
- •1. Институционалды экономика теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •2. Институционализмнің әдістемелік ұстанымдары.
- •3. Нарықтық конституцияның ерекшелігі.
- •4. Дәстүрлі институционализмнің пайда болуы және даму кезеңдері мен бағыты.
- •5. Институционалдық-экономикалық теорияның қалыптасуы.
- •6. «Жаңа» институционализмнің әдістемелік-салыстырмалық сипаттамалары
- •7. «Институт» жалпы ғылыми категория ретінде
- •8. Институттар жүйесі
- •9. Институт және ұйым: қызметтері, айырмашылық белгілері
- •10. Институттардың экономикалық жүйенің қызмет етуіндегі ролі
- •11. Мөлшерлемелер және экономика ережелері
- •12. Ережелерді бағыттау және бөлу қырлары
- •13. Утилитаризм, сенім, эмпатия, еркіндік
- •14. Ережелерді жіктеудің мәні
- •15. Әкімшіл-әміршіл экономиканың конституциясы
- •16. Трансакцияның тауарлар мен қызметтер айырбасындағы ерекшеліктер
- •17. Дж. Коммонстың трансакцияларды жіктеуі, сипаты.
- •18. Трансакция ұғымы және оның маңызы
- •19. О.Уильямсонның трансакция туралы тұжырымдамасы
- •20. Трансформациялық және трансакциялық шығындар
- •21. Трансакциялық шығындар жіктелімі және түрлері
- •22. Трансакциялық шығындарды өлшеу мен оларды ықшамдау
- •23. Меншік құқықтары теориясының негізгі ұғымдары
- •24. Толық және шектеулі меншік құқығы
- •25. Меншік құқықтарының әртүрлі тәртіп-ережелері және олардың салыстырмалы артықшылықтары
- •26. Коуз теориясы және меншік құқықтарының ерекшеленуі
- •27. Экономикалық талдауда меншік құқықтарының орны
- •28. «Келісім –шарт» ұғымы
- •29. Экономикалық қатынастардың келісім-шарттық табиғаты
- •30. Активтердің ерекшеліктері және келісім –шарт үлгілері
19. О.Уильямсонның трансакция туралы тұжырымдамасы
Трансакция – қоғамда қабылданған меншік құқығының немесе белгілі бір іс – әрекетке құқықтың, яғни еркіндік құқығының бөтенсуі және иемденуі. Демек, трансакциялар адамдар арасындағы қарым – қатынас негізінде жүретін іс – әрекет. «Трансакция» термині ғылымда Р.Коуз және О.Уильямсон есімдерімен тығыз байланысты. Соның ішінде О.Уильямсонның тұжырымдамаларын қарастырайын. О.Уильямсонның берген анықтамасы бойынша «Трансакция тауар немесе қызмет өзінің бір технологиялық процесінің соңғы нүктесінен басқа процестің нүктесіне ауысқан сәтте пайда болады. Яғни қызметтің бір стадиясы аяқталып, екіншісі басталады».
Уильямсонның айтуы бойынша ешбір фирма трансакциясыз өз өмірін жалғастыра алмайды. Және соған байланысты ол фирмадағы трансакцияның құрылымына өзінің «Капитализмнің экономикалық институттары» атты еңбегінде тоқталып өтті. О. Уильямсон концепциясы бойынша трансакциялар негізгі үш белгі бойынша ерекшеленеді: трансакция өзіне тән ерекшелігінің деңгейі, қайталанғыштығы және белгісіздігі. Оның ойынша келісім неғұрлым толық, жалпы, қысқа мерзімді сипатқа ие болса, оның заң тұрғысынан рәсімделуі қажет емес немесе кішігірім, өте қарапайым келісімдерді жасаумен ғана шектелу қажет. Ал егер келісім жоғарыда айтылған ерекшелік, тұрақсыздық және қайталанғыштық сипаттарына ие болса, трансакциялық шығындар жоғары болады және қатысушылар арасында ұзақ мерзімді қатынастарды орнату тиімді әрекет болып табылады. Осы ерекшеліктерге жеке тоқталатын болсам, бірінісі- активтердің ерекшелігі.
20. Трансформациялық және трансакциялық шығындар
Жаңа институционалды экономикалық теорияда өндіріс шығындары екі бөліктен тұрады:
1. трансформационды шығындар
2. трансакционды шығындар
Әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейін.
Трансакциялық шығындар түсінігі 30 жылдары Р.Коузбен оның «Фирма табиғаты» деген статьясында енгізілді. К.Эрроу трансакциялық шығынды экономикалық жүйенің эксплуатациялық шығындары ретінде анықтайды. Д.Норттың трактовкасында Трансакциялық шығындар «айырбас объектісінің пайдалы қасиеттерін бағалаудан шығындар және олардың сақталуын мәжбүрлеу және құқықтық қамтамсыз ету шығындары» қарастырылады. Көптеген экономистердің теорияларында трансакциялық шығындар нарықтық экономикада ғана емес (Коуз, Эрроу, Норт), жоспарлы экономикада және экономикалық ұйымдардың альтернативті тәсілдерінде де (С.Чанг, А.Алчиан, Демсец) бар. Сонымен, трансакциялық шығындар – бұл жеке тұлғалармен өзінің айрықша құқықтарын қорғауда және экономикалық игіліктеріне меншік құқықтарын айырбастауда туындайтын шығындар. Трансакционды шығындарды трансакциялар анықтамасына негізделе отыра түсіндірсек, онда трансакционды шығындарды трансакцияларды жүзеге асыруға шығындалатын ресурстардың құндылығы ретінде анықтауға болады. Трансакционды шығындарды түсіндіруде:
Біріншіден, агенттердің экономикалық мүдделердің сәйкессіздігін;
Екіншіден, белгісіздік құбылысын ескеру қажет. Белгісіздік қолда бар ақпараттың аздығы және оны агенттердің өңдеу мүмкіндіктерінің шектеулілігі ретінде анықталады. Аталған екі жағдайды ескеру негізінде, трансакционды шығындарды экономикалық агенттердің іс – әрекетін үйлестіру және бөлу конфликтін жоюға байланысты шығындар ретінде анықтауға болады.