
- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
- •11.Есеп. Кінәсіздік презумпциясы. Dura Lex Sed Lex – қағидасының мәнін ашыңыз. Аталған қағиданы осы заман құқығының талаптарымен байланыстырыңыз.
- •12.Есеп. Қылмыстық істі шешу барысында н. Есімді тергеуші әкімшілік құқық нормаларына жүгінді. Сот үкім шығару кезінде сот прецедентіне негізделген. Құқықтың қай қағидасы бұзылды?
- •13.Есеп. Осы заман құқығы үшін рим құқығының маңызын ашыңыз. Ілімдері құқықтың қайнар көзі болып есептелген бес рим заңгерінің аттарын атаңыз.
- •14.Есеп. Грамматикалық ережелерге сүйене отырып, келесі тұжырымның мағынасын түсіндіріңіз: «өлім жазасы немесе рақымшылық». Бұл тұжырымның екі түрлі мағынасын ашыңыз. Ол неге байланысты?
- •15.Есеп. Қазақстандық газеттерден көрініс тапқан құқықтық қателіктерді анықтаңыз.
- •17.Есеп. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс қолданылмаған? Сөйлемді түзеңіз.
- •23.Есеп. Қазіргі кезде қоғамда көп әйел алушылық мәселесі белсеңді талқылануда. Бұл мәселе бойынша өзіндік көзқарасыңызды білдіріңіз. Оған құқықтық баға беріңіз, қр Конституциясымен байланыстырыңыз.
- •27.Есеп. Құқықтық мәдениетті дамыту тұрғысынан «қоғам», «адам», «менталитет», «өркениет» ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •28. Есеп. Берілеген сөздерге синонимдер табыңыз. Қандай жағдайда синонимдік жұптардың әр сөзі сізге дұрысырақ болып көрінеді?
30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
Кәсіби құқықтық сана дегеніміз-адамдардың атқаратын жұмыс баптарында қалыптасатын жүріс-тұрысының сыртқы көрінісі болып табылады. Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:
- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);
- маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);
- құқық қорғау органдарына қатысты;
- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).
Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар.
Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат — субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психофизиологиялық себептерге байланысты болады.
Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.
31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
Құқық нормаларымен қарастырылған және белгілі бір заңдық салдарларға апарып соғатын, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың әлеуметтік маңызды мінез-құлқы. Құқықтық тәлім-жосық құқыққа сай немесе құқыққа қарсы (қоғамға қарсы) болады. Мемлекет құқық нормасында, құқыққа сай құқықтық тәлім-жосыққа кепілдік береді, жағдай жасайды және қорғайды, сондай-ақ құқыққа қарсы тәлім-жосықты (құқық бұзушылық пен қылмыс) жазалаудын алдын алу шараларын қарастырады. Құқықтық мінез - құлық – адамның құқық нормаларына сәйкес мінез-құлқы. Құқықтық мінез - құлық экономикалық, әлеуметтік, саяси идеологиялық қоғамдық қатынастардың жай-күйіне ықпал жасап, дамуына септігін тигізеді. Құқықтық мінез - құлық негізінде борышты, қоғамдық қажеттілікті сезінуден, қоғамдық мүддемен сабақтас жеке мүддеден туындайтын ниет жатады және ол адам санасы мен еркінің бақылауында болады. Ал құқыққа қарсы жағымсыз мінез-құлыққа пайдакүнемдік, өзімшілдік, зорлықшыл пиғыл сияқты теріс қылықтар жатады. Құқықтық тұрғыдан нақты тәртіпке келтірілген мінез-құлық қана құқықтық мінез - құлық болып саналады, ал рұқсат етуші не тыйым салушы құқық нормаларында қарастырылмаған мінез-құлық құқықтық мінез - құлыққа жатпайды. Құқықтық мінез - құлық мемлекет тарапынан қадағаланып отырады. Жағымды, оң мінез-құлыққа құқықтық кепілдік беріледі, ал құқыққа қарсы жағымсыз, теріс мінез-құлық үшін адамға құқықтық жауапкершілік жүктеледі.
