
- •1.Құқықтық мәдениетті, құқықтық сананы түсінудің әдістемелік негіздері
- •2.Құқықтық мәдениетті зерттеу әдістері. Жалпы ғылымдық және жеке ғылымдық әдістер
- •3.Құқықтық танымның тұжырымдамасы және оның құқықтық тәжірибеге ықпалы.
- •4.Құқықты түсінудің кешеңді, интегративті жолдары және оның қоғамның құқықтық мәдениетінің дамуы үшін маңызы.
- •5.Мәдениет пен өркениеттің түсінігі. Құқықтық мәдениет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •6.Адам құқықтары - құқықтық мәдениеттің жоғарғы құндылығы ретінде.
- •7.Адам құқығының шектелуі. Адам құқығын шектеудің қағидалары
- •8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
- •9.Құқықтық психология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •10.Құқықтық идеология – құқықтық мәдениеттің элементі ретінде
- •11.Құқықтық тәжірибе – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде
- •12.Құқыққа сай мінез-құлықтың түрлері
- •13.Құқықтық мәдениетті зерттеудің социологиялық әдістері.
- •14.Жастар саясаты туралы заң және оның құқықтық мәдениетке әсері.
- •Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысы. 1995 жылғы 21 маусым n 2347
- •16.Құқықтық немқұрайлықтың (нигилизм) ақырғы нысаны ретіндегі құқықтық арсыздық
- •18.11 Қазан 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет пен діни ұйымдар туралы» қр заңы және оның құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •19.Мәдениет пен менталитеттің арақатынасы. Құқықтық менталитет жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде.
- •21.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің құқықтық мәдениеттің дамуына тигізетін әсері
- •22.Қазақстанда құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және онымен күресу жолдары.
- •23.Адам құқығына жаһанданудың тигізетін әсері. Адам құқығын қамтамасыз ету тұрғысынан жаһанданудың оң және теріс тұстары
- •24.Суицид. Суицидтің қоғамның құқықтық санасы мен құқықтық тәрбиесіне тигізетін әсері
- •25.Қазақ халқының құқықтық мұрасы болып табылатын Жеті Жарғы және оның көшпелі құқықтық мәдениеттің дамуына тигізген әсері
- •26.Өркениетті демократиялық қоғамды қалыптастырудағы құқықтық мемлекет идеясы
- •27.Құқықтық тәрбие: түсінігі және құрамы
- •28.Қазақстан Республикасындағы құқықтық тәрбие тәжірибесі: қалыптасуы мен дамуы.
- •30.Кәсіби құқықтық сана мен кәсіби құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •31.Құқыққа сай мінез-құлық жеке тұлғаның құқықтық мәдениетінің даму нәтижесі ретінде.
- •32.Құқықтың түсінігі. Құқықты түсіну мен құқықтық мәдениеттің арақатынасы.
- •36.Мемлекеттік органдардың құқықтық мәдениеті: қазіргі жағдайы, өзекті мәселелері, даму перспективалары.
- •37.Құқықтық сана – құқықтық мәдениеттің құрылғысы ретінде.
- •57.Прокурордың құқықтық мәдениеті
- •58.Заң шығарушының құқықтық мәдениеті
7.Адам құқығының шектелуі. Адам құқығын шектеудің қағидалары
Ата Заңымыз – Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары, конституциялық міндеттері егжей-тегжейлі қарастырылып, ерекше көрсетілген. Онда ел көлемінде қолданылатын құқық нормалары Адам құқықтары жөніндегі халықаралық үлгі-қалыпқа негізделген. Конституция мемлекетті ұйымдастыру мен мемлекеттік биліктің қызметтік жүйесінің, құзыретінің демократиялық қағидасын бекітті. Халық Президентті, Парламент Мәжілісінің депутаттарын, жергілікті органдар өкілдерін тікелей сайлайды. Халық мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешуге референдум арқылы қатысады. Қазақстанда әрбір адам өз құқығына сай мемлекеттік органдардың істерін басқаруға, қатысуға, қоғамдық бірлестіктер құруға құқылы. Әртүрлі әлеуметтік, ұлттық конфессиялық, кәсіби және басқа топтарға жататын азаматтар демократиялық қағиданы басшылыққа ала отырып, өздерінің мүдделерін білдіріп, қорғай алады. Бұл орайда Конституция демократиялық құқықтар мен бостандықтарды нақты іске асыру үшін заңды кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Конституцияда мемлекеттің зайырлы екендігі көрсетіліп, оның сипатына да мән берілген. Елімізде діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген, барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында тең, діни бірлестіктер мемлекеттік функцияларды орындамайды және діни бірлестіктердің қызметі заңға қайшы келмесе, мемлекет оған араласпайды және діни бірлестіктерді қаржыландырмайды, білім мен тәрбие берудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатқа ие. Қазақстанда діни ұйымдармен байланыс жүргізетін арнаулы мемлекеттік органдар құрылған. Мұндай органдар дінге қатысты заңдардың мүлтіксіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Осы орайда біздің еліміз Конституцияға сәйкес құқықтық мемлекет орнатуда. Құқықтық мемлекет дегеніміз адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ететін, сондай-ақ құқық нормасы арқылы мемлекеттің құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеуін қадағалайтын саяси билік болып табылады. Осы көрсетілген анықтамаға сәйкес құқықтық мемлекетті сипаттайтын екі түрлі басты қағиданы бөліп қарауға болады. Біріншіден, құқықтық мемлекеттің әлеуметтік жағы – адамның және азаматтың табиғи құқықтары мен бостандықтарын барынша, толық қамтамасыз ету. Екіншіден, құқықтық мемлекеттің заңдылық құбылысы – құқық нормалары арқылы саяси режімнің қызметін жұртшылық мүддесімен тікелей байланыстыру, мемлекеттік құрылымдардың құзыретін құқықтық тежеу. Осы көрсетілген қағиданың алғашқысы біздің еліміздің Ата Заңның 1-бабында тікелей көрсетілген, онда адам құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп жазылған.
8.Құқықтық сананың деңгейі. Құқықтық сананың түрлері
Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің коғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың функциялары:
а) танымдық;
б) бағалау;
в) реттеу.
Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;
Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады.
Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:
- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);
- маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);
- құқық қорғау органдарына қатысты;
- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).
Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар.
Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат — субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психофизиологиялық себептерге байланысты болады.
Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.
Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.
Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады.
Идеология аясынан жөне идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің және әлемдік бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.
Гегельдің құқық философиясы, мемлекет және құқықтың табиғи-құқықтық, позитивистік маркстік доктринасы (ғылымы), осы заманғы көптеген құқықтық сана концепциялары (көзқарастары, тұжырымдамалары) құқық арқылы болмысты түсіну тәсілі ретінде құқықтық идеологияның қызмет атқарғандығына мысал бола алады.
Бүгінгі күнге құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар) дамуының идеологиялық негізі болып табылады. Саяси-құқыктық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Сонымен, жоғары идеологиялық құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, ГФР Конституциясын, француздардың 1789-ы жылғы Адам және азамат құқықтары Декларациясын жатқызуға болады. Аталған құжаттар батыс елдері демократиясы мен құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры болып табылады.
Сонымен, ұлттық-құқықтық идеология - қоғамның ең маңызды мәдени-құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса әлемнің өркениетті халықтарының құрамына (семьясына) кіру үшін берілген өзінше бір "рұқсат құжат".
Құқықтық сананың түрлері:
1. Субъектілері бойынша:
- дербес (жеке);
- топтамалық;
- қоғамдық.
2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:
- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;
- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;
- ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;