
- •4. Қр Парламент Палаталарының Қаулысы.
- •15.Тұлға,қоғам және мемлекет ара қатынасының конституциялық негіздері.
- •61. Үкімет өкілеттіктерінің мерзімі, отставкаға кету мәселелері
- •62. Қр Үкіметінің құзіреті, есеп беру және жауапкершілігі
- •63. Қр Конституциялық Кеңесінің құқықтық мәртебесі: құрамы, құру тәртібі, оның мүшелерінің өкілеттік мерзімдері
- •64. Қр қр Конституциялық Кеңесінің шешімдері, олардың түрлері, заңды күші, орындалуы
- •65. Конституциялық өндіріс және оның негізгі сатылары
- •66. Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
- •67.Мәслихаттарды құру тәртібі, құзіреті және қызметінің ұйымдастырылуы
- •70. Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі
- •80.Судьяның өкiлеттiгiн тоқтата тұру
1)Конституциялық құқық – Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі салаларының бірі.
Құқық саласы – бұл белгілі бір әдіспен бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің дербес бөлігі, құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеу пәні мен оның әдісі салаларға бөлудің заң ғылымындағы негізгі өлшемдері болып саналады.
Құқықтық реттеу әдісі түрінде, мемлекет (оның органдары) тарапынан құқықтық нормалар көмегімен қоғамдық қатынастарға әсер ету тәсілдері түсіндіріледі.
Құқықтық реттеу пәні сапалық бірыңғай қоғамдық қатынастарды құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін, қоғамдық қатынастар конституциялық құқық пәні болып саналады, мемлекет пән қоғам құрылысының негізін құрады және мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты. Құқықтың басқа салаларымен салыстырғанда конституциялық құқық түбегейлі түрде өзгешеленеді. Конституциялық құқық қоғамның өмірлік қызметінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани және т.б. бүкіл аясында қалыптасатын қатынастарды реттейді, сонымен бір мезгілде басқа салалар сияқты өмірдің қандайда бір саласындағы қоғамдық қатынастарға әсерін тигізеді. Конституциялық құқықтың ерекшелігі, әрбір көрсетілген аядағы базалық қатынастар мен оның нормалары көрсетілген салалардағы қатынастардың белгілі бір қабаттарын ғана реттейтіндігінен тұрады.
Конституциялық құқық әдістері, конституциялық құқық қатынастарын ретеудің әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы ретінде мыналарды ажыратады:
1. Міндеттеу әдісі. Мемлекеттік органдарға, сол сияқты жеке тұлғаларға қатысты олардың қызметінің бүкіл аясында қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 6, 18–баптары).
2. Тыйым салу әдісі. Басым түрде мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады, шектеулі жағдайларда азаматтарға қатысты қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 39-бабының 3-тармағы).
3. Рұқсат ету әдісі. Адам және азаматтың мәртебесін айқындау үшін (Қазақстан Республикасы Конституциясының 21-бабы), сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілеттігін анықтау кезінде қолданылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
4. Тану әдісі. Яғни, адамның табиғи құқығын тану (Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы).
2)Жалпы құқық теориясында құқық нормасы ретінде мемлекеттен туындайтын және сол арқылы қорғалатын, заң құқығына қатынасушылардың қатынасын білдіретін және оларға міндеттер жүктейтін жалпыға міндетті және заңда айқындалған тәртіп ережесі түсіндіріледі. Дегенмен конституциялық-құқықтық нормалардың құқықтың басқа салаларындағы нормалардан ерекшелігі мен айырмашылықтары қандай дегенге келсек бұған жауапты конституциялық құқықтармен реттелетін қоғамдық қатынастардың өзгешеліктерінен табамыз.
Бірыңғай және өзара байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін және салыстырмалы түрде дербес топты құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы конституциялық-құқықтық институт деп аталады. Мысалы: азаматтық институты, Президенттік институт, сайлау құқығы институты және т.б.
құқық жүктеуші нормалар – онда қаралған әрекеттерді жүзеге асыратын және олардың өкілеттік шеңберін анықтайтын субъектілер құқығын бекітетін нормалар. Бұл – азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Мұндай нормаларға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің конституциялық өкілеттігін айқындайтын нормалар жатады;
2. міндеттеуші нормалар - өзінің тәртібін, өзінің әрекетін аталмыш нормалардың нұсқауларына жатқызатын субъектілердің міндеттерін бекітетін нормалар. Мұндай міндеттер тек азаматтарға ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының Төрағаларына да жүктеледі;
3. тыйым салушы нормалар – онда қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салудан тұратын нормалар. Мұндай нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін (бастауларын), заң ережелері мен құқық тәртібін қорғауға бағытталған.
