
- •Ауыл тұрғын жерлерінің урбанизациясы оның салдары.
- •Алылдың қорошаған орта нысандарының ластану көздері.
- •Биогеохимиялық негізгі көміртегі азот оттегі фосфор кукірт айналымы
- •Биосфера жаһандық экожүйе ретінде.Биосфера түсінігі
- •В.ИВернадскийдің биосфера туралы ілімі.
- •Заттар айналымының ролі үлкен геологиялық және кіші биохимиялық,биогеохимиялық айналымдар.
- •Қазакстаннын су ресурстары.
- •Қала урбанистикалық жүйе ретінде.Урбожүйенің табиғи жүйеден айырмашылығы.
- •Қаланы ластаушы химиялық көздері
- •Қаланы ластаушы физикалық факторлар және көздері
- •Қоғамдық бірлестіктердегі қошаған ортаны қорғау облысындағы азамат құқығы мен міндеттері.
- •Қазіргі қалалардың экологиялық мәселері.
- •Литосфераға антропогендік факторлардың әсері
- •Литосфераны қорғау бойынша шаралар.
- •Бұның бірнеше заңдылықтары бар:
- •Тірі заттардың арнаулы қасиеттері мен ерекшеліктері:
Адам биоәлеуметтік түр ретіндеӘлеуметтік экология қоғамдық құрылымдардың олардың айналасындағы табиғи және әлеуметтәк ортамен байланысын зерттейтін ғылыми салалар бірлестігі. Адам ғылымдардың бірлестігі әлеуметтік экологияның ғылым ретіндегі орталық мәселесі. Экологиялық пайымдау адам мүддесі үшін ортаның қайта жасалуының динамикалық түтастығын түсіну және табиғаттың табиғи жуйелерін сактап калу.Адам биоэлеуметтік түр ретінде адамзат биологиялық заңдылықтарға да, әлеуметтік заңдылықтарға да бағынады, сондықтан Жер бетіндегі адам бірден бір биоэлеуметтік түр б.т. Адам бірегей құбылыс.ол биологиялық үрдістерден әлеуметтілерге кқшуді жузеге асырады.Қоғамның дамуының ерте кезеңдерінде әлеуметтік рөлі өте мағызды болды.саналы адамның түр ретінде пайда болуының негізі.бұл ұжымдық тіршілік ету жағдайында оның иегерлерінің басымдылығын анықтаған бейімділік.
Адамды қоршаған орта антропогендік факторларға әсер ететін арнайы ерекшеліктер.Қоршаған ортаны ластайтын ең бір қауіпті заттардың бірі – мұнай. Мұнай қасиеті әртүрлі және кең көлемді қолданыстағы күрделі зат,оның құрамы 3000-дай қоспадан тұрады және олардың көпшілігі оңай тотығады. Сондықтан мұнай және мұнай өнімдері өсімдіктер мен тірі ағзаларға зиянды уландырғыш заттармен кең көлемде әсер етеді. Қоршаған ортаның ластануы– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынанқалыптасады.Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.Мұнай және газ құбырларын салу кезіндегі қорщағаг ортаның ластану мәселесінің жағдайын зерттеу барысында,өнім өндіру кезінде мұнаймен,мұнай өнімдерімен және мұнай газдарымен,олардың жанғаннан кейінгі өнімдерімен,күкіртсутегі,күкірттотығы,ағынды судың минералдануы салдарынан ластанудың жиі болып тұратыны анықталды. Бұрғылау ерітінділері және бұрғылау кезінде түілген қалдықтар,түрлі беттік әрекеттізаттар,фенолдар,альдегиттер және бұрғылауды жылдамдату үшін қолданылатын басқа реагенттер ластануға әсер етеді. Сол себепті қоршаған орта ластанудан қорғауға бағытталған іс шараларды одан әрі жетілдіру керек. Қоршаған ортаның ластануынан экономикалық, экологиялық және әлеуметтік зияндар болуы мүмкін. Экологиялық зиян қоршаған ортаның, атмосфераның, гидросфераның, флора мен фауна жағдайының (сапасының) нашарлауы. Әлеуметтік зиян - адамдардың денсаулығына, әлеуметтік тұрмысына, тіршілігіне келетін зиян. Экономикалық зиян - шаруашылық әрекеттерге келетін зияндардың ақшалай өлшемі. Қоршаған ортаның ластануынан адамдардың денсаулығынан бастап тұрмыстың, шаруашылықтың барлық салаларына зиян келеді: еңбек өнімділігі төмендейді, өнімдердің саны кемиді, сапасы нашарлайды, құрал - саймандар, жабдықтар коррозияға ұшырайды, топырақтың, судың, ауаның сапасы нашарлайды. Бір сөзбен айтқанда материалдық, рухани - эстетикалық, мәдени, тарихи, құқықтық және т. б. зияндар келеді.
