
- •4. Қр Парламент Палаталарының Қаулысы.
- •15.Тұлға,қоғам және мемлекет ара қатынасының конституциялық негіздері.
- •61. Үкімет өкілеттіктерінің мерзімі, отставкаға кету мәселелері
- •62. Қр Үкіметінің құзіреті, есеп беру және жауапкершілігі
- •63. Қр Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі: құрамы, құру тәртібі, оның мүшелерінің өкілеттік мерзімдері
- •64. Қр қр Конституциялық Кеңесінің шешімдері, олардың түрлері, заңды күші, орындалуы
- •65. Конституциялық өндіріс және оның негізгі сатылары
- •66. Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
- •67.Мәслихаттарды құру тәртібі, құзіреті және қызметінің ұйымдастырылуы
- •70. Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі
- •80.Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
70. Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі
87-бап
1. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді, тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Жергілікті атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады: 1) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; 2) коммуналдық меншікті басқару; 3) жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты ӛзге де мәселелерді шешу; 4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне сай Республика заңдарымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін ӛзге де ӛкілеттіктерді жүзеге асыру.
3. Жергілікті атқарушы органды Республика Президенті мен Үкіметінің ӛкілі болып табылатын тиісті әкімшілік-аумақтық бӛліністің әкімі басқарады.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Ӛзге әкімшілік-аумақтық бӛліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті ӛзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.
5. Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда мәслихат ӛз депутаттарының жалпы санының кӛпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және оны қызметінен босату жӛнінде тиісінше Республика Президентінің не жоғары тұран әкімнің алдына мәселе қоюға хақылы. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің ӛкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезде тоқтатылады.
6. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті, ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібі заңмен белгіленеді
71. Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей жүзеге асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру заңға сәйкес берілуі мүмкін.
3. Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру мен олардың қызметі заңмен реттеледі.
4. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілеттігі шегінде кепілдік беріледі
72.1. Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады.Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды. 2. Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) 3. Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады.Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актілері мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
73. 1. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берiлмейдi. 2. Жергiлiктi соттарға мыналар жатады: 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 1) тармақша өзгертілді 1) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары); 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот). 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 3 -тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды 3-1.Мамандандырылған соттарды облыстық немесе аудандық сот мәртебесімен Қазақстан Республикасының Президенті құрады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы мен өзiнiң атауы бейнеленген мөрi болады.
74.1. Аудандық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - аудандық соттар) уәкiлеттi органның Жоғарғы Сот Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Қазақстан Республикасының Президентi бiрнеше әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде бiр аудандық сот немесе бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте бiрнеше аудандық сот құруы мүмкін. 2. Аудандық соттар үшiн судьялардың жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 3. Әрбiр аудандық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi. 7-бап.Аудандық соттың құрамы 1.Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады. 2. 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұр. ред. қара) 8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi 1.Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады. 2. Аудандық сот: 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 9-бап.Аудандық соттың төрағасы 1. Аудандық соттың төрағасы судья болып табылады және судья мiндеттерiн атқарумен қатар: 1) сот судьяларының сот iстерiн қарауын ұйымдастырады; 2) соттың кеңсесiне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 3) азаматтарды қабылдауды жүргiзедi; 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 1 тармақ 3-1)тармақшамен толықтырылды 3-1) аудандық соттың жұмыс жоспарын бекітеді; 4) судья лауазымына кандидаттардың тағылымдамадан өтуiн ұйымдастырады; 2006 ж. 11 желтоқсандағы № 199-III ҚР Конституциялық Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; 6) өкiмдер шығарады; 7) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 2008.17.11 № 80-ІV ҚР Конституциялық Заңымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2.Аудандық соттың төрағасы уақытша орнында болмаған жағдайда осы сот төрағасының өкiмi бойынша төраға мiндеттерiн атқару осы сот судьяларының бiрiне жүктеледi. Аудандық сотта төраға, сондай-ақ судьялар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқару облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі. Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі. 2-тарау.ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ТЕҢЕСТIРIЛГЕН СОТТАР 10-бап.Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру 1.Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi - облыстық соттар) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен келiсiлген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. 2. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әр облыстық сот үшiн судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негiзiнде уәкiлеттi орган белгiлейдi. 75.. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты – мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, т.