3) Жалпы құқық теориясында құқықтық қатынастар түрінде құқық нормалары негізінде туындайтын, оның қатынасушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын қоғамдық байланыстар түсіндіріледі. Бұл анықтама конституциялық-құқықтық қатынастарға да қолдануға келеді.Субъектілер, олардың өзара құқығы мен міндеттері дәл айқындалған нақты конституциялық құқықтық қатынастар – құқықтық қатынастардың классикалық түрі болып саналады: олар мінез-құлық норма-ережелерін жүзеге асыру негізінде туындайды.
Қатынас субъектілері нақты анықталмаған, нақты құқықтар мен міндеттер белгіленбеген құқықтық қатынастар – жалпы сипаттағы құқықтық қатынастар болып табылады. Мұндай қатынастар норма-қағидаларды, норма-мәлімдемелерді, норма-мақсаттарды жүзеге асыру негізінде туындайды. Құқықтық хал-ахуал – құқықтық қатынастардың айрықша түрі болып саналады. Олардың субъектілері дәл айқындалғанмен сол субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақты анықталмаған. Мұндай құқықтық қатынастарға азаматтықта тұру жағдайы жатқызылады.
Конституциялық-құқықтық қатынастардың жіктеуі (классификациясы).
1. Әрекет ету мерзімі бойынша тұрақты және уақытша қатынастарға ажыратылады.
2. Құқықтық реттеу механизмі бойынша материалдық және процессуалдыққа бөлінеді.
3. Мақсаттық тағайындалуы бойынша құқық белгілеуші және құқық қорғаушы құқықтық қатынастарға ажыратылады.
4) Формаларына қатысты, конституциялық құқықтың барлық көздері мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – конституциялық құқықтың негізгі көзі.
2. Конституциялық заңдар. Қабылдау мен олардың тізімі конституциямен (мысалы, конституцияның 92-бабы) қаралған. Қарапайым заңдар тәртібімен салыстырғанда неғұрлым күрделі, Конституцияда арнайы ескертілген, мемлекет үшін аса маңызды мәселелер бойынша қабылданады. Депутаттардың жалпы саның 2/3 дауысымен қабылданады.
3. Әдеттегі заңдарды, негізінен қарапайым көпшілік дауыспен (50%+1) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары қабылдайды.
Әдеттегіден өзгеше заңдар, Республика Парламентінің әрбір Палаталары депутаттарының басым көпшілік дауысымен Парламентте қабылданған өзгертулер мен толықтыруларды және референдумда қабылданған, өзгертулер мен толықтыруларды Конституцияға енгізеді.
4. Қр Парламент Палаталарының Қаулысы.
5. ҚР Президентінің Жарлықтары, өз кезегінде:
5) 1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – Қазақстан Республикасы мен қоғамның басты негізгі бастауларын реттейтін заң нормаларының жиынтығы болып саналады.
2. Конституциялық-құқықтық норма – азаматтық қоғамды ұйымдастыру негіздерінен, мемлекет пен жеке тұлғалардың өзара байланысынан, мемлекеттің аумақтық құрылымдарынан, оның органдарының қызметі мен оны ұйымдастырудан туындайтын қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген тәртіптің жалпыға міндетті ережесі.
3. Осы нормалармен қаралған, өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілер арасындағы заңдық байланыстар конституциялық-құқықтық қатынастардың мазмұны болып саналады.
4. Конституциялық құқықтар жүйесі - конституциялық-құқықтық институттардың жиынтығы.
5. Конституциялық-құқықтық институт - өзара байланысты бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
6.ҚР конституциялық құқығының ғылымы заң ғылымдар жүйесіндегі орны және ролі.Конс. құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады.Ғылым «Конс. Құқық» деп аталғандықтан ,оның негізгі бастауы -ҚР Конституция.Ол конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады.Конс. құқық ғылымы Конс. Құқықтың қалыптасу ,даму,қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған,конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және Конс. Құқықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды.Конс.құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын ,Қазақстан мемлекеті тетігін (механизмін),мемлекеттік органдарының өзара қарым-қатынасының нысандарының ,әдістері мен тәсілдерін зерттейді.