Адам популяциясы сандарының табиғи реттеуші михонизмдерінің бұзылуы. Адам популяциясының даму жіне осу салдары. Популяция - түрдің табиғаттағы элементарлы структурасы. Популяция (латынша "рориіиз" - "халық") - бір түрге жататын, бір-бірімен өзара еркін будандасатын, белгілі бір территорияны мекендейтін особьтар жиынтығы. Популядияда үнемі тұқым қуалаушылық өзгерістер, тіршілік үшін күрес,табиғи сұрыпталу жүріп, |нәтижесінде берілген жағдайда пайдалы болатын өзгерістері бар ұрпақтар өсіп жетіледі, дамиды. Осылайша, популяция эволюциялык бірлік болып табылады.Эволюция процесінің барысында әр бір түрде белгілі тіршілік ету орта жағдайларына бейімделушіліктер пайда болады.Түрді анықтау үшін бір ғана критерийді пайдаланужеткшіксіз, сондыктаң да особьтардың түрлі белгілері мен касиеттерін дэлелдейтін критерийлердің жиынтығы ғана түрді сипаттай алады. Ал, популяция, белгілі орта жағдайларына бейімделген турлердің тіршілік ету формасы. Популяцияның құрылымы мен сипаттары. Популяция — белгілі бір аумақты мекендейтін, шығу тегі бір, ұзақ жылдар бойы табиғаттағы санын тұрақты ұстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі кұрылымы, қасиеті және атқаратын функциялары арқылы ерекшеленеді. Популяция құрылымы ондағы даралар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал популяцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен ұқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, кобею, орта жағдайларының озгерісіне бейімділігі, генетикалык шығу тегі, экологиялык жағдайлары жатады. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес жүріп, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар элементар (жергілікті), экологиялык, географиялык популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды осылайша жіктеу белгілі орыс ғалымы Н.П. Наумовтың жүйесіне негізделеді.Популяция санының ауытқуы мен динамикасына әсер ететін факторларПопуляция саны оның тығыздығына байланысты үш түрлі болады: оның бірінші типінде популяцияның өсу жылдамдығы тығыздығы артқан сайын төмендейдіАдам популяциясының түрлеріМендельдік популяция Сан мөлшері өте көп, үлкен аумақты мекендейді, еркін некелеседі. Мұны идеялдық популяция деп те атайды. Үлкен популяция жеке ұсақ популияциялардан құралады. Демдер популияциясы. Адам саны 1500 -4000-ға дейін болады. Топ ішілік некелесу жилігі 80- 90 % басқа популяциядан енген особьтар. Изоляттар Адам саны 1500-ден аспайды. Топ ішілік некелесу жилігі 90% дан жоғары. Басқа плпуляциядан енген особьтар 1%дан төмен. Өзбекстанда, Қиыр шығыста, Тәжікстанда кездеседі Популяцияның генетикалық құрылымына некелесу типі эволуциялық факторлар әсер етеді. адамның өмірі мен жануарлардың тіршілігі атмосфералық оттекті жасаушы жасыл өсімдіктерсіз мумкін емес. Адам мен жануарлар өсімдіктердін жасаган органикалык заттарымен коректенеді. Осылайша фотосинтез процесінің нәтижесінде жасыл өсімдіктер алғашқы биологиялық өнім мен оттегі түзіп, Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы мен дамуына жағдай жасайды.Біздің планетамыздағы жануарлар биомассасы мөлшерінің өте аз, бар болғаны бүкіл биосферадағы тірі заттың 2% ғана кұралады.Жануарлардың көп түрлігінің әсіресе биосферадағы негізгі процесс-заттар мен энергияның биотикалық айналымы үшін маңызы зор.Жануарлар дүниесінің ресурстарына сол сияқты үй жануарлары да, бағалы терілері үшін аң фермерларында өсірілетін жабайы түрлер де жатады.Өсімдіктер мен жануарлардың сақтап қалу үшін қорықтар мен қорықшылар ашып, бағалы және пайдалы түрлері көбейтідің арнаулы іс-шаралары жасалынып, оларды аулауға шек қойылады.153. Биосфера-біздің тіршілік ететін ортамыз, бізді қоршаған табиғат. Адам баласы, ең алдымен, өзінің тыныс алуы, тіршілік еті іс-әрекеті арқылы осы табиғатпен тығыз байланысты.В.И.Вернадский. Академик В.И.Вернадскийдің биосфера жөніндегі негізгі идеялары ХХ ғасырдың басында қалыптаса бастады. Алғаш рет 1926 жылы оның БИОСФЕРА атты еңбегі жарыққа шықты.В.И.Вернадский биосфера- табиғаттың негізгі тірі және өлі заттарынығ бір-бірімен озара әсері болып табылатын тіршілік аймағы деп қарастырады.Осылайша В.И.Вернадский: биосфераның негізгі ерекшелігі-Күн сәулесі энергияны әсерінен болатын химиялықэлементтер атомдарының миграциясы нәтижесінде жүретін организмдердің көбеуі, өсу және зат алмасу процестері болып табылады деп түсіндірді.
Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. Ч. Дарвиннің эволюциялық білім жүйесі бойынша адам тегі адам тәріздес маймылдан пайда болған, яғни адам баласы биол. жағынан бір түрге жатады деп дәлелденді. Бұл ілім адам эволюциясын үлкен үш дәуірге бөледі:
1.ең алғашқы адам тегінің өкілдері болып адам тәрізді маймылдар (антропоидтер) саналады. Олар негізінде екі аяқпен жүріп, қимыл жасаған. Дайын табиғи тастарды, таяқты және жануарлар сүйегін сол күйінде қол қаруы ретінде пайдаланған. Бұларды ғылымда жоғары сатыға дейін жетілген екі аяқты приматтар деп атайды. Өмір сүрген кезеңі бұдан 2–3 млн. жыл бұрын;
2.эволюция даму жолдарымен жетілгендер қатарына архантроп пен палеоантроптар жатады. Олар қолдан құрал-саймандар жасай білген және қауымдасу түрі біршама жүйеленген. Тіршілік еткен уақыты бұдан 1 млн. жыл бұрын;
3.ең соңғы эволюция дәуірде бүгінгі адамдардың түрі – неантроптар қалыптасқан. Бұлар соңғы палеолит дәуірінде, яғни 40–50 мың жыл бұрын өмір сүрген. Ең алғашқы приматтар өкіліне австралопитектер жатады. Олардың сүйектерінің көп табылған жерлері Оңтүстік және Шығыс Африканың ашық қыраттары. Бұлардың тік жүргендігі, тастан қарапайым құралдар жасап пайдаланғандығы анықталды. Маңдай бітісі, саусақтарындағы буын сүйектерінің саны, қолқа доғасынан шығатын артерияның тарамдалу тәртібі, өкпесінің үлестерге бөлінуі адамға ұқсас. Бірақ мұның бәрі тікелей емес, қарапайым ғана ұқсастықтар. Сондықтан қазіргі маймылдардың бір де бірі адам тегі болып есептелмейді.Австралопитектер бұдан 4,5–1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Оларды антропологтар Л.Лики, Р.Лики (Англия), Д.Джохансон, Т.Уайт (АҚШ), т.б. зерттеді. Көне адам тегінің бірі – шамамен бұдан 2 млн. жыл бұрын өмір сүрген презинджантроптар. Ғылымда оларды «Homо habіlіs» яғни іскер адам деп атайды. Өйткені олар аз болса да тас, ағаш сынықтарына біршама өңдеулер жасап, құрал ретінде пайдаланған. Адам тегінің келесі даму сатысына архантроптар жатады. Олардың сүйектері Азияда (питекантроп, синантроп), Шығыс және Солтүстік Африкада (атлантроп), Батыс Еуропада (Гейдельберг және Вертешселлеш адамдары) табылған. Бұл дәуірдегі адамдар шель мен алғашқы ашель мәдениеттерін жасаған. Ежелгі адамдардан ертедегі адамдар (палеоантроптар – неандерталь адамы), олардан қазіргі адамдардың арғы тегі кроманьон адамы, есті адам (неоантроптар) пайда болған. Морфология ерекшеліктері бүгінгі адамдарға жақын. Антропогенездік зерттеулері есті адамдарда бұрынғы адам тектерінің кейбір белгілерінің қайталануын (рудимент, атавизм), эмбрионалдық, анатомиялық, биохимиялық, т.б. ұқсастықтарды, әлеуметтік ерекшеліктерді (еңбек құралдарын жасау, пайдалану, т.б.), әр түрлі тағамдар әзірлеу, отты пайдалану, ойлау, сөйлеу қабілетін, т.б. жағдайларды анықтады. Бұл кезде жасанды тұрақжай пайда болды, еңбек құралдары күрделене түсті. Әлеуметтік ұйымшылдыққа бейімделу байқалды. Тілдің пайда болуының арқасында әлеум. қарым-қатынас жоғары сатыға көтерілді. Мұның барлығы қосылып табиғи ортаға бейімделуінің арқасында үйлесімділік тапты. Барлық адам баласы биологиялық бір түрге (Homo Sapіens) жататын болып қалыптасты. Демек, Homo Sapіens-тың тарихи дамуы тоқтамай, жалғасып жатыр. Қазақстан жерінде ежелгі адамдар тұрақтары Оңт. Қазақстанда (Қаратау, Жетісу), Батыс Қазақстанда (Маңғыстау, Мұғалжар), Орт. Қазақстанда (Сарыарқа, Балқаш) көптеп табылған.