б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады.Ол төменгі соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотн төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. Оның құрылымы, мәртебесі, қызмет тәртібі 2000 ж. 25 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңмен белгіленген. Бұл Конституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығында белгіленген реформаларды одан әрі дамытты.Жоғарғы Сот құрамындағы әскери алқа таратылып, оның жаңа құрылымы белгіленді.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот қадағалауын ең алдымен төменгі соттардың нақты істерді шешуде заңдылық пен негізділікті сақтауын тексеру, олар жіберген қателерді түзету жолымен жүзеге асырады.Сонымен бірге Жоғарғы Сот республикадағы сот жүйесінің іс-тәжірибесін зерделеп, қорытындылайды, сот статистикасына талдау жасайды, осы негізде сот істерін қарау кезінде заңнаманың қолданылуы барысында туындайтын мәселелер бойынша түсініктер береді, заңи бастамашылық құқығын пайдаланады.Жоғары сот билігін жүргізуші орган ретінде Жоғарғы Сот істерді өзінің өкілеттік құзыры шегінде, бірінші сатыдағы сот дәрежесінде апелляциялық және қадағалау тәртібімен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды. Бұл орайда, Жоғарғы Сот қарайтын істер бойынша заңи хұкім жүргізу құзыры Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары: қадағалау алқасы, азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, соттың жалпы отырысы. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын – алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың төрағасы басқарады.Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді.Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру жолымен жыл сайын сайланатын судьялардан құралады.Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот төрағасы белгілейтін судьялардан құралады. Жоғарғы Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі және қылмыстық істер жөніндегі алқаларда мамандандырылған құрам құруы мүмк
76.Судьялар сот төрелiгiн судья мантиясын киiп жүзеге асырады, оның нысаны мен сипаттамасын Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бекiтедi.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.
2. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді, және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
3. Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа алуға тиіс: 1) адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі; 2) бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; 3) өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; 4) сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы; 5) жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады; 6) айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; 7) ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес; 8) адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады; 9) заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; 10) қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
4. Конституциямен белгіленген сот төрелігінің принциптері Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бірыңғай болып табылады.
77. Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесi, сондай-ақ сот төрелiгiн iске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және басқа да заң актiлерiмен белгiленедi.
1. Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
2. Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады.
3. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.
4. Республиканың сот жүйесі Республика Конституциясымен және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді36.
1. СотбилігіҚазақстанРеспубликасыныңатынанжүзегеасырыладыжәнеөзінеазаматтарменұйымдардыңқұқықтарын, бостандықтарымензаңдымүдделерінқорғауды, РеспубликаныңКонституциясының, заңдарының, өзгеде нормативтікқұқықтықактілерінің, халықаралықшарттарыныңорындалуынқамтамасызетудімақсатетіпқояды.
2. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.
3. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады.
78..Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.
2. Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.
3. Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
4. Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.
5. Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленед
Жоғарғы Сот Төрағадан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. 2. Жоғарғы Сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін. 3. Жоғарғы Соттың органдары: 1) жалпы отырыс; 2) азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы; 3) қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы болып табылады. Сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын төраға басқарады. 4. Сот алқасының сандық және дербес құрамын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы белгілейді. 5. Мамандандырылған құрамдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы жасақтайды. 6. Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультациялық кеңес және баспа органы құрылад
1. 1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды; 2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың Жоғарғы Сот жергілікті және басқа соттардың қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге iстер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiндiрмелер бередi. 2. Жоғарғы Сот : сақталу мәселелерiн қарайды; 3) нормативтік қаулылар қабылдайды, сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме береді; 4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады
79.Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді. Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.
2. Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.
3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкілеттігінің мерзімі бес жыл.
4. Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі заңмен белгіленеді.
Қр прокуратурасы өзі бөлек бір орган болып табылады.оны басқаратын қр бас прокуроры болып табылады,ол өз өкілеттіктерін тәуелсіз түрде жүзеге асырады және президентке ғана есеп береді.конс қағидаларға тән прокуратураға тән үш белгі
Бір орталық жүйені құрайды
Басқа органдарға өз өкілеттігін тәуелсіз жүргізеді
Мемлекет атынан сөйлейді
Ол соттарда мемлекет немесе жәбірленуші атынан сөйлеуге құқылы.