Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инс.эк ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
47.3 Кб
Скачать

16. Трансакцияның тауарлар мен қызметтер айырбасындағы ерекшеліктер

Трансакцияның тауарлар мен қызметтер айырбасындағы ерекшеліктеріне тоқталып өтпес бұрын, трансакцияның мәнін ашып өтсем. Трансакция – қоғамда қабылданған меншік құқығынан немесе белгілі бір іс-әрекетке тиесілі құқықтан, яғниеркіндік пен құқығынан айырылу немесе оны иемдену. Трансакция адамдар арасындағы қарым-қатынас негізінде жүретін іс-әрекет.

Трансакция түрлерінің мазмұны «трансакция», «айырбас» түсініктерінің айырмашылықтарын анықтауға мүмкіндік береді, оған кеңістік пен уақыттық өлшемдер тән емес.

Трансакцияның қызметтертері түрлеріне тоқталатын болсам: оның ұғымы ақша мен бағалы қағаз есебін көздейтін қызметгің алуан түрлерінде: банк, тіркеу, депозитарлық, клирингілік, делдалдық қызметтерде қолданылады. Трансакция бэк-кеңселерде құжаттар (төлем тапсырмалары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттары, соттың шешімдері) негізінде ресімделеді. Трансакция нәтижесінде клиенттің шоттарындағы ақша немесе бағалы қағаз көбейеді не азаяды.

17. Дж. Коммонстың трансакцияларды жіктеуі, сипаты.

Трансакциялар жіктемесі дискретті институционалды баламаларды салыстырмалы талдау мүмкіндіктерін қалыптастырады. Сондықтан, трансакциялар түрлерін қарастыру қажет.Трансакциялар типтерін алғаш рет Дж.Коммонс өзінің «Институционалды экономикалық теория» атты еңбегінде 1934 жылы ұсынған және келесідей түрлерін қарастырады:

  • Сауда трансакциясы

  • Басқару трансакциясы

  • Рационалдау трансакциясы

Сауда трансакциясында меншік және еркіндік құқықтарының бөтенсуі және иемденуі орындалуы үшін тараптардың экономикалық мүддеге негізделген екі жақты келісімі қажет. Сауда трансакциясында контрагенттер арасында құқықтық қатынастардың симметриялылығы сақталады. Еңбек рыногындағы жұмыс беруші және жалдамалы жұмысшылар іс – әрекеті, саяси рыноктағы заң шығарушылардың мінез – құлқы, кредитор мен қарыз алушының іс әрекеттері аталған трансакцияның мысалы бола алады. Тараптардың әр қайсысы айырбасқа қатысу туралы соңғы шешімді дербес түрде қабылдайды. Сауда трансакциясының мәні – меншік құқығы айырбасының айырбасқа қатысушы тараптар арасында еркін келісім негізінде жүргізілуімен түсіндіріледі.

Басқару трансакциясындағы негізгі қарым – қатынас басқару – бағыну қатынасы, шешім қабылдау құқығы тек бір тарапта болатын қарым – қатынас. Трансакцияның осы түрі фирмаішілік, иерархиялық қарым – қатынастарға, бюрократиялық ұйымдарға тән. Шешім қабылдау құқығы табысқа айырбасталады, яғни табыстың күтілетін пайдалылығы жалақының рыноктық ставкасының пайдалылығынан артық болуы қажет.

18. Трансакция ұғымы және оның маңызы

Трансакция – қоғамда қабылданған меншік құқығының немесе белгілі бір іс – әрекетке құқықтың, яғни еркіндік құқығының бөтенсуі және иемденуі. Демек, трансакциялар адамдар арасындағы қарым – қатынас негізінде жүретін іс – әрекет. Экономикалық теорияда адамдар арасындағы қарым – қатынас ресурстардың сиректігі, жеке мүдделерге бағытталу жағдайында қарастырылады

О.Уильямсонның берген анықтамасы бойынша «Трансакция тауар немесе қызмет өзінің бір технологиялық процесінің соңғы нүктесінен басқа процестің нүктесіне ауысқан сәтте пайда болады. Яғни қызметтің бір стадиясы аяқталып, екіншісі басталады». Сонымен қатар Коуздың «Фирма теориясы» еңбегін зерттеп, жалғастырған О.Уильямсон трансакцияға мынадай белгілер тән деп көрсетеді: -Арнаулылық және жалпылық. Уильямсон негізгі 4 ресурсты бөліп көрсетеді, бұлар арқылы жалпылық және арнаулылықтың ерекшелігін көреміз: 1)физикалық активтер арасындағы ресурстар – бензин (жалпы, себебі барлық машина қолданады), ал арнайы жасалған құрылғы – жеке, оны бір ғана адам пайдалана алады.2)Адам капиталы. Бұл жерде жалпы – арифметика, себебі оны барлығы оқуы тиіс. Ал арнаулыға маркетинг жатады – оны тек экономистер ғана оқуы тиіс, мысалы техникке ол керек емес. 3)Орналасу орны бойынша. 4)Бір адамға арналымы бойынша; -Трансакциялар тез арада жүзеге асады, не ұзақ мерзімді болып келеді. Осыдан олардың екі түрін бөліп көрсетуге болады: бір ретті және көп ретті.

-Трансакциялар күтілмейтін болашақ ситуацияларға қатты немесе әлсіз тәуелді болып келуі мүмкін

-Трансакцияның нәтижесі оңай не қиын жолмен есептелінуі мүмкін.

-Трансакция автономды не басқа жасалған мәмілелермен тығыз байланыста қарастырылуы мүмкін.

Трансакциялар мазмұны «трансакция», «айырбас»