Антропогенездің қозғаушы күштері.Адам эволюциясындағы антропогенездің биологиялық факторларыАдам — органикалық дүние эволюциясында ең соңында пайда болған биологиялық түр. Органикалық дүниеде болатын тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу адам эволюциясында да маңызды орын алады. Адам эволюциясындағы мұндай табиғи заңдылықтарды Ч.Дарвин нақтылы мысалдармен дәлелдеп берді. Осындай табиғи әсерлердің нәтижесінде ертеде тіршілік еткен адамтектес маймылдардың денесінде елеулі анатомиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Адамтектес маймылдар бірте- бірте тік жүруге көшіп, қол мен аяқтың қызметі бір-бірінен бөліне бастады. Қолдары еңбек құралдарын жасауға дағдылана түсті. Табиғи сұрыпталу адамдардың жеке топтарының еңбек құралдарын жасауды жетілдіре түсуіне, ұжымдасып аң аулауына, қарттарға қамқорлық жасалуына колайлы жағдай туғызды.Фридрих ЭнгельсОсындай іс-әрекеттердің нәтижесінде жекелей сұрыпталумен бірге, топтық сұрыпталу жүріп отырды. Бірақ антропогенезді тек қана биологиялықзаңдылықтармен түсіндіруге болмайды. Бұл арада әлеуметтік өмірдің де елеулі орын алатынын Фридрих Энгельс (1820—1895) өз еңбектерінде дәлелдеп берді. Ол, әсіресе еңбектің, қоғамдасып тіршілік етудің, ақыл-ойдың және сөздің маңызын атап көрсетті.Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторларының біріКез келген еңбек құралдарын дайындау үшін адам еңбек етуі қажет. Еңбек құралдарын жасау қол арқылы жүзеге асады. Фридрих Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол:"Еңбек — адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, адамды адам еткен еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз", — деп жазды. Олай болса, еңбек антропогенездің басты әлеуметтік қозғаушы күші болды. Адам өз еңбегі арқылы еңбек құралдарын жасай алады. Кейбір адамтектес маймылдар қарапайым құралдарды пайдалана алғанымен, еңбек құралдарын жасай алмайды. Жануарлар табиғатқа өз тіршілік әрекеті арқылы ғана әсер етеді. Ал адам өзінің саналы еңбегі арқасында табиғатты өзгерте алады. Адамның табиғатқа әсері орасан зор және сан қилы болады. Еңбек етудің нәтижесінде біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тегімізде морфологиялық және физиологиялық өзгерістер пайда болды. Оны антропоморфоз деп атайды. Адам өз еңбегі арқылы өзіне де өзгерістер енгізді. Еңбек — адам эволюциясына тән негізгі фактор. Маймылдар алғашында ағаш басында өрмелеп жүріп тіршілік еткен. Кейіннен ағаштан жерге түсіп күн көрген. Олардың тіршілігіндегі бұл өзгеріс бірте-бірте екі аяғының көмегімен тік жүріп, өмір сүруіне жағдай жасады. Адамның екі аяғымен тік жүруі — "маймылдан адамға өтуде шешуші қадам болды" (Энгельс). Тік жүрудің нәтижесінде адамның омыртқа жотасында "S" әрпі тәрізді иіліс-бұрылыс пайда болып, ол Денеге солқылдақтық қасиет берді. Ал аяқтың басы (табан сүйектері) күмбездене түсті, жамбас сүйектері жалпайып, сегізкөзбен байланысы артты, жақсүйектері бұрынғыдан жеңілдене түсті. Мұндай өзгерістер тұқым қуалаушылықтың нәтижесінде, миллиондаған жылдар бойы жүріп отырды. Сондықтан да адам бірден тік жүріп кеткен жоқ. Тік жүруге көшудің де өз қиындықтары болды. Тік жүру жүріс жылдамдығын баяулатты, сегізкөздің жамбаспен тұтаса байланысуы ұрпақ тууды қиындатты. Адам денесінің ауыр салмағы жалпақ табандылыққа жағдай жасады. Оның есесіне қолдың жерден босауы еңбек құралдарын жасауға едәуір жеңілдік туғызды. Қорыта айтқанда, тік жүруге көшу адам эволюциясындағы ең негізгі басқыш болды. Адамның алғашқы қалыптасу кезеңінде қол нашар дамығандықтан, ол қарапайым ғана құралдар жасай білді. Бірте-бірте осындай белгілер тұқым қуалау арқылы ұрпақтарға беріліп отырды. Ф. Энгельс: "Қол — еңбек ету құралы ғана емес, сонымен бірге — қол еңбектің өз жемісі", — деп түсіндірді. Маймылға ұқсас ата тектеріміз алғашында өздері өмір сүрген жерлердегі тастан, жануар сүйектерінен өте қарапайым құралдар жасап пайдаланды. Мұның өзі олардың ой- өрісіне, мінез-қылығына әсер етті әрі еңбек құралдарын жетілдіре түсуіне де септігін тигізді. Адамның еңбек етуге дағдылана түсуі антропогенездегі әлеуметтік әсерлердің ықпалының артуына септігін тигізеді. Биологиялық заңдылықтардың адам өміріне әсері бірте-бірте бәсеңдей түсті.Қоғамдасып тіршілік ету — адам эволюциясының қозғаушы күшіКез келген жануарлардың тіршілік әрекеті рефлекстер мен түйсіктер (инстинктер) арқылы ғана жүзеге асады. Жануарлардың топтасып тіршілік етуге көшуі тек табиғи сұрыпталу арқылы ғана жүріп отырды. Адамның ең ежелгі маймылға ұқсас ата тектері де топтасып өмір сүрді. Олардың еңбек етуі де қоғамдық сипатта болды. Сондықтан Ф.