз;
Туынды қаржы құралдары - құны базалық активтiң құнынан бөлек бағалануы мүмкін және мәмiлелердiң дербес объектісi бола алатын қаржы құралдары; Тiкелей инвестициялар - заңды тұлғаның акцияларын (қатысушылардың салымдарын) төлеуге зияткерлiк шығармашылық қызметтiң нәтижесіне құқықтарды қоса алғанда, ақшаны, бағалы қағаздарды, заттарды, мүліктік құқықтарды және өзге де мүлiктi салу, соның нәтижесiнде осындай салымдарды жүзеге асыратын тұлғаға осы заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының он және одан да көп проценті (қатысушылар даусының жалпы санының он және одан да көп процентi) тиесілi болады; Төлемеушілік тәукелдікті сақтандыру - осы күні сыртқы сауда да тауарды несиеге беру орын алып отыр. Несиені мерзімінде қайыруды қамтамасыз ету мақсатымен экспортерлер (шетелге тауар шығарушылар) көпшілік жағдайда төлемеушілік тәуекелін сақтандырады. Саќтандырудың мұндай түрімен жеке меншік акционерлік қоғамдар айналыспайды, әдетте мемлекеггік, не болмаса мемлекеттік акцияны бақылау пакеті бар мекемелер жүргізеді.
Тәуелсіз директор – сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылмайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған (оның сол акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры қызметінде болған жағдайды қоспағанда), сол акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлғаларына қатынасы жөнінен аффилиирленген тұлға болып табылмайтын; сол акционерлік қоғамның немесе ұйымдардың – сол қоғамның аффилиирленген тұлғаларының лауазымды адамдарымен бағыныштылығы жағынан байланысты емес; сол акционерлік қоғамның аудиторы емес және өзі директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай аудитор болмаған; сол акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатыспайтын және өзі директорлар кеңесіне сайланардың алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған директорлар кеңесінің мүшесі;
Трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногының өз клиенттерiнiң арасында құжаттар (ақпараттар) қабылдау мен беру жөнiнде қызмет көрсететiн кәсiби қатысушысы;
Туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз;
Төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;
Төлем тапсырмасы – ақшаны төлеуі мен аударуды іске асыру тәсілі, ол жіберушінің алушы – банкке бейнефициар пайдасына нұсқауда көрсетілген ақша сомасын аудару туралы нұсқауды ұсынуын қарастырады.
Тiркеушi - бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн қалыптастыруды, сақтауды және жүргізудi жүзеге асыратын кәсiби қатысушысы;
Уәкілетті орган – бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы; орындар; Уәкiлетті ұйымдар - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, қызметiнiң ерекше түрі шетелдiк валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар; Ұйым - акцияларында инвестициялар жүзеге асырылатын акционерлік қоғам, сондай-ақ жарғылық капиталдарына Қор қатысатын, өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған шетелдік заңды тұлғалар; Ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi - эмиссиялық бағалы қағаздарды бiрдейлендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкiлеттi орган беретiн әрiптiк-сандық код;
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы;
Ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы - бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы;
Фьючерс - белгiленген нысандағы стандарттық саны мен орындалу мерзiмi бар және ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында айналыста жүретiн туынды бағалы қағаз, оны сатушы сатуға немесе сатып алуға мiндеттенедi, ал сатып алушы мүлiктiң (базалық активтiң) белгiленген санын келiсiлген баға бойынша және белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн сатып алуға немесе сатуға мiндеттенеді.
Шетел валютасы - шет мемлекеттің валютасы, сондай-ақ халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрліктерi; Шетелдiк банктер - Қазақстан Республикасынан тыс жерде құрылған және өздері тіркелген мемлекеттердiң заңнамасы бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар банктер мен өзге де қаржы институттары; Шетелге шығарылатын несиелерді сақтандыру — экспортерлердің (шетелге тауар шығарушылардың) мүлдесін қорғау мақсатында қолданылады. Саќтандыруды мемлекеттік жєне жеке меншік мекемелер жүргізеді. Мемлекет сауда қауіп-қатерліктерімен ќатар саяси ќатерлікті де мойнына алады. Мемлекеттің саяси қатерлік шығынын төлеуі несие сомасының 90 пайзынан асады, ал басқадай қатерліктердің шығындарын өтеу 80-90 пайыз шамасында болады.
пруденциалдық нормативтер - уәкiлеттi орган белгiлеген және лицензиат сақтауға тиiс нормалардың қаржылық көрсеткiштерi;
Шетелдiк мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаз - қарыз алушы шет мемлекеттiң үкiметi болатын қарызға қатысты ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялық бағалы қағаз не шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес мемлекеттiк бағалы қағаздарға жатқызылған өзге де бағалы қағаз;
Шығару құрылымы - шығарылатын эмиссиялық бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, нақтылы құны (облигациялар үшiн) туралы мәлiметтер;
Ірі акционер – бір-бірімен жасалған келісім негізінде әрекет ететін, өзіне (жинақтап алғанда өздеріне) акционерлік қоғамның дауыс беретін акцияларының он және одан да көп (халықтық қоғамда-бес және одан да көп) проценті тиесілі акционер немесе бірнеше акционер;
Хеджирлеу - мүлiктiк мүдделердi жай-күйi қаржы құралдарымен мәмiле жасасу арқылы бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң кiрiстерi мен шығындарының туындауына байланысты болатын бағаның, айырбастау бағамының, сыйақы ставкаларының немесе өзге де ықтимал көрсеткiштердiң өзгеруi кезiндегi тәуекелдерден қорғау;
Экспорт (импорт) - резиденттiң резидент емеске (резидент еместiң резидентке) тауарларды сатуы, жұмыстарды орындауы, қызметтер көрсетуі.
Электрондық мониторинг - ақпаратты электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электрондық құжат нысанында беретін ұйымды басқару мониторингінің нысаны.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектi белгiлер мен реквизиттерi болатын, осы шығарылым үшiн бiрыңғай жағдайлар негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түсетiн бағалы қағаздар;
Эмиссиялық бағалы қағаздар айналысы - қайталама бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау;
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объектiсi ретiнде пайда болуына бағытталған iс-әрекетi, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуi осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылатын белгiлi бiр бағалы қағаздардың жиынтығы;
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектiсi - эмитент, оның қаржылық жай-күйi, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, оларды шығару, орналастыру, айналыста болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар құжат;
Эмиссиялық консорциум - андеррайтерлердiң эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнiнде қызмет көрсету мақсатында бiрлескен қызмет туралы шарт негiзiнде құрылған бiрлестiгi;
Эмитент - эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
&&&
$$$002-000-000$3.2 Дәрістер
&&&
$$$002-001-000$3.2.1 Дәріс №1. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас бөліктері
1.Қаржы нарығының экономикадық мәні мен функциясы.
2. Қаржы нарығының қүрылымы
3. Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері
&&&
$$$002-001-001$3.2.1.1 Қаржы нарығының экономикадық мәні мен функциясы.
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап берді және оның айналысының өзіндік аймағын қалыптастырды. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, деиозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізғі рөлді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.
Сондықтан, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіңе, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі релі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өгуін қамтамасыз ету болып табылса, онда қаржы ресурстарын сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:
үй шаруашылығы (жеке түлға);
меншік формасына тәуелсіз шаруашылық жүргізуші субъектілер;
мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде ез бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекетте қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарды өзіне тиімді шартпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай-ақ делдал-институттардың мүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Нарықтық экономика - өндірісті тиімді ұйымдастыру формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан Республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлеуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен, елдің - жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл мағынада, қаржы нарығы - ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам жағдайының қажетті деңгейіне қол жеткізу және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың салаларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәсекелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың озық формасы.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы - елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар экономиканың әр түрлі субъектілерінің тарапынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер - қаржы нарығы емес, ол ақша ресурсттары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы - бұл ең алдымен экономиканың әр түрлі субъектілерінің арасындағы бос ақша капиталы мен ақшалай жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін барынша азайту;
монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды, яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу;
бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының түрақты өсуі.
&&&
$$$002-001-002$3.2.1.2 Қаржы нарығының қүрылымы
Әрбір елғе мазмүны мен ерекшеліғін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрылымы тән. Қаржы нарығының құрылымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлері; қарастырылып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрылымы анықталады.
Ғ.С. Сейітқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқулықтағы қазақстандық ғалымдар тобының көзқарастары бойынша қаржы нарығының құрылымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.
1. Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және т.б.) функциясын орындайтын нарық. Белгілі болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады, егер соңғысы белгілі бір шектен аспаса, жағымды рөл атқаруы мүмкін. Мәселен, егер ЖІӨ жыл сайын 5%-ға өсіп, ал айналыстағы ақша 6-7%-ға артатын болса, онда бұл өскен ЖІӨ-нің сатылуын жеңілдетіп, экономикада жағымды процесті тудырады. Егер жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрайтын ЖІӨ-де айналыстағы ақшаның саны 10%-ға артса немесе одан да көп болса, онда қалыпты экономикалық процесті бұзатын қарқынды инфляция орын алады.
2. Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банк несиелері. Осы уақытқа дейін Қазақстанда қысқа мерзімді арзан несие болған емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны тек сенімді қамтамасыз ету әрі жоғары пайыздармен ғана береді. Негізгі қорларды құруға және жаңғыртуға қажетгі ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі (кезең сайын қарастырылатын) пайыз мөлшерлемесі бойынша алуға болады.
3. Қазақстанда кептеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған жоқ. Және 90-жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір уақьпты талап етеді, өйткені ол меншік қатынастарын қайта құрумен (ең алдымен мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірумен және акционерлеумен) және мемлекеттік қаржы саясатының барлық сипатының өзгеруімен тікелей байланысты. Бүгінгі танда мемлекет бюджет тапшылығының орнын толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерді емес, мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды. Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады: әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарын тартудың көлемі тұрғысынан және бос ақша қаражаттарын қандай да бір нарыққа жұмсау.
Бос ақша қаражаты көптеген салаларды инвестициялау үшін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметте (өнеркәсіп, құрылыс салу, сауда, байланыс), жылжымайтын мүлікте, антиквариатта, бағалы металдарда, егер отандық валюта құнсызданатын болса - валютада, зейнетақы мен сақтандыру қорларында, әр түрлі бағалы қағаздарда, банк депозитіне салынатын ақшада пайдаланылуы мүмкін.
Қаржыға қатысты нарықтардың қызмет етуін талдау оның белгілі бір сегментін, өз ережесі бойынша жеке қызмет етушілерді айыруды, бөлуді шамалайды. 2-сурегге С.Ковалевтың түсіндірмесіне орай қаржы нарығының жіктеуі келтірілген, сондай-ақ сызбада келтірілген нарықтарға қысқаша сипаттама берілген.
Осылайша, бағалы қағаздар нарығы - бұл еркін капиталдың көптеген қосымша салаларының бірі, сондықтан да ол осы капиталды өз жағына шығару (тарту) үшін басқа салалармен бәсекелесуіне тура келеді (1-сурет).
1-сурет. Қаржы нарығының басқа нарықтармен байланысының үлгісі
2-сурет. С.Ковалев тұжырымдамасы бойынша қаржы нарығының құрылымы
С.Ковалевтың тұжырымдамасына сәйкес валюта нарығы - бұл валюталық құндылығы бар объектілер тауар болып табылатын нарық:
шетелдік валюта (ақшалай белгілер - банкноттар, қазынашылық билеттер, заңды төлем құралдары болып табылатын немесе алынатын, бірақ айырбасталатын монеталар, шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріндегі, халықаралық немесе есептік ақша бірліктері шоттарындағы құрал);
бағалы қағаздар (чектер, вексельдер, акциялар, облигациялар) және басқа да қарыздық міндеттемелер;
бағалы металдар (алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий, рутений; осмий) және табиғи асыл тастар (алмас, жақұт, зүбәржат, сапфир, александрит, меруерт).
Банктер, биржалар, экспорттаушылар мен импорттаушылар, қаржылық және инвестициялық мекемелер, үкіметтік ұйымдар валюта нарығының субъектілері ретінде жүреді.
Алтын нарығы - бұл елдің алтын қорын толтыру және жинау мақсаттарында, сондай-ақ бизнесті ұйымдастыру және өнеркәсіп өндірісінің тұтынуы үшін алтынды сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар саласы.
Капитал нарығы өз кезегінде ссудалық капитал нарығы және үлестік бағалы қағаздар нарығы деп бөлінеді, Былай бөліну осы нарықта сатылатын тауарларды (қаржы құралдарын) сатып алушылар мен қаржы құралдарының эмитенттері арасындағы қатынастардың сипатын білдіреді. Егер қаржы құралы ретінде үлестік бағалы қағаздар алға шығатын болса, онда бұл қатынас меншік қатынастарының сипатында болады, ал қалған жағдайларда бұл несиелік қатынас күйінде қалады.
Ссудалық капитал нарығында мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы шарттармен ұсынылатын ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналыста болады. Ол ұзақ мерзімді банк ссудасының нарығын және борыштық бағалы қағаздар нарығын (ол да ұзақ мерзімді) қамтиды.
Бағалы қағаздар нарығында жеке бағалы қағаздармен бірге оларды алмастырушылар (сертификаттар, купондар және т.б.) шиғарылып айналыста болады және өтелінеді.
