- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
- •11.Есеп. Кінәсіздік презумпциясы. Dura Lex Sed Lex – қағидасының мәнін ашыңыз. Аталған қағиданы осы заман құқығының талаптарымен байланыстырыңыз.
- •12.Есеп. Қылмыстық істі шешу барысында н. Есімді тергеуші әкімшілік құқық нормаларына жүгінді. Сот үкім шығару кезінде сот прецедентіне негізделген. Құқықтың қай қағидасы бұзылды?
- •13.Есеп. Осы заман құқығы үшін рим құқығының маңызын ашыңыз. Ілімдері құқықтың қайнар көзі болып есептелген бес рим заңгерінің аттарын атаңыз.
- •14.Есеп. Грамматикалық ережелерге сүйене отырып, келесі тұжырымның мағынасын түсіндіріңіз: «өлім жазасы немесе рақымшылық». Бұл тұжырымның екі түрлі мағынасын ашыңыз. Ол неге байланысты?
- •15.Есеп. Қазақстандық газеттерден көрініс тапқан құқықтық қателіктерді анықтаңыз.
- •17.Есеп. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс қолданылмаған? Сөйлемді түзеңіз.
- •23.Есеп. Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсеңді талқылануда. Бұл мәселе бойынша өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Оған құқықтық баға беріңіз, қр Конституциясымен байланыстырыңыз.
- •27.Есеп. Құқықтық мәдениетті дамыту тұрғысынан «қоғам», «адам», «менталитет», «өркениет» ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •28. Есеп. Берілеген сөздерге синонимдер табыңыз. Қандай жағдайда синонимдік жұптардың әр сөзі сізге дұрысырақ болып көрінеді?
17.Есеп. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс қолданылмаған? Сөйлемді түзеңіз.
Екі мәйіт табылды: біреуі өлі, ал екіншісі әлі тірі екен-екіншісі тірі сөзі дұрыс емес болып табылады, ұрланған қолғапты олар қалталарына салып алыпты-қалталарына салып алыпты сөзі дұрыс емес болып табылады, 4 мамырда мен көршілерімнің теледидарында болдым-теледидарында болдым сөзі дұрыс емес болып табылады. Ол күйеуін ұрған пышақты, мен дәлелдемелерге қосымша етіп ұсынамын-қосымша етіп ұсынамын сөзі дұрыс емес болып табылады. Асхананың тоңазытқышынан сол жерде жұмыс істейтін Ақпановаға тиесілі қойдың басы табылды-қолдың басы сөзі дұрыс емес болып табылады оның орнына қолдың ізі немес қолдың ұшы сөздері қолданылуы тиіс, ұсталған кезде ол өзінің тегін алдап, солғановпын деп айтқан-тегім солғанов болуы тиіс.
18. Есеп. Қазіргі кезде елімізде құқық бұзушылық пен құқықтық нигилизмнің саны өсуде. Тапсырма: Құқықтық нигилизм санының өсуінің себебі неде? Күні бүгінде құқықтық нигилизмнің қандай нысаны қоғам үшін аса қауіпті болып отыр? Құқықтық нигилизмнің санының өсуін төмендетуге қатысты сіздің ойыңыз. Құқықтық нигилизм - қүқыққа, заңға, нормативтік тәртіпке деген сезінбеу, қүрметтемеу, халықтың негізгі бөлігінің қүқықтық тэрбиесіздігінен көрініс табатын әлеуметтік нигилизмнің бір түрі. Бұндайда қүқық екінше ролде. Қүқықтық нигилизм - депрессияның, сенімсіздіктің, өкінудің салдары. Құқықтық нигилизм тар алғанда қүқықтан бөлектеу; қүқықтан бас тартудан көрінеді, ал қоғам онсыз өмір сүруге тырысады.
Құқықтық мәдениеттің антиподы құқықтық нигилизм болады; нигилизм (немқұрайдылық – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан (құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың әлеуметтік реттеуші рөлін жете бағаламаудан көрінеді.
Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.
19.Есеп. Жоғарғы Сот Қазақстанда бірқатар діни ұйымдардың қызметін заңға қайшы деп танып, сәйкесінше тыйм салды. Осы аталған мән-жәй бойынша елімізде діни секталар бар деп негіздеуге болады ма? Мұндай тыйм салудың мақсаты неде, ол ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келеді ме? Бұл мәселе қоғамның құқықтық санасына қаншалықты әсер етеді?
Мемлекеттің тұтастығын, ынтымақтастығын ойлаған саналы тұлғаның ой толғандыратын мәселесі. Кез-келген партияның, саяси ұйымның, діни ұйымдар мен бірлестіктердің, конфессиялардың белгілі бір мүддесі болады. Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады: 1. Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар; 2. Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар. Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не? Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Мысалы XX ғасырдың соңында пайда болған Ахмеди жамағаты мұсылмандарды тұтастай мұсылмандар емес, олар кәпірлер деп қарайды. Ал олардың іс-әрекеттерін кейбір газет-журналдар немесе бұқаралық ақпарат құралдары исламмен тікелей байланыстырады. Біріншіден, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни секталарға қарсы мешіттерде халыққа ақ пен қараны ажыратып, діни секталардың шынайы бет-пердесін ашып беруі, діни басқармада және әрбір облыс мешіттерінде діни танымдық газет-журналдар ашуы, жастардың діни сауатын ашу үшін 1-2-3-айлық курстарын ұйымдастыруы; Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдары діни секталардың заңсыз және жағымсыз іс-әрекеттерін халыққа дер кезінде және шынайы түрде баяндап отыруы, беделді дінтанушы ғалымдарының діни мәселелер, имандылық тақырыптарындағы бағдарламаларын ұйымдастыруы қажет. Үшіншіден, әрбір жоғары оқу орындарында университет, ұжым болып діни секталардың ланкестік іс-әрекеттеріне қарсы, семинарлар, лециялар ұйымдастыруы қажет; Төртіншіден, мектептерде мектеп ұжымы, сынып жетекшілері де жас буынға дін негіздері, имандылық, әдеп сабақтарын жүргізуі қажет, Бесіншіден, әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне, сабағына, жүрген ортасына, немен айналысып жүргеніне мән беруі, имандылық пен инабаттылықты жастайынан бойына сіңіру қажет.
20.Есеп. «Тұра биде тұған жоқ, туғанды биде иман жоқ» түсінік беріңіз. Байырғы қазақтың билері дауды қалай шешкен. Жыраулар жайлы не білесіз? Жырау, шешендік сөз өнерінің дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері туралы не білесіз?
Тұра биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ сөзі келесідей мағына береді-егер, тіпті, істі қарап отырған бидің өзі, сол іс бойынша өзінің туысқаны қылмыскер болатын болса, онда би тек заңның нормаларына ғана арқа сүйеуі қажет. Яғни, заңның барлық көріністердің арасындағы басымдығы, заңның алдында барлығының теңдігін көрсетеді. Жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
21.Есеп. Қазақ әдет құқығында әмеңгерлік институты болғаны тарихта белгілі. Әмеңгерлік деген не? Қазіргі кезде әмеңгерлікті қолдану туралы өзіндік ойыңызды білдіріңіз. Қазіргі қоғамның құқықтық санасы әмеңгерлікті қабылдауға дайын ба?