Энгельс адамныңарғы ата тегін топтасып тіршілік еткен маймылдардан іздестіру керек екенін атап көрсетті. Топтаса жүріп еңбек еткендіктен, олардың арасында өзара қауымдық қарым-қатынас калыптаса түсті. Еңбек қоғам мүшелерінің қауымдасуына септігін тигізді. Олар ұжым болып аң аулауды, жыртқыш аңдардан қорғануды үйренді, қоғамдасып бала тәрбиесіне көңіл бөлді. Ересектер өз өмір тәжірибелерін ұрпақтарына үйретті. Адам бірте-бірте отты пайдалануды және оны сақтауды үйренді. Адамның арғы ата тектері бірте-бірте өсімдіктекті тағамдарды пайдаланудан жануартекті тағамдарды көбірек пайдалануға көшті. Етті тағамдар адам организмін қажетті өте сапалы аминқышқылдарымен қамтамасыз етті. Ол үшін олар аң мен балық аулау құралдарын жасауды жетілдіре түсті. Жануартекті тағамға көшу адам организміне де өзгерістер енгізді. Мысалы, адам ішегінің қысқаруы, шайнау бұлшық еттерінің жетіле түсуі, т.б. Отты пайдалану адамның арғы ата тектеріне көп жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туғызды. Қоғамдасып тіршілік ету жағдайы адамның арғы ататектерінің табиғатты танып білуіне, өмір тәжірибелерінің жинақтала түсуіне мүмкіндік жасады. Олардан бір-бірімен ымдау, ишарат және дыбыс шығарып хабарласуды талап етті. Ең ежелгі адам пайдаланған сөздер еңбекпен тікелей байланысты болды. Бірте-бірте көмекейдің, ауыз қуысындағы мүшелердің құрылысы сөйлеуге байланысты өзгерді. Тұқым қуалау және табиғи сұрыпталу арқылы айқын сөйлеу мүшелері қалыптасты. Адам да жануарлар сияқты сезім мүшелері арқылы сыртқы орта тітіркендірулерін қабылдайды. Бұл — бірінші хабаршы жүйе арқылы жүзеге асады. Екінші хабаршы жүйе адамның жоғары дәрежелі жүйке қызметіне тікелей байланысты. Адамның арғы тектерінің өзара сөзбен қарым-қатынас жасауы адам миының дамуына, ойлау қабілетінің арта түсуіне ықпал жасады. Сөз бірте-бірте тәрбие құралына айналды. Сөз арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынас арта түсіп, қоғамдық байланыс дамыды. Адамның арғы ата тектерінің эволюциясында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірлесе ықпал жасады. Қоғамдық қарым-қатынастардың қалыптасуына сәйкес адамдар арасында табиғи сұрыпталу өз мәнін бірте-бірте жойды. Оның есесіне әлеуметтік фактор (еңбек ету, сөз) адам эволюциясында негізгі орын алды. Ойлау, сөйлеу, ұжымдасып еңбек ету қабілеттері ешқашан тұқым куаламайды. Тек адамның морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері ғана тұқым куалайды. Кейде адам қоғамынан тыс тәрбиеленген жас балаларда (кейбір аңдар асырап алған) ойлау, сөйлеу қабілеттері мүлде дамымайтыны анықталды. Қоғамдық құрылыста әрбір аға ұрпақ өз білімін, өмірлік тәжірибелерін кейінгі ұрпаққа тәрбие, білім беру арқылы жалғастырады. Қоғамның дамуына байланысты адамдардың еңбек ету кабілеті арта түсті. Түрлі шаруашылық салалары дамыды, өнеркәсіп өркендеді, ғылым, өнер, сауда, дін, т.б. өрісін кең жайды. Тайпалардан бірте-бірте ұлттар пайда болды. Жаңа мемлекеттер құрылды. Қорыта айтканда, биологиялық (тұқым қуалайтын өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу) және әлеуметтік факторлардың (еңбек әрекеті, етті тағамды пайдалану, қоғамдық қарым-қатынас, сөз және ойлау) бірлескен жиынтығы антропогенездің негізгі қозғаушы күштері болып саналады .Адамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратадыАдамның әлеуметтік эволюциясында үш негізгі кезеңді ажыратады. Оның, бірінші кезеңі — қоршаған ортаны танып-білуін өнер туындысы арқылы көрсете білуі. Мысалы, тасқа ойып суреттер салу. Екінші кезең — жабайы жануарларды қолға үйретумен және егіншіліктің дамуымен тікелей байланысты. Осындай әрекеттер арқылы адам өзі өмір сүріп отырған табиғи ортаға ықпал жасай бастады. Үшінші кезең — XV ғасырда қайта өрлеу дәуірінен басталған ғылыми-техникалық прогреспен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде адамның ақыл-ой санасы басты әлеуметтік факторға айналып отыр. Адамзат қазір Жер шарына кеңінен таралып, тіпті ғарыш кеңістігін игеруді де колға алуда. Адамдар қоныстанған жер биосферасы, адамның ақыл-ой санасы басқаратын ноосфера
Антропогендік биогеохимиялық шет аймақАнтропогендік биогеохимқ шет аймақтар олар адам қызметінің нәтижесінде п.б өнірлер, олардың санына қоршаған ортаны химқ заттармен ждел ластайтын көздер айналасында қалыптасатын техногендік биогеохимиялық аймактар да жатады.
Биогеохимқ техногендік аномолияларды боледі: техногендік фотогеохимқ химиялық заттардың өсімдіктерде жиналуы, техногендік зоогеохимқ химқ заттардың ұй жануарларда жиналуы, техногендік антропеогеохимқ химқ заттардың адам организмдерінде жинакталуы.
Антропогендік биогеохимлы шет аймақтар туралы зиянды заттардың коздер; мунайгаз ондіруші және мунай газ ондеуші өнеркәсіптер, түсті және кара металлургия, комір және жылуэнергетикалық өнеркәсіп, автоколәк болады.
Aрал дагдарысы. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген. Арал апатына себеп болған факторлар:
жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Ауыл тұрғын жерлерінің урбанизациясы оның салдары.
