Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_2_blok_Aya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
87.96 Кб
Скачать

26.Дербес деректермен жұмыс жасау барысындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік.

Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасы1. Қазақстан Республикасының дербес деректер саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылған ережелерден өзге де ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.Дербес деректер (дербес сипаттағы электрондық ақпараттық ресурстар) – жеке тұлға өміріндегі фактілер, оқиғалар, мән-жайлар туралы мәліметтер және (немесе) оның жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректер. Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:1) биометриялық дербес деректер - адамның физиоогиялық ерекшеліктерін сипаттайтын және соның негізінде оның жеке басын анықтауға болатын мәліметтер;2) дербес деректер - жеке тұлғаның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін жеке тұлға туралы материалдық тасымалдағышта тіркелген ақпарат. Дербес деректерге жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), ұлты, жынысы, туған күні мен жері, жеке сәйкестендіру нөмірі, заңды мекенжайы, тұрғылықты жері, байланыс құралының абоненттік нөмірі, оның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, отбасы және әлеуметтік жағдайы, жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы, білімі, кәсібі және биометриялық дербес деректері жатады;

3) дербес деректер субъектісі - тиісті дербес деректер тиесілі жеке тұлға;4) дербес деректерді блоктау - дербес деректерді пайдалануды, таратуды, оның ішінде беруді уақытша тоқтату;5) дербес деректерді жинау - ұстаушының субъектіден дербес деректерді алу рәсімі;6) дербес деректерді жою - нәтижесінде дербес деректердің мазмұны қалпына келтірілмейтін іс-әрекеттер;7) дербес деректерді иесіздендіру - нәтижесінде дербес деректердің нақты бір субъектіге тиесілілігі айқындалмайтын іс-әрекеттер;8) дербес деректерді өңдеу - дербес деректерге қол жеткізуді, жинауды, жүйелендіруді, жинақтауды, сақтауды, жаңартуды, өзгертуді, пайдалануды, таратуды, иесіздендіруді, блоктауды және жоюды жүзеге асыру жөніндегі жекелеген іс-әрекеттер немесе олардың жиынтығы;

9) дербес деректерді ұстаушы - дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын мемлекеттік орган, заңды немесе жеке тұлға;10) дербес деректерді пайдалану - шешімдер қабылдау немесе дербес деректердің субъектісіне немесе басқа да адамдарға қатысты құқықтық салдарды туындататын не субъектінің немесе басқа да адамдардың құқықтары мен бостандықтарын өзгеше қозғайтын өзге де іс-әрекеттерді жасау мақсатында ұстаушының дербес деректермен жасайтын іс-әрекеттері (операциялары);11) дербес деректерді тарату - дербес деректерді белгілі бір адамдар тобына беруге (дербес деректерді беру) немесе шектелмеген адамдар тобын дербес деректермен таныстыруға, оның ішінде дербес деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерде орналастыруға немесе қандай да бір өзгеше тәсілмен дербес деректерге рұқсат беруге бағытталған іс-әрекеттер. Адамның дербес деректерін өңдеу кезінде оның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету осы Заңның мақсаты болып табылады. Дербес деректерді өңдеу өңдеудің мақсаттары мен әдістерінің заңдылығы, адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және қорғау, құпиялылық, адалдық, жауапкершілік, шынайылық, ақпаратты қорғау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Дербес деректерге рұқсат беру және өңдеу шарттары:

1. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді жинауға ұстаушының алдында тұратын міндеттерді орындау үшін оларды жинаушыларға рұқсат етіледі.Дербес деректер өзінің келісімі болса, тиісті тұлғадан жиналады. Оның келісімінсіз осы Заңның 7-бабында көзделген жағдайларда жиналуы мүмкін.2. Дербес деректер заңды және мәлімделген мақсаттар үшін жиналуы тиіс және одан әрі өзге өңдеуге жатқызылмайды. Дербес деректерді өңдеуге субъектінің келісімін алу немесе оны кері қайтару тәртібі:1. Дербес деректерді өңдеуді осы Заңның 7 және 8-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілдерінің келісімімен ғана оларды ұстаушы жүзеге асырады.2. Дербес деректердің субъектісі өзінің дербес деректерін өңдеуге келісімді жеке өзі немесе Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық

қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында қол қойылған қағаз тасымалдағышта береді немесе оны кері қайтарады.

3. Субъект әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, сондай-ақ ол кәмелетке толмаған жаста болған жағдайда, оның дербес деректерін өңдеуге оның заңды өкілі келісім береді.4. Субъект қайтыс болған жағдайда оның дербес деректерін өңдеуге келісімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мұрагерлері береді.5. Субъектінің дербес деректерін өңдеуге оның келісімін алғанына дәлелдеме ұсыну міндеттілігі, ал жалпыға қолжетімді дербес деректерді өңдеген жағдайда өңделіп жатқан дербес деректердің жалпыға қолжетімді екенін дәлелдеу міндетілігі дербес деректерді ұстаушыға жүктеледі.

27.Жеке тұлғаның ақпараттық қауіпсіздігі.

