
- •2 Блок.
- •2. Ақпараттық ресурстарды құру және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясат.
- •4. Ақпараттық технологиялар және оны қамтамасыз ету құралдарының құқықтық режимі.
- •5. Байланыс және телекоммуникация саласындағы құқықтық реттеу.
- •8.Виртуалды орта интернетті қолданудың құқықтық мәселелері.
- •9. Электронды құжаттардың айналымындағы құқықтық мәселелер.
- •10. Интеллектуалдық меншіктің ақпараттық жақтары
- •11. Ақпараттық қатынасты құқық патенттік институты арқылы реттеу ерекшелігі
- •12. Ақпараттық қатынасты ноу-хоу институты арқылы реттеу ерекшеліктері
- •13. Бақ (бақ бостандығы; олардың мемлекеттік билік органдары, коммерциялық құрылым және қаржы олигархиясынан тәуелсіздігі; бұқаралақ ақпараттың шынайылығы және объективтілігі…
- •14. Шет елдерде бұқаралық ақпарат саласындағы ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу тәжірибесі
- •15. Мұрағат істері және мұрағат саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу
- •16. Мұрағат саласындағы мемлекеттік саясат
- •17. Кітапхана істері саласындағы ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу
- •18. Мемлекеттік құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу
- •19. Библиотеканың қожасы мен пайдаланушының құқықтарын қорғау...
- •20. Коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу
- •21. Коммерциялық құпия режимін анықтау. Ақпаратты коммерциялық құпия қатарына жатқызу.
- •22. Дербес деректерді құру, тапсыру, алу және қолданудағы ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу
- •23.Дербес деректердің құпиялылық режимі.
- •24.Дербес деректерді иемденушінің құқықтары мен міндеттері. Ұстаушының дербес деректерді жинау кезіндегі міндеттері
- •26.Дербес деректермен жұмыс жасау барысындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.
- •30.Ақпараттық технологияны пайдаланудағы тұлғалардың құқықтарының қорғалуы.
14. Шет елдерде бұқаралық ақпарат саласындағы ақпараттық қатынастарды құқықтық реттеу тәжірибесі
Бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны.
Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 4-4 бабына сәйкес республика аумағында таралатын шетелдік БАҚ-ын есепке алуды жергілікті атқарушы билік органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы аумағында таралатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу Ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылдың 29 шілдесіндегі №843 Қаулысымен бекітілген.
Таратушыға шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу туралы белгіленген үлгідегі анықтамаберіледі. Онда белгілі бір аумақта шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тарату тізімі расталады.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу үшін таратушыға келесідей құжаттарды тапсыру қажет:
1) белгіленген үлгідегі есепке алу туралы өтініш;
2) кәсіпкерлікпен айналысуға хақы беретін құжаттардың көшірмелері немесе заңды тұлғаны мемлекеттік (есепке алу) тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі.
Өтініш жергілікті атқарушы органда тіркелгеннен кейін 15 күнтізбелік күннің ішінде қаралады.
Қарау қорытындылары бойынша берілген шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу туралы анықтама қаржылық жыл ішінде жарамды, есепке алу туралы анықтаманың мерзімі аяқталғанда таратушы жаңа анықтаманы алу үшін жергілікті билік органына баруы қажет.
Таратушының алғашқы өтінішінде көрсетілген мәліметтер өзгерген болса, 10 күн ішінде жергілікті атқарушы органға хабарлап, жаңа анықтаманы алу қажет.
15. Мұрағат істері және мұрағат саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу
Мұрағат - мұрағат құжаттарының жиынтығы, сондай-ақ мұрағат мекемесi немесе мекеменiң, ұйымның немесе кәсiпорынның пайдаланушылар мүдделерi үшiн мұрағат құжаттарын қабылдау мен сақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшесi
Мұрағат iсi - мемлекеттiк ұйымдар мен заңды және жеке тұлғалар қызметiнiң Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен коллекцияларын құру, олардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыруға байланысты саласы.
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры (бұдан әрi - Ұлттық мұрағат қоры) Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлiгi болып табылады және оны Қазақстан Республикасының ұлттық игiлiгi ретiнде мемлекет қорғайды. 2. Ұлттық мұрағат қорына Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сақтаулы және халықаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстанға қайтарылуға тиiстi мұрағат құжаттары да жатады. 3. Ұлттық мұрағат қоры қоғам мен мемлекеттiң қажеттерiн қанағаттандыруға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға қызмет етедi. 4. Мұрағат iсiн дамыту мен жетiлдiруге қамқорлық жасауды мемлекет өз мойнына алады. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтау барлық жеке және заңды тұлғалардың мiндетi болып табылады.
1. Мұрағат iсiн мемлекеттiк басқаруды уәкiлеттi орган мен облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi органның нұсқаулары жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
Мұрағат iсiн басқару мен жүргiзу органдарының жүйесiне:
1) уәкiлеттi орган, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары);
2) мұрағат мекемелерi: Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк мұрағаттары, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасының орталық мемлекеттiк мұрағаттары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк мұрағаттары мен олардың филиалдары кiредi.