Қазіргі кезде урбанизация мәселесі ауылдық жерлерді де қамтиды. Соңғы онжылдарда шаруашылықтардың іріленуіне байланысты ауылшаруашылық өндірісі бір ортаға шоғырландырылды, бұл бір елді мекендердің ұлғаюына , басқаларының бос қалуына әкеліп соқты. Ауылшаруашылық өндірісінің қайта жарақтандырылуы – кең түрде механикаландырылуы, ірі малшаруашылық кешендерінің салынуы , ауылшаруашылық өнімдерді алғашқы өңдеу және ауылшаруашылық техникаларын жөндеу қуаттарының іске қосылуы (қуатты элеватор, машина – трактор станциялары , сүт зауыттары , дән, көкөніс, жеміс комбинаттары ) міне, осылар бой көтерді. Жеке ауылдық елді мекендерде тұрғындардың шоғырлануы, ауылды жақсы жабдықтау , жоспарлау, құрылыс мәселелерін шешу, сумен қамтамасыз ету, қатты және сұйық қалдықтарды жинау секілді шаралар қоршаған ортаңа залалсыздандыру және пайдалану мәселелерін шешу қажеттігін туғызды, басқаша айтқанда ауылда өмір сүру үлгісі іс жүзінде қалалық өмірге жақындады.
Осылыйша, адамның ауыл табиғатына белсенді араласуы ауылдық жердегі экологиялық жағдайдың өзгеруіне себепкер болды.
.Ауылдың экологиялықжағдайын анықтайтын факторлар.
Ауылдық жердегі экологиялық жағдай тікелей елді мекендердің дұрыс жобалануы мен құрылысын салу мәселелрімен байланысты.Ең алдымен құрылыстың бір екі қабат болғаны жөн.аймақты сумен қамтамасыз ету және канализациялау ерекшкліктеріне тәуелді.Ауылдық елді мекендердің бас жоспарында,жоспарлану мен қайта жасалынуында экологиялық жағадайын жақсарту мәселелері алдын ала қарастырылуы керек.ңқ пайызын жасыл желектер қоршап жатуы керек арнаулы мақсаттағы (өнеркәсіп секторының санитарлық қорғау аймағын және қар тоқтату жолақтарын көгалдандыру) орындар болу керек.Ауылшаруашылық қажеттіліг өсіп, агробиоценоздар қалыптасты жасанжы бірлестіктер.Ал ол экологиялық компоненттерге өз әсерін тигізуде топырақты химияландыру атмосфералық ауаға химияландыру және су алаптарын тиімсіз пайдаланғаннан сумен қамтамасыз ету және ластану проблемасы.Мал және құс шаруашылығының өркендеуі оның қалдықтары қоршаған ортаны ауылдық жерлердегі аса мол ластауда Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қалдықтарының анаэробтық ұрдістерінің нітижесңнде 27 газ тәрізді қосылыстар шығады, олардың негізгілері күкіртті сутек, аммиак, көмір қышқыл газы, индол, скатол, меркаптандар.
Олар жануарларға да адамдарға да зиянды әсер етеді.Бас ауыру, жиіркеніш сезімі, жүрек айну, тыныс органдарының функциясы бұзылуы.Химияландыру топырақ ластануына алып келді.Минерал тыңайытқыштар, пестицидтер, гербициттер, инсектицидтер бұлар топырақпен қатар ауаныда ластап адамға улы әсерін тигізеді.
Алылдың қорошаған орта нысандарының ластану көздері.
Топырақ және су көздерінің ластануы тудыратын жағдпйлар мыналар:
- өнеркәсіптік алаңшалардың үстіңгі бетінен атмосфералық жауын-шашынмен жуылған заттар;
- көң сақтайтын орындардан немесе сыйымдылықтардан топырақтағы суларға және ашық су көздеріне жуынды ағынды сулардың жырып өтіп кетуі;
- жуынды су жинағыштардан немесе жер суару өрістерін жырып өтіп шығуы
-ауылдық елді мекендердің аумақтарын дұрыс жоспарламау
Су қоймасына түскен жуынды судың әсері суда еріген оттегі мөлшерінің азаюы, шіріген иістердің пайда болуы , қарақошқыл түсі, органикалық заттар ОБК және қышқылдануының көбеюі арқылы білінеді. Осының салдарынан суда нитраттар, аммиак, және органикалық қосылыстар шоғыры күрт жоғарылайды . Топырақта ішек тобына жататын патогендік бактериялар мен сальмонеллездер бір айға дейін тіршілігін сақтайды. Олар топыраққа 50 cvжәне одан да көп тереңге кіруі мүмкін.
Атмосфералық ауаны газдармен ластаудың негізгі көзі – көң мен құс саңғырығы болып табылады .Газдар жерге түсу , тасымалдану, сақтау, өңдеу жіне жою үрдісінде шығады.
Жерге жаңа түскен тезекте анаэробтық үрдістер дами бастайды.
Мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қалдықтарының анаэробтық ұрдістерінің нітижесңнде 27 газ тәрізді қосылыстар шығады, олардың негізгілері күкіртті сутек, аммиак, көмір қышқыл газы, индол, скатол, меркаптандар.
