Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inform_2_blok_Aya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
87.96 Кб
Скачать

18. Мемлекеттік құпия болып табылатын ақпаратты құруды, тапсыруды, алуды және қолдануды құқықтық реттеу

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерді және олардың көздерін құпияландыру заңдылық, негізділік және уақтылығы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.       Заңдылық - құпияландырудың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкестігін білдіреді.       Негізділік-қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің тепе-теңдігін негізге ала отырып, нақты мәліметтерді құпияландырудың орындылығын, сол актінің болуы ықтимал экономикалық және өзге де салдарларын сараптамалық бағалау арқылы анықтау болып табылады.       Уақтылығы - осы мәліметтер алынған (әзірленген) кезден бастап немесе алдын ала олардың таратылуына шек қоюды көздейді.

1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық дәрежесі аталған мәліметтерді тарату салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен мемлекеттің, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін залалдың ауырлық дәрежесіне сәйкес келуге тиіс.       2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің құпиялылық үш дәрежесі және осы дәрежелерге сәйкес көрсетілген мәліметтердің көздеріне арналған: "аса маңызды", "өте құпия" және "құпия" деген құпиялылық белгілері белгіленеді.       Мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерге "аса маңызды", "өте құпия" деген құпиялылық белгілері беріледі.       Қызметтік құпияны құрайтын мәліметтерге "құпия" деген құпиялылық белгісі беріледі.       Аталған құпиялылық белгілерін мемлекеттік құпияға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін пайдалануға, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге өзге де шектеу белгілерін беруге жол берілмейді.

1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер беруді осы Заңның 15-бабына сәйкес осы мәліметтерге билік ететін мемлекеттік органның рұқсатымен, бағыныстылық қатынаста тұрмайтын және бірлескен жұмыстар атқармайтын мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүзеге асырады.       2. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге сауал салушы мемлекеттік органдар мен ұйымдар бұл мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ететін жағдай жасауға міндетті. Олардың басшылары мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтермен танысу жөнінде белгіленген тәртіптің сақталуы үшін дербес жауап береді.       Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға беруге арналған міндетті шарт олардың осы Заңның талаптарын орындауы болып табылады.       3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

19. Библиотеканың қожасы мен пайдаланушының құқықтарын қорғау...

Кез келген мәдениеттілік дәрежесінің өлшеуіші секілді анықтауыш сөздер бар.

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізі болып табылады.

Жаңа мыңжылдықта кітапханалардың қайта жанданып, өзгеруінің арқасында мәдени мекемелер арасында жоғары дәрежеге ие болады.

Егемендігімізге қол жеткізіп, мемлекет болып қалыптасу жылдарымыз, ақпараттық технологияның қатты дамып, әлем мәдениеттерінің бір-біріне әсерінің күшейген заманы.

Есігіміз әлемге айқара ашылып, жақсы, жаман ақпаратты халқымыздың құлағы есітіп, көзімен көріп, оқып алып әр адамның өзінше қабылдағанынан, қоғамға оның қандай әсері болып тұр. Ол үлкен сұрақ. Бұл да жаңа-жаңа тәй-тәйлап қаз тұра бастаған мемлекетімізге үлкен сын еді.

Кітапхананың атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз. Бұл жұмыстар өте күрделі істер және бір күндік шаруа емес, әрі баяулықтыда ұнатпайтын игі істер.

Елімізде кітапханаларға күніне мыңдаған оқырмандар келіп, өздерінің біліктілігін арттыру мақсатынла түрлі кітаптар, мерзімді басылымдар, басқа да ақпараттық құжаттар алып отырады. Олардың баспасөз шығармагалына деген сұранымдарымен талап –тілектері, оқыған кітаптарды түсіну қаблеттері мен кітапханалық-библиографиялық білім дәрежелері әр деңгейде екіндігін кітапхана мамандары еркін айыра біледі.

Осы себепті, кітапханаларымыздың қазіргі кезеңдегі орнына ресми статусын байланыстырып, тек бір жақты қарап баға беру орынсызден түсінетін.

Ал, кітапханаларымыздың бүгінгі күн талабына сай болуы, біріншіден, тұрақты және жігерлі ізденушіліктің арқасында жұмысты табысты түрде қамтамасыз ету болса, екіншіден, тиянақты, шындық және жедел түрде ақпарат беру мақсатында, пайдаланушыларды қанағаттандыруден есептейтін.

Себебі, қазіргі заманның кітапханалар жүйесі – бұл тек мәдени –демалу мекеме ғана болмай әрі іскерлікақпарат орталығы болу керек. Бірақта, осы түсінікті сөзді біле тұра кейбір «демократияшылдар»: Неге? ақпараттық қызмет бірінші орында тұрады», - деген сауалдар айтып жүргені бәрімізге мәлім.

Осы тұрғыда, менің түсүнуінше, бүгінгі нарықтық демократиялық жедел даму жүйесінде ақпаратсыз экономиканың, ғылымнң, білімнің дамуы, нәтижелі саясаттың болуы, тіпті ақпаратсыз өмір жоқ екендігін мойындай білуіміз керек. Өйткені, ақпаратсыз үйрене білу, ақпаратсыз жұмыс істей дегеніміз – бұл бір білмегендіміске жатады. Бұған бір ғана мысал. Қазіргі пайдаланушылардың мақсаты, кітапханадан тек библиографиялық әдебиеттер тізімін алу ғана емес, керісінше сұрақтарына тиісті әрі тиянақты түрде дұрыс жауап алу болып есептеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]