
- •4. Қр Парламент Палаталарының Қаулысы.
- •15.Тұлға,қоғам және мемлекет ара қатынасының конституциялық негіздері.
- •61. Үкімет өкілеттіктерінің мерзімі, отставкаға кету мәселелері
- •62. Қр Үкіметінің құзіреті, есеп беру және жауапкершілігі
- •63. Қр Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі: құрамы, құру тәртібі, оның мүшелерінің өкілеттік мерзімдері
- •64. Қр қр Конституциялық Кеңесінің шешімдері, олардың түрлері, заңды күші, орындалуы
- •65. Конституциялық өндіріс және оның негізгі сатылары
- •66. Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
- •67.Мәслихаттарды құру тәртібі, құзіреті және қызметінің ұйымдастырылуы
- •70. Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі
- •80.Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
80.Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1. Судьяның өкiлеттiгi, егер:
1) судья Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе мәслихатының депутаттығына кандидат болып тiркелсе;
2) судья заңды күшiне енген сот шешiмiмен хабарсыз кеткен деп танылса;
3) судьяны қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берiлсе;
3-1) осы Конституциялық заңның 34-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтату қажеттiгi туралы судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының шешiмi болса;
4) басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.
2. Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұруды:
Жоғарғы Соттың Төрағасына қатысты - Қазақстан Республикасының Президентi;
Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы Сот Төрағасы жүзеге асырады.
3. Егер судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға негiз болған мән-жай жойылса, судьяның өкiлеттiгi қалпына келтiрiледi.
Судьяны қызметтен босату және оның өкiлеттiгiн тоқтату
1. Судьяның өкiлеттiгi мынадай негiздерде:
1) судья орнынан түскенде;
1-1) судья өз тiлегi бойынша қызметiнен босағанда;
2) медициналық қорытындыға сәйкес кәсiптiк мiндеттерiн одан әрi атқаруға кедергi болатын денсаулық жағдайы бойынша;
3) судьяны iс-әрекетке қабiлетсiз немесе iс-әрекетке қабiлетi шектеулi деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмi заңды күшiне енгенде;
4) осы судьяға қатысты айыптау үкiмi заңды күшiне енгенде;
5) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда;
6) судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмi заңды күшiне енген жағдайда;
7) судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;
8) соттың таратылуына немесе өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келiсiмiн бермесе;
9) Сот жюриiнiң қорытындысы бойынша;
10) зейнеткерлiк жасқа толғанда тоқтатылады.
2. Судьяның өкiлеттiгi судьялардың тәртiптiк-бiлiктiлiк алқасының судьяны тәртiптiк терiс қылықтар жасағаны немесе осы Конституциялық заңның 28-бабында көрсетiлген талаптарды орындамағаны үшiн қызметiнен босату қажеттiгi туралы шешiмiне байланысты тоқтатылуы мүмкiн.
3. Сот төрағасының не алқа төрағасының өкiлеттiктерi олар осы Конституциялық заңның 9, 14, 15, 20, 21 және 28-баптарында көрсетiлген талаптарды орындамаған жағдайда мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
4. Судьяны қызметтен босату туралы шешiм:
1) Жоғарғы Соттың Төрағасы, алқа төрағалары мен судьяларына қатысты Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуы бойынша - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысымен;
2) облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен қабылданады.
5. Судьяны қызметiнен босату сонымен бiр мезгiлде тиiстi соттың төрағасы немесе алқа төрағасы өкiлеттiктерiнiң тоқтатылуына әкеп соғады.
Тиiстi соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкiлеттiк мерзiмiнiң өтуiне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметiнен босатуға әкеп соқпайды.
6. Осы баптың 1-тармағының 3)-7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларда, судьялық қызметтен босатуға және судьяның өкiлеттiгiн тоқтатуға Жоғары Сот Кеңесiнiң немесе Әдiлет бiлiктiлiк алқасының ұсыныстары талап етiлмейдi.
81.ҚР сот төрелігінің жүзеге асырудыңконс. Қағидалары.СОТ ТӨРЕЛІГІН ЗАҢДАРҒА СӘЙКЕСТЕП ЖӘНЕ ЗАҢДАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ТЕК ҚАНА СОТТАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРАДЫ.ЕШҚАНДАЙ БАСҚА ОРГАН ,ЕШҚАНДАЙ БАСҚА ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА СОТТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ӨЗ МІНДЕТІНЕ АЛА АЛМАЙДЫ.СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӨКІЛЕТТІГІ ТЕК ҚАНА СУДЬЯ БОЛАДЫ.СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ЕШКІМНІҢ АРАЛАСУҒА ЖӘНЕ СУДЬЯҒА ӘЛДЕҚАНДАЙ БІР ЫҚПАЛ ЕТУГЕ ХАҚЫСЫ ЖОҚ.СОТ ТӨРЕЛІГІНДЕ МАҢЫЗДЫ БІР ҚАҒИДА –КІСІНІҢ АЙЫПТЫЛЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ҚАНДАЙДЙ КҮМӘН,АЙЫПТАЛУШЫ ПАЙДАСЫНА ШЕШІЛЕДІ.ЗАҢСЫЗ ТӘСІЛМЕН ТҮСКЕН АЙҒАҚТАРҒА ЗАҢНЫҢ КҮШ БЕРМЕУІ КОСТ.ҚАҒИДА БОП ТАБЫЛАДЫ.