Олар жануарларға да адамдарға да зиянды әсер етеді.Бас ауыру, жиіркеніш сезімі, жүрек айну, тыныс органдарының функциясы бұзылуы.Химияландыру топырақ ластануына алып келді.Минерал тыңайытқыштар, пестицидтер, гербициттер, инсектицидтер бұлар топырақпен қатар ауаныда ластап адамға улы әсерін тигізеді.
Ауылдық елді мекендерді қоршаған ортанын ластануы. Ресми деректерге жүгiнсек, тек қана 2000-02 жылдары елiмiзде 300-ге жуық елдiмекен өзiнен-өзi тарап кеттi. Жергiлiктi әкiмдiктердiң деректерi бойынша, 2004 жылы тұрғын халқы жоқ, бiрақ таратылмаған 136 елдiмекен болған. Жалпы, 7 193 869 тұрғын тұратын 7660 ауылдық елдiмекеннiң 1062-сi – даму әлеуетi жоғары топқа , 5664-i – орташа, 776-сы – әлсiз топқа жатқызылған. 22 ауылдың экологиялық жағдайы өте нашар делiнген. Мәселен, Атырау облысында радиациялық аяның деңгейi жоғары – 2, сапалы ауызсудың жоқтығына байланысты Қызылорда облысында – 14, Оңтүстiк Қазақстан облысында – 1 елдiмекен тiлге тиек етiлген.Ал Ұлттық халық санағының қорытынды деректерiне сүйенсек, республика халқының 46 пайызы ауылдық жерлерде өмiр сүруде. Нақтырақ айтсақ, 7 365 700 азамат елдiмекендерде түтiн түтетiп отыр. Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлiгi өткен жылдың шiлде айында мынадай деректердi ұсынды. “2008 жылы республика бойынша 2004 жылмен салыстырғанда даму әлеуетi жоғары ауылдық елдiмекендердiң саны 1266 бiрлiкке артқан. Ал даму әлеуетi төменi 492 бiрлiкке кемiген. 2009 жылдың 1 қаңтарында республика бойынша 7093 ауылдық елдiмекен бар. Оның iшiнде, 2473-i – жоғары, 4490-ы – орта, 103-i – төменгi даму әлеуетiне жатады. 27 елдiмекенде мүлде тұрғын жоқ”.
2000-09 жылдарда Қазақстандағы елдiмекендердiң саны қаншаға кемiген сонда? Барлап қарап, есепшотқа салдық. Алғашқы екi жылда “өзiнен-өзi тарап кеткен” 300 ауылға бағдарламаның орындалу барысында кемiген және 567 елдiмекендi қостық. Тоғыз жылда нақ 867 ауылдың орны ойсырап қалды.Неге кезiнде айрандай ұйып тiршiлiк етiп отырған ел ашыған сүттей iрiп кеттi? Жұрт неге үдере көшуде? Халықтың ауылда өмiр сүруге неге құлқы, құлшынысы жоқ? Осы сауалдарға да жауап iздедiк.
Ауылдық аймақтарды дамыту туралы дәл осы бағдарлама қабылданғанда қордаланып қалған түйiндi мәселелердi шешу көзделген-дi. Әсiресе, ауызсу құбырын тарту, қатқыл жол салу, электр қуатымен қамтамасыз ету, газдандыру, байланыс жүйесiн реттеу, әлеуметтiк инфрақұрылым: денсаулық сақтау, бiлiм беру, қоғамдық қауiпсiздiк және құқықтық қызмет көрсету iсiн жолға қою сынды мәселелер талқыға салынған болатын.Мәселен, 2003 жылы республикадағы ауылдардың 72 пайыздан астамында су құбыры тартылмаған. Анықтап айтқанда, 5543 елдiмекенде таза ауызсу жоқ. Оның 4862-сi құдықтан, бұлақтан су алып iшкен. Қалғанында мұның өзi жоқ. Әсiресе, таза ауызсуға мұқтаждық көрген ауылдардың саны Ақтөбеде – 386, Шығыз Қазақстанда – 664, Батыс Қазақстанда – 426, Қостанайда – 667, Павлодарда – 451, Солтүстiк Қазақстанда – 605-ке жеткен. Қажет десеңiз, сол жылдары республикада 265 ауыл жарықсыз, майшаммен отырған. 6290 елдiмекенде мүлде денсаулық сақтау нысандары болмаған. 479 ауылдың мектебi талапқа мүлде сай емес, 735 ауылда тiптi бiлiм ошағының өзi жоқ. Мiне, бұл бағдарлама осы сарындас күрмеуi көп күрделi мәселелер таудай үйiлiп тұрғанда қабылданған-ды.Арада 7 жыл өттi. Осы уақыт аралығында не өзгердi? Нақты қандай жұмыстар атқарылды? Ауыл халқының тыныс-тiршiлiгi түзелiп, түтiнi түзу шыға бастады ма? Әлде...Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2009 жылы аталған бағдарламаның орындалу барысы туралы талдау жасады. Онда айтылған ақпарат жөнiнде бұрын да жаздық. Келтiрiлген деректерде кейбiр мәселелер ашық айтылмады. Мәселен, республикадағы 7093 елдiмекеннiң қаншасында мектеп, қаншасында денсаулық сақтау нысаны бар екенiн, қаншасы ауызсумен қамтылғанын, қаншасына қатқыл жол салынғанын, анық санын жазбаған. Неге? Ол жағы түсiнiктi. Жағымсыз дерек айтылмауы тиiс. Әлi күнге елiмiздiң 116 ауылына электр энергиясы жетпегенi, 6522-сiне газ құбыры тартылмағаны тағы бар. Мәдени демалыс ұйымдарының халiн айтпасақ та белгiлi.Асылы, Қазақстан Республикасының ауылдық аймақтарын дамытудың 2004-10 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасынан қандай нәтиже күтiлдi? Бiлетiнiмiз, ауылдық аймақтарда 5480 жаңа кәсiпорын ашу, 2411 ауылдық елдiмекендi таза ауызсумен қамту, 178 ауылға жаңа электр желiсiнiң құрылысын жүргiзу және 1470 ауылдың электр желiлерiн қайта жөндеу, 90 ауылға су жаңа қатқыл жол төсеу, 2038 ауылдың автожолына күрделi жөндеу жүргiзу, 1294 ауылдың тас жолын бабында ұстау, 1631 ауылға газ құбырын тарту, 529 елдiмекенге мектеп, 325 ауылға аурухана салу, халықаралық және iшкi көшi-қонды реттеу, тағысын тағылар жоспарланған-ды. Тәттi уәде үйiлiп-төгiлгенi көрiнiп-ақ тұр. Алайда, нәтижесi...