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары эмитенттер - қажетті ақша қаражаттарын тарту мақсатында бағалы қағаздарды шығаратын тұлғалар; инвесторлар - табысты алу, мүліктік және мүліктік емес құқыққа ие болу үшін бағалы қағаздарды сатып алушы тұлғалар: делдалдар - эмитенттер мен инвесторлардың алға қойған мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз ететін қызмет көрсетуші тұлғалар.
Әлемдегі экономистердің кепшілігі қаржы нарығының құрылымына сақтандыру нарығын, зейнетақы және ипотека нарықтарын кіргізеді. Сақтандыру полистері мен зейнетақы шоттарының нарықтары, ипотека нарықтары - бұлар қаржы құралдары мен институттарының келісімшарты негізінде әрекет ететін жинақ мекемелері бар ерекше нарықтар. Олардың маңызы міндетті түрде артады; АҚШ-та қаржы активтерінің жиынтық көлемі коммерциялық банктерді, жинақ институттарын, несие одақтарын бәрін қосқан кездегі олардың активтер жиынтығынан бір жарым есе көп.
Капитал нарығының құрамыннан ипотекалық нарықтарды бөліп қарастырудың қажеттілігі дамыған елдерге тән және бірқатар жағдайларға байланысты туындап отыр. Біріншіден, ипотека несиесі әрдайым жер телімдері немесе ғимараттар (пәтер, жеке салынған үй және т.б.) түрінде нақты кенілдікпен қамтамасыз етіледі. Егер қарыз алушы өзінің борыштық міндеттемесін орындамайтын болса, онда мүліктік құқық (мүлікке ие болу құқығы) қарыз берушіге өтеді. Екіншіден, ипотекалық несиелердің стандартты параметрлері жоқ (әр түрлі номиналдар, өтеу мерзімдері және т.б.), сол себепті де қайталамалы нарықта оның өтуі (сатылуы) қиынға соғады. Бұл сөзімізді мынадай нақты жағдай растайды: ипотекалық қайталамалы нарықтың келемі ұзақ мерзімді капитал нарығына орналастырылған бағалы қағаздардың қайталамалы нарығының көлемінен кем болады. Үшіншіден, дамыған елдердегі басқа ұзақ мерзімді капитал нарықтарынан ипотекалық нарықтың айырмашылығы - арнайы мемлекеттік органдар оны қатаң реттеп отырады.
Дамыған елдердің тәжірибесінде қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір жылғатолмайтын болса, онда бұл ақша нарығының құралы деп саналады. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді құралдар капитал нарығына жатады. Әр түрлі елдерде қаржы құралдарын қысқа, орта және ұзақ мезімдерге бөлу әр түрлі болады. Қазақстанда негізінен қысқа мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ мерзімділері - капитал нарығына қатысты. Осылайша, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдарының арасына ақша нарығы мен капитал нарығының арасындағы сияқты нақты шегара жүргізуге болмайды. Сонымен бірге бұлайша бөлудің үлкен экономикалық маңызы бар.
Ақша нарығының құралдары ең алдымен бизнес салалары мен мемлекеттік ұйымдардың өтімді қаражаттарын қамтамасыз ету үшін қызмет етеді, өйткені капитал нарығының құралдары жинақтау және инвестициялау процестерімен байланысты. Ақша нарығы құралдарының үлгілеріне вексельдерді, банк акцепттерін, чектерді, банкноттарды, төлем карточкаларын және т.б. жатқызуға болады. Капитал нарығының құралдарына, мысалы, облигациялар, акциялар, орта және ұзақ мерзімді несиелер жатады.
&&&
$$$002-001-099$3.2.1.3. Қазақстан қаржы нарығының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы мемлекетгік реттеу органдарының қаржылық есеп беру тәртібіне сәйкес қаржы нарығының құрылымын келесі үлгіде көрсетуге болады (3-сурет).
Ақша нарығы. Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақытынан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.
Депозит нарығы. Хадықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттары (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
Иесие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыру арқылы заңды және жеке түлғаларға әр түрлі мақсаттарға арналған несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.
Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын рөлі жоғары.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жақсы әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта белудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк сертификаты ресімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес. Оның үстіне, бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісімшартты бекітіп барып қана бере аласың. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды шығарса жетіп жатыр. Қаржы тәу-екелдіктерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін туынды бағалы қағаздар болады, ал оларды беру (тапсыру) кейінірек жүзеге асырылады, яғни базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарылағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша, бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді.
Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары. Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Оларда қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатысты күмәнін азайтады. Сақтандыру тәуекелі батыстың қаржы теориясында кез келген кәсіпорынның қаржылық стратегияларының негізгі құраушыларының бір, бірақ мұнда теорияның негізінде мынадай түрлері болады: әрбір субъект өзіне жоғалған материалдық қаражаттардың, ресурстардың орнын толтыратын және оларды бол: дырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелділіктерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады. Сақтандыру - бұл қайта бөлісу қатынасы. Ол әдетте барлық субъектілерді, бүкіл ел аумағын немесе аймақтарды толық қамтымаса да, бұлардың бір бөлігіне материалдық, не болмаса басқадай зиян шектіріп кететін кездейсоқ залалға қарсы тұру үшін туған амал. Бұл бір субъект зиян шеге қалған жағдайда басқа сақтандырылған субъектілердің ынтымақтастығымен залалдың орнын толтыруға мүмкіндік береді. 1998 жылға дейін Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі «жұмыс істейтін буын жұмыс істемейтін ұрпақты қамтамасыз етеді, ал алдыңғы ұрпақ еңбекке жарамсыз болғанда оның орнын өз кезегінде жаңа ұрпақ алмастыруын басты назарда ұстайтын ұрпақтар ынтымақтастығы» қағидасына негізделген болатын. Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі азаматтардың дербес аударымдарына негізделген. Бұл арадағы төлем мөлшері тұлғаның салым ақшасының сомасыиа қарай болады. Зейнетақы және сақтандыру қорлары көптеген елдерде ақшаны өндіріске инвестициялаудың көздері болып табылады, яғни ақша ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде тартылады. Осылайша, сақтандыру компаңиялары мен зейнетақы қорлары арқылы шоғырландырылғаы халықтың қаражаты түпкі есебінде ұдайы өндіріс процесіне тартылады. Сондықтан да сақтандыру және зейнетақы нарықтары, бір жағыыан, нақты қызметті сату-сатып алу нарығымен көзге түссе, екіншіден - ол толық негізде қаржы нарығының құрылымына кіруі қажет.
Барлық типтегі нарықтардың өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шартын анықтап береді, яғни:
ретке келтірілген тауар нарығының болуы (кез келген түрдегі және бағьптағы тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныстың теңгерілшдіп);
ақша айналысын реттеу, елдің Ұлттық банк тарапынан кол-ма-қол ақша және қолма-қол ақщасыз айналымдар бойьш-ша эмиссияны бақылау;
несие нарығын толық белсендендіру және коммерциялау.
Қазақстан нарығындағы қаржы институттарын нығайту үшін осы ұйымдардың рейтингілерін анықтау маңызды болып табылады. Қаржы нарығындағы қатынастардың рейтингілерін жоғары ететін факторлардың біріне клиенттерді көптеп тарта білу, яғни осы институттардың жиынтық қор жинақтарының артуы жатады.
Бүгінгі таңда қаржы нарығы саласында жетекші орынға ие әлемдік рейтингтік агенттіктер - А.М. Веst Со., Мооdу's Іnvеstor Sеrvісе Іnс, Standart & Рооr's Соrр., Duff & Рһеlрs, Wеіss Researсһ Іnс. ҚР Ұлттық банкі өз шешімдерін қабылдау үшін нақ осы ком-паниялардың рейтинплерін пайдаланады.
1. Рейтингтік сыныптардың салыстырмалы сипаты
Рейтинг мәндерінің түсіндірмесі |
А.М. Веst Со |
Мооdу's |
Standart & Рооr's |
Duff & Phelps |
Weiss |
||||
Ең жоғары сенімділік |
А++, А+ |
Ааа |
ААА |
ААА |
А+ |
||||
Жақсы сенімділік |
А, А- |
АаІ; Аа2; АаЗ |
АА+; АА; А1 |
АА+; АА; АА- |
А; А- |
||||
Өте жоғары сенімділік |
В++, Вн |
АІ; А2 |
А+; А |
А+; А |
В+;В |
||||
Жоғары сенімділік |
В;В- |
АЗ |
А- |
А- |
В- |
||||
Қанағаттанарлық сенімділік |
С++, С+ |
Вааl; Ваа2; ВааЗ |
ВВВ+; ВВВ; ВВВ- |
ВВВ+; ВВВ; ВВВ- |
С+; С; С- |
||||
Төмен сенімділік |
С,С- |
Ва1;Ва2; ВаЗ |
ВВ+; ВВ; ВВ- |
ВВ+; ВВ; ВВ- |
D+; D; D -
|
||||
Өте төмен сенім-ділік |
D, NА-7 |
В1; В2; ВЗ |
В+; В; В- |
В+; В; В- . |
Е+; Е; Е- |
||||
Сенімділіктің болмауы |
Е, F, NА10, NА-11 |
Саа; Са; С |
С С С + ; С С С ; ССС- |
С С С + ; ССС |
Ғ |
||||
Банкроттық |
|
|
СС; С; D |
D D |
|
Қаржы нарығын реттеу және өзін-өзі реттеу құралдарының ең ықпалдыларының бірі ретінде ұйымдарға белгілі бір артық-шылықтар беретін қатысушылардың рейтингін айтуға болады:
жаңа клиенттерді тартудың және нарық үлестерін үлғай-тудың мүмкіндіктері;
қызмет тиімділігін арттыру мүмкіндігі;
компанияның сенімділік деңгейіне сәйкес қызмет көрсетудің ақыларын белгілеу;
компанияның инвестициялық тартымдылығының өсуі және т.б.
Компания сенімділігінің рейтингі - бұл компаниялардың менеджерлерімен кездесудің нәтижесінде алынатын және жария түрде де, арнайы да сұралатын ақпарат, мәліметтер талдауына негізделген төлем қабілетін кешенді бағалау болып табылады. Сонымен бірге агенттікпен кез келген көздер бойынша алынған барлық нақтыланған ақпараттар есепке алынады. Рейтинг қаржы ұйымдарының имиджін, беделін көтеруге, клиенттерді тартуға, сондай-ақ шетелдік заңды және жеке тұлғалардың алдында мәртебелерін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы ең маңызды міндеттердің біріне ұйымдардың да, клиенттердің де мүдделерін танытатын рейтингтік агенттіктерді құру жатады.
&&&
$$$002-001-100$Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Қаржы нарығы дегеніміз не?
2.Қаржы нарығына қандай функциялар тән?
3.Бөлу функциясы нені білдіреді?
4.Қазақстанда қаржы нарығының ақпараттық функциясы қаншалықты толық орындалады?
5.Қазақстан қаржы нарығының құрылымы қандай?
&&&
$$$002-002-000$3.2.2 Дәріс №2. Ақша нарығы және оның қаржы құралдары
1.Ақша нарығы туралы түсінік және оның функциясы
2.Ақша нарығының құрылымы мен қаржалақ құралдары
3.Ақша нарығының төлем құралдары
&&&
$$$002-002-001$3.2.2.1 Ақша нарығы туралы түсінік және оның функциясы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады.Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады және олардың бүгінгі күні жағдайын толық аяқталған кезеңге жатқызуға болмайды.Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды:тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады,осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді.Тауар-эквивалентке қойылатын талап:
Бөлінушілік;
Ықшамдылық;
Біртектілік.
Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан тауар-эквиваленттен жеке бөлінеді.Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиды.
Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінен бөлініп,ең алдымен оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар – ақша болады.Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға көшеді.
Ақша бастапқыда әртүрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т.б. формаларда болды.Содан кейін оларды алтын,күміс және бақыр тиындар алмастырды.Ал тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырды.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі – вексель.Ол иесіне қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды.Вексель,сондай-ақ басқа тұлғаға да берілуі мүмкін.Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады,бірақ мұнымен жалпыға ортақ эквивалент ролін атқармайды.
Ақшаның салыстырмалы жаңа формасы девиздер – халықаралық есеп айырысуда қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады.Алғашқыда ол экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы вексельдер түрінде болады.Ол алтын девиз стандарты кезінде банкноттық эмиссия мен ұсақ қорларды қамтамасыз етумен қызмет етті. Банктердің корреспонденттік байланысының және әлемдік сауданың ұлғаюына байланысты девиз банк төлем құралының формасын қабылдады:вексель,чек,аккредитив,телеграфтық аудару және мемлекетаралық өзара қысқа мерзімді несиелер. Девиздер халықаралық төлем айналымында банкнот және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады.Олар көосетілген елдердің валюталарында халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі рольді атқарады. Соңында орталық банктердің, қазынашылық және үкіметтік органдардың өтімді ресурстарының құрамына кіретін резервтік немесе салыстырмалы түрде тұрақты, қайтарылатын валюталар алға шығады.
Ақша мынандай функцияларды орындайды:
Құн өлшемі;
Айналым құралы;
Төлем құралы;
Жинақтау құралы;
Әлемдік ақша.