7.Конституциялық –құқықтық институттары:түсінігі және түрлері.Конс.құқық өзіндік мемлекеттік-құқықтық институтқа ие.Құқықтық норма -құқықтықәлемнің тіні.Ал құқықтық институт құқықтық жалпылықты ,яғни,өздерінің заңдық мазмұнынң жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді.Құқықтық нормалар конституциялық құқық саласын сырттай емес ,құқытық институттар арқылы құрады.Конс. құқықтың конс. институттары конс. құқықтық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскілерін реттеуді көздейді.Әр конс. құқықтық институт тек қоғамды қатынастарды белгілі біручаскісін ғана реттемейді.Оның нормаларында арнаулы ұғымдар,терминдер ,қағидалар жатыр.Мысалы,азаматтық институтының мазмұны»азамат»,»азаматтықты алу,жоғалту,шығу»,азаматтық құқы,бостандығы және жауапкершілігі» тағы басқа осындай ұғымдардан көрінеді.
8.ҚР конституциясы:түсінігі және мәні. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 ж. 30 тамызда Респ. референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемл. билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемл. мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемл. тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды. Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеол. және саяси әр алуандығы (сөз және шығарм. бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демокр. амалдар, экон. қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.
ҚРК барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.
9.Конституцияны қабылдау және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі.Конс. енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы.Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді тек президент қана ұсынады.Президент ұсынысының парламентте қаралу тәртібін президенттің өзі белгілейді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелер кем дегенде екі оқылымнан өткіілуі қажет.Мұндай тәртіп өзгерістер мен талқылауларды талқылаудың негіділігін қамтамасыз ету,конституциялық қағидалардың тұрақтылығының бұзылуына жол бермеу үшін парламент регламентімен белгіленеді:бірінші оқылым кезінде сөз бастамашыға немее оның өкңлңне беріледі.Сонан соң депутаттар сөйлей алады.Бірінші оқылымда конс-ға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасы тұжырымдамалық тұрғыда талқылынады.Екінші оқылымнан кейін әр палата жоба бойынша дауыс береді.Егер әр палата депутаттарының жалпы санының кем дегенде төрттен үші дауыс берсе,онда өзгерістер мен толықтырулар қабылданған болып есептеледі.
10.25 қазан 1990 ж.ҚазақКСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының жәнеҚазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.
11.1993ж. ҚР конституциясы және оның тарихи маңызы. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің ІХ сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы ХІІ шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрды. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күннен бастап көптеген құқықтық нормаларды: халық тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары – Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.
12.ҚР конституциясының әлеуметтік функциялары және қағидалары. Әлеуметтік функция Әлеуметтік функция – Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде орнықтырумен қатар оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің адамның әл – ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан – жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
13.1995 ж. ҚР Конституциясын даярлау және қабылдау. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 ж. желтоқсанның 16да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 ж.4 маусымдаҚазақстан елтаңбасы,11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 ж. Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.
1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.
1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
14.ҚР Конституциясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі(басқару нысаны,мемлекеттік құрылым нысаныжәне саяси режим) Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеумметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.Басқару нысаны бойынша демократиялық мемл.Қазақстанның демократикалық мемл. Ретіндегі сипаттамасы да ҚР конс. көптеген бөлімдерінің мазмұнынан туындайды.Сонымен бірге формальді демократияның да,нақты демократиян да,яғни ,мүмкіндігі жан жақтыкепілдіктерімен қамтамасыз етілген демократияның болуы мүмкін.ҚР демократияның сипаты конс-мен реттеледі.Демократикалық мемл. Негізгі принципі барлық маңызды мәселелер демократиялық жолмен яғни референдум өткізу , парламентте дауыс беру.
Саяси режим-қоғамда саяси билікті жүзеге асырудың тәсілдерінің,әдістерінің нысандарының жүйесі.саяси режим мемл. Мәні,оның қоғам мен, жекелеген адамдар мен , ең бірінші кезекте конституциялық құқық нормалармен реттелген нысандар ретінде сиатталады.ҚР конс. демократиялық саяси режимді қолдайды