Үкiметтiң нақты қандай жетiстiкке жеткенiн қайдам, әйтеуiр, ауыл мәселесi әлi күнге өзектiлiгiн жоғалтпай тұр. Тығырыққа тiрелген ауыл халқының үдере көшуi тыйылар емес. Неге? Өйткенi, шалғайда жатқан елдiмекендердi былай қойғанда, аудан орталықтарына жақын ауылдардың өзiнде шешiлмеген мәселе шаш етектен. Бiрiнде, мектеп жоқ. Екiншiсiнде, қатқыл жол төселмеген. Үшiншiсiнде, таза ауызсу құбыры тартылмаған. Төртiншiсiнде... Осылай жалғаса бередi. Жығылғанға жұдырық, ауылда жұмыссыздардың саны көп-ақ. Екi қолға бiр күрек таба алмай әлек.Жақында ҚР Парламент сенатының депутаты Қ.Айтаханов премьер-министр К.Мәсiмовке дәл осы бағдарламаға байланысты былай деп депутаттық сауал жолдады: “Бiрiншiден, бағдарламада көрсетiлген негiзгi мақсаттар мен ондағы қойылған мiндеттер толық орындалды ма? Ауылдық аумақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуына, экологиялық қауiпсiздiгiне байланысты ауыл тұрғындарын әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылым қызметтерiмен қамтамасыз ету нормативтерi мен стандарттары әзiрлендi ме және сол стандарттарды енгiзу бойынша қандай жұмыстар атқарылды?
Екiншiден, бағдарламаның “Заңнамалық қамтамасыз ету” тармағындағы ауылдардың дамуына басымдық беретiн нормативтiк құқықтық құжаттарды қабылдау қашан толығымен орындалады?Үшiншiден, алдағы бес жылға ауыл тұрғындарының әлеуметтiк және инфрақұрылымдық жағдайын жақсарта түсуге бағытталған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы қабылдана ма?”Дәл осы сауалдардың диiрменге түскенiне мiне, 20 шақты күн толды. Үкiмет әзiрге үн-түнсiз. Әрине, қандай жауап болатыны, берiлген жауаптың өзi қаншалықты шындыққа жанасатыны және белгiсiз. Әйтсе де, сәтi түскенде шешiле сөйлейтiн шенеунiктердiң құлағына алтын сырға. Бұл басты мақсат – есеп беруде емес, ауыл халқының тұрмысын түзеуде. Ауылдық аймақтардың тұрмысын түзеу үшiн ащы болса да, бүгiнгi тiршiлiгiн ашып айтқан дұрыс-ақ.
Әлемдiк мухиттардын экологилык маселелерi. Мұхит құрлықтар мен аралдарды қоршап жатқан Жердің тұтас су қабаты. Аумағы 361,26 млн. км2, көлемі 1340,74 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 11022 м (Тынық мұхиттағы Мариана шұңғымасы). Дүниежүзілік Мұхит құрлықтар арқылы 4 бөлікке бөлінеді: Тынық (50%), Атлант (25%), Үнді (21%) және Солтүстік Мұзды Мұхит (4%). Мұхит Солтүстік жарты шардың 61%-ын, Оңтүстік жарты шардың 81%-ына жуығын алып жатыр. Мұхиттық жарты шардағы судың мөлшері 91%-ды және құрлықтық жарты шардағы мөлшері 53%-ды құрайды. Гидрология режимінде Дүниежүзілік Мұхит жеке мұхиттарға, теңіздерге, шығанақтарға, қойнаулар мен бұғаздарға ажыратылады; сыртқы шекарасы құрлықтың жағалық сызықтарымен айқын кескінделіп, ішкі шекарасы теңіздермен және оның бөліктерімен бөлінеді. Кейбір зерттеушілер Дүниежүзілік Мұхитты Бес Мұхитқа бөледі. Оның шекарасы субтропиктік және субантарктикалық конвергенция сызығы бойымен немесе Ортамұхиттық жоталардың ендік бөлігі бойынша өтеді. Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.