Әмеңгерлік — дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан “аға өлсе, жеңге — мұра, іні өлсе, келін — мұра”, “әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген қағидаға айналып, әдеттік заң нормасы ретінде қалыптасқан. Әмеңгерлік мәселесі ру ақсақалдарының басқаруымен қандас туыстар арасында мұқият талқыланған, ортақ ұйғарыммен шешілген. Әмеңгерлік институтының тек әлеум-құқықтық қана емес, сондай-ақ тәрбиелік-гуманистік мәні де зор болған. Біріншіден, көшпелі тұрмыс салтында жесір әйелдің жалғыз өзі күнелтуі, күйеуінен қалған бала-шағаға, мал-мүлікке ие болуы қиын. Бөгде, тегі бөлек біреуге тұрмысқа шықса, балаларына өгейлік, мейірімсіздік танытуы мүмкін. Екіншіден, марқұм күйеуінен қалған мал-мүлік жесір әйелге берілсе, бөтен адамның иемденіп кетуі, талан-таражға салуы, жетім балаларды нәпақасыз қалдыруы мүмкін. Үшіншіден, бөгде біреуге күйеуге шығатын болса, әкелерінің қандас, аталас туыстары жетім балаларды анасынан ажыратып алып қалуы ықтимал. Мұның ауыр қиянат боларын қазақтар жақсы түсінген. Сондықтан, аталған факторларды ескере отырып, қазақ ғұламалары “Жеті Жарғы” нормаларында ері қайтыс болған жесірдің “елден кетпеуін”, күйеуінің қандас туыстарының біріне күйеуге шығуын міндеттеген. Қаза тапқан еркектің туған-туыстары жесір әйелдің “әмеңгері” деп аталған. Қазақ қоғамында әмеңгерліктен бас тарту сирек кездескен, ол өзінің туысының жетім қалған балаларына, яки, өзінің қандас іні-қарындастарына мейірімсіздік, жаныашымастық ретінде бағаланған. Ал әйел әмеңгерліктен бас тартса, оған бала да, мал-мүлік те берілмеген, тек өз қалауымен күйеуге шығу еркі ғана берілген.
22.Есеп. Кейбір шет мемлекеттерінде гендерлік саясаттың бір бөлігі ретінде гендерлік теңдік туралы заңдар бар. Гендерлік теңдік әйелдердің еркектермен тең жағдайда құқықтары мен заңды мүдделерін алу, қорғау және қамтамасыз етуді көздейді. Елімізде аталған мәселе бойынша заңды қабылдау қажеттілігі бар ма? Елімізде әйел мен еркектің теңсіздігі, әйелдерді кемсіту орын алған ба? Қоғамның қай салаларында әйел құқықтарының бұзылуы жиі көрініс табады?
Қазақстан адам құқықтары жөніндегі 60-тан астам халықаралық шарттың қатысушысы болып табылады. Олардың қатарында Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция (бұдан әрі - СИДО) бар. СИДО-ны орындау жөніндегі Қазақстанның есебіне БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітуді жою жөніндегі комитеті жоғары баға берді. Әйелдердің азаматтық белсенділігінің артуы, әйелдердің үкіметтік емес ұйымдары санының ұлғаюы. Әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған кредиттік желіні Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әйелдердің мүдделерін мемлекеттік саясатқа енгізуге деген ниеттілігі. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы, Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық жоспарының және Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасының қабылдануы. Қазақстан Республикасының Парламентінде «Отбасы» депутаттық тобының құрылуы. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі сектордың құрылуы. Гендерлік теңдік мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық. Ұлттық заңнамаға гендерлік сараптаманың басталуы. "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері туралы", «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы» Қазақстан Республикасында заңдары жобаларының және Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының әзірленуі. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өз елдеріндегі гендерлік теңсіздікті жеңу жөнінде міндеттемелер алды. Ел басшылығы шынайы гендерлік теңдікке қол жеткізуге белсенді түрде ықпал етуде. Экономиканың барған сайын өсе түсуі және халықтың әл-ауқатының артуы ерлер мен әйелдердің өз құқықтарын іске асырудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады. Түрлі елдердің гендерлік проблемаларды шешу жөніндегі тәжірибесін зерделеу үшін жағдайлар жасалуда. Үкіметтік емес ұйымдар өздерінің гендерлік теңдік проблемаларын шешу мәселелері жөніндегі қызметін жандандыруда. Гендерлік мәселелермен айналысатын ұлттық, өңірлік және халықаралық ұйымдармен байланыстар орнатылуда.
