Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Madeniet_otvety.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
737.79 Кб
Скачать

11.Есеп. Кінәсіздік презумпциясы. Dura Lex Sed Lex – қағидасының мәнін ашыңыз. Аталған қағиданы осы заман құқығының талаптарымен байланыстырыңыз.

Кінәсіздің презумциясы (Dura Lex Sed Lex) –соттың шешімі шықпағанша кінәсіз болып табылады. Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:

  • Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.

  • Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.

  • Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі.

  • Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.

  • Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді.

Яғни, бұл қағида шетел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарында кеңінен қолданылады.

12.Есеп. Қылмыстық істі шешу барысында н. Есімді тергеуші әкімшілік құқық нормаларына жүгінді. Сот үкім шығару кезінде сот прецедентіне негізделген. Құқықтың қай қағидасы бұзылды?

Бұл жерде құқықтық жүйе нормасы бұзылды, өйткені, Қазақстан Республикасы Романо-Германдық құқықтық жүйеге негізделген болып табылады. Яғни, бұл жерде, сот прецеденті мәселесі туындап тұр, бұл қағида тек Англо-Саксондық құқықтық жүйеге негізделеді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес тергеуші тек Қылмыстық іс жүргізу заңнамасына арқа сүйей алады, тек ерекше жағдайларда ғана тергеуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамағаи арқа сүйей алады. Мысалы, қамауда ұстауү Яғни, бұл санкция ҚР қылмыстық заңнамасынан алынып тасталынған болып табылады.

13.Есеп. Осы заман құқығы үшін рим құқығының маңызын ашыңыз. Ілімдері құқықтың қайнар көзі болып есептелген бес рим заңгерінің аттарын атаңыз.

Рим құқығы — Көне Римде пайдаболған құқық жүйесі. Византия империясының құлауына дейін дамыған жүйе. Ежелгі Римде қалыптасқан құқықтық жүйе. Б.з.б. 2 ғасырдың басында Рим құқықтанушылары халықтық нормативтік тәжірибені жүйелеуге кірісе бастады. Осы ұмтылыстың нәтижесінде б.з.б. 2 ғасырдың соңында Квинт Муций Сцевола бүкіл еур. құқықтанудың негізі болған алғашқы бір жүйелі Рим құқығы'н жазып шықты. Рим құқығы' азаматтық айналым субъектілерінің өзара теңдігі, бөтеннің мүлкіне қол сұқпаушылық, қоғамда қалыптасқан ережеге мұрсат берушілік, т.б. қағидаларға негізделді. Сондай-ақ норма тудыру ережесі, діни жоралғылар, халықтық басқару органдары (сенат, магистратура) қызметінің режимі, сот арқылы қорғану нысандары, шетелдіктермен қатынас қағидалары, азамат мәртебесінің өзгеру тәртібі, Рим азаматтығын беру және некеге тұру нормалары, мүліктік қатынас нормаларынан құралды. Әсіресе мүліктік қатынас нормалары басым болды. Осылайша басты қоғамдық қатынастарды реттейтін біртұтас құқықтық жүйе Рим билігі ықпал ететін Жерорта т. елдерінің негізгі заңына айналды. Рим құқығы' тек бүгінгі құқықтық жүйелердің негізі ғана емес, сонымен қатар құқықты дамытудың құнды тәжірибесі болып табылады. Рим құқығы әлі күнге құқықтық білімнің негізі ретінде заң тілі мен құқықтық ойдың алғышарты ретінде оқытылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]