Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дамира 45-52.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.35 Кб
Скачать

45. Қазақстан Республикасындағы саяси қауіпсіздік және тұрақтылыққа қауіп төндіретін факторларды атап көрсетіңіз

46. Қазақстан Республикасы Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы басым бағыттарын атап көрсетіңіз (2012жыл)

Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты.
Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті.
Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7,5 пайызға өсті.
Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты.
Бұрын сатылып кеткен активтердің бірқатар маңызды бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Енді «Богатырь», Қарашығанақ, Қашаған кен орындары мен ЕNRC, «Қазақмыс» компанияларының басым активтері мемлекет иелігінде болады.
Кезінде мен мынадай жағдайларға байланысты сатып жатырмыз, қазір жекешелендіру керек, уақыты келгенде қайтарамыз деп айтып едім.
Міне, енді бәрі қайтарылуда. Барлық акциялар пакеті Қазақстанда. Енді өзіміз барлығына ықпал жасайтын боламыз.
Қазақстан халқы біртұтас, бір­лігі мызғымас кемел елге айналды.
Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз.
Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқа­нын көріп отырсыздар.
Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін.
Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады.
Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз.
Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз.

Басым бағыттары:

Бірінші. Қазақстандықтардың жұмысқа тартылуы

Екінші. Қолжетімді баспана

Үшінші. Өңірлерді дамыту

Төртінші. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа­сын арттыру.

Бесінші. басқарушылардың білікті саяси табын дайындау

Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту

Жетінші. Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі

Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру

Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар.Индустриялық-инновациялық даму шеңберіндегі жобалардың әлеуметтік маңызы шексіз

Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту.

47. Саяси жанжалдар ерекшеліктері және негізгі түрлері. Кезеңдері, шешу жолдарын атап көрсетеңіз

Саяси жанжалдар деп- қарсы іс- әрекет  мақсатындағы екі немесе одан да көп  әртүрлі бағыттағы күштердің  өз мүдделерін іске асырудағы қақтығысы. Сонымен қатар, жанжал- пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.

жанжалдың негізгі 4 түрі бар: тұлғалық,топаралық, жүйелік және аймақтық жанжал.

Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар пайда болады. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, ерби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс деп түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адам- дар қолдап, дау-дамайдың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау-жанжал өркениетгі түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин-абхаз шиеленістері сияқты.

Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар.

1.
Дау -жанжалдарға бармау, одан қашқақтау әдісі. Мысалы, саяси қайраткер қарсы жақпен жанжалға түспей үшін саяси сахнадан кетеді немесе кейбіреулер бастығымен істесе алмаса, істі насырға шаптырмау үшін өз еркімен жұмыстан кетеді.

2.Кейінге қалдыру әдісі. Қарсыласпен ерегіске бармай, “ неістесең соны істе” деген сияқты, бәріне көніп жүре береді.

3.
Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалдарға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады.

  1. 
Зорлық негізінде бітістіру, келістіру.Мұндай жағдай бір жақтың күші

айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады.

  1. 
Аралық сот немесе ардбитраждық сараптау әдісі.Мұнда қарсы жақтар дау, талас

тудырған мәселені тексеруге өз еркілерімен үшінші жаққа береді. Оның шығарған шешімін екі жақ та мойындайды. Мұндай жағдайда төрелік етуші қазы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей ережелерін, елдің конституциялық тәртібін және т.с.с. шарт талаптарын басшылыққа алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]