
- •1. Институционалды экономика теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •2. Институционализмнің әдістемелік ұстанымдары.
- •3. Нарықтық конституцияның ерекшелігі.
- •4. Дәстүрлі институционализмнің пайда болуы және даму кезеңдері мен бағыты.
- •5. Институционалдық-экономикалық теорияның қалыптасуы.
- •6. «Жаңа» институционализмнің әдістемелік-салыстырмалық сипаттамалары
- •7. «Институт» жалпы ғылыми категория ретінде
- •8. Институттар жүйесі
- •9. Институт және ұйым: қызметтері, айырмашылық белгілері
- •10. Институттардың экономикалық жүйенің қызмет етуіндегі ролі
- •11. Мөлшерлемелер және экономика ережелері
- •12. Ережелерді бағыттау және бөлу қырлары
- •13. Утилитаризм, сенім, эмпатия, еркіндік
- •14. Ережелерді жіктеудің мәні
- •15. Әкімшіл-әміршіл экономиканың конституциясы
- •16. Трансакцияның тауарлар мен қызметтер айырбасындағы ерекшеліктер
- •17. Дж. Коммонстың трансакцияларды жіктеуі, сипаты.
- •18. Трансакция ұғымы және оның маңызы
- •19. О.Уильямсонның трансакция туралы тұжырымдамасы
- •20. Трансформациялық және трансакциялық шығындар
- •21. Трансакциялық шығындар жіктелімі және түрлері
- •22. Трансакциялық шығындарды өлшеу мен оларды ықшамдау
- •23. Меншік құқықтары теориясының негізгі ұғымдары
- •24. Толық және шектеулі меншік құқығы
- •25. Меншік құқықтарының әртүрлі тәртіп-ережелері және олардың салыстырмалы артықшылықтары
- •26. Коуз теориясы және меншік құқықтарының ерекшеленуі
- •27. Экономикалық талдауда меншік құқықтарының орны
- •28. «Келісім –шарт» ұғымы
- •29. Экономикалық қатынастардың келісім-шарттық табиғаты
- •30. Активтердің ерекшеліктері және келісім –шарт үлгілері
6. «Жаңа» институционализмнің әдістемелік-салыстырмалық сипаттамалары
Ескі институционалистерге қысқаша шолу жасағаннан кейін бір институционализм «ағашына» қайтып келе аламыз. Оның деңгейі екі бағытты құрайды – неоинституционалдық экономика (neoinstituhal economucs) және жаңа институционалдық экономика (new instutioha economucs). Бір қарағанда аттарының бір тектілігіне қарамай әңгіме институттарды талдауда принципиалды әр түрлі парадигмалар тралы болды. Бірінші бағыт неоклассиканың қатты ядросын өзгеріссіз қалдырады. Институттарды талдау пәніне жаңа элементті кіргізу неоклассикалық теорияның «қорғайтын қабыршағының тұжырымдамаларын өзгерту есебінен іске асырылады». Сондықтан да неоинституционалдық экономиканы «экономикалық империализмнің мысалы ретінде өте жиі келтіреді», дәстүрлі микроэкономикалық инструменттерінен бас тартпай, «империалистер» бұрын неоклассикалық факторларды – идеологияны, мінез – құлық нормаларын заңдарды, жанұяны және т.б. түсіндіруге тырысады. Екінші бағыт, керісінше неокласиканың бұрынғы постулаттарымен байланыссыз, жаңа институттар теориясын құру талпынысып көрсетеді. Аздаған радикалды зерттеу бағдарламасы, институционалдықты талқылаудан бастаймыз. Оның негізгі қалаушы- атасы болып заңды түрде Рональд Коуз саналады. Оның «Природа фирмы (фирма табиғаты)» (1937) және «Проблема социальных издержек» (Әлеуметтік шығындар мәселері 1960), атты мақалаларында бірінші болып неоинституционализмнің зерттеу бағдарламасы құрастырылған. Жаңа институционалдық экономика Енді жаңа институционалды экономиканың дамуымен байланысты, неокласиканың «қатты ядросындағы өзгерістерге тоқталамыз». Вальрас – Эрроу- Дебрегің жалпы тепе- теңдік моделіне жасалған ойын теориясының соққысының бастау керек (Дж. Фон Нейман, О. Мортенштерн, Дж. Нэш). Ойын теориясы экономика теориясының дербес бағыты болса да, оны институционалды тәсілге жатқызуға болмайды. Ойын теориясы жаңа институционалды экономиканың моделдерінің тілін құрастырды
7. «Институт» жалпы ғылыми категория ретінде
Ал кейде,институт-бұл тұрғындардың мінез құлқы сияқты”. Экономикалық институт мәні, классикалық саяси экономиканың алғашқы жұмыстарында кездеседі. Томас Гоббс өзінің әйгілі “Левиафан” атты еңбегінде, базалық саяси институттардың құрылуы мемлекетсіз қоғамда өмір сүрген адамдар арасындағы социалды келісім шарт бекіту нәтижесі екенін айтып кеткен. Институттардың қалыптасуының мінез-құлқын суреттеген Гоббсқа қарағанда,Дэвид Юм “Адам табиғаты трактатында” меншік және Әділет сияқты институттар аяқасты пайда болды дейді. Оның пайымдауы бойынша, институттың қалыптасуының басты факторы бұл нақты ережелерді бекітетін әртүрлі екі жақты қатынастардың қайталануы. Осы позицияны Адам Смитте ұстанады. Ол, нарық қоғамға қажетті институттарды қалыптастыруға жағдай жасайды деп ойлайды. Ал керек емес институттар нарық бәсекелесінде ығыстырылады. Герберт Спенсер институтты талдай отырып, қоғамның функционалды қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі бойынша, нарықтан эффективті емес институттарды ығыстырудың механизмі ретінде социалды селекцияны атады.Сонымен, экономикалық институттарға классикалық көз-қарасты біріктіретін ортақ сипат,оның жақтаушылары қалыптасу тәсілдеріне байланыссыз , кез келген институттардың социалды эффективтілігі жайлы айтады. Сонымен қоса олар институттардың бөлек фрагменттерін ғана талдайды. Густав Шмоллер институт мәнін 2 тәсілмен талдады. Бір жағынан ол, институттарды шаруашылықтың қарапайым стационарлы формасы ретінде сипаттайды. Басқа жағынан, Г.Шмоллер келісімдер және мінез-құлық стереотиптері ретінде қарастырады. Бұл жағдайда ол ережелер мен институттарды теңестіреді. Айта кету керек, ол өз пайымдауы бойынша, әдеттер мен мінез-құлық инерциясы индивидтің минуттық оптимизациядан бас тарту негізінде пайда болады деген. Ал болашақта институттарды индивидтер,шектеу ретінде қабылдайды. Г.Шмоллер көз-қарасы бойынша біз туыла салып, институттар қоршауында өмір сүреміз және олардың структурасы бойынша жүріп тұрамыз. Институттар біздің стимулға әсер етеді. Ал стимулдар өз кезектерінде құндылықтар мен нормаларда өз ізін қалдырады,ал норма мен құндылықтар институт формасын қабылдайды.