Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_2_blok_Aya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
87.96 Кб
Скачать

9. Электронды құжаттардың айналымындағы құқықтық мәселелер.

Электронды сандық қолдың дәрежесі.Электрондық құжат айналымы мемлекеттiк және беймемлекеттiк ақпараттық жүйелерде мынадай принциптер негiзiнде жүзеге асырылады:       1) электрондық құжат айналымының түрлi жүйелерінің жұмыс iстеуi;       2) электрондық құжаттарды деректердi түзу, өңдеу, сақтау және беру үшiн ақпараттық технологиялар қолданылатын кез келген қызмет салаларында пайдалану;       3) электрондық құжаттарды кез келген ақпараттық жүйелерiн пайдалана отырып беру.       2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың электрондық цифрлық қолтаңбаны және оны жасау құралдарын электрондық құжаттар алмасу кезiнде пайдалануы лицензиялауға жатпайды. 5-бап. Электрондық құжат айналымының тәртiбi

 1. Электрондық құжат айналымының тәртiбiн электронды сауда-саттық, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде, сондай-ақ заңнамада көзделген өзге де жағдайларда тиiстi мемлекеттік органдар бекiтедi.       2. Ұйымдардың қатысуымен болған электрондық құжат айналымы кезiнде аталған ұйымның уәкiлетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасы танылады.       3. Электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, тіркеу куәлiгi жоқ электрондық құжат бiрден бiр электрондық құжат айналымының корпоративтiк жүйесiнде ғана немесе тараптардың келiсiмi бойынша пайдаланылады.

1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзiнің қойған қолымен теңдес және мынадай талаптар орындалған ретте:       1) тiркеу куәлiгi бар ашық кiлттiң көмегiмен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда;       2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтiне заңды иелiк еткенде;       3) электрондық цифрлық қолтаңба тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес пайдаланылғанда, бiрдей заңды салдарларға әкелiп соғады.       2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерi оларды заңды негiздерде иеленетiн тұлғалардың меншiгi болып табылады.       Бiр тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерiнің шектеусiз мөлшерiне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерi осы кiлттер иелерінің келiсiмiнсiз басқа адамдарға берiлмейдi.       3. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық және ашық кiлттерi жасау - куәландыру орталығы тiркеу куәлiгiн бергенде, өзге жағдайларда электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының меншiкшiлерi (иелерi) жүзеге асырады.       4. Қол қоюшы тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану өкiлеттігiн өзiнің өкiлiне заңнамада немесе тараптардың келiсімінде белгiленген тәртіппен беруге хақылы.

10. Интеллектуалдық меншіктің ақпараттық жақтары

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 115-бабында азаматтық құқық объектілерінің ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері де көрсетілген. Объектілердің осы түріне құқықтардың табиғатын анықтауға қатысты заң ғылымында екі бағыт қалыптасқан. Бірінші бағыт - интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқықтарды затқа меншік құқығымен теңестіруге негізделсе, екінші бағыт- құқықтарды заттық құқықтарға емес, керісінше «ерекше сипатты құқықтарға» жатқызуға негізделеді. Бұл бағыттардың алғашқысы заңи әдебиетте проприетарлық тұжырымдама (propriety – француз тілінен аударғанда меншік) деп аталады да, екіншісі ерекше құқықтар тұжырымдамасы деген атқа ие болған. Проприетарлық тұжырымдаманы жақтаушылар кез-келген қызмет барысында, соның ішінде интеллектуалдық шығармашылық қызмет барысында жасалатын игіліктерге меншік құқығы орнатылуы тиіс деген идея негізінде, интеллектуалдық өнімді жасаушы субъектінің осы өнімге мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқықтарының қосындысын «интеллектуалдық меншік» деп атауды ұсынады. Нәтижесінде, ХІХ ғасырдың аяғында «интеллектуалдық меншік» ұғымы мен оның құрамдас бөліктері болып табылатын «әдеби меншік» және «өнеркәсіптік меншік» ұғымдары әлемнің көптеген елдердің заңдары мен маңызды халықаралық конвенцияларда кеңінен қолданыла бастайды.

Мәселенің бұлай шешілуіне және «интеллектуалдық меншік» ұғымын құқықтық ұғымдар аппаратына енгізуге қарсы шыққан «ерекше құқықтар» теориясының өкілдері, біріншіден, мерзімсіз болып табылатын және қандай да бір аумақтық шектеулер қойылмаған меншік құқығынан өзгешелігі сол, авторлардың, патент иелерінің және олардың құқық мирасқорларның құқықтары әуел бастан уақыт бойынша және кеңістікте шектеулі, екіншіден, бұл құқықтар меншік құқығын қорғауға арналған виндикалық және басқа да талаптардан өзге құқықтық құралдармен қорғалатын ерекше құқықтар, демек материалдық емес объектілерге жататын интеллектуалдық қызмет жетістіктері мен материалдық заттардың құқықтық режимдерін теңестіруге болмайды, сондықтан «интеллектуалдық меншік» терминін қолдану ғылыми тұрғыдан негізсіз деп көрсетті. ХІХ ғасырдың аяғында туындаған екі тұжырымдаманы ұстаушылардың арасындағы бұл ғылыми дау бүгінде біршама бәсендеген. Өйткені, қазіргі уақытта интеллектуалдық нәтижелерге құқық табиғатының екі қырлы екендігіне ешкім шүбә келтірмейді және көзқарастар алшақтығы тек терминологиялық мәселелер төңірегінде ғана қалған деуге болады. Шынында да шығармашылық нәтижені жасаушының (автордың), бір жағынан, оны пайдалануға ерекше сипатты құқығы болады және бұл құқық басқа тұлғаларға азаматтық құқықтық мәмілелер арқылы немесе әмбебап құқық мирасқорлығы тәртібімен емін еркін беріле алады. Мазмұны бойынша бұл құқық мүліктік құқықтар қатарына жатады және абсолюттілігі мен жоғарыда айтылған, басқа тұлғаларға емін-еркін беріле алатындығы тұрғысынан, шынында да, меншік құқығына ұқсас. Екінші жағынан, авторға авторлық есімге құқық сияқты бірқатар өзіндік мүліктік емес (моральдық) құқықтар да тиесілі болады және өздерінің табиғатына сәйкес бұл құқықтар басқа тұлғаларға еркін беріле алмайтын, яғни иеліктен шығаруға жатпайтын құқықтар болып табылады. Әлбетте, аталған құқықтардың жиынтығын «интеллектуалдық меншік» терминімен атау қазіргі уақытта шартты түрде алынғаны түсінікті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]