Жеке тұлғалар туралы дербес деректерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстар 1. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, оларды алу, өңдеу және пайдалану жинақталу мақсатымен шектеледі.2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ. 3. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар үшін сол деректер өзіне тиесілі жеке тұлға оларды берген кезден бастап құпиялылықтың сақталуы міндетті. 4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді. Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет. Қауіпсіздік саясатының негізгі жайлары әр түрлі нұсқауларда, қағидаларда, ережелерде және өкімдерде келтіріледі.

Қауіпсіздік саясаты ақпарат қорғау жүйесінің қауіп-қатерлерге қарсы әрекет жасауға бағатталған құқықтық нормалардың, ұйымдастырушылық (құқықтық) шаралардың, программалық-техникалық құралдар және процедуралық шешімдер кешенінің жиынтығын анықтайды.

Ақпарат қауіпсіздігінің жоғарғы дәрежесіне қол жеткізу тек тиісті ұйымдастыру шараларын қолдану негізінде ғана мүмкін болады.

Операциялық жүйелердің және дерекқор басқару жүйелерінің көпшілігі осы ерікті басқаруды жүзеге асырады. Оның негізгі жағымды жағы - икемділігі, ал негізгі кемшіліктері - басқарудың бытырыңқылығы және орталықтандырылған тексерудің күрделілігі, сондай-ақ, қатынас құру құқығының деректерден бөлек қарастырылуы (қаскүнемдер осыны пайдалана отырып құпия ақпараттарды жалпы қол жеткізерлік файлдарға көшіріп алуы мүмкін). Қатынас мәжбүрлі басқарудың кезінде субъектілер және объектілер қауіпсіздік тамғасы арқылы байланысады. Субъектінің тамғасы оның шүбәсіздігін сипаттайды. Объектінің тамғасы оның ішіндегі сақталатын ақпараттың жабықтық деңгейін көрсетеді.

Қауіпсіздік таңбасы екі бөліктен тұрып: құпиялылық деңгейі және категориялар.

Құпиялылық деңгейі реттелген жиынтық құрайды және әр түрлі жүйелерде құпиялылық деңгейлер жиынтығы әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпия құрайтын мәліметтердің үш құпиялық дәрежесі тағайындалған және осы дәрежелерге сәйкес аталған мәліметтердің тасушыларына мынадай құпиялылық белгілері берілген: «аса маңызды», «өте құпия», «құпия», ал қызметтік құпия құрайтын мәліметтірге «құпия» деген құпиялылық белгісі беріледі.

Қауіпсіздік тамғаларының тұтастығын қамтамасыз етуші құралдардың біреуі - құрылғыларды көп деңгейлік және бір деңгейлік деп бөлу. Көп деңгейлік құрылғыларда әр түрлі құпиялық деңгейлі ақпарат, ал бір деңгейлік құрылғыларда тек бір құпиялық деңгейі бар ақпарат сақталады.

28.Ақпараттық құқықтық норма мен ақпараттық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшiлiгі. Ақпараттық қатынастар – ақпараттық құқықтың негізгі пәні

Ақпаратпен алмасу және ақпаратпен күрес ғасырында актуалдык сұрақ болып Ақпараттық меншік, субъектiлердiн Ақпараттық қатынастардағы құқықтық жағдайы, колданушылар мен провайдерлердiн Интернет жүйесiнде алатын орны болып табылады. Бұл сұрақтың барлығы Ақпараттық құқықтық нормалармен реттеледi.

Казiргi уакытта республикада Ақпараттық заң шығару процессi жүруде, бірақ бiз көптеген мемлекеттерден артта калып отырмыз. Онын iшiнде Интернет жүйесiнде Ақпараттық қатынастардың құқықтық реттелуi мен Ақпараттық кауiпсiздiк туралы сұрақ бойынша мәселелер қаралып жатыр.

Ақпараттық нормаларды реттейтiн қатынастары бойынша мыналарға бөлуге болады: азаматтардын Ақпараттық құқығы, Ақпараттық компьютерлiк нормалар, телекоммуникациялык нормалар тағы сол сияқты және бұл нормалар әкiмшiлiк, азаматтык құқық, қылмыстық құқық тағы басқа нормаларға жатады, бірақ объектiлердiң спецификасы бойынша ерекшеленедi.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. 

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп   аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі

29.Ақпаратты иемденушiлердiң құқықтық мәртебесi. Ақпараттық жүйелердің түрлері 1. Ақпараттық жүйелер меншік құқығына қарай: 1) мемлекеттік; 2) мемлекеттік емес болып бөлінеді. 2. Ақпараттық жүйелер қолжетімділік санатына қарай: 1) жалпыға ортақ қолжетімді; 2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді. 3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпараттық жүйелер мемлекеттік болып табылады. Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады. 4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады. 5. Олардың меншік иесі немесе иеленушісі оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады. 6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.

Жеке тұлғалар туралы дербес деректерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстар 1. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, оларды алу, өңдеу және пайдалану жинақталу мақсатымен шектеледі. 2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ. 3. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар үшін сол деректер өзіне тиесілі жеке тұлға оларды берген кезден бастап құпиялылықтың сақталуы міндетті. 4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]