Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры экология 35 стр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
324.21 Кб
Скачать

Бұның бірнеше заңдылықтары бар:

1 экожүйелер шегіндегі биотоптың жағдайлары неғұрлым алуан түрлі болса , соғұрлым тиісті биоценоздың түрлері көп болады.

2 экожүйенің құрамында неғұрлым түрлер көп болса , соғұрлым тиісті түр популяциялары особьтарының саны аз болады.

3 биоценоздың әртүрлілігі неғұрлым жоғары болса, экожүйенің экологиялық төзімділігі соғұрлым жоғары.

4 түрі өте аз (монодақылды агроценоздар ) адамдар пайдаланатын жүйелер табиғаты жағынан тұрақсыз және тепе – теңдікті сақтай алмайды.

5 экожүйенің ешқандай бөлігі басқаларынсыз іске аспайды.

Экожүйенің тұрақтылық мәселесін талдауды аяқтай келе, өте маңызды экологиялық “1% ережені” құрастыруға болады.

Табиғи жүйе энергияның шамамен 1% өзгеру жүйесін тепе- теңдік жағдайдан шығарады.

КОММОНЕРДІҢ “ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРЫ”

1 Барлығы бәрімен байланысты.

Экожүйе – экологиялық тепе- теңдікте болады. Оны қандайда болмасын бір түрдің жойылуымен немесе керісінше жаңаны енгізу мен бұзуға болады. Батпақтарды құрғату өзендердің таяздануына әкеледі. Таулы ормандарда малды жою топырақты бұзады, жауын және қар суларының сіңірілуі азаяды, нәтижесінде бұлақтар кебеді.

  1. Барлығы үшін төлеу керек.

Қазіргі кезде дұрыс қолданбағандықтан бұзылған табиғи экожүйелерді қалпына келтіруге, табиғи қорықтарды тиімді пайдалануды бақылайтын қызметті ұйымдастыру шығындарын өтеу керек.

  1. Барлығын қайда болсын жіберу керек.

Табиғи экожүйелердің экологиялық тепе- теңдікті бұзбай – ақ , белгілі мөлшердегі зианды заттарды залалсыздандыру қабілеттілігі бар. Әсіресе, су экожүйесінің тазалау қабілеттілігі өте жоғары.Толығымен қалдықсыз технология болмаған. Осыған байланысты зиянды заттарды көмудің сенімді әдістері қажет.

  1. Табиғат өте жақсы біледі

Гомеостатикалық механизмдер есебіне ол қаншама өзі қалпына келтіре алатындай, соншама биологиялық қорларды экожүйеден бөліп алу керек. Мысалы , ағаштарды даярлау, аң және балық аулау және т.б.

Тірі заттардың арнаулы қасиеттері мен ерекшеліктері:

1 Биосфераның тірі заттары энергияның үлкен қорымен сипатталады.

2 Тірі және өлі зат арасындағы күрт айырмашылық химиялық реакциялардың өту жылдамдығынан байқалады (тірі затта осы реакциялар мың есе, ал кейде мың есе көп жүреді )

3 Тірі заттардың ерекшелігі - оның құрамындағы жеке химиялық қосылыстарының белок, ферменттер және т. б. –ның тек тірі организмдерде тұрақтылығында.

4 Еркін қозғалыс - биосферадағы барлық тірі затардың жалпы белгісі болып саналады.

5 Өлі затпен салыстырғанда тірі заттар көбірек морфологиялық және химиялық әртүрлілік кездеседі. Тірі заттардың құрамына кіретін органикалық қосылыстар саны 2 мил – нан артық , ал бұл уақытта өлі заттардың табиғи қосылыстар саны 2 мың ғана.

  1. Тірі зат мөлшері биосферада үлкен шамада жеке организмдер түрінде кездеседі. Ең ұсақ вирустар шамасы 20 нм ( 1 нм 10-9) ең ірі жануар – кит , ұзындығы 33 м-ге дейін жетеді, ең үлкен өсімдік – секвойя, биіктігі 100 м.