- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
- •11.Есеп. Кінәсіздік презумпциясы. Dura Lex Sed Lex – қағидасының мәнін ашыңыз. Аталған қағиданы осы заман құқығының талаптарымен байланыстырыңыз.
- •12.Есеп. Қылмыстық істі шешу барысында н. Есімді тергеуші әкімшілік құқық нормаларына жүгінді. Сот үкім шығару кезінде сот прецедентіне негізделген. Құқықтың қай қағидасы бұзылды?
- •13.Есеп. Осы заман құқығы үшін рим құқығының маңызын ашыңыз. Ілімдері құқықтың қайнар көзі болып есептелген бес рим заңгерінің аттарын атаңыз.
- •14.Есеп. Грамматикалық ережелерге сүйене отырып, келесі тұжырымның мағынасын түсіндіріңіз: «өлім жазасы немесе рақымшылық». Бұл тұжырымның екі түрлі мағынасын ашыңыз. Ол неге байланысты?
- •15.Есеп. Қазақстандық газеттерден көрініс тапқан құқықтық қателіктерді анықтаңыз.
- •17.Есеп. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс қолданылмаған? Сөйлемді түзеңіз.
- •23.Есеп. Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсеңді талқылануда. Бұл мәселе бойынша өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Оған құқықтық баға беріңіз, қр Конституциясымен байланыстырыңыз.
- •27.Есеп. Құқықтық мәдениетті дамыту тұрғысынан «қоғам», «адам», «менталитет», «өркениет» ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •28. Есеп. Берілеген сөздерге синонимдер табыңыз. Қандай жағдайда синонимдік жұптардың әр сөзі сізге дұрысырақ болып көрінеді?
23.Есеп. Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсеңді талқылануда. Бұл мәселе бойынша өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Оған құқықтық баға беріңіз, қр Конституциясымен байланыстырыңыз.
Көп әйел алу – бұл полигамия мен моногамия мәселесі емес, бұл заңды рұқсат етілген полигамия мен заңсыз полигамия деп түсінуге болады. Өйткені көптеген ерлердің өмірінде бірнеше әйел болатыны хақ. Зерттеуші Джесси Бернардтің «Будущее брака» атты кітабында әлеуметтік сауалдың деректерін келтіреді. Сауал бойынша үйленген ер кісілердің 70 % некесіз қатынастарға барғандығын айтты. Сондықтан моногамия бар дегенімізбен, шын мәнінде оның жоқтығын мойындауға болады. Көп әйел алу мәселесі Қазақстан қоғамында бірнеше мәрте қызу талқыға түскен болатын. Тіпті, «Неке және отбасы туралы» заңға өзгеріс енгізу туралы да ұсыныстар айтылды, алайда парламентте көпшіліктің қолдауына ие болмады. Қазан төңкерісі қазақ даласына өзіндік заңдылықтарын ала келгені баршаға аян. Солардың ең бастысы – кеңес өкіметі көп әйел алушылық салт-дәстүрді түбірімен жоюға күш салды. Екі-үш әйелге ие болған қазақтың бақуат азаматтары кеңес өкіметі орнағанда некелеп алған әйелдерінен бірден бас тарта қойған жоқ. Бірақ бұл керітартпа салт ретінде насихатталып, соның салдарынан жесір қалған әйелдер қаңғып, жетім қалған ұрпақ көбейді. Өйткені тоқал алмақ түгілі бұрынғының жолымен келе жатқан әмеңгерлік салт та біртіндеп жоғалды. Демограф-ғалымдардың айтуынша, бұл қазақтың өсіп-өнуіне қарсы жасалған әрекеттің бірі болған. Көп әйел алу арқылы ұрпағының көбеюін басты мақсат санайтын қазақ бас қайғысымен әуре болып кетті. Бір әйелді асырау мұңға айналды.«Әйел мен еркек тең құқылы» деген кеңестік тәрбиенің әйелдерге дем беріп, олардың екінші, үшінші әйелдіктен бас тартуына негіз болғаны жасырын емес. Ендігі жерде кеңестік тәрбиеге мойынсұнған қазақ әйелдері арасынан оқыған, білімді қыз-келіншектер қатары көбейе бастады. Дегенмен бұл төңкеріске дейін қазақ әйелінің күні күн болмады деген пікірді білдірмесе керек.
24.Есеп. ҚР Конституциясының 3-бабында: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» - деп көрсетілген. Халық өзінің билігін қалай жүзеге асырады? Халық атынан билік жүргізуге кімнің құқығы бар? Аталған белгі қандай саяси режимге сай келеді? Қазақстанда қанша рет референдум өткізілді? Референдумда қандай сұрақтар қарастырылады?
Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады. Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемлекеттік сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады. Конституциялық құқықта референдумның мынадай; Императивтік, консультативтік, мемлекеттік, жергілікті түрлерін ажыратып көрсетеді. Императивтік референдум халықтың тура еркін білдіру жолымен референдум кезінде қабылданған шешімнің міндетті заңдық күші болатындығын білдіреді. Консультативтік референдум кезінде мемлекеттік билік органдары қайсы бір маңызды мәселе бойынша шешім (заң, басқа да нормативтік құқықтық актілер) қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалды. Конституцияялық референдум кезінде конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын бүкілхалықтың дауыс беруімен қабылдау туралы әңгіме болады. Заң шығарушы референдум халықтың дауыс беруімен заң шығаруға байланысты өткізіледі. Міндетті референдум конституция, конституциямен белгіленген шарттарға орай, құзіретті органға референдум өткізуді міндеттейді. Факультативтік референдум құзіретті органның заңда (конституцияда) көзделген мәселелер бойынша өз қалауымен (бастамасымен) референдум тағайындай алатындығын білдіреді. Референдум мемлекеттің бүкіл көлемінде немесе мемлекеттің белгілі бір аумағында өткізілуі мүмкін. Қазақ КСР-ның 1978 жылғы Конституциясында мемлекеттік билікті халықтың халық депутаттары Кеңестері арқылы жүзеге асыра алатындығы көзделген. Басқаша айтқанда, азаматтар мемлекет өмірінің барлық мәселелерін шеше алатын өкілетіктері бар өкілдерін Кеңестерге сайлайды. Қазақ КСР Конституциясында мемлекет өмірінің барынша маңызды мәселелері бүкілхалықтық талқылауға енгізіледі, сондай-ақ бүкілхалықтық дауысқа (референдумға) қойылады. Тек халықтың еркінің қандай императивтік немесе консультативтік сипатта ма болатыны түсініксіз еді. Мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелерін халық емес, оның орнына Коммунисттік партия шешетіндіктен, референдумның айқындалмаған сипаты оның маңызына жәй қарай салудың салдары болды.
25.Есеп. Қазақстанның құқықтық тәжірибесінде болған жағдай. Мемлекеттік қазыналы кәсіпорынның басшысы барлық жұмысшыларға Президентті сайлауға міндетті түрде қатысу керектігі туралы бұйрық шығарады. Қатыспаған жағдайда жұмысшы жұмыстан кетуі тиіс болды. Жұмысшылар бұйрыққа бағынып, сайлауға қатысады. Сайлау өткеннен кейін жұмысшылар заңсыз бұйрық шығарғаны үшін кәсіпорынның басшысына қатысты сотқа арыз беріп, моральдық залалдың орнын толтыруды талап етеді.
Яғни, бұл жерде сайлау туралы Қазақстан Республикасының заңының нормасы бұзылыр тұр, өткені, бұл заңда келесідей норма орын алған-ешкімді де мәжбүрлі түрде сайлауға қатыстыруға болмайды, мұндай көрініс тапқан кезде бұл заңға және өзге де нормативтік құқықтық актілердің нормаларына қайшы келеді деп көрініс тапқан. Жұмысшылардың берген талап арыздары заңды болып табылады, сот жұмысшылардың пайдасына шешім шығарады.
26.Есеп. Интернеттің форумында ҚазҰУ-нің қабырғаларында намазхана ашу мәселесі белсенді талқыланды. Бұл мәселелерге құқықтық баға беріңіз, оны Конституциямен байланыстырыңыз, бұл мәселе қалай шешілуі керек?
Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебінен сатып алынған немесе жасалған, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ұйымдардың қайырмалдықтарға берген немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы бар. Меншік құқығындағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік діни бірлестіктердің меншігі болып табылады. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік те дiни бiрлестiктердің меншiгiнде болуы мүмкiн. Дiни бiрлестiктер ерiктi түрде қаржылай және басқа да қайырмалдықтар сұрауға және оларды алуға құқылы. Дiни бiрлестiктердiң меншiк құқығы заңмен қорғалады. Дiни бiрлестiктер өздерiне шарттық негiзде берілген үйлердi, аумақты және мүлiктi пайдалануға құқылы. Діни мақсаттағы тарих пен мәдениет ескерткіштері діни бiрлестiктердің пайдалануына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.