Ол құн өлшемі ретінде мінсіз болып табылатындықтан тауар құнын бағалауға мүмкіндік береді.Айналым құралы ретіндегі ақша функциясы сатып алушы мен сатушының арасындағы өзара қарым-қатынасты тікелей орнататын нақты ақшаның ролін орындайды.Бұл функциялардағы ақша осы заманғы нарықтық қатынастарды қалыптастырады,сонымен қатар тікелей айырбас құны ретінде алға шығады.Қор жинау құралы ретіндегі ақша функциясы тарихи тұрғыда алғашқы пайда болғандардың біріне жатса да,ол төлем құралы ретінде ақша пайда болғаннан кейін ғана даму жолына түсті.Уақытша бос ақша қаражаты жинақ ақшаға айналады, содан кейін қор жинақтауға түрленеді.Мұның соңғысы өз кезегінде ел экономикасының дамуына аса қажетті инвестициялардың негізгі көздері болып табылады.Әлемдік ақша ретіндегі ақша сыртқы экономикалық қатынасқа қызмет етеді.Алғашқы кезде,ол алтын түрінде қолданылды.Қазіргі заман жағдайында әлемдік ақша ретінде бірқатар мемлекеттердің тұрақты валюталары немесе әлемдік несие ақшалар алға шыға алады. Бұл сапада олар жоғарыда аталған барлық төрт функцияны атқара береді,яғни ақшаның осы функциялары біріктіруші болып табылады.
Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функциясын былайша анықтауға болады:
Төлем функциясы – операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырысуларды жүргізуге ықпал ететін нарық;
Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету – ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту,шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;
Есеп функциясы және т.б.
&&&
$$$002-002-002$3.2.2. Ақша нарығының құрылымы мен қаржалақ құралдары
ҚР аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:
Қолма-қол ақшаны табыстау;
Чек беру;
Вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
Төлем карточкаларын пайдалану;
Борыштық қолхаттардың айналымы.
Қолма-қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот немесе тиын түрінде жүзеге асырылады.Қолма-қол төлемді ақшалай міндеттемесі бар тұлға тікелей немесе делдал арқылы орындай алады. Чектермен есеп айырысу жол, есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлеушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады.Ақшалай чек қолма-қол ақшаны банкте ұстаушының төлемдері,мысалы, еңбекақы,шаруашылық қажеттіліктері,іссапар шығыстары және т.б. үшін қолданылады. Есеп айырысу чегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда қолданылады.Бұл – нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге онда көрсетілген белгілі бір соманы банкке төлегені туралы ағымдағы шот иесінің шартсыз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат.Есеп айырысу чектері өтелген немесе өтелмеген болуы мүмкін:
Чек берушінің жеке шотқа депозитке салған қаражаты;
Чек берушінің тиісті шотындағы қаражат,бірақ чекті беру барысында онымен келісілген келісім бойынша банк кепілдік еткен сомадан артық болмауы керек.Бұл жағдайда банк чек берушіге оның шотында қаражат уақытша болмай қалған жағдайда өзінің қаражат есебінен чекті төлеуге кепілдік бере алады.
Атаулы чек (нақты тұлғаның атына жазылған),ұсынбалы чек (ұсынушының атына жазылатын) және ордерлі чек болады.Ордерлі чек белгілі бір тұлғаның пайдасына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады,яғни чек беруші оны жаңа иесіне индоссаменттің көмегімен беруі ықтимал.Оның үстіне,чек кроссталған – бет жағына екі параллель сызықтар жүргізілген болуы мүмкін. Корссталу өз кезегінде жалпы және арнайы болуы ықтимал.Бірінші жағдайда (сызықтардың арасында «банктің» белгісі болмайды) оны төлеуші банкке немесе өзінің клиентіне төлейді.Мұндай чекті ұстаушы тұлға оны сызықтардың арасында атауы көрсетілген банкке ғана ұсынады.
Чек айналымының басқа да артықшылықтары бар: чек басқа төлем құралдарының, оның ішінде пластикалық карталардың және валютаның көмегімен есеп айырысу мүмкін болмаған барлық жағдайларда есеп айырысуға мүмкіндік береді.
Экономиканың ақша-несиелік реттеуіндегі вексельдер сатылатын және сатып алынатын нарықтың ролі ерекше.Оның маңызы – экономикада ақша ағымын бірқалыпты етуінде жатыр.Вексельді коммерциялық деп аталатын несие рәсімдейді.Сату-сатып алу объектісі болып табылатын олар төлем мерзімін ұзартуды қамтамасыз ете отырып,нарықта айналысқа түседі.
Вексельдік операциялар банк несиесі қызметінің ең маңызды және келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Вексель нарығының міндеті – негізінен қысқа мерзімді ақша қаражаттарын қайта бөлу, ал оның объектісіне коммерциялық және қаржылық вексельдер жатады.Бірыңғай ақша нарығының бөлігі болып табылатын оның екі деңгейі болады.Оның алғашқы резидентіне несие мекемелері мен оның клиенттері жатады,ал оның негізін есептік,комиссиялық,ломбардтық операциялар және банктің, басқа да несие институттарының операциялары немесе жеке дисконтерлердің вексельдермен болатын операцияларды құрайды.Екінші субъектісіне несие мекемелері:бір жағынан – Ұлттық банк,екінші жағынан – екінші деңгейлі банктер,оның ішіне коммерциялық банктер кіреді.Бұл деңгейдегі нарық операцияларының басым бөлігін бірінші сыныпты вексельдерді қайта есептеу мен қайта кепілге салу құрайды.Банк жүйесінде мамандандыруды дамыту,есептік операциялардың тәуекелділігін орталықсыздандырып қайта бөлу қажеттілігінің институционалдық құрылымы тек банк мекемелерінен ғана тұратын және арнайы несие институттарының есеп үйлерінің,есептік банктердің және басқа да мекемелердің төңірегіндегі аралық деңгейдің нарықта пайда болуын топтастырады.
Біздің елімізде вексель бағалы қағаздарға жатпайды,ол “Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы” ҚР Заңына сәйкес төлем құралы және несиелеу құралы болып табылады.Вексель – бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлейтін шартсыз міндеттеме.Вексельге тән белгілер:
Ақшалай міндеттеменің шартсыз сипаты,яғни вексель беруші белгілі бір соманы төлеуді өз мойнына алады немесе үшінші жақтағы тұлғаға вексельдік соманы төлеу туралы бұйрық қандай да бір шартпен шектеліп қалмайды;
Міндеттеменің дерексіз сипаты,яғни вексельдің мәтінінде ол қандай мәміленің негізінде берілгеніне сілтеме жасалмайды;
Осы құжатты толтырудың қатаң формаланған рәсімі,яғни форма барлық қажетті реквизиттерді қамтуы керек,өйткені қажетті реквизиттердің біреуі болмай қалса,вексель түкке жарамсыз болып қалады;
Есеп айырысудың ақшалай формасы,яғни міндеттеменің тек ақша қаражаты болуы мүмкін.
Вексельдер екі негізгі түрге бөлінеді: жай вексель және аудармалы вексель.
Жай вексель немесе соло – несие берушіге ақша қаражаттарының нақты сомасын белгілі бір орында және белгіленген мерзімде қарыз алушы төлейтін,қандай да бір шартпен шектеліп қалмайтын міндеттемені қамтитын вексель немесе үшінші тұлғаға қаражатты аудару жөніндегі несие берушінің бұйрығы бойынша вексель.
Жай вексельдің ерекше белгісі – қарыз алушы тұлғаға вексельді жазып беретін – вексель беруші болып табылады.Вексель ұстаушы оны өзінің қарызын вексель берушіге аудару арқылы өз контрагенттерімен есеп айрысуда пайдалана алады.
Аудармалы вексель немесе тратта – бұл вексельдік қатынасты үш жақты реттейтін құжат: несие беруші немесе трассант, қарыз алушы немесе трассат және төлемді алушы немесе ремитент.Аудармалы вексельдің шығарылуы мен айналымының ерекшелігі – ол төлемнің жай құралы ретінде қызмет етпейді.Бұл қатынастың мәні: трассант нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде ремитентке төлеу туралы ұсынысымен трассатқа вексель жазып береді.
Ремитент вексельді алғанымен онда көрсетілген трассаттың төлемді жүзеге асыратынына сенімсіз, сондықтан да ,алдымен қарыз алушының вексель сомасын төлеуге келісім бергенін немесе бермегенін біліп алу керек.Осы мақсатта вексель акцепт үшін трассатқа бағыт алады.
Қазақстанға жаңа технологияның енуіне байланысты тағы бір құралды – төлемді жүзеге асыруға, ақшаны қолма-қол алуға, валютаны айырбастауға, эмитентпен және оның жағдайымен анықталатын басқа да операцияларды орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарды қамтитын құрылғылар мен электрондық терминалдар арқылы ақшаға қол жеткізудің құралы ретінде төлем карточкаларын пайдаланудың, қолданудың мүмкіндігі туды. Төлем карточкалары кредиттік және дебеттік болып бөлінеді.(24.08.2000 ж. №331 Ұлттық банк бекіткен ҚР-да төлем карточкаларын шығарумен және ҚР-да оны шығарудың және пайдаланудың талаптарын белгілеумен байланысты қызметті лицензиялайтын бірден-бір жалғыз орган болып табылады.
Төлем карточкасын беру кезінде мыналармен келісімшарт жасалады:
Төлем карточкасын беру шарты;
Оны пайдалану арқылы төлемді жүзеге асырудың шарты;
Төлем карточкасын беру туралы келісімшарттың негізінде әр түрлі ұстаушылрға бірнеше төлем карточкасы берілетін жағдайда қосымша карточкалар берілетін тұлғалардың тізімі (немесе оларға жасалатын сілтемесі)
Төлем карточкаларын алу және шектеу шарты;
Төлем карточкасын қолдану мерзімі немесе оны беру туралы келісімшарттың мерзімі;
Тараптардың құқығы мен міндеттемелері;
Тараптардың жауапкершіліктерін қамтитын келісімшарты.
Жеке тұлға төлем карточкасын алған күнінен бастап оның иесі болып табылады.
Ұстаушының төлем карточкасын алғанынын айғақтайтын құжатқа қойған қолы немесе осы фактіні бір мәнде айғақтайтын басқа да куәлік растаушы ретінде қызмет етеді.Банктерді пайдаланбай-ақ бір-біріне қарыз беруде халық ақша нарығының қаржылық құралы ретінде қарастыруға болатын, нотариалдық кеңселермен расталған борыш қолхаттарын рәсімдейді.Келешектегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің кепілімімен шығарылатын ауыл шаруашылығы қолхаты секілді қаржы құралының да пайда болғанын айта кеткен жөн.Бүгінгі таңда Қазақстанда осы қарыз міндеттемелері вексельдермен салыстырғанда әлдеқайда кең таралған.
&&&
$$$002-002-099$3.2.2.3.Ақша нарығының төлем құралдары
Бүгінгі таңда ақша қаражаттарының негізгі айналымында қолма-қол ақша айналымының көп бөлігін алмастырған қолма-қол ақшасыз айналым орын алып отыр.Ол өз кезегінде қызмет көрсеткені үшін төлем өндіріп алатын коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.Міне,осы жерден қолма-қол ақшасыз есеп айырысу нарығы пайда болмақ.Бұл арадағы ақша айналымы мыналар:
Төлем тапсырмасы;
Төлем талап-тапсырмасы;
Аккредитивтер;
ҚР заң актілерімен белгіленген басқа да төлем құжаттары.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер мынадай жолдармен жүзеге асады:
Ақша міндеттемесін немесе ақша төлемі туралы нұсқауды қамтитын төлем құжатын беру немесе ұсыну;
Ақша төлемі туралы нұсқауды қамтитын төлем құжатын электрондық хабарлануды табыстау.
Олар клиенттің банктегі шотын пайдалану арқылы және оларды пайдаланбай-ақ ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асврылады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу шаруашылық жүргізуші субъктілердің арасындағы есеп айырысуларды жүзеге асырудың ең қарапайым тәсілі болып табылады.Бұл құжат шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір соманы өзінің шотынан басқа субъектінің шотына аудару туралы тапсырмасын білдіреді.Ол жазылған күнімен бастап 10 күн жарамды болып табылады.Мұнда оның жазылған күні есепке алынбайды, яғни есеп айырысуға қабылданылмайды.Егер банк пен шот иесі басқа нәрселерді кірістірмесе, онда төлем шотта қаражат болғанда ғана орындауға төлеушіден қабылданады.Төлем тапсырмалары мерзімді,мерзімінен бұрын және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.
Мерзімді төлем мына нұсқаларда орындалады:
Аванстық төлем,яғни тауарды жөнелткенге дейінгі төлем;
Тауарды жөнелткеннен кейінгі төлем, яғни тауардың тікелей акцепті жолымен болатын төлем;
Ірі мәмілелердегі біртіндеп төленетін төлем.
Біршама керісінше сызба банкке соқпай, сатып алушыға бағытталатын тауар келісімшарты бойынша жеткізілгендер құнының есеп айырысуы және жөнелтім құжаттарының негізінде сатушының талабын қамтитын есеп айырысу құжаты – төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысуды білдіреді.Төлеуші алынған төлем талап-тапсырманың төлем мүмкіндігін анықтап, бұл құжатты сатушының есеп айырысу шотына өзіне акцептелген соманы аудару үшін өзіне қызмет көрсетуші банкке табыстайды.Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу төмендегідей жүзеге асырылады.
Аккредитив ( неміс тіліндегі akkreditiv – сенімділік деген мағынаны білдіреді) сатушының пайдасына сатып алушының тапсырмасы бойынша оған берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесін білдіреді.Ол бойынша банк (эмитент банк) шот ашып, сатушы төлемін жүзеге асыра алады немесе аккредитивке қарастырылған құжаттар бар болғанда ғана және аккредитивтің басқа шарттары орындалатын болса ғана банкке өкілеттілік бере алады.Аккредттивтің көмегімен есеп айырысудың “ЛС жүйесі бойынша есеп айырысу” дейтін тағы бір атауы болады ( ағылшынша Letters of credit – аккредитив).
Аккредитивтер мыналарға бөлінеді:
Ақшалай және құжаттандырылған.
Ақшалай аккредитив – эмитент-банктің басқа банкке жөнелтетін және белгілі бір мерзімде сатып алушыға ақшаны төлеу туралы бұйрықты қамтитын атаулы құжат.Есеп айырысуда құжаттандырылған аккредитив қолданылады.
Қайтарылып алынатын және қайтарылып алынбайтын.
Қайтарылып алынатын – бұл, мысалы, келісімшартта қарастырылған шарттар сақталмаса, эмитент-банк сатушымен алдын-ала келісіп жатпай-ақ өзгертуі немесе күшін жоюы мүмкін немесе эмитент-банк аккредитив бойынша төлемге кепілдік беру мерзімінен бұрын бас тартқан жағдайда өзгертілуі немесе күшін жоюы мүмкін аккредитив.
Әрбір аккредитив оның қайтарылып алынатынға немесе қайтарылып алынбайтынға жататынын анық көрсетуі керек. Мұндай нақты нұсқаулы жоқ аккредитив қайтарылып алынғанға жатады.Оның шарттарын өзгерту туралы барлық өкімін төлеуші сатушыға эмитент- банк арқылы ғана бере алады.Ол эмитент-банк сатушының банкіне хабарлайды,ал сатушы банк өз кезегінде сатушыға хабарлайды.
Қайтарылып алынбайтын аккредитив тұлғаның келісімінсіз өзгертілмейді немесе күшін жоймайды,өйткені ол оның пайдасына ашылған.Сатушының, егер оның шартында қарастырылған болса,аккредитивті орындау мерзімінен бұрын бас тартуға құқығы бар.
3.Расталған және расталмаған.
Расталған аккредитив басқа банк тарапынан қосымша кепілдікке ие болады.Оны растайтын банк, егер эмитент-банк төлемді жүзеге асырудан бас тартатын болса,аккредитивтің шартына сәйкес құжаттарды төлеу міндеттемесін өз мойнына алады.Расталмаған аккредитивтің көрсетілген кепілдігі болмайды.
4.Аудармалы ( трансферабельдік) – бірнеше төлеуші-шаруашылық жүргізуші субъектілер толық немесе бөліп пайдалануы ықтимал аккредитив.
5.Жаңартпалы (ағылшынша revolver - айналдыру) немесе жаңғыртпалы әдетте келісімшартта тіркелген график бойынша жүзеге асырылатын тұрақты,қысқа жеткізімдер үшін есеп айырысуда қолданылады.Ол төлемнің толық сомасына емес, оның бөлігіне бола ашылады және тауарлардың кезекті партиясы үшін болатын есеп айрысулардың шамасына қарай автоматты түрде жаңғыртылады.
6.Өтелген ( депозитке салынған) және өтелмеген ( кепілдендірілген).
Өтелген – бұл аккредитивті ашу барысында эмитент-банк төлеушінің өзіндік қаражатын немесе оған берілген несиені эмитент-банк міндеттемесінің барлық әрекет ету мерзімінде «Аккредитивтер» жеке баланстық шотына, сатушы банкісінің өкіміне аударады.
Өтелмеген аккредитивтердің ақша қаражатын өтеу нұсқауы болмайды.Ол бойынша жабдықтаушыға төленетін төлемде банк кепілдік етеді.Бұл жағдайда төлеуші өзіне кепілдігі бар аккредитив қоюы үшін өз банкіне өтініш береді.Эмитент-банк әдетте аккредитвті,корреспонденттік қатынастарды банк пен оның арасында орындайтын шартты белгілеумен төлем қабілеті бар, бірінші сыныпты клиенттерге қатысты оның өтінішін қанағаттандырады.
Аккредитивтің «қызыл ескертпелі» аккредитив дейтін түрі болады. Оған белгілі бір сомаға дейін сатушыға атқарушы банкінің аванс беруін қарастыратын аккредитивтің кез келген түрі жатуы мүмкін.Эмитент-банк «қызыл ескертпелі» аккредитивті аша отырып, төленген аванстардың сомасын, тіпті егер осыдан кейін жөнелтім болмаса да атқарушы банкке өтеуге міндеттенеді.Банктер мұндай аккредитивті қамтамасыз етілмеген несие түрі ретінде бағалайды және оны сирек жағдайларда ғана береді.
Осылайша, ақша нарығының төлем құралдары ақша ресурстарын қайта бөлуді және ауыстыруды жүзеге асыруда үлкен рол атқарады.Олар арқылы ел ішінде де, одан тысқары жерлерде де ақша айналымының негізгі үлесін қамтитын қолма-қол ақшасыз айналым жүзеге асырылады.
&&&
$$$002-002-100$Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Ақша нарығы нені білдіреді?
2. Ақша нарығы қандай функцияны орындайды?
3. Ақша нарығының негізгі қаржы құралдары қандай?
4.Қазақстандағы ақша нарығының құрылымы қандай?
5.Төлем тапсырмасымен, төлем талап-тапсырмасымен, аккредитивтермен есеп айырысу қалай жүзеге асырылады?
&&&
$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3. Депозит нарығының қызмет етуінің ерекшеліктері
1.Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі
2. Депозиттердің түрлері
3.Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымы
&&&
$$$002-003-001$3.2.3.1 Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі
Бүгіндері коммерциялық банктер әр түрлі депозиттің түрін ұсынады. Қазақстанның банктік тәжірибесінде олардың мынадай түрлері бар:
Талап етілгенге дейінгі депозиттер немесе чек депозиттері – салымшыға міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді. Чек депозиттері қымбат тұратын есептік операциялар мен өткізулерді жүзеге асыруды қажет етеді, сондықтан де банктердің көбісі осы қызмет көрсетулер үшін белгілі бір төлемді белгілейді. Оның мөлшерінің өзгеруі бір айдың ішінде жазылған чектер санының және депозиттер мөлшерінің өзгеруімен қатар жүреді.
Чек депозитінің негізгі типтерінің біріне өз ерекшелігі бар талап етілгенге дейінгі салым жатады:
Жарнаны және ақшаны өндіріп алу қандай да бір шектеусіз, кез келген уақытта бөлшек немесе толықтай жүзеге асырылады;
Ақша шоттан қолма-қол ақша түрінде немесе чектің көмегімен алынуы мүмкін.
Банк комиссиялық сыйықаны пайдаланғаны үшін шот иесіне нақты бір айлық мөлшерлемеде немесе әрбір жазылған чек үшін белгілейді;
Шот иесінің шотындағы қалдықтың бұрын ескертілген орташа мөлшерін клиенттің қолдау шартымен шотты пайдаланғаны үшін клиенттен комиссияны өндіріп алудан бас тартудың формасында оған «жасырын» пайыз төленеді, алайда салымшы бұл шартты бұзатын болса, ол шотты жүргізумен және әрбір чекті өндірумен байланысты банктің барлық операцияларық шығындарын төлейді.
Талап етілгенге дейінгі депозит бойынша банк ең аз шамадағы резервті орталық банкке мердімді депозитке қарағанда үлкен пропорцияда сақтауға міндетті.
Талап етілгенге дейінгі салымдағы несие қалдығын ең аз шамаға жеткізудің басқа да, яғни қаражатты ATS-шотқа – автоматты аудару шотына орналастыру болып табылатын әдісі бар. Бұл депозит түрі пайыз әкелетін ақша қорларын сақтаушы шоттан чектерді өтеуге арналған чектік депозиттерге автоматты түрде аударуға мүмкіндік береді.
Талап етілгенге дейінгі депозиттердің бір түрі контокоррент болып табылады. Контокоррент – банктің клиентпен болатын барлық операциялары ескерілетін және клиенттің тапсырмасы бойынша шоттан алынатын барлық төлемдер де, шотқа аударма, салым және т.б түрінде түсетін барлық қаражат та банк ссудасы ретінде көрініс табатын біріңғай шот. Бұл шот қолданылуына байланысты активті-пассивті деп аталады.
Талап етілгенге дейінгі депозиттердің тағы бір түрі – банк пен клиент арасындағы келісімнің негізінде қаражат қалдығының шамасынан белгілі бір мөлшерде шот бойынша есептен шығару сомасын арттырудағы овердрафтқа құрылған ағымдағы шот.
Талап етілгенге дейінгі депозитке мыналар жатады:
Банк шотындағы заңды тұлғаның қаражаты, оның ішінде республикалық және жергілікті мәні бар мемлекеттік бюджеттің қаражаты;
Есеп айрысудағы қаражат;
Басқа банктердің корреспонденттік шотындағы банк қаражаты.
Жинақ салымы. Олар халықпен болатын операцияларда таралған және өтеулі аса көп емес салымға арналған. Оның талап етілгенге дейінгі салымнан айырмашылығы – тек төлемдерінде, ақшаны алу тәсілдерінде, пайыздарды кезеңдік есептеуде.
&&&
$$$002-003-002$3.2.3.2 Депозиттердің түрлері
Бүгінгі таңда қазақстандық банктер ұсынып отырған жинақтаушы депозиттердің негізгі типтеріне жинақ кітапшасындағы шот, жинақ салымының жағдайы жазылған жазуы бар шот, сондай-ақ депозит шоты жатады.
Жинақ кітпашасындағы шот – әкелген пайызды дереу өндіріп алуға болатын чектік емес депозиттер. Олардың ерекшеліктері мынада:
Кітапшалы жинақ салымының тіркелген мерзімі болмайды;
Банктер салымшылардан осы депозиттерден ақша қорын алатынын алдын ала хабарлауын талап етуге құқысы бар болса да, олар мұны жиі талап ете бермейді;
Жоғары шек мұндай шоттар бойынша әдетте шектеулі болуы мүмкін.
Қазақстандық депозит нарығында жинақтаушы депозиттің мынадай түрлері ұсынылады:
Жедел жинақ салымы, ол бойынша не тіркелген мерзім, не салым ақша алынбайтын мерзім белгіленеді және ол бойынша басқа жинақ салымдарымен салыстырғанда ең жоғары пайыз есептеледі;
Қосымша жарнасы бар жедел депозит. Ол бойынша салым сақталатын мерзім інішде қосымша жарна жүргізіледі, осылай ету арқылы оның мөлшері анықталады.
Қосымша жарнасы болатын жинақ салымы. Бұл шотқа кезең сайын келімімшартпен анықталған сома ұдайы енгізіліп отырады және белгілі бір сәтке сомадан болатын пайыз төленеді;
Ағымдағы жинақ салымы. Ол қаражаттың еркін түсімін және еркін алынуын ұйғарады. Әдетте олар пайдасыз болады және зейнетақы, жердемақы, шәкіртақы, материалдық көмек төлеу үшін пайдаланылады;
Жастардың сыйлық салымы.
Жедел салымы – тіркелген күні бар депозит, оларды мерзімінен бұрын жабу айыппұл төлеуге әкеп соқтырады, ал сыйақы салымның мерзіміне және шамасына қарай есептеледі.
Жедел салымның екі негізгі түрі бар:
Алынбайтын;
Алынатыны туралы алдын ала хабарланған.
Алынбайтын жедел салым ең аз дегенде 1 айдан кем болмайтын ең ұзақ мерзімге енгізіледі. Салымшылары басқа депозит түріне қарағанда ең жөғарғы пайызды алады. Салым ақша иесіне келісімшартта бұрын белгіленіп ескертілген күні қайтарылады. Банктің ескертілген мерзім ішінде салымға өз қалауы бойынша толық өкімін жүргізуге құқысы бар.
Депозиттік сертификат салымшының мерзімі біткенда салым ақшаның сомасын немесе ол бойынша пайызды алу құқығын айғақтайтын ақша қаражаттарының салымы туралы эмитент-банктің жазбаша куәлігін білдіреді.
Әлемдік іс-жәжірибеде депозиттік сертификаттың мынадай түрлері ерекше аталып көрсетіледі:
Табысталмайтын депозиттік сертификат салымшыда сақталып, төлем мерзімі келгенде банкке ұсынылады. Олар капиталды кез-келген мерзімге тиімді етіп инвестициялауға көмектеседі, ал қажет болған жағдайда сертификатты қолма-қол ақшаға жылдам айналдыруға мүмкіндік береді.
Табысталатын депозит түрі қайталамалы нарықта қайта сатылап, басқа иеге өтуі мүмкін.
Шығарылу тәсілі бойынша депозиттік сертификаттар келесідей бөлінеді:
Бір жолғы тәртіппен шығарылатын;
Сериямен шығарылатын.
Рәсімдеу тәсілі бойынша:
Атаулы
Ұсынбалы
Төлем шарты бойынша:
Пайыздық мөлшерлемесі нақты есеп айрысу кезеңі біткенге дейін ұдайы төленетін сертификаттар;
Сертификат өтелген кұні пайызы төленетін сертификаттар
Банк бондары салымды қабылдайтын банк құрылтайшылары жеке тұлғалар үшін шығарылатын, көрсетілген мерзімде қайтарылуы тиіс белгілі бір мерзімдегі қарыз міндеттемесін білдіреді.
Депозиттік қызметтің ең маңызды түрлерінің біріне мерзімді және талап етілгенге дейінгіге бөлінетін банктік қаржы институттары ұсынатын банкаралық депозиттер жатады. Мұндай операциялар, әдетте, баланстың өтімділік деңгейін және есеп айрысуларды реттеу мақсатында жүзеге асырылады. Басқа банктің салым ақшасын ұстап отырған банк оларды «лоро» (осы банктің корреспонденттікшотындағы қалдық) шоты бойынша өз балансында берешек ретінде ескеріледі.
Басқа банкте мұндай депозиттері бар оларды «ностро» (корреспондент-банктің) шоты бойынша активтер ретінде ескеріледі.
Несие саясатын жүзеге асыру шеңберінде Қазақтан Республикасының Ұлттық банкі өзінің ақша-депозиттерін олардың таратылу деңгейі бойыншаа аудармалы және аударылмайтын етіп жіктейді.
Аудармалы депозит – мұны кез келген сәтте айыппұлсыз және шектеусіз номинал бойынша ақшаға айналдыруға болады. Аударылмалы депозиттер аз ақша массаның бір бөлігі болып табылады, ал аударылмайтын немесе мерзімді депозиттер қордың негізгі үлесін құрады.
&&&
$$$002-003-099$3.2.3.3 Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымы
Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
депозиттік ресурстардың қаржыландыратын акативтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс.
депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдік жасауға тиіс.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы №226 қаулысымен Қазақстан Республикасы банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы Нұсқамасы бекітілді, онда банк салымы шарты бойынша жинақ шоттарын ашу кезінде банк салымшыдан ақшаны (салымды) қабылдауға, банк салымы шартында көзделген мөлшерде және тәртіпте ол бойынша сыйақы төлеуге, және аталған салым түріне арналған банк заңнамасы мен банк салымы шартында көзделген талаптар мен тәртіпте салымды кері қайтаруды міндетіне алады. Ақша (салым) сол салымшының өз атына не алдағы уақытта банктің клиенті болып табылатын белгілі бір үшінші тұлға атына енгізілуі мүмкін.
Банк салымы шартында мынадай міндетті талаптар болуы тиіс: салық қызметі берген құжатта көрсетілген салық төлеуші – клиенттің тіркеу номері, ондай құжатты беру жинақ шотын ашуға талап етілмейтін жағдайды қосағанда; банктің қызмет көрсету шарты оны төлеу тәртібі, сондай ақ заңнамамен белгіленген немесе оған қайшы келмейтін қосымша талаптар. Банк салымы шарты жасалғаннан кейін салымшының талап етуі бойынша банктің ішкі ережелеріне және қоятын талаптарына сәйкес банк клиентінің атына рәсімделген жасалған салымды куәландыратын құжатты банк оған беруге міндетті. Салым құжаты салымшының кітапшасын (жинақ кітапшасы) болып табылады, ол, егер салымшыға тиесілі едәуір сома туралы өзінде ақпаратты сақтайтын болса, әрқашан да жанға жай таптырады». Банк салымы шартын жасау жинақ шотын ашуға негізделеді, ол субъект-салымшыға байланысты белгілі бір градацияға ие болады. Ондай градация жинақ шоттарын ашу кезінде әр түрлі құжаттарды керек етеді. Нұсқама бойынша заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) мынадай құжаттарды тапсыруға тиіс: қолдардың үлгісі бар құжатты және мөрдің басылған таңбасы; клиенттің салық есебіне тұрған фактісін растайтын салық қызметі органының берген құжатының көшірмесі; статистикалық картаның көшірмесі; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген белгіленген нысандағы құжаттың көшірмесін ұсынады.
Салымшылар – жеке тұлғалар – Қазақстанның резиденттері ұсынатын құжаттар: қол үлгісі қойылатын құжат; есепке қойылатын фактіні растайтын салық қызметі органының берген құжат көшірмесін ұсынады. Салымшылар – заңды тұлғалар – Қазақстан Республикасының резиденттері еместер және олардың оқшауланған бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) ұсынады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңға сәйкес банктер салымшыларының (депозиторлардың) мүдделерін қорғау мақсатында салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік етуді (сақтандыруды) жүзеге арысратын ұйым құрылады. Уәкілетті орган салымдарды (депозиттерд) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жөніндегі ұйымдардың қызметінің құқықтық мәртебесін, құру тәртібін, реттеу мен тоқтатуды белгілейді. Салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) тәртібін, сондай-ақ банктермен салымдарды (депозиттерді) міндетті ұжымдық кепілдік ету ( сақтандыру) жөніндегі ұйымның өзара қарым-қатынасы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленеді. Банктер салымдарды (депозиттерді) міндетіт ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жүйесіне уәкілетті орган бекіткен мөлшерде және тәртіпте жүзеге асыру жолымен қатысады. Бұрын ондай уәкілетті орган Ұлттық Банк болды, ал қазіргі кезде жаңадан құрылған қадағалау функциясын жүзеге асыратын қаржы нарығы мен қаржы операцияларын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттік атқарады. Несие нарығын дамыту үдерісі көбінесе депозиттерді тартуға күш салуға байланысты. Деректерге қарағанда, шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы қысқара басталуымен доллардың құнсыздану үдерісі басталды. 2002 жылға дейін доллардың өсу үдерісі жүргеніне қарамастан 2006 жыл бұрынғы жылмен салыстырғанда ол 6,1 %-ға ұлғайды. Ұлттық валютадағы депозиттер үлес салмағы артып, шетелдік валютадағы депозиттердің үлес салмағы керісінше азайды, сөйтіп теңгеге сенім артты. Бұл ұлттық банкінің отандық төлем қаражатының тұрақтануы бойынша тиімді ақша-несие саясатын жүргізумен түсіндіріледі. Қазақстанның валюта нарығында долларлық салымдардың тартымдылығы айтарлықтай төмендеді. Талдаушылардың көпшелігі доллар бағамының төмендеуі қысқа мерзімді деп ойлайды, егер АҚШ-тың экономикалық жағдайын ескерсек, теңгелік депозиттердің өсуі дегенмен ұзақ мерзімді сипатта болатын сияқты. Жеке тұлғалар депозиттері үлес салмағының өсуі 44,3 %-ға дейін көтерілуі, 2000-2002 жылдары жеке тұлғалар депозиттерінің өсуінен болады. 2005 жылы заңды тұлғалар депозиттері өсуі – 43 %, жеке тұлғалар депозиттерінің өсуі – 37,8 % болды және тиісінше, заңды тұлғалар депозиттерінің үлес салмағы – 2,2%-ға артты. 2006 жылы жағдай мүлдем өзгерді: заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі 9%-ға тең болды, жеке тұлғалар депозиттері 52,6%-ды құрап, 2 еседен аса өсті, тиісінше, олардың үлес салмағы айтарлықтай артты. 2007 жылы заңды тұлғалар депозиттерінің өсуі біршама азайып 15,5%-ды, ал жеке тұлғалар депозиттері 22,7% болды, сондықтан да жеке тұлғалар депозитерінің өсу деңгейі соншама жоғары емес. Халық салымдарның құрамында мерзімді депозиттер үлесі біртіндеп өсуде.
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын құқықтық реттеу және басқару.
Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес және ҚР Азаматтық Кодексімен реттеледі.
Бұл орайда Қазақстан заң шығарушысы депозиттерді тарту бойынша шектеу қояды, өйткені, банк заңнамасы бойынша депозиттерді тарту банк операцияларына жатады, оны депозиттерді тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясын алған банктер немесе ұйымдар ғана жүзеге асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 758-бабында банк салымы шартын жасаудың жазбаша нысаны қарастырылады, ол белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс. Банк салымының жазбаша нысанын сақтамау осы құқықтың жарамсыздығына әкеп соғады. Салымшының талап етуі бойынша салымның жасалғанын куәландыратын құжат не оның атынан, не белгілі бір үшінші тұлғаның атына рәсімделуі мүмкін, салымшы-азаматтың ол қайтыс болған жағдайда салым берілуі тиіс адамдарды көрсетуге құқығы бар. Банк салымының шарты банкке салым сомасының түскен күнінен бастап нақты әрі жасалған деп есептеледі.
Салымшы мерзімді салымның сомасын оның мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ шартты салымның сомасы банк салымы шартты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар пайда болғаннан кейін талап етпесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, банк салымы шарты талап етілмесе салым шарттарымен ұзартылған болып саналады.
Банктің депозиттерін басқару нарық қатынастарына көшкенге дейін тәжірибе жүзінде жүзеге асырылған емес. Нарыққа көшуге байланысты және екі сатылы банк жүйесінің құрылуына байланысты жағдай түбірімен өзгерді. Орталықтандырылған жалпы мемлекеттік қор орнына несиелік капиталдың рыногы келді. Банктер бұл рынокта қатаң бәсекелестік негізінде қаржы ресурстарына ие бола бастады. Ресурстарды тарту құралы болып банктердің пассивтік операциялары пайдаланылды.
Жаңа жағдайда банктердің эмиссиялық атқарылымы да өзгерді. Макродеңгейдегі пассивтерді басқару республиканың орталық банкі ретінде ҚР-ның Ұлттық банкімен жүргізіледі. Екінші дәрежедегі әрбір банк тұтастай өзінде бар ресурстар шегінде ғана кредиттер беру қағидасымен ғана жетекшілік етуі тиіс.
Яғни, бұл әрбір банктің қаржы ресурстарында еркін резерв болуы тиістігін көрсетеді. Бос резервтердің көлемі, банк өзінің белсенді операцияларына бос қаржыларын қаншалықты сала алатынын көрсетеді.
Коммерциялық банктермен өтемпаздықтың тұрақтылығын қолдау мен табысты көбейту мақсатында микродеңгейде депозиттерді басқару жүзеге асырылады. Әдетте, коммерциялық банктердің пассивтерінің 90 пайызы қаржы операциялары есебінен тұрады.
Әр банк депозит саясатын жүргізу кезінде келесі қағидаларды ұсынады:
депозиттік операциялар пайда түсіру үшін ғана емес, оны көбейту үшін де жағдай туғызуы тиіс;
депозиттік операциялар депозит операциялары мен депозит нысандары субъектілерінің әр түрлі болуына мүмкіндік туғызуы қажет;
депозит операцияларын жүргізу кезінде депозит операциялары мен мерзімдерге байланысты несие беру, депозит сомалары мен кредиттік салымдар арасында өзара байланысты қамтамасыз ету қажет;
депозит операцияларын жүргізу кезінде банк балансының өтемпаздығын қолдаудың негізі болып табылатын жылдам депозиттерге ерекше назар аудару қажет;
депозит операцияларын ұйымдастыру кезінде депозиттер шотындағы бос резевртердегі қаржыларжы азайту керек;
банк қызметтері мен олардың сапасын және қызмет көрсету мәденитін кеңіту мен дамыту депозиттерді тартуға көмектесетінін естен шығармаған жөн.
Коммерциялық банктер үшін депозиттерді басқару үдерісі оларды талдаудан басталады. Ол үшін тартылған және меншікті ресурстардың қимасында жіктеу жүргізу қажет:
жедел депозиттер;
талап етуге дейінгі депозиттер;
жеке тұлғалардың салымы.
Кейбір жеке шоттардағы қаржылардың қалдығын және олардың айналымын талдай отырып, шоттардағы тұрақты қалдықты анықтауға болады. Мұндай талдау кәсіпорындарды есеп айырысу шоттарындағы қаржының бір бөлігін жылдам депозиттерге аударуларына қызықтыруға болады.
Кәсіпорында есеп айырысу шотында қажет болған жағдайда қаржының жетпей қалуы мүмкін деген қауіп туындамас үшін, депозит келісім-шартында сол пайыздық тұрғыда төлем кредитін ала алатын мүмкіндігін қарастыру қажет. Бұл мөлшерлемені кәсіпорынға депозит шотындағы қаржы есебінен төлеу керек. Егер макродеңгейдегі бірінші кезекте банк жүйесіндегі депозит көлеміне қаржылық кредиттік және мемлекеттік салық саясаты ықпал жасайтын болса, мұндай жағдайда, нақты банк үшін экономикалық және жеке фактор ерекше маңызға ие.
Республикада қазіргі уақытта депозиттерге қаржы тартудың ынталандырушы негізі депозиттегі қаржыға қосылатын пайыздық мөлшерлеме болып табылады. Пайыздық мөлшерлеме рыноктағы кредит ресурстарына ұсыныс пен сұраныстар заңыдылығымен реттеледі.
Пайыздық мөлшерлемелер депозитке ресурстар тартатын бірден-бір құрал емес. Рыноктағы кредит ресурстарын зерттеуге және банк мамандарының шеберлік деңгейіне байланысты салымдарға қаржылар тартудың көптеген әдістері бар.
&&&
$$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Депозит нарығының экономикалық ролі?
2.Депозиттің негізгі түрлері?
3.Мерзімді депозиттің талап етілгенге дейінгі депозиттен айырмашылығы қандай?
4. Жинақтаушы депозиттердің қандай ерекшеліктері бар?
5.Қазақстандағы депозит нарығының институционалдық құрылымы қандай?
6. ҚР депозиттерінің сақтандыру жүйесі дегеніміз не Оның механизмдері қандай?
&&&
$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс №4. Несие нарығы және оның мағынасы мен мәні
1.Несие нарығы туралы түсінік және оның қызметі
2. Несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары
3.Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
&&&
$$$002-004-001$3.2.4.1 1.Несие нарығы туралы түсінік және оның қызметі
Несие нарығы – механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Несие нарығы арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасындағы қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асады.
Несие нарығы арқылы өндіріс пен тауар айналымының өсуі, ел ішіндегі капитал қозғалысы, капитал салымындағыжинақтың түрленуі, ғылыми-техникалық революцияның жүзеге асуы, негізгі капиталдың жаңғыртылуы жүзеге асады.
Қазақстанның несие нарығына тән төрт функцияны бөліп көрсетуге болады:
Несие арқылы тауар айналымына қызмет ету;
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің, халықтың, мемлекеттің, сондай-ақ шетелдік клиенттердің жинақтарын тарту;
Ақша қорларын тікелей ссудалық капиталда шоғырландыру және оны өндіріс процесіне қызмет көрсететін капитал салымы түрінде пайдалану,
Мемлекеттік және тұтыну шығындарын өтейтін капиталдың көздері ретінде мемлекет пен халыққа қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ аса қуатты қаржылық-өнеркәсіптік топтардың қалыптасуына ықпал ету.
Несие нарығы – әр түрлі қорлардың несие ресурстары мен бағалы қағаздар түрінде қалыптасқан және пайдаланылған құн қозқалысының ақшалай формасымен органикалық байланыста болатыны белгілі. Оның деңгейімен қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуға, оның тұтастай әлеуметтік-экономикалық қатынасқа ықпал етуіне кететін ақшалай қордың қозғалысы, мөлшері және бағыты өлшеніп, анықталады.
Несие нарығының негізгі қатысушылары -несие беруші және қарыз алушы. Несие беруші несие мәмілесінің ссуда беретін жағы. Несие беруші ссуда беру үшін белгілі бір қаражатқа ие болуы керек. Бұл қаражаттардың көздеріне оның өз қаражаты, ресурстары, өз кезегінде ұдайы өндіріс процесінің басқа субьектілерінен қайтару негізінде қарызға алынатын қаражат алынуы мүмкін.
Қарыз алушы – несие қатынастарында несие алатын және алған алған ссудасын белгіленген мерзімде қайтаруға міндеті жақ. Ссудалық мәміледі несие берушіге қарағанда қарыз алушының мынадай ереушеліктері болды:
Ол ссудалық қаражаттың түпкілікті иесі болып табылмайды, тек оның уақытша иесі бола алады, әрі өзіне тиесілі емес бөтен ресурспен жұмыс істейді;
Қарыз алушы ссудалық қаражатты айналыс саласында да, өндіріс саласын да да пайдалана алады. Несие беруші ссуданы өндіріске тікелей шықпай, ауысу фазасында береді;
Қарыз алушы ссудалық ресурсты өз шаруашылығында пайдаланғаннан кейін қайтарады. Қарыз алушы ссуданы қайтару үшін ұдайы өндірістік процесті несие берушіменесеп айрысуға жеткілікті қаражатты босатып алатындай етіп ұйымдастырылуы керек;
Қарыз алушы уақытша пайдалануға алған құнды ғана қайтарып қоймайды, сонымен бірге оның ссудалық пайызын да төлейді. Бұл арада өз шарттарын алға тартатын несие берушіге қарыз алушының тәуелді болатынын естен шығармауымыз керек.
&&&
$$$002-004-002$3.2.4.2 Несие нарығы құралдарының түрлері мен формалары
Несие нарығы құралы – несие, ол айырбас сәтінде пайда болып, құнның ұдайы қозғалысын қамтамасыз ететін ссудалық мәміленің формасына енеді. Ссудалық мәміле несие қозғалысының өзегі болып табылады.
Нарықтық шаруашылық жағдайындағы негізгі формаға банк несиесі жатады. Бұл жағдайда кәсіпорын, ұйым, халық, мемлекет және банктің өздері де несие қатынастарының субьектілері ретінде алға шығады. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне түрлі белгілері бойынша жіктеуге болатын әр түрлі несие түрлерін ұсынады. Ең алдымен қарыз алушылардың негізгі топтары болып табылатын шаруашылыққа, халыққа, мемлекеттік органдарға несие беріледі.
Тағайындалуы бойынша несиені былай бөліп көрсетуімізге болады:
Тұтынушылық
Өнеркәсіптік
Саудалық
Ауыл шаруашылығына берілетін несие
Инвестициялық
Бюджеттік.
Экономиканың барлық салаларындағы шаруашылық жүргізуші субьектілерге берілетін банк несиелері жұмыс істеу салаларына қарай екі түрге бөлінеді:
Негізгі қордың кеңейтілген ұдайы өндірісіне қатыстырылатын ссуда;
Айналым қорлары ұйымдастыруға қатыстырылатын, яғни өндіріс саласы мен айналыс саласына бағытталатын ссуда.
Несие пайдалану мерзімі бойынша талап етілгенге дейінгі және мерзімді несиелер деп бөлінеді:
Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін)
Орта мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін)
Ұзақ мерзімді (3 жылған жоғары)
Талап етілгенге дейінгі несиені қөарыз алушы несие берушінің талабы бойынша қайтару мерзімі ішінде немесе келісім шарты бойынша белгіленген мерзімде немесе өз қалауы бойынша кез-келген уақытта қайтарады.
2. несие мөлшері бойынша ірі, орташа, ұсақ деп бөлінеді. Әрбірбанк оны өзінің несие салымдарының көлеміне қарай анықтайды.
3. қамтамасыз етілуі бойынша несие қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп бөлінеді. Қамтамасыз етілетін несие мыналармен қамтамасыз етіледі:
Кепілмен
Банк кепілдемесімен
Сақтандырумен.
Несиені қамтамасыз ету оның қайтарылмай қалу қаупін азайтудың бір тәсілі болып табылады. ал қамтамасыз етілетін несиеге тоқталатын болсақ, ол бұрыннан банкпен серіктестік байланыс орнатқан, несие төлеуге қабілеті бар бірінші сыныпты клиентке береді. Ол, әдетте, қысқа мерзімде қосымша ақша қаражаттарына мұқтаж қарыз алушыға беріледі.
4. банк ссудаларын беру тәсілі бойынша оны өтемақылық және төлемділік деп бөліп көрсетуге болады. Өтемақылық несие-қарыз алушының есеп шотына оның тауарлық –материалдық құндылыққа немесе шығынға жұмсалған өзіндік қаражатының орын толтыру үшін бағытталады.Төлемдік несие-банк ссудасы қарыз алушыға несиеленген шаруа бойынша төлемді төлеуі үшін ұсынылатын ақшалай есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағытталады.
5. Өтелетін әдісі бойынша бөліп-бөліп төлеумен өтелетін банк ссудасы және бір мезгілде (нақты бір күнде) өтелетін ссуда деп бөлінеді.
Банк несиесініңінің мынадай формалары бар:
Мерзімді несие – мерзім басында толық беріледі. Сондықтан да ол бойынша пайыз барлық соманың есеп айрысуынан есептеледі, ал негізгі сома кезеңдік жарнамен немесе мерзім соңында бір жолғы төлеммен өтеледі.
Қысқа мерзімді несие, әдетте, тіркелген пайыз мөлшерлемесі бойынша беріледі, ал ұзақ мерзімді кез-келген валютада өзгермелі пайызбен беріледі.
Овердрафт бойынша несие – мерзімсіз несие. Оны қарыз алушы алғашқы талап етілуі бойынша келісімшарттың сомасына сәйкес күн сайын есептелінетін, базалық мөлшерлемеден асытын пайызбен ала алады. Банк қарыз алушыға алдын ала хабарлап, овердрафт бойынша несиенің күшін жоюы мүмкін.
Ашық несие желісі бар несие – қарыз алушының талап етуі бойынша банктің келісім шартта айтылған соманы беру міндеттемесі. Несие желісі белгілі бір мерзімге ашылады және ол осы мерзім ішінде жабылмайды.
Жаңартылмалы несие. Несие желісі де, овердраф та жаңартылмалы несие түрінде бола алады. Бұл арада қарыз алушы соманы ескертілген соманың шегінде тұрақты пайдалануы, әрі өтеуі мүмкін.
Бірлестірілген несие. Дәстүрлі мерзімді банк несиесі туралы келісім банк пен шаруашылық жүргізуші субьектінің арасында бекітіледі. Яғни, оған екі жақ қатысады.
Бірлестірілген несие – банк тобын құратын кепіл банк арқылы ұйымдастырылады. Мұнда топтың құрамындағы әрбір банк несие сомасының белгілі бір бөлігін береді.
Ипотекалық несие – сатып алынған үйдің немесе жердің кепілімен банк беретін орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие.
&&&
$$$002-004-099$3.2.4.3 Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
Нарықтың экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және қүрылымы бойынша объективті сипатыңа ие. Олай болмаса несилік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизм несиелеуді экономикалық үйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мүндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды үйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.
(Несиелік механизмге несиенің мазмүны және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жаңын немесе оның үстінде қалыптасады.
Берілген несиелік механизм түжырымы бүл механизмнің тек субъективтік сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы түрады. Осы түрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмүнын, оның қызметтерін талдаудан несиелеу механизіміне өтеді.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысңан, яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан түра ды.
( Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай қүрылымдық элементтері болады:
несиенің, түрлері;
несиелеу объектілсрі;
несиелеу субъекпплері;
несиелеу әдістері;
несиелеу процессі (несиелеу механизмі); ■ несиелеу принциптері;
несиелік тәуекелді баск,ару;
Несиелеу субъектілері мен объектілері
Несие қүрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан түрады. Мүндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады.
Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталык және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық үйымдар, сондай-ақ халықаралык қаржы үйымдары да жатады.
Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатыңа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке түлғалар жатады.
Несиелеу объектісі — бүл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды қүндылыңтар, өндіріс және ай-налыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық үйымның міндеттемесі ретінде де болады.
Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші материалдарды, жанармай, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азық-түліктер жәые басқа да материалды қүндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда үйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мүндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байлаиысты.
Несиелеу объектісіне экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке түлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, қүралдары және басқа да мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
Үзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге белінеді:
өндіріс объектілерінің ңүрылысы;
өндіріс объектілерін қайта қүру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
техникалар, қүрал-жабдықтар және көлік қүралдарын сатып алу;
■ жана өнім шығаруды үйымдастыру,
өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.
Несиелеуді ұйымдастыру принциптері
Несиеулеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру' облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды үйымдастыру принциптері екі топка (бөлінеді:
/ топқа — жалпы экономикалык, Тәртіптегі принциптер:
■ несиенің мақсаттылығы;
• несиенің дифференциалдығы.
// топк,а — несиенін мәнін бейнелейтін принциптер:
■ несиенің мерзімділігі;
• иесиенің қайтарымдылығы;
■ несиенің төлемділігі;
• несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық припципінің мазмүны өзгерген десе болады.
Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипатайтын қөрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады.
Екіншіден, бүл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ре-сурстарға деген сүранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сүралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жүмсалу үзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.
Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік — белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылың принципі туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. қайтарылмайтын несие болмайды. Сондыңтан да, қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарыңтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бүл принципіне ерекше мән берілген.
Біріншіден, оның сақталуына байланысты үдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірңалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді.
Екіншіден, бүл принципті сақтау коммерциялың банктердің өтімділігін ңам-тамасыз ету үшін қажет. Олардың жүмысын үйымдастыру принциптері тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жүмсалымдарға салынуына жол бермейді.
Үшіншіден, әр жекелеген қарыз аулушы үшін бүл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенін төлемділғі — бүл несие беруші қарыз алушыга берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп
қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылың несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі. Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі түсында несие үшін сыйақы мәлшерлемесі несиеге деген сүраныс пен үсыныс негізінде қалыптасады.
&&&
$$$002-004-100$Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Несие нарығы нені білдіреді?
2.Несие нарығының құралына не жатады?
3.Несиелердің қандай түрлерін білесіз?
4.Несие берудің сызбасы қандай?
5.ҚР несие нарығының институционалдық құрылымы қандай?
6.ҚР несие нарығының ерекшклігі неде?
7.Қазақстанда ипотекалық несиені берудің шарттары қандай?
&&&
$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Валюта нарығы және валюталық операциялар
1.Валюта нарығы туралы түсінік және оның құрылымы
2. Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
3. Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
4.Әлемдік валюта нарығының қалыптасуы және дамуы
&&&
$$$002-005-001$3.2.5.1.Валюта нарығы туралы түсінік және оның құрылымы
Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл механизмнің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнап, мынадай негіздегі мәмілелерді орындауға мүмкіндік туады:
бөлшек сауда мәмілелері, онда банк клинтпен сату – сатып алу барысында өзара әрекет етеді;
банкаралық көтерме сауда мәмілелері, онда екі банк валюталық брокердің көмегімен бір-бірімен өзара әрекет етеді, нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.
Ұлттық валюта жүйесі ұлттық заңмен анықталған елдің валюталық қатынасын ұйымдастырудың формасын білдіреді.
Оны мынадай негізгі элементтер сипаттайды:
ұлттық валюта бірлігі;
ресми алтын валюта резервінің құрамы;
валютаның бірдейлігі және валюта бағамын қалыптастырудың механизмі;
валюталарды қайта қалпына келтірудің шарты және валюталық шектеулердің болуы немесе болмауы;
елдің сыртқы есеп айрысу тәртібі;
ұлттық валюта нарығының және алтын нарығының режимі, елдің валюта қатынасын реттейтін ұлттық мекемелердің мәртебесі.
Валюта - кез-келген төлем құжаттары немесе халықаралық есеп айрысуларда
пайдаланылатын және қандай да бір ұлттық ақша бірлігінде көрініс табатын
ақшалай міндеттеме. Валюта нарығының негізгі тауары – шетелдік валюта белгіленген кез-келген қаржылық талап. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның валюта нарығы шетелдік валюталар операциясымен ғана шектелген.
Валюталық айырбас – бұл бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау. Валюта нарығының негізгі қатысушылары – банктер, экспорттаушылар, трансұлттық компаниялар, қаржы мекемелері, инвесторлар, үкімет агенттіктері, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар.
Валюта нарығының қатысушылары ақша аударымдары, хеджрлеу, клиринг және несие секілді функцияларды жүзеге асырады.
Валюта нарығында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады:
мерзімі шектелмеген салым (талап етілгенге дейінгі депозит) қаражатының телеграфтық немесе электрондық аударымдарын;
ұсынушының банктік вексельдерінің
коммерциялық тратталарды.
&&&
$$$002-005-002$3.2.5.2. Валюта бағамы және оған әсер ететін факторлар
Валюта бағамы – ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б жағдайын бейнелейді. Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді.
Валюта бағамына өз әсерін тигізетін мынадай негізгі факторлар бөліп көрсетіледі:
жалпы ұлттық өнім;
сатып алу қабілетінің бірдейлігі бойынша валюта бағамы;
пайыз мөлшерлемесінің деңгейі;
инфляция;
өнеркәсіп өндірісінің индексі;
жұмыссыздық.
Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы болып табылады.
Әр түрлі валюталарды жіктеудің негізгі сипаттамасы мынадай болады:
Валютаның жіктелінуі
Негізгі сипаттамалары Валюта турлері |
|
- ұлттық Валюта мәртебесі - шетелдік - резервтік |
|
Заттай формасы - қолма-қол ақша -қолма-қолсыз ақша |
|
- еркін айырбасталатын Өзара қайтымдылық режим - ішінара айырбасталатын - айырбасталмайтын |
|
Валюта бағамының режимі
|
-оның валюталық бірдейлігі арқылы белгіленген бағам -өзгермелі бағам -тұрақты н/е тұрақсыз валюта |
Валютаның құнын белгілеу – елдер арасындағы валютаның бағамдарын анықтау, осының негізінде айырбасқа ұсынылған олардың ақша бірліктерінің арақатынасы белгіленеді. Бұл арақатынас валюта нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай ұдайы өзгеріп отырады.
Валюта бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктелінеді:
оның валюталық бірдейлігі арқылы тіркелген бағам;
өзгермелі бағам;
тұрақты немесе жұмсақ валюта.
&&&
$$$002-005-099$3.2.5.3.Валюталық операциялар және олардың сипаттамалары
Валюталық операциялар – бұл ақша нарығында шетелдік валюталарға және шетелдік валютаға жазылған төлем құжаттарына баға белгілеу операциясы. Валюталық операцияларды ҚР аумағындағы резиденттер де, резидент еместер де өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары арқылы, сондай-ақ олардың айырбас пунктері арқылы жүзеге асыра алады.
Валюталық операцияларды мынадай критерийлер бойынша жіктеуге болады:
обьектісі бойынша:
шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар;
шетелдік валютадағы бағалы қағаздармен операциялар;
қымбат бағалы металдармен және тастармен операциялар;
субьектісі бойынша:
жеке және заңды тұлғалардың операциялары;
мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық және муниципалды құрылымдардың операциялары;
шетелдік мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың операциялары;
жүзеге асырудың режимі бойынша:
әмбебап операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болмайды;
жекеленген операция, жүзеге асырудың құқықтық режимі резиденттік мәртебеге тәуелді болады;
жүзеге асырудың аумағы бойынша:
ішкі;
шетелдік;
валюталық операцияларды жүргізудің құқықтық қатынас түрлері бойынша;
қаржылық-құқықтық – салықтық төлемдерді өтеуге аудару;
әкімшілік-құқықтық – айыппұлды шетелдік валютада төлеу;
азаматтық-құқықтық – көлікпен тасымалдауды ұйымдастырып беруші резиденттің пайдасына аударылатын, аударылым келісімшарты негізіндегі импорттаушы резиденттің валюталық төлемі;
халықаралық жеке-құқықтық – экспорттық-импорттық сыртқы сауды келісімшарты бойынша резидент еместердің пайдасына резиденттердің төлейтін валюталық төлемі;
халықаралық жариялы-құқықтық – халықаралық ұйымдардың пайдасына аударылатын валюталық аударым.
Еліміздің заңына сәйкес мыналар валюталық операциялар болып табылады:
меншік құқығының және басқа құқықтардың валюталық құндылыққа өтуімен байланысты операциялар;
валюталық құндылықтарды кез-келген тәсілмен ҚР-ға шеттен әкелу
және салып жіберуге, ҚР-дан шетке шығару және салып жіберуге болады. Валюталық құндылық – бұл номиналдары шетелдік валютада көрінетін төлем құжаттары, бағалы қағаздар, шетелдік валюталар; олар арқылы резиденттермен және резидент еместермен операцияларды жүзеге асыратын жағдайдағы номиналдары шетелдік валютада көрінетін тазаланған құйма алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.
ҚР «Валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес валюталық операциялар екі санатқа бөлінеді:
ағымдағы операциялар;
капитал қозғалысымен байланысты операциялар.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
төлем мерзімін ұзартуды немесе 180 күннен көп емес мерзімге тауар, жұмыс және қызмет үшін аванстық төлемді қарастыратын экспорттық-импорттық мәмілелер бойынша есеп айрысуға арналған аударымдар.
Несиені 180 күннен аспайтын мерзімге беру және осы мерзім ігінде алу;
гранттарды, мұра сомасының аударымын, еңбекақыны, зейнетақыны, алиментті және т.б қоса алғанда саудалық сипаты жоқ аударымдар.
Капитал қозғалысымен байланысты операцияларға мыналар жатады:
а) инвестицияны жүзеге асыру;
б) интеллектуалдық меншіктің обьектісіне айрықша құқықты толық беруді қарастыратын мәмілелер бойынша есеп айрысуға арналған аударымдар;
в) жылжымайтын затқа теңестірілетін мүлікті қоспағанда жылжымайтын мүлікке ие болуға мүмкіндік беретін мүліктік құқықтың төлеміне арналған аударымдар;
г) төлем мерзімін ұзартуды немесе 180 күннен көп емес маерзімге тауар, жұмыс және қызмет үшін аванстық төлемді қарастыратын экспорььық-импорттық мәмілелер бойынша есеп айрысуға арналған аударымдар;
д) несиені 180 күннен аспайтын мерзімге беру және осы мерзім ішінде алу;
е) зейнетақы активтерін жинақтаумен байланысты мәміле бойынша және жинақтау сипатындағы сақтандырудың келісімшарты бойынша халықаралық аударымдар.
ж) сенімді басқаруға валюталық құндылықтарды табыстау.
4. Көптеген валюталық операциялар мынадай типтерге сараланатын мәмілелер шеңберінде жүзеге асырылады:
мәмілені жүзеге асырудың мерзіміне қарай:
мерзімді – «форвард» мәмілелері;
кассалық – «спот» операциялары;
айырбас – «своп» операциялары;
арбитраждық мәмілелер.
мәліметтердің орындалу орнына қарай:
биржалық
биржадан тыс.
Мерзімді – бұл бекітілу уақыты мен жүзеге асырылатын сәті бір – біріне сәйкес келмейтін мәміле. Яғни, жүзеге асырудың шарты мен бағасы бүгін айтылса, мәмілнің өзі белгілі бір уақыт өткеннен ейін алдағы кезеңде жүзеге асырылады. Форвардтық мәміле бұрын айтылған баға бойынша валютаның бұрын айтылған мөлшерін белгілі бір уақыттан кейін сатуды және сатып алуды ұйғарады.
Кассалық – бекітілген сәтінен тікелей жүзеге асырылатын сәтіне дейін 3 жұмыс күнінен аспайтын мәміле. Оған «спот» мәмілесі жатады.
«Спот» мәмілесі валюталарды спот шартымен сатып алуды және оны «форвард» шартымен бір мезгілде сатуды ұштастыратын айырбас операциясы болып табылады. Мұнда «ұзын» немесе «қысқа» ұстаным пайда болмайды, өйткені сату мен сатып алу бір мезгілде орындалады.
Арбитраждық мәміле – бұл операция, онда қатысушылар пайда алу мақсатында әр түрлі валюта нарығының валюта бағамдарындағы айырмашылықты пайдаланады. Уақыт пен кеңістіктегі арбитраждық мәміле валюталық төрелік, жай және күрделі пайыздық болып бөлінеді.
&&&
$$$002-005-099$3.2.5.4.Әлемдік валюта нарығының қалыптасуы және дамуы
XX ғасырдың 30-жылдарында әлемде сауда- экономикалық байланыстарды бұзған қаржылық дағдарыс байқалды.1944 жылы АҚШ-та екі ірі экономист – Джон Мейнард Кейнс пен Гарри Декстер Уайт қатысқан Бреттон – Вуд конференциясы болды.Конференцияда экономист Джон Кейнс ұсынған тұжырымдама қабылданды.Қалыптасқан жағдайда Бреттон – Вуд жүйесі әлемдік қаржылық жүйені дамытудың жаңа тәртібін құрды:
Халықаралық қаржылық – экономикалық қатынастар Халықаралық валюта қорымен бақыланады.
Халықаралық резервтер рөлін доллар және фунт стерлинг де-фактосы атқарады.
Валютаның реттеушілік бірдейлігі АҚШ долларына байланған доллар алтынға байланған.
ХВҚ мүшелері бірдейліктерді тек қана ХВҚ-ның келісіміне сәйкес өзгертеді.
Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін барлық валюталар айырбасталынатын болуы керек,осы қағидаларды сақтау үшін барлық үкімет халықаралық резервтерді сақтауға міндеттті,қажет болғанда валюта нарығында интервенция жүргізеді.
ХВҚ мүшелері алтын және валюта түрінде жарна төлейді.
Валютаның айырбастау бағамы үш жақты арбитраж арқылы бекітіледі.Яғни,егер долларға қатысты франк бағамы 10 франк =20 доллар, ал фунт яғни долларға қатысты 50 фунт=20 доллар құраса,онда фунт пен франк арасындағы айырбас бағамының үш жақты арбитражы былай анықталады.
Фунт/франк = доллар/франк :доллар/фунт=20/10:20/50=2:0,4=5
Бүгінгі таңда халықаралық есеп айырысуда валюталық клиринг,яғни халықаралық келісімге сәйкес өзара талаптар шегерімі негізінде елдер арасындағы есеп айырысу дамуда.
70- жылдарда АҚШ-та доллардың күшті дағдарысын тудыратын пайыздық мөлшерлемелер күрт төмендеді.Бұл жағдай массалық капитал ағымының АҚШ-тан Еуропаға өтуіне байланысты болды.Мұндағы пайыздық мөлшерлеме деңгейі өте жоғары болды.1971 жылдың наурыз айында Германия мен Голландия өз валюталарының уақытша «еркін жүзуін» жариялады.АҚШ-тағы төлем балансының тапшылығы – доллардың алтынға айырбасталуын тоқтатуға мәжбүрледі.Нәтижесінде айырбас бағамының бірдей болмай ауытқу арақатынасы 4,5%-ға дейін өсті.
Арақашықтық шекарасын ұстап тұру оңай болмады.Біршама уақыттан кейін Бундесбанк 5 млрд доллар сомасына интервенция жүргізді.Сол уақытта бұл айбатты сома табыс әкелмеді.Еуропа мен Жапониядағы валюталық биржаларды уақытша жабуға тура келді.Ал АҚШ доллардың 10%-дық девальвациясы туралы жариялады.Дамыған елдер бекітілген бірдейліктерді демеуді қойды және валюталық жүзуге кірді.
Құрама штаттар кезең бойынша пайыздық дифференцияға салықты және шетелдік несиелерді ерікті түрде шектеу бағдарламасын өзгертеді.Соңғы жылдары Бреттон – Вуд жүйесінің қызметінен валюталық трейдерлер үлкен алыпсатарлық пайда алып отырды.Тұрақты бағамнан бас тартқаннан кейін оны шығарып алу мүмкіндігі қатаң шектелді.Көптеген банктер үлкен шығынға ұшырады,екі әйгілі Колондағы «Банкхаус Херштадт» және Нью-Йорктегі «Френклин Нэшнл» банктері сәтсіз алыпсатарлық операция салдарынан банкротқа ұшырады.
1976 жылы әлемдік жетекші мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен әлемдік валюта жүйесін құрудың жаңа қағидаларын жасаған Ямайка конференциясы болып өтті.Мемлекеттер тапшылықты жабу құралы ретінде халықаралық төлемдер кезінде алтынды қолданудан бас тартты.Валюта жүйесінің орталығы арнайы шеттен алу құқығы болуы тиіс деп хабарланған болатын,бірақ тәжірибеде СДР үлесінің халықаралық өтімділігі 5%-ға аз болды.
Халықаралық өтімділік құралдары алтын,шетел валютасы,ХВҚ-дағы резервтік ұстаным,арнайы шеттен алу құқығы және еуро болды.
Халықаралық өтімділік құралдары арасындағы орталық орын мемлекеттік алтын – валюта ресурсына бөлініп берілді.Валюталық ресурстар санатындағы жетекші орын еркін айырбасталатын – кез келген шетел валютасына шексіз айырбасталатын болып табылатын қазіргі уақыттағы резервті валютаға тиесілі.
Жаңа жүйенің элементтері – валютаның айырбасталуын,валюталық қарым – қатынасты реттейтін мемлекетаралық ұйымдар.Мемлекеттің ұлттық валютасы төлем құралы ретінде шығарылады.Халықаралық валюта операциялары коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.
Құбылмалы валюта бағамын енгізу режимі тұрақты валюталық бағамға тән бағамдағы қиғаштықтың жинау процесін белгілейді.Бірақ ол төлем балансын теңдестіруін қамтамасыз етпейді, «ыстық» ақшалардың кенеттен орын ауыстыруы валюталық алыпсатарлықты тоқтатпайды.Капиталдың еркін орын ауыстыру жағдайында валюта бағамының ауытқуы өзін – өзі күшейтетін болады.
Әлемнің әр түрлі аймақтарындағы үлкен ақша массасы инвестицияға қажет болғандықтан қолданысқа түсіп,күрт күшейеді,содан соң аяқ астынан құнсызданып кетіп,ұлттық валюта жүйелері күйреген кезде ұлттық валютаның тербелуіне әкеледі.Осы жағдайларда әр ел әр түрлі,кейде едәуір қатаң валюталық саясатты қолдай отырып,валюта бағамының реттелетін өзгермелілігін қолданады.
70- жылдардың соңында айырбас бағамының орталық және шектеулі мәні бар валютаның кросс- бағамдар желісі болвп табылатын Еуропалық валюта жүйесі құрылды.Шын мәнісінде ЕВЖ Бреттон –Вуд жүйесіне ұқсас.Егер кросс-бағам шекараға жақындаса,онда екі жақта интервенция жүргізуге міндетті.ЕВЖ – нің негізгі валютасы дойчмарктар болды.
90-жылдардың ортасында экю біртіндеп есептік емес,физикалық қаражатқа айналды.Экюға деноминирлендірілген ашық чектер және несиелік карточкалар шығарылады,банктер экюға депозиттер ашты.
1991 жылдың басында нарықта еуропалық валюта- экюды алмастыратын жаңа еуроға қатысты айырбастау бағамы пайда болды.Еуропалық орталық банк Еуропалық валюталық одақтың валюталық саясатын басқара бастады.
Қазіргі заманғы әлемдік валюта нарығы туралы түсінік
Халықаралық валюта қатынасы – бұл әлемдік ақша қызметімен байланысты сыртқы сауда капиталы және жұмысшы күшінің миграциясы,табыс аударымы қарыздар мен демеу- қаржылар,ғылыми-техникалық айырбас сияқты әр түрлі халықаралық шаруашылықтың байланыс түрлеріне қызмет көрсететін экономикалық қатынастар.Егер елдің ұлттық валюта жүйесі ақша жүйесімен ұдайы байланыста болса, онда әлемдік валюта жүйесі, халықаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюта қатынастарының заңды формасын белгілейді.Оған алтын – валюта жүйесі халықаралық есеп айырысудың ақша бірлігі,халықаралық несиелер және бағамдар режимі,валютаның өзара айналу шарттары кіреді.Әлемдік валюта жүйесіне халықаралық валюталық – несиелік институттар,мысалы,осы жүйеге қатысушы елдерге әсер күшті ықпалы бар Халықаралық валюта қоры кіреді.
Әлемдік экономистердің анықтамасына сәйкес, әлемдік валюта жүйесі әлемдік экономиканың дамуымен шарттастырылған және мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілген халықаралық валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы болып табылады.Әлемдік валюта жүйесінің анықтаушы элементтері болып табылатындар:
Резервтік валюта бірлігі:ұлттық және ұжымдық
Халықаралық өтімділік активтер құрылымы (валюталық құралдар мен алтын валюта резервтері)
Валюталық бірдейлік пен бағамдар механизмі
Өзара қайтарымды валюталық жағдайлар
Валюталық шектеу көлемі
Халықаралық есеп айырысу формасы
Халықаралық валюта нарығы мен әлемдік алтын нарық режимі
Валюталық қатынастарды реттейтін мемлекетаралық қаржылық институттар мәртебесі.
Нарықтық экономика жағдайында валюталық жүйе жеке компаниялар мен мемлекеттік институттардың өзара іс – әрекеттері негізінде қызмет етеді.Мемлекеттік қатынас,мемлекетаралық келісімдер,халықаралық қаржы институттарының қызметі әлемдік процесті әлсіретуге және жеке халықаралық төлем айналысын реттеуге бағытталған.Мемлекеттік және мемлекетаралық валюталық қатынастарды реттеу өз көрінісін валюталық саясаттан табады.Валюталық саясат олардың бағдарламалық мақсаттық белгілеулеріне сәйкес мемлекеттік органдар мен мемлекетаралық институттар өмірге әкелетін экономикалық шаралардың жиынтығын білдіреді.
Әлемдік валюта нарығы қатысушыларының негізгі мақсаты – өздері үшін «сәтті» операцияларды жүзеге асыру.Олар негізінен мынадай: валюта айырбастау(конверциялық) алыпсатарлық және арбитражды,шетелдік инвестициялау,көлемдердің халықаралық трансфертті түрлеріне бөлінеді.
Айырбасталатын операцияларда қатысушы үшін айырбас басты емес,яғни осындай операция үшін пайда өзіне маңызды емес шетел валютасына айырбас тауарды сату есебінен басқа нарықта пайда табу үшін жүзеге асырылады.
Айырбасталатынмен салыстырғанда,алыпсатарлық және арбитраждық операциялардың мақсаты валюта операциясының барысында пайда табу болып табылады.Арбитраж бағамдық айырма ретінде табыс мақсатында бір қаржылық құралды әр түрлі нарықта бір мерзімде сату және сатып алуды білдіреді.Алыпсатарлық – бұл баға өзгеруден пайда табу үшін валютаны сату- сатып алу.
Шетелдік инвестициялау жағдайында валюта операциясының қатысушысы басты мақсат ретінде айырбас кезіндегі сияқты валютаның өзінің айырбасталуынан пайда шығару емес,халықаралық нарықтарда ұзақ мерзімді жоспардағы капитал өсуін алады.Осы операциялардың қатысушылары тікелей немесе жанама шетел компанияларының активтерін иеленеді және оларды қолданудан пайда алады.
Төлемдердің халықаралық траснферті – бұл бір елден басқа елге пайда, ақша қаражаттары мен басқа да валюталық құндылықтардың аударымы.
Әлемдік валюта жүйесінің қызмет ету эволюциясын үш кезеңге бөлуге болады.Бірінші – бұл ақшаның басты формасы ретінде заңмен бекітілген алтынға негізделген «алтын стандарт» жүйесі.Ұлттық валюта бағамы оған қатаң валюталық бағам бойынша бір – бірімен қатынасты.Жарияланған арақатынастан валюта бағамының ауытқуы +-1 аспайтын %-ға рұқсат етілді.
ЕВЖ құрудың негізгі мақсаты – өзара сауда – саттық қарым – қатынастарды орнату,жалпы бағдарламаларды орындау саласында Еуропалық қауымдастыққа мүше елдердің ынтымақтастығын жақсарту үшін Еуропада тұрақты валюта бағамы аймағын құру,сондай – ақ қатысушы елдердің экономикалық және қаржылық саясаттарын жақындату.ЕВЖ елдері қатысушы елдердің валюта бағамдары арасындағы барлық негізгі бірдейліктері есептелген экю орталық бағамына қатысты өз валюталарының бағамын бекітті.Олардың барлығы +-2,5% деңгейінде,қазіргі уақытта +-15% шегінде интервенция көмегімен валютаның тұрақты бағамын ұстап тұруға міндетті.
ЕВЖ-ге Австралия,Германия,Франция,Бельгия,Ирландия,Испания,Италия,Голландия,Португалия,Финляндия,Люксембург енді.Қаржылық тәртіпті қолдаудың қатаң тәртіптеріне бағынуға және ақша шығару құқығын Брюссельдегі орталықтанған орган – Еуропалық Монетарлық Әкімшілікке беруге келісті.Инфляциядан қашу үшін олар бюджет пен салық саясатын қатаң бақылауға келісті.
1999 жылы қаңтарда ЕВЖ-нің қатысушы елдері бірегей валюта-еуроны енгізді.Жаңа валюта таразыланған он екі еуропалық валюта құрамын синтетикалық валюта экюмен алмастырады.Еуропаның құқықтық мәртебесі Мастрихтық келісімшартты қоса есептегенде,Еуропалық одақтың қатысушы елдері жасаған халықаралық келісімшарттары мен ЕО-ның құқықтық актілеріне сәйкес анықталады.
Еуроны енгізу жалпы қабылданған тәуекел шегінен шығып кететін және келісімшарттарды қайта қарауға алып келетін міндеттемелердің күрт өзгеру қағидасын қолдану үшін негіз болады.Бұл барлық өзара келісімдерден басқа заңдық құралдардың қызмет етуі мен сабақтастығы толық сақталады.
2002 жылдың 1 қаңтар айында еуроның қағаз ақшалары мен бақырлары айналысқа шығарылды,кейінгі 6 ай ішінде қолма – қол айналыстағы ұлттық валюталар міндетті түрде еуроға айырбасталады және өз күшін жойды.Осыдан кейін еуро экономикалық және валюталық одақ аумағында бірегей заңды төлем құралына айналды.
Бүгінгі таңда әлемдік ақша функциясын екі валюта атқарады:АҚШ-тың ұлттық ақша бірлігі болып табылатын доллар және халықаралық аймақтық еуропалық валюта.
&&&
$$$002-005-100$Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Валюта нарығы дегеніміз не?
2.Елдің қаржылық жүйесіндегі валюта нарығының ролі қандай?
3.Валюта нарығы қандай функцияларды атқарады?
4.Қазақстанда валюта нарығының құрылымы қандай?
5.Қазақстанда қандай валюталық операциялар жүзеге асырылады?
&&&
$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Бағалы қағаздар нарығы және оның қызметтері мен құрылымы
1. Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі ретінде.
2. Бағалы қағаздар нарығының мәні, функциялары және қатысушылары
3.Бағалы қағаздар нарығының негізгі қаржылық құралдары және олардың жіктелінуі
4. Эмиссияның әлемдік орталығы және халықаралық бағалы қағаздар нарығы түсінігі
&&&
$$$002-006-001$3.2.6.1. Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың негізі ретінде.
Жекешелендіру - елдегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мен экономиканы қайта құрылымдау процестерінің орталық компоненті болып табылады. Қазақстан Республикасында 1991 жылы әзірленген бағдарламаға сәйкес мемлекеттік және колхоздық-корпоративтік кәсіпорындар мен ұйымдарды жекеше немесе аралас мемлекеттік жеке акционерлік компаниялар мен серіктестіктерге айналдырумен оларды жекешелендіру қолға алынды.
Жекешелендіруді ҚР Мемлекеттік мүлік жөніндегі Мемлекеттік комитеті және министрліктердің, ведомстволардың, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен аталған комитеттің аумақтық органдары жүзеге асырады.
Қазақстанда жекешелендіру процесін реттейтін құқьіқтық актілердің тұтас жүйесі бар. Ол 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы «Жекешелендіру туралы» Заңды, 1996 жылдың 27 ақпанында қабылданған «1996-1998 жылдарына арналған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншікті қайта құрылымдау және жекешелендіру бағдарламасын», сондай-ақ, Министрлер кабинеті, Мемлекеттік мүлікті басқару жөніңдегі Мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет қабылдаған көптеген нормативтік актілерді қамтиды.
ҚР жекешелендіру бағдарламасына сөйкес республиканың барлық кәсіпорын қызметкерлерінің саны мен саласына қарай төрт топқа бөлінді. Олардың әрбіреуі үшін жекешелендірудің әр түрлі тәсілдері қарастырылады:
жергілікті аукциондар арқылы ұсақ кәсіпорындарды сату;
орта және ірі кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру;
жеке жобалар бойынша аса ірі кәсіпорындарды жекешелендіру;
ауыл шаруашылығы салаларындағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу секторындағы жекешелендіру.
Қазақстанда меншік реформасы негізгі үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең (кіші жекешелендіру) 1991 жылдан 1992 жылға дейінгі уақытты қамтыды және негізінен сауда объектілері мен қызмет көрсету салаларын сату, сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден аса ірі және шамамен алғанда 4000 шағын кәсіпорын экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті.
Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып, жеке меншікке өтті, негізінен ауыл шаруашылығы, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларыңдағы кәсіпорындар жекешелендірілді. Кіші жекешелендірудің аясында 11000 нысан сатылды, бұл көрсеткіш оның шамамен 2/3 бөлігін құрады. Сондай-ақ бір мезгілде сауда, қоғамдық тамақтандыру және қызмет көрсету салаларындағы халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда маңызды орын алатын кәсіпорындардың 84%-ы жекешелендірілді.
Реформаның екінші кезеңі 1993 жылдан 1996 жылдың басына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл кезеңдегі жекешелендірудің қағидасы жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорға салу құқығына ие болды. Купондар, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін пайдаланылды.
Қазақстанның барлық азаматтары (балаларды қоса алганда) купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылықтарды жарым-жартылай өтеу мақсатында қала халқына 100 купон бойынша, ал ауыл тұрғындары үшін 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банктің желілері арқылы купон кітапшаларын таратып беру 1993 жылдың соңында аяқталды. Тұтастай алғанда 15,5 млн. аса купон кітапшалары таратылып, халықгың шамамен 90%-ы қамтылды.
Инвестициялық купондар жеке иелерінің атына тіркелді және Чехия Республикасында пайдаланылған ваучерлік жеке-шелендіру сызбасындағы секілді жеке иелерінің атына тіркелген инвестициялық қупоңдар сатуға немесе сатып алуға жатпады. Купондар тек оның (купон) орнына өз акцияларын шығаратын жекешелендірудің инвестициялық қорына (ЖИҚ) ғана салынатын болды. ЖИҚ өз кезегінде купондық аукционда мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алды. Оған шамамен 170 лицензия ланған ЖИҚ қатыса алады (5-кесте).