32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
Құқық– мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
33.Қазіргі қазақстандық қоғамда құқықтық мәдениеттің дамуына әсер ететін факторлар. Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы өз алдына құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды құруды мақсат етіп қойды. Яғни, құқықтық мәдениетке тигізетін оң әсерлері көп болып табылады. Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйейді, жұртшылықтың пікіріне негізделеді. Ал құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқыктың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылық әділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылық, ұрлық, тағы сондай теріс қылықтарды айыптайды. Бірақ ондай қылықтар үшін жаза қолдануға кажетті құралы жоқ. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс қылықтарға тыйым салады. Тек тыйым салып қана қоймайды, кінәлі адамдарды жазалау шараларында белгілейді, сол шараларды қолданатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Имандылықтың талаптары жалпылама түрде болады, олардың анықтамасы, дәл түсінігі жоқ. Айталық, ұрыны, зорлықшылды, өсекшіні жаман адам деп айыптайды. Ал құқық мұндай адамдардың іс-әрекетіне мейлінше дәл, бұлтартпайтын анықтама беріп, тиісті құқықтық норманың мазмұнына жатқызады.
34.Көшпелі қоғамның құқықтық мәдениетінің ерекшеліктері. Құқықтық мәдениеттің дамуындағы рухани факторлардың рөлі. Қазақ халқы – «қазақ» деп бертінде аталғанына қарамай, өзінің көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық. Әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршілікті басынан өткеріп, бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бірі-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркінділікті, бостандықты әдіра қалдырып жатқан кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, бостандық, егемендік, әділеттік, адамгершілік категорияларын ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп алып барып, өмір сүріп жатты. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғаннан кейін елеусіз қалып келген асыл мұраларымызды өгейсітпей, өз ұрпақтарына қайта қайтаруға мүмкіндік туды. Өркениетті елдердің бәрі дүр сілкініп, жаһандасу процесінде көлеңкеде қалып қоймай, бүгінгісі мен болашағының мызғымас қажеттілігін алдын ала ойлап, өздерінің өткендерін қазіргі күнмен сабақтастыра отырып, алтын қазыналарын сол іс-әрекеттеріне арқау етуде. Жаһандасу процесі барлық халықтардың өзара тіл табысуын жеңілдету, қағида-ережелерін демократияландыру, ақпараттар ағынын жиілету жолында реформалар жүргізіп жатыр. Бұл реформалардың негізі гуманизациялау. Әсіресе, халықаралық құқықты гуманизациялау қазірдің өзінде басталып кетті. Осы үрдіске қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің де қосар үлесі мол болмақ. Сондықтан ата-бабаларымыздың асыл мұраларын терең зерттеп, талдаулар жасап қана қоймай, оны әлемге таныстыру, өзіміздің құқықтық-мемлекеттік жүйемізде қолдану – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сондықтан да, үлкен ғалымымыз С. Зимановтың: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы өркениеттік мұрасына да айналар деген үміт бар» деген сөзі қазақ құқығының салмағы ауыр, мәні зор екенін ғана көрсетіп қоймай, алдағы уақытта әлемдік құқықтық жүйелердің ішінен өзіне лайықты орын ала алатынын меңзейді. Сол себепті қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесін зерттеп, оқып-үйрену өте өзекті де маңызды болып табылады1.
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей ғалымдардың еңбектері, көзқарастары қарастырылып пайдаланылды: А.И.Левшин, И.А.Козлов, Я.Гавердовский, Г.Шангин, Н.Г.Гродеков, А.И.Добрамыслов, П.И.Рычков, А.Алекторов, Л.Ф.Баллюзек, А.М.Леоньтев, Д’Андре, А.И.Крахалев, И.Крафт, Т.М.Культелеев, С.Л.Фукс, Ш.Уәлиханов, С. Зиманов, С.Сартаев, С.Созақбаев, Н.Өсеров, З.Ж.Кенжалиев, Е.Абиль т.с.с.
35.Құқықтық белсеңділік – жеке тұлға құқықтық мәдениеті дамуының жоғары дәрежесі ретінде. Құқықтық белсенділік-қоғамда тұлғаның нақты рөлі мен орны болып табылады. Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан келетін іс. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты. Қазір Қазақстанда меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мемлекет өз меншігін тек қана реттеп қоймайды, сонымен қатар оны дамыту үшін басқарады. Ал жеке меншікке негізделген өндірісті иесі заңда белгіленген тәртіпке сүйене отырып, өзі басқарады. Демек, мемлекет екі меншікке негізделген өндірістің дамуын реттеу үшін құқықтың мүмкіндігін пайдаланады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Мемлекеттің қызметі құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта онын, қызметі сол кұқық нормалары занда белгіленіп іске қосылған сәттен басталады деуге болады. Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін, талаптарын орындату мақсатында мемлекет түрлі әдістер қолданып алуан қызметтер атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолданады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің ырқына негізделіп, жүзеге асырылады.
Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймайды, сол бостандықты қамтамасыз ететін орасан зор күш - мемлекетке сүйенеді. Құқықтын тірегі, оның күш-қуаты беделі мен абыройы - мемлекет.