
- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
- •11.Есеп. Кінәсіздік презумпциясы. Dura Lex Sed Lex – қағидасының мәнін ашыңыз. Аталған қағиданы осы заман құқығының талаптарымен байланыстырыңыз.
- •12.Есеп. Қылмыстық істі шешу барысында н. Есімді тергеуші әкімшілік құқық нормаларына жүгінді. Сот үкім шығару кезінде сот прецедентіне негізделген. Құқықтың қай қағидасы бұзылды?
- •13.Есеп. Осы заман құқығы үшін рим құқығының маңызын ашыңыз. Ілімдері құқықтың қайнар көзі болып есептелген бес рим заңгерінің аттарын атаңыз.
- •14.Есеп. Грамматикалық ережелерге сүйене отырып, келесі тұжырымның мағынасын түсіндіріңіз: «өлім жазасы немесе рақымшылық». Бұл тұжырымның екі түрлі мағынасын ашыңыз. Ол неге байланысты?
- •15.Есеп. Қазақстандық газеттерден көрініс тапқан құқықтық қателіктерді анықтаңыз.
- •17.Есеп. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс қолданылмаған? Сөйлемді түзеңіз.
- •23.Есеп. Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсеңді талқылануда. Бұл мәселе бойынша өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Оған құқықтық баға беріңіз, қр Конституциясымен байланыстырыңыз.
- •27.Есеп. Құқықтық мәдениетті дамыту тұрғысынан «қоғам», «адам», «менталитет», «өркениет» ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •28. Есеп. Берілеген сөздерге синонимдер табыңыз. Қандай жағдайда синонимдік жұптардың әр сөзі сізге дұрысырақ болып көрінеді?
27.Есеп. Құқықтық мәдениетті дамыту тұрғысынан «қоғам», «адам», «менталитет», «өркениет» ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
Құқық – адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық мәдениет жалпы мәдениеттен бастау ала отырып, халықтың менталитеті және оның даму деңгейінен көрініс табады.
Қазақстандағы құқықтық мәдениет рухани жэне материалдық құндылықтардың жиынтығы болып табылады, сонымен қатар, ел құқықтық қызмет болып саналады. Осыған қоса құқықтық мәдениеттің құрамына құқықтық құбылыстарға қатысты прогресивті, әлеуметтік қажеттіліктер мен құндылықтар кіреді. Ол тек қорытынды емес, қызметінің әдісі де, және бүл мағынада рухани құқықтық мәдениет ойлау бейнесі, жүріс-түрыс нормалары мен стандарттары. Культурологиялық аспектіде құқықтық сана қоғам мәдениетінің элементі, оның құқықтық мәдениеті ретінде қарастырылады. Құқықтық мәдениет құрамына құқық саласына адаммен құрылған құндылықтар енген. Ол мирасқорлық принципы негізінде дамыды және өркендеді. Қазіргі кездегі құқықтық мәдениеттің үлкен кұндылықтары ежелгі Римдегі оның әйгілі заңгерлермен қалыптастырылған. Адам қоғамының тарихи даму процесінен қалыптасқан ең зор мәдени байлық-қүқық пен қүқықтық заңдар. Адам қоғамын дағдарысқа ұшыратпай миллион жылдар реттеп-басқарып келе жатқан мемлекет пен қүқық. Мәдениеттің, қүқықтың даму процесінде заңдылықпен қүқықтық тәртіп қалыптасып, қоғамның прогрестік жолмен дамуына мүмкіншілік жасады.
28. Есеп. Берілеген сөздерге синонимдер табыңыз. Қандай жағдайда синонимдік жұптардың әр сөзі сізге дұрысырақ болып көрінеді?
