Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инс.эк ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
47.3 Кб
Скачать

1. Институционалды экономика теориясының пәні және зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.

Институтционализм –экономика ғылымының ең бір тәжірибелік бағыты болып саналады.Институционалдық зерттеулердің нәтижелерін тікелей тәжірибе жүзінде қолдануға болады.Ғылыми ортада қалыптасқан пікірге сүйенсек институтционалды ілім әкімшілдік-әміршілдік экономика жүйесінен нарық жүйесіне өткен елдерде еркін теориялық негіз алады екен.Институтционалдық теория Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын түсіндіре және өмірге төзімді нарықтық экономиканы құруға көмектесе алады. Институционализмнің пәні мен зерттеу әдістерінің ерекшеліктері оның түпкілікті ұғымдары ж/е теориялық тұжырымдамаларынан көрінеді. ИЭ нақты мәліметтерге негізделген. Сондықтан экономиканың жеке фирманың нәтижелілігі,тиімділігі,біріншіден,жеке ұйымның ұйымдастырылған деңгейіне де,осы фирма қызмет атқаратын ортаға байланысты болады екен.Сондықтан,институционализм теориясы,екі бағытта қалыптасып дамыған:бірінші бағыт-фирма теориясы,екінші бағыт-мемлкеттік ж/е қоғамдық құрылымдар теориясы.Қазіргі институционалды теория өз дамуын ғылыми әдістемелік тұрғыдан екі іргелі бағыттан,яғни 1-шісі ‘көне’ институционализмнен және екіншісі неоклассикадан бастау алады.Бұл теория келесі 2 бағытта дамыды:1)неоинституционалды теория;2)жаңа институционалды теория.. Дейтұрғанымен,көне институционалисттер мен неоинституционалисттер арасында өзекті айырмшылық бар: 1) көне инст-ер заманауй экономикалық теорияның шешімін күткен өзекті мәселелерін қоғам туралы басқа ғылымдардың кқмегі арқылы талдауға ұмтылыс жасап құқық пен саясат арқылы экономиканы қарастыруға тырысты.Неоинститутционалистер болса оларға қ-қайшы көз-қарас ұстанып,саясаттану,құқықтық ж/е қоғамдық ғылымдардың көптеген басқа мәселелерін,қазіргі микроэкономик аппаратын ж/е “ойын шарттары”теориясын пайдаланып,неоклассикалық экономикалық теория әдіс-тәсілдерінің көмегімен зерттейді.2)көне инс-зм жалқы жағдайлардан жалпылауға жылжып алдымен индуктивтік әдіске негізделеді.Осының нәтижесінде жалпы институционалдық теория қалыптасып жетіле алмай қалды. Ал неоинституционализм болса,дедуктивтік әдіс қолданып,неоклассикалық экономикалық теорияның жалпы ұстанымдарынан бастау алып,қоғамдық өмірге нақты құбылыстарды түсіндіруге ұмтылады. 3)көне инст-зм радикалдық экономикалық ой ағымы ретінде жеке тұлғалардың мүдделерін өорғауда басым көпшілік жағдайда назарды қжымдардын әрекеттеріне аударады.Неоинституционализм алдыңғы кезекте қайсы ұжымда болғаны тиімдірек екенін өз еркімен,өз мүддесіне сәйкестендіріп тәуелсіз шешім қабылдай білетін,тәуелсіз тұлғаны қояды.

2. Институционализмнің әдістемелік ұстанымдары.

Жаңа институционалды экономика неоклассикалық постулаттарына тәуелсіз,институттардың жаңа теориясын қалыптастырады, “Ойын шарты” теориясы бірқатар болжамдардан құрылады:-бірнеше тепе-теңдік нүктелері болуы мүмкін;-тепе-теңдік нүктелері Парето заңы бойынша оңталылық нүктесіне сәйкес болуы мүмкін еиес;-тепе-теңдік мүлдем болмауы мүмкін.2-шіден,когнитивті мөлшерлемелерді енгізу арқылы,толық емес парасаттылық теориясы дамытылады.Бұл теорияға сәйкес,тұлға мәміле ж/е нарық жағдайы туралы барлық ақпаратты жинауға ж/е жинақталған ақпаратты оңтайлы түрде өңдеуге қабілетсіз.Ақрпаратты өңдеуге қабілеттілік,яғни ақыл-ой сирек ресурс ретінде қарастырылады.Бұл неоклассикалық парасатты таңдау моделінің,оның негізінде оңтайлылық қағидаларының өзгеруіне алып келеді.Аталған қағида қанағаттылық қағидасымен ауыстырылды. 3-шіден,жаңа институционалды теория неоклассикалық теориядағы мәмілеге ққатысушы тұлғалардың талғамының экзогенді сипаты ж/е тұрақтылығын терістеп,институттар мен жеке тұлғалардың шешім қабылдауындағы екі жақты байланыстың сипатына негіздейді. Институттар жеке тұлғалардың таңдауының мөлшерлемесі болғанымен де,адамдар институционалды мөлшерлемелерді өзгертуге қабілетті.Келісімдер экономикасы бұл бағыттың іргелі теорияларының бірі,институционалды таңдау ең жас ж/е қарқынды даму үстіндегі бағыты.Келісімдер эклнлмикасы 20ғ.80-жылдарының ортасында Францияда қалыптасты.Талдаудың басты мәселесі-мәмілеге қатысушы адамдар арасындағы қарым-қатынастың жалпы мөлшерлемесі ретіндегі келісімдер.