Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дамира 45-52.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.35 Кб
Скачать

50. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөліне баға беріңіз

Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдарға мүше болу және олардың қызметтеріне белсенді қатысу - егеменді, тәуелсіз мемлекеттердің маңызды істерінің бірі. БҰҰ құрылымдарының белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу , келісімдік процестерді жолға қою,мемлекеттердің мүдделерін түйістіру,халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агессияны айыптау, халықарлық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.Бұл жағдайда БҰҰ қызметі халықаралық –құқықтық шеңберде болады.БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар.Халықаралық проблемаларды шешудің тәсіі ретінде соғысты болдырмау; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау.Қазіргі жағдайда жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. Қазіргі таңда саясаттың, ғылымның, субъективтік факторлардың рөлі орасан зор. Жеке бір мемлекет не саяси, әскери, экономикалық топтарға емес, бүкіл адамзаттың мұратына қызмет етерлік ғылым мен техникалық даму бағдарламаларын жасап, іске асырған абзал. Оның жолы өте көп. Дамыған елдер күш- жігерін қосып, қаражаттарын бөліп СПИД, рак немесе жүздеген басқа ауруларды емдеп, тіпті дүниежүзілік дәрігерлік жүйе жасаса, қандай ғажап. Космосты бейбіт мақсатта игеретін дүниежүзілік ұйым құрса, жаопы жаңа экономикалық тәртіп орнатса. Мұндай мысалдарды ондап келтіруге болады. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлі ерекше деуге болады. Мәселен, қазір дағдарыс жағдайын қарастырсақ. Дағдарыс жағдайында халықаралық ұйымдар бұдан шығудың жолдарын қарастыруда.

51. Сіздің ойыңызша Қазақстанға қандай саяси идеология қажет?

Саяси идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс - әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат – мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Бұл ұғымды ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғалымы және фәлсафашысы А.Дестют де Траси кіргізді. Идеология әр түрлі - саяси, құқықтық, этикалық, діни, фәлсафалық және эстетикалық болып келеді. Саяси идеологияның бірнеше түрлері бар: тұңғыш түрлерінің бірі либерализм. Ол латын тілінен аударғанда еркіндік деген мағынаны береді.Екінші түрі консервативтік, яғни қорғаушы. Енді біреуі коммунистік – ол жалпы, яғни қоғамда мемлекет, саясат болмайды деген мағынаға саяды. Социал – демократия идеологиясы еркінгдік, теңдік, әділеттілік және ынтымақтастық оның басты құндылықтары. Соңғы түрі бұл фашизм. Ол бірлестік деген мағынаны береді. Жалпы менің ойымша біздің республикамызға жаңарған либерализм идеологиясын ұстанған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені экономикада жеке меншіктің дамытылуы, жекешелендірудің жүргізілу бағыты, еркін нарық пен бәсекені мойындау, әлеуметтік теңдік принциптерін жоққа шығару, дарашылдыққа бет бұрыс және т.т. Дегенмен, мұның бәрін абайлап, жақсы ойластырып енгізбесе болмайды. Себебі, біздің өз дәстүріміз, экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдайларымыз бар, оның ішінде ең басысы қазақ халқында либералдық идеяның тірегі болып табылатын дарашылдық болмаған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасына ұлттық идеологияны да ұстанған жөн деп санаймын. Өйткені, ұлт бұл маңызды мәселе, ұлттың негізі тілде. Осыған байланысты ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «түбім түркі, дінім ислам, тілім қазақ» деген сөзі бар. Яғни біз бұл сөздің түбінен ұлттың жайын қозғап отырғанын байқаймыз. Сонымен қатар, ел басымыздың 2030 стратегиясында «үш тұғырды» енгізуі де дәл осы ұлттық мәселе қозғалады. Мұнда орыс және ағылшын тілдерімен қатар қазақ тілін басып көрсеткен. Тіл – бұл ұлттың негізі. Өз ұлтымызды жоғалтпау үшін тілімізді сақтауымыз керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]