Афера-алдау, арбау, Бартер- Бартер және бартерлік экономика - тауарлар ақшаға емес, баска тауарларға айырбасталатын экономикалық айырбас түрі және осыдан туындайтын экономиканын түрі. Кейбір қоғамнын тұйық түрлерінде айырбас құралы ретіндегі ақша мүлдем болмайды. Бартер - саудада тауар айырбастау операцияларының бір түрі. Бартер мәмілесі бойынша тауарлар ақша қаражатын аудармастан, соның балама сомасына айырбасталады. Әдетте, бартер операциясы бір экспорт-импорт келісімшартының негізінде жүзеге асырылады, онда келісілген мерзімдерде ұсынылатын тауарлардың мөлшері, сомасы (келісімді бағалар бойынша) және түр-түрі атап көрсетіледі. Екі жақтың бартер келісімшарттары бойынша қабылдаған міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін банк кепілдіктері, үстеме аккредитивтер немесе «эскроу» есепшоттары қолданылады (шартты есептесу бірлігіне негізделетін арнайы есепшот, келісімшарт жағдайларының орындалу барысына орай тараптардың қай-қайсысы да оны пайдалана алады). Имидж- Имидж (ағылш. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету. 1.іскер адамның бет-бейнесі‚ оның қоғамдағы беделі. Мұның өзі нарықтық қатынас жағдайында кәсіпкер бизнесінің дамуына тікелей ықпал етеді; 2.фирманың‚ тауарлардың‚ көрсетілетін қызметтердің‚ сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі. Фирманы тұтас мүліктік кешен ретінде сату кезінде имидж субъектінің сату (сатып алу) бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін. Оң айырма – “гудвилл”‚ теріс айырма – “бэдвилл” деп аталады. Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. Инцидент-белгілі бір жағымсыз оқиғаның орын алуы болып табылады. Катаклизм-табиғи көрініс болып табылады.
Остракизм-белгілі бір азаматты мемлекеттен қуып жіберу болып табылады.
Рейтинг-бағалау жүйесі.
Стагнация-белгілі бір қоғамдық қатынастардың бір орында тұрып қалуы.
Конформизм-белгілі бір адамдардың қоғамдағы алатын белсенді рөлі болып табылады.
29.Есеп. Киностудияда фильм түсіріліп жатты. Түсірілімнің екі дублі өртеніп жатқан сарайда түсіріліп жатты. Әртістің үстіндегі киімі жайланып өртеніп жатты, бірақ режиссер үшінші дубльды түсірмекші болды. Әртіс өртеніп жатқан сарайда қайтыс болды.
Режиссердың әрекетіне тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму тұрғысынан баға беріңіз. Режиссер құқықтық нигилизмнің қай нысанын жүзеге асырды?
Бұл жерде режиссердің іс-әрекеті немқұрайдылық болып табылады. Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады. Құқықтық нигилизмдегі мемлекет бекіткен қоғамдарда халықтың құқыққа деген жағымды, дүрыс көзқарасын орнату тіптен мүмкін емес. Соның салдарынан қоғамда жаппай қүқықтық нигилизм орнайды. Ал мемлекеттің шығарған заңдары өз мемлекеттік органдары мен лауазым иелерімен бүзылады. Бүндай жағдайда қоғамда ведомостволық қүқықтық нигилизм орнайды. Құқықтық нигилизмнің мынадай көріністері бар:
қоғамдағы барлық заңдар мен басқа да нормативтік қүқықтық актілерді қасақана тікелей бүзу;
жаппай барлық заңдық үйғарымдарды орындамау;
бір-біріне қайшы келетін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
заңдылықты саяси идеологиялық пайдалылыққа әдейі ауыстыу; адам құндылықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге , ар - намысы мен қадір касиетін қорғауға немесе т.б. құқықтарын бұзу, езу, таптау, шашу.
Құқықтық нигилизмнің көріністері әртүрлі: қүқықтың рөлі менен мазмұнына немқұрайлы қарау, қүқық пен мемлекеттік құқықтық институттарға сенбеу, келеңсіз қарау. Құқықтық нигилизм - құқықтық сананың келеңсіз, бұрмаланған жақтары болып табылады.
30.Есеп. ҚР Конституциясы 4-бабын қараңыз.«Қолданыстағы құқық» түсінігіне доктриналды талдау беріңіз? Берілген бапта қандай құқықтың қайнар көздері көрсетілген. Көрсетілген бапта НҚА (нормативтік құқықтық актілер) туралы заң иерархиясынан тыс қандай құқықтың қайнар көздері бар? Ол қандай мақсатпен жасалды?
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңды күшi бар және Республиканың бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Республика бекiткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайдан басқа реттерде, тiкелей қолданылады. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түрде жариялау оларды қолданудың мiндеттi шартты болып табылады. Нормативтік құқықтық акт (- нормативтік құқықтық акт — референдума қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттін лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативті акт - қандай да бір нормаларды мазмұндайтын акт.