- •2 Блок.
- •2. Ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат.
- •4. Ақпараттық технологиялар және оны қамтамасыз ету құралдарының құқықтық режимі.
- •5. Байланыс және телекоммуникация саласындағы құқықтық реттеу.
- •8.Виртуалды орта интернетті қолданудың құқықтық мәселелері.
- •9. Электронды құжаттардың айналымындағы құқықтық мәселелер.
- •10. Интеллектуалдық меншіктің ақпараттық жақтары
- •11. Ақпараттық қатынасты құқық патенттік институты арқылы реттеу ерекшелігі
- •12. Ақпараттық қатынасты ноу-хоу институты арқылы реттеу ерекшеліктері
- •13. Бақ (бақ бостандығы; олардың мемлекеттік билік органдары, коммерциялық құрылым және қаржы олигархиясынан тәуелсіздігі; бұқаралақ ақпараттың шынайылығы және объективтілігі…
- •14. Шет елдерде бұқаралық ақпарат саласындағы ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу тәжірибесі
- •15. Мұрағат істері және мұрағат саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу
- •16. Мұрағат саласындағы мемлекеттік саясат
- •17. Кітапхана істері саласындағы ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу
- •18. Мемлекеттік құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу
- •19. Библиотеканың қожасы мен пайдаланушының құқықтарын қорғау...
- •20. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу
- •21. Коммерциялық құпия режимін анықтау. Ақпаратты коммерциялық құпия қатарына жатқызу.
- •22. Дербес деректерді құру, тапсыру, алу және қолданудағы ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу
- •23.Дербес деректердің құпиялылық режимі.
- •24.Дербес деректерді иемденушінің құқықтары мен міндеттері. Ұстаушының дербес деректерді жинау кезіндегі міндеттері
- •26.Дербес деректермен жұмыс жасау барысындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •30.Ақпараттық технологияны пайдаланудағы тұлғалардың құқықтарының қорғалуы.
16. Мұрағат саласындағы мемлекеттік саясат
Мұрағат ісін мемлекеттік реттеу
І. Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асыратын, мұрағат ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне келесілер жатады:
1) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардың жинау, қолдану, есепке алу, сақтау ережесін бекіту;
2) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттану және құжаттарды басқарудың тұрпатты ережелерін бекіту;
3) Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде пайда болатын тұрпатты құжаттарды, олардың сақталу мерзімін көрсете отырып, тізімін белгілеу;
4) Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды және басқа да мұрағаттық құжаттарды ведомстволық және жеке мұрағаттармен пайдалану, сақтау, есепке алу ережелерін бекіту;
5) Конституциямен, Қазақстан Республикасының Заңдарымен және Қазақстан Республикасының Президентінің актілерімен оған жүктелген басқа да қызметтерді атқару;
ІІ. Құзіретті органдармен жүзеге асырылатын мұрағат ісін мемлекеттік реттеу мәселелеріне, келесілер жатады:
1) Құжат жасау мен мұрағат ісінде бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды жариялау ережелерін бекіту;
3) Орталық эксперттік-тексеру комиссиясы және орталық мемлекеттік және арнайы мемлекеттік мұрағаттардағы эксперттік тексеру комиссясы туралы ережелерді бекіту;
4) Қазақстан Республикасында құжаттану және мұрағат ісін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру және жобалар жасау;
5) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қадағалау мен бақылау» Заңына сәйкес ведомостволық есеп, тексеру парақтарын, жыл сайынғы тексеру жоспарының формаларын әзірлеу және бекіту;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан алынған мұрағаттық анықтамаларды және мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостилдеу;
7) Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша ақпарат базасын және ақпараттық желі құру;
Мемлекеттік мұрағат қызметі үшін жағдай жасау;
9) Автоматтандандырылған мұрағаттық технологияларды әзірлеу және енгізуді ұйымдастыру;
10) Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жариялауды ұйымдастыру, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттің, қоғам мен азаматтардың сұранысын орындау үшін қолдану;
11) Ұлттық мұрағат қорының және Мемлекеттік құжаттар көшірмелерін сақтандыру қорын құру және қызмет жасау, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын есепке алуды орталықтандыруды қамтамасыз ету.
17. Кітапхана істері саласындағы ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу
Кез келген мәдениеттілік дәрежесінің өлшеуіші секілді анықтауыш сөздер бар.
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.
Жаңа мыңжылдықта кітапханалардың қайта жанданып, өзгеруінің арқасында мәдени мекемелер арасында жоғары дәрежеге ие болады.
Егемендігімізге қол жеткізіп, мемлекет болып қалыптасу жылдарымыз, ақпараттық технологияның қатты дамып, әлем мәдениеттерінің бір-біріне әсерінің күшейген заманы.
Есігіміз әлемге айқара ашылып, жақсы, жаман ақпаратты халқымыздың құлағы есітіп, көзімен көріп, оқып алып әр адамның өзінше қабылдағанынан, қоғамға оның қандай әсері болып тұр. Ол үлкен сұрақ. Бұл да жаңа-жаңа тәй-тәйлап қаз тұра бастаған мемлекетімізге үлкен сын еді.
Кітапхананың атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз. Бұл жұмыстар өте күрделі істер және бір күндік шаруа емес, әрі баяулықтыда ұнатпайтын игі істер.
Елімізде кітапханаларға күніне мыңдаған оқырмандар келіп, өздерінің біліктілігін арттыру мақсатынла түрлі кітаптар, мерзімді басылымдар, басқа да ақпараттық құжаттар алып отырады. Олардың баспасөз шығармагалына деген сұранымдарымен талап –тілектері, оқыған кітаптарды түсіну қаблеттері мен кітапханалық-библиографиялық білім дәрежелері әр деңгейде екіндігін кітапхана мамандары еркін айыра біледі.
Осы себепті, кітапханаларымыздың қазіргі кезеңдегі орнына ресми статусын байланыстырып, тек бір жақты қарап баға беру орынсызден түсінетін.
Ал, кітапханаларымыздың бүгінгі күн талабына сай болуы, біріншіден, тұрақты және жігерлі ізденушіліктің арқасында жұмысты табысты түрде қамтамасыз ету болса, екіншіден, тиянақты, шындық және жедел түрде ақпарат беру мақсатында, пайдаланушыларды қанағаттандыруден есептейтін.
Себебі, қазіргі заманның кітапханалар жүйесі – бұл тек мәдени –демалу мекеме ғана болмай әрі іскерлікақпарат орталығы болу керек. Бірақта, осы түсінікті сөзді біле тұра кейбір «демократияшылдар»: Неге? ақпараттық қызмет бірінші орында тұрады», - деген сауалдар айтып жүргені бәрімізге мәлім.
Осы тұрғыда, менің түсүнуінше, бүгінгі нарықтық демократиялық жедел даму жүйесінде ақпаратсыз экономиканың, ғылымнң, білімнің дамуы, нәтижелі саясаттың болуы, тіпті ақпаратсыз өмір жоқ екендігін мойындай білуіміз керек. Өйткені, ақпаратсыз үйрене білу, ақпаратсыз жұмыс істей дегеніміз – бұл бір білмегендіміске жатады. Бұған бір ғана мысал. Қазіргі пайдаланушылардың мақсаты, кітапханадан тек библиографиялық әдебиеттер тізімін алу ғана емес, керісінше сұрақтарына тиісті әрі тиянақты түрде дұрыс жауап алу